124
Әрдайым күрестің ең қиын әдістерін үйренген, соларға
қарсы әрекеттенуге дайындалған ол, қарапайым әдіске
ұсталып, жеңіліс тапқан.
Өмірде де бұндай жағдайлар орын алады. Өзіміздей
қарсыласымыз ретінде өмір жолымызды көрсек, оны
жеңу үшін мықты әдіс-тәсілдерді үйреніп, оларды пайда-
ланамыз. Алайда, өкініштісі, 90%-ымыз «подсечкадан»
жеңіліс табамыз. Бұл дегенім, адыраспандардан арыла
алмаймыз.
Адыраспандармен күресу оңай емес, бірақ күн сайын
өзіңмен жұмыс жасау арқылы, сенің оларға төтеп беруге
мүмкіндігің бар, әрине ол үлкен күшті талап етеді. Әр-
дайым олармен алысасың. Негізінде, бізді екінші қы-
латын, біздің идеалды нұсқамыздан алыстататын – осы
адыраспандарымыз. Кей кезде қырсықтығын ұстап, эгоң
ойнап жатса, әрдайым ойыңда ұста: «Сен қазір не екінші
боласың немесе бірінші боласың». Сондықтан да, екінші
болмай, адыраспандарымызды жеңуге аса мән берейік.
Осы QR кодты сканерлеп Георгий Цурцумияның
олимпиададағы жекпе-жегін көре аласың
Достарыңызбен бөлісу: