В. В. Катаринский (1846-1902) Орта Азиядағы көрнекті түркітанушылардың бірі, Н. И. Ильминскийдің шәкірті. Ол оқу-ағарту істеріне қатысты: «Краткий киргизско-русский словарь» (Оренбург, 1895, 1898), «Русско-киргизский



Дата14.11.2022
өлшемі21,84 Kb.
#49861

Қазақ тіл білімінің бұдан кейінгі қайнар көзі ретінде ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің қазақ еліне арнайы жасаған саясатының нәтижесінде қалыптасып жасалған орыс түркологтарының еңбектерін атау өту абзал. Бұл кезеңде қазақ тілін зерттеуге Н.И. Ильминский, М.А. Терентьев, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский, Н.Созонтов, Г.В. Архангельский, В.В. Радлов, Н.Н. Пантусов, В.В. Григорьевсынды ғалымдар ат салысты.
Н.И. Ильминскиийдің «Материалы к изучению киргизского наречия» [8] деп аталатын практикалық мақсатта жазылған еңбегі бар. Н.И. Ильминский(1822-1891) – Қазан діни академиясының ірі өкілдерінің бірі, тілші-түрколог ғалым, атақты М.А. Казембек пен М.Г. Махмудовтың шәкірті. Арнайымиссионерлік курс діни академиясын тамамдаған соң, 1854 жылы Қазан қаласына келіп, діни академия мен университетте шығыс тілдерінен сабақ береді. Кейін арнайы мемлекеттік тапсырмамен 1858 жылы Орынборға келіп, шекаралық комиссияда аудармашы қызметін атқарады. Мұнда зерттеуші-ғалым В.В. Григорьевтің қолдауымен, қазақ тілін біліп, оны зерттеуді мақсат етеді. Н.И. Ильминский татар тілінде жазылатын ресми хаттарды қазақ тіліне аударады. Марабай ақыннан «Ер Тарғын» ертегісін жазып алып, 1861 жылы басып шығарады. Н.И. Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизского (казахского) наречия» еңбегі фонетика, грамматикажәне сөздіктен тұрады. Н.И. Ильминскийдің түркітану ғылымына қалдырған құнды зерттеуі – Рабғузидің «Бабыр-наме» мен «Қысас-әл-анбияны» жарыққа шығаруы деп есептейміз.
П.М. Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах-киргизского языка» зерттеуінде қазақ тілінің грамматикалық құрылысы сөз болады. Әсіресе, синтаксиске елеулі мән береді. Зерттеуші‑миссионер қазақ тілін ең бай, ең таза түркі тілдердің бірі деп таныған.
Петербург мектебінің түрколог ғалымы саналатын М.А. Терентьевтің «Грамматика турецкая, персидская и киргизская, узбекская» еңбегі бар. Мұнда қазақ тіліне қатысты бөлімі басқа түркі тілдерімен салыстырыла қарастырылады.
В.В. Катаринский (1846-1902) – Орта Азиядағы көрнекті түркітанушылардың бірі, Н.И. Ильминскийдің шәкірті. Ол оқу-ағарту істеріне қатысты: «Краткий киргизско-русский словарь» (Оренбург, 1895, 1898), «Русско-киргизский словарь» (Оренбург, 1899-1900), «Киргизско-русский словарь» (Оренбург, 1897), А.Н. Кононовпен бірлесіп жасаған «Практические уроки русского языка для киргизов» (Оренбург, 1895), «Грамматика киргизского языка» (Оренбург, 1897) және «Первоначальный учебник русского языка для киргизов» (Казань, 1909) т.б. еңбектерімен танымал. «Грамматика киргизского языка» еңбегінде фонетика, этимология (морфология), синтаксис салалары туралы жақсы мағлұматтар берілген. Еңбек өте қомақты, 200 беттей.
Қазақ тілі фонетикасының зерттелуіне көз жүгіртетін болсақ, алғашқы фонетикалық зерттеулерді Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранскийдің қазақ тілінің дыбыс жүйесіне қатысты ойлары Қазан лингвистерінің ықпалымен В.В.Радловтың неміс тілінде Лейпцигте бастырылған «Солтүстік түркі үстеулерінің фонетикасы» (Б.І. – Лейпциг, 1982) атты еңбегі жазылды, ал келесі жылы В.В.Радловтың екінші кітабы шықты. Бұл кітапта автор тапқан материалдары бойынша жиырмадан астам түркі тілдерінің вокальды және консонантты жүйесінің сипаттамасы беріледі. В.В.Радлов вокализм жүйесінде дауыстылардың үйлесімі негізгі орын алатындығын айтады 14 . В.В.Радловтың қазақ тіліне қатысты еңбектерінің де үлкен маңызы бар және оның қазақ тіл білімін дамытудағы рөлі жоғары деп саналады.
Бодуэн де Куртенэнің соңынан В.В.Радлов түркі тілдеріндегі дауыстылар үйлесімінің генезисін зерттей келе, оның дамуының морфологиялық тәсілдері туралы пікірлерді дамытады. Дауыстылардың сандық сипаттамасы туралы мәселеге қатысты ол түркі тілдерінде алғашқы ұзақ дауыстылардың жоқтығы туралы О. Бетлингке қарсы пікірін айтады. Түркі консонантизміне арналған бөлімінде В.В.Радлов алғашқы рет оның негізіне дауыссыздардың «алтайлық» (немесе оңтүстік сібірлік) жүйесін ала отырып, көне ұйғыр тілі консонантизміне қатысты өзінің пікірін ашық айтады, соңынан оны «Құтадғу білік» транскрипциясы үшін қолданады. В.В.Радлов «Die Lautalternation und ihre Bedeutunq fur die Sprachentwickelunq, beledqt durch Beispiele aus den Turksprachen» атты еңбегінде фонеманы түсіндіруге өте жақын келеді. В.В.Радлов қазан кезеңінде «Сodex Cumanicus» ескерткіші бойынша қыпшақ тілінің фонетикасының негізгі мәселелері қарастырылған «Куман тілі туралы...» (1884) еңбегін жазады.
Кейін В.В.Радлов «Опыту словаря тюркских наречий» деген үлкен лексикографиялық еңбекті қолға алады (1893-1911). Ол түркі тілдерін салыстырмалы зерттеу бойынша жалпы зерттеудің бір бөлігі ретінде қарастырады. В.В.Радловтың пікірінше, ол үш бөлімнен: мәтіндер, сөздіктер және салыстырмалы грамматикадан тұрады. Үш бөлімнің үшіншісі ғана, яғни грамматика бөлімі аяқталмай қалады. Аталған сөздікте В.В. Радловтың морфологиялық, фонетикалық және басқа да көзқарастары мен идеялары баяндалған16.
В.В.Радлов рун жазбаларының негізгі ескерткіштерін оқып, аударғаннан кейін ауқымды жұмысының қорытындысы ретінде «Die altturkischen Inschriften der Mongolei / Neue Folge» (1897) атты еңбегін аяқтайды, мұнда рун мәтіндері мен сөздіктің фонетикасы, морфологиясы, синтаксисі қысқаша сипатталған17.
Оның рун жазбалары және ұйғыр ескерткіштері бойынша «Einleitende Gendankenzur Darstellung der Morphologie der Turksprachen» (1906) еңбегі түркітілдес халықтары тарихының мәселелерін түсіндіруде маңызды болып табылады. Оның соңғы уақытта қолға алған «Көне түркі диалектілері» (Die Alttürkischen Dialekte) (1911) мақаласы рун және ұйғыр жазбаларының кейбір ескерткіштерінің грамматикасын қысқаша сипаттауға арналған.
Жаңасібір фонетикалық зертханасында осы жылдары түркі тілдерінің диалектісі мен фонетикалық жүйесін зерттеу жұмыстары да тоқтатылған жоқ, ең алдымен, Сібірде якут (М.С. Воронкин), тува (К-о. А. Бичелдей), хакас және басқа да сібір тілдерінің диалектілік жүйесін сипаттау жұмыстары орындалды.
Баскаков Николай Александрович (1905-1996), түркітанушы- тілші, филология ғылымдарының докторы (1950), проф. (1969), РФ, Түрікмен, Қазақ, Қарақалпақ республикасы ғылымының құрметті қызметкері, Ұлыбритания және Ирландия Корольдік азиялық қоғамы (1975), Түрік лингвистикалық қоғамы (1971), Халықаралық Орал-Алтай қоғамы, Польша ориенталист Ғылыми қоғамы (1975), Кёрёши-Чом атындағы венгер оренталист ғылыми қоғамының құрметті мүшесі, Фин-угор қоғамының корреспондент-мүшесі.
Николай Александрович Баскаков көп қырлы ғалым, ол үшін кешендік ғылымның барлық қыры маңызды болған.
ХХ ғасырдың 30-жылдары Н.А. Баскаковтың ғылыми жұмысы басталған уақытта Кеңес үкіметінің тілдік саясаты қарқынды жүрген еді. Осы тілдік саясаттың маңызды бөлігі – жазуы жоқ тілдердің жазуын қалыптастыру, араб жазуынан латын әліпбиіне көшіру, содан соң кириллицаға ауыстыру, әдеби тіл мен тілдік форманы қалыптастыру, ана тілі оқылатын ұлттық мектептерді ашу, лингводидактиканы әзірлеу, оқулық жазу, сөздік құрастыру, тіл мен диалектіні ғылыми сипаттау еді.
Ноғай еліне барған экспедициясының нәтижесінде мәтіндер мен сөздіктер қосымшасы бар ноғай тілі диалектілері очеркісі (1940), сол тілдің грамматикасы мен сөздіктері жазылды (1963, 1966).
Н.А. Баскаковтың «Түркі тілдерінің тарихи-типологиялық фонологиясы» (1988) атты іргелі монографиясы жарық көрген болатын.
Н.А. Баскаков түркі тілінің құрылымы туралы Н.К. Дмитриев, Э.В. Севортян, Б.А. Серебренников Г.П. Мельников және басқа да тілші- теоретиктермен пікірталасқа түскен, басқа алтай тілшілерінен оның басымдығы соншалықты, ол өзінің әрбір фонологиялық заңдылығы, әрбір грамматикалық формасы мен синтаксистік құрылымы туралы
17 Штернберг Л.Я. Из жизни и деятельности В.В. Радлова // Живая старина. – СПб., 1909. – Т. XVIII. Вып. II–III. – С. 11ойын негіздеп отырды. Бұндай кешендік көзқарастан Г. Рамстедт, Г. Винклер, В. Котвич, Ж. Дени, К. Грёнбектің идеялары байқалатын.
Фонетика саласының зерттелуіне
В.В.Радлов өзінің «Фонетика северных тюркских языков» деп аталатын еңбегінде түркі тілдерінің фонетикасын алғаш рет қарастырып, оны жалпылай түрде зерттеген. Бұл еңбек «Фонетика северных тюркских языков» (1882 ж.) еңбегінің бірінші бөлімін құрайды.
Түркі тілдерінің вокализміне (сол кездің терминологиясы бойынша диалектілер деп аталады) жалпы шолу жасау арқылы В.В.Радлов тілдің бастапқы қалпына телеут диалектісінің жүйесі аса жақын деген қорытынды шығарады. Дегенмен арғы түркілік дыбыстық жүйесі мен оның түркі тілдеріндегі эволюциясы жайлы В.В.Радлов толыққанды түсінік бере алмаған десек те, салыстырмалы-тарихи фонетиканың көптеген маңызды мәселелері жайлы сөз қозғағандығын естен шығармаған дұрыс. Түркі фонетикасының жүйелі салыстырмалы- тарихи очеркі В. Грёнбекке (1902) тиесілі. В. Грёнбек жалпы алғандағы түркілік фонетикалық жүйені қарастырмайды, ол түркі тілдерінің дыбыстық құрылымының жеке мәселелеріне шолу жасайды, өзінің реконструкциялық жұмыстарында чуваш тілінің мәліметтерін кеңінен қолданады. Сол кезден бастап чуваш тілі түркі компаративистикасының тәжірибесіне мықтап енгізіледі. В. Грёнбектің еңбегін түркі фонетикалық заңдары (1903) туралы X. Педерсеннің теориялық жағынан маңызды еңбегі жалғастырады, мұнда салыстырмалы-тарихи грамматиканы жасаудың қажетті шарттары жайлы: "арғы түркілік негізгі формаларды қалыптастыру арқылы жеке түркі тілдерінің барлық формаларын түсіндіруге болады" деп айтылған. X. Педерсен реконструкцияның екі деңгейін ажыратқан: ең соңғы "арғы түркілік" және түркі-моңғол тілдерінің дыбыстық жүйесі негізінде қалпына келетін алғашқы "түркілікке дейінгі" деңгей. X. Педерсеннің мақаласына В. Грёнбектің кітабына берілген (1904) П. М. Мелиоранскийдің рецензиясы әдістемелік қосымша ретінде беріледі.
Түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи фонетикасы жайлы мәселелер қозғалған келесі еңбектер сериясы алтайлық ғалымдарға, ең бастысы, И. Рамстедт пен Н. Н. Поппеге тиесілі. Олардың зерттеу жұмыстарының қорытындылары келесі кітаптарда: Г.И. Рамстедт «Введение в алтайское языкознание. I. Фонетика» (1957), Н. Н. Поппе «Сравнительная грамматика алтайских языков. I. Сравнительная фонетика» [Рорре 1960]. Осы еңбектер қатарына Г. И. Рамстедттің корей этимологиясына қатысты еңбегін жатқызуға болады.
зор. Оның «Фонетика северных тюркских наречий» еңбегі осы бағытқа жасалған алғашқы талпыныс еді, түркі тілдерінің фонетикалық құбылыстарын зерттеуде жасалған алғашқы маңызды қадамдардың бірі
В.В. Радловтың қосқан үлесі
болып саналады.
16

Бұл зерттемелерде жалпы алтайлық жүйе ұстанымы бойынша қалпына келтірілген түркі вокализмі мен консонантизмі реконструкциялары жайлы пайдалы мәліметтер жазылған, алайда осыған ұқсас реконструкциялар әлсіз болып көрінгендіктен, күні бүгінге дейін алтай теориясы толық анықталмай отыр. Осы бағытта В. Ванганың түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерттеуге қатысты еңбегін атауға болады (1924). Біздің елімізде соғысқа дейінгі жылдары жазылған салыстырмалы-тарихи саладағы зерттеулердің қатарында Е. Д. Поливанов пен В. А. Богородицкийдің еңбектері ерекше, бұл еңбектер әдістемелік және фактілік жағынан құнды болып табылады. Е. Д. Поливанов түркі компаративистикасы бойынша күні бүгінге дейін маңыздылығы жойылмаған бірқатар мақала жазған [1927; 1968]. В. А. Богородицкийдің арғы түркілік реконструкциясы сипатталған түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасының қысқаша очеркісі бар [1953]. В. А. Богородицкийдің әдістемелік тұрғыдан жазылған еңбегінде түркі тілдері тарихи ареалының фонетикалық белгілерінің маңыздылығы айтылады, бұл әрі қарай түркі тілдері фонетикалық жүйесінің аралық даму сатысы жайлы мәселені көтеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ не Е.Д. Поливанов, не В.А. Богородицкий еңбектерінде түркі фонетикасы салыстырмалы-тарихи тұрғыдан соңына дейін сипатталмаған. 1949 жылы осы еңбектерге ұқсас фин мектебінің өкілі М. Рясяненнің «Материалы по исторической фонетике тюркских языков» [1955] атты толық зерттемесі шығады. М. Рясянен жеке өз басы арғы түркілік жүйені қайта құруға талпыныс жасамайды, ол Г. Рамстедттің үлгісін басшылыққа алады. Ол қазіргі салыстырмалы- тарихи тіл білімі талап ететін арғы түркі тілдерін дәуірлеу, соңғы арғы түркі кезеңіндегі фонетикалық сәйкестіктер, аралық тарихи ареалдар және олардың заманауи ареалдармен байланысы, фонетикалық өзгерістердің салыстырмалы хронологиясы жайлы мәселелерді қарастырмайды. М. Рясяненнің еңбегі бүгінгі күнге дейін мағыздылығын жойған жоқ: ол түркі тілдері мен диалектілеріндегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың нақты дамуын картинасын көрсетеді, бұл еңбекте фактіге негізделген материал және өзіне дейінгі зерттеулердің қорытындылары жинақталған. М. Рясяненнің еңбегімен қатар түркі салыстырмалы фонетикасы бойынша Дж. Эмренің [Emre 1949] жинағы жарыққа шығады, ол В. В. Радлов кітабының жалғасы іспеттес.


Н.А. Баскаков теориясының негізін барлық тілдік деңгейлердің органикалық изоморфизмін қабылдау идеясы құрайды. Түркі тілдерінің жалпы құрылысын анықтап, морфологиялық құрылымын жасайды, бұл өз кезегінде тілдің фонологиялық заңдылығы мен олардың фонологиялық құрылымының пайда болуына негіз болады (1988).
Аталмыш идеяны дамыта келе Н.А. Баскаков ежелгі түркі тілінің құрылысы туралы қорытынды жасайды. Ол мынадай шешім шығарады:
17

«Түркі тілінің құрылымы гипотеза тұрғысынан алғанда түркі тілдерінің көне агглютинативке дейінгі құрылымын аморфты тілдер ретінде көрсетеді, онда абстракт (дерексіз) грамматикалық мағыналар атауыш сөзден құрылған, олар анықтаушы сөздің соңында тұрып, біртіндеп алдымен аналитикалық элементке, кейіннен синтетикалық форманың аффиксіне өзгерген» (1979). Осылайша, Н.А.Баскаковтың ойынша, агглютинативті тілдер көне жағдайының ретроспективті қайта құру тұрғысынан ғана емес, жалпы алғанда өзінің құрылымы бойынша аморфты тілдермен сәйкес келеді екен (1988).


Түркі тілдері тарихи тұрғыда аналитикалық техниканы қолданған, сөздер белгілі бір тәртіппен орналасқан, бұл олардың маңызды қасиеті деп танылған. Барлық қызметтік морфемада жекелеген семантика сақталады не аздап байқалады. Қатаң тәртіппен түбірге аффикстер қосылып, көрсеткіш тізбегін құрайды, жалғану кезінде артық тізбек, буын түсіп қалып отырады, яғни сөз формасындағы қызметтік морфеманың белгілі дәрежесі байқалады.
Кез келген сөз, әрбір сөз формасы фоно-фонологиялық деңгейді ұйымдастырады әрі жүзеге асырады, онда түбірлі және аффикстік морфема арасындағы қатынас изоморфты басқа деңгейлерге, заңдылықтарға бағынады, түркі тілдерінде сингармонизм заңының пайда болуын түсіндіреді (1988).
Фонетикаға қатысты тілдегі мағыналық бірліктердің дыбыстық формаларын ажыратушы және теңдестіру үшін қызмет атқаратын тіл дыбыстарының ерекше белгісі болып табылатын фонема жайлы ғалымдардың болжамдарына тоқталайық.
Қазіргі алтай зерттеушілерінің фонетиканы қайта құруға қатысты түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур және тағы басқа тілдердің арғы алтайлық алғашқы еріндік дауыссыздарының дамуына қатысты болжамдары негізінен «Рамстедт-Пельо заңы», яғни алтай қауымдастығының үш негізгі тілдері тобының барлық репрезентативті материалын салыстырмалы талдаудың нәтижесінде жасалған жалғыз фонетикалық заңның модификацияланған нұсқалары болып табылады. Аталған заңның мәнін келесі сұлбаның көмегімен көруге болады: жалпыалт. *р- (*φ): түрк. ø- ~ тұнғ, р- ~ маньчж. f-. Моңғол-түркі арғы тіліндегі анлауттық қатаң еріндік дауыссыздың мәселесіне (mongolisch-türkische Ursprache) Г.Й. Рамстедт (Ramstedt, 1916- 1920, 1- 10, 238-251) өзінің ең алғашқы еңбектерінде көңіл аударады, бұл еңбекте тілдік материалдар толық қамтылған, оларды ұсыну тәсілі және қорытынды пікірлер беру әдістемесі де орынды берілген. Г.Й. Рамстедт түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур тілдерінде сөз басындағы шұғыл дауыссыздардың спецификалық ерекшелігін жақсы байқаған. Арғы түркі тілінде сөз басында кездесетін шұғыл дауыссыздар k-, t-, b- болса, жалпымоңғолдық тілде аталған позицияда к- және g-, t- және d-, сондай-ақ č- және ǯ-, ал еріндіктен тек қана ұяң b- кездеседі деген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет