Vi негізгі жұмыстарды қамтамасыздандыру 1 Құрал-жабдықтардың жөндеуін ұйымдастыру



бет1/2
Дата26.12.2023
өлшемі64 Kb.
#143523
  1   2




VI НЕГІЗГІ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ
6.1 Құрал-жабдықтардың жөндеуін ұйымдастыру
Әрбір кәсіпорында құрал- жабдықтарды жөндейтін метрология бөлімі болады. Ол бөлім құрал- жабдықтарды жөндейді, тексереді. Ол үшін арнайы жабдықталған жылы, жарық бөлме беріледі.


6.2 Еңбекті қорғау


6.2.1 Еңбек және демалыс режимдері

«Семізбай» кенорнында жұмыс күнінің тәртібі келесідей:



  1. Жұмыс күнінің басталу уақыты 8.00;

  2. Түскі ас уақыты 12.00- 14.00 ( түскі асты екі ауысыммен ішеді);

  3. Жұмыс кұнінің аяқталуы 20.00;

  4. Кеш ас уақыты 20.00-22.00.

Түнгі екінші ауысымда жұмыс істеу тәртібі келесідей:



  1. Жұмыс күнінің басталуы 20.00;

  2. Түнгі ауысымдағы түскі үзіліс 23.00- 00.00;

  3. Жұмыс күнінің аяқталуы 8.00, жұмыс бірінші ауысымға тапсырылады.

Жұмыс вахтамен жүргізіледі. Әрбір он бес күн сайын жұмысшылар ауысып отырады.


6.2.2 Медициналық көмекті және қоректенуді ұйымдастыру

Далалық жұмыстарда үш мерзімде ара лығы 5 – 6 сағаттық ыстық тамақ берілуі тиіс. Майлылығы бойынша тағамдарды бөлу: таңғы ас – 30%, түскі ас - 45 - 50%, кешкі ас – 25 - 20%.


Далалық жұмыстың әр күніне арнайы күндік тағам талондары беріледі, оның құрамында – 150 г ақуыз, 100 м С витамины, 3 мг Ві витамины, А, В2, Д дәне РР дәрумендері болу керек.
Жұмысшылар базада болған уақытта асханада тамақтануға тиіс, ал бұрғылауда болғанда бурғылаушылар бригадасымен бірге тамақтанады. Сонымен қатар жұмысшыларға құрғақ тамақ беріледі.
Жұмысқа түскенді ҰГЗ жұмысшылары медициналық тексеруден өтуі керек, содан кейін периодтық медициналық тексеруден жылына бір реттен кем емес өтуі керек.


6.2.3 Қорғаныс жабдықтармен қамтамасыздандыру, арнайы киіммен және арнайы аяқкиіммен қамтамасыз ету

ҰГЗ жұмыстарын жүргізгенде жұмысшылар арнайы киімді кию тиіс. Киім салбыраған болмауы тиіс, сонымен қатар киім адамның қимылдарын шектемеуі керек, жұмыс істеуіне ыңғайлы болу керек. Қорғаныс жабдықтары адамның өзінің негізгі киім кешегі болып табылады. Арнайы киім адамға зиян тимес үшін арналған.


Адамның басын сақтайтын құрал – каска болып табылады. Ол басты құлаған заттардан, судан, электрикалық токтан сақтайды. Каска бұрғылауға келген әр жұмысшыға беріледі. Қолдың залалдануына қарсы арнайы қолғаптар пайдаланылады.
Адамның денесін және аяғын механикалық әсерден, радиоактивті заттардан, электрикалық токтан, судан, қышқылдан сақтау үшін комбинизон, күртеше және былғары аяқ киімдер пайдаланады.
Арнайы киім және арнайы аяқ киімді пайдаланатын жұмысшылар келесі ережелерді сақтау керек:

  • Жұмыс орнында әрдайым арнайы киім және аяқ киіммен жүру;

  • Арнайы киім жұмысшының денесіне сай келу керек;

  • Киімнің салбыраған заттары болмауы керек;

  • Күртеше толықтай жабылуы болу керек, ал шалбар белбеумен байланып тұруы тиіс;

  • Арнайы киім және арнайы аяқ киім әрқашан таза болуы керек және де санитарлы жуудан өтіп тұруы керек.

Жұмысшы өз киіміне тиянақты қарап оны керек кезде ғана пайдалану керек.
Жұмысшы тамақтанбастан бұрын қолын дұрыстап салқын сумен және кір сабынмен жуу керек. Түскі үзілісте дозиметристер өз аспаптарымен қолдарын тексереді. Уран радиоактивті элемент болғаннан соң, жеке бас гигенасын сақтау адамның өз денсаулығын сақтауда тигізетін үлесі өте зор.


6.2.4 Жұмыстарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы (барлық жұмыстар түрлері бойынша)

ҰГЗ жұмыстарын тек ұңғыманың толықтай дайындығынан кейін ғана жасау керек. Геофизикалық зонд ұңғымада көтеріп – түсіру операциясын жасағанда еш қиындықсыз ұңғымаға көтеріліп түсу керек. ҰГЗ отрядының жұмысшылары бұрғылауда арнайы каскалар киюі тиіс және де егер жұмыс 3 метр биіктікте болса, онда қорғаныс белбеуін тағу керек.


Түнгі уақытта жұмыс атқарғанда, жұмыс атқарылатын орын жақсы жарықтандырылған болу керек. Жұмысқа қатысы жоқ аспаптар мен басқа да керек емес заттар ұңғыма маңынан алшақ орналасу керек. Аспаптарды көтеру арнайы көтеріп – түсіру механикалық құрылғылары арқылы жүзеге асырылады.
Автомобильдің жұмысқа сай келуін, кабельдің дұрыс жатуын, көтергіштің дұрыстығын саумалдамашы жұмыс басында тексеруі тиіс. Ұңғымаларда төмендегідей геофизикалық зерттеулерді жүргізуге тыйым салынады:
- айдаушы және сіңіруші;

  • бұрғылау қондырғыларында геофизикалық зерттеулермен байланысы жоқ, жұмыстарды орындау кезінде геофизикалық зерттеулерді жүргізуге тиым салынады.

Радиоактивті сәулеленудің барлық түрлері адам ағзасында қалыпты биохимиялық үрдістердің бұзылуына әкелетін өзгерістерді туындатады. Бұл өзгерістер сәулеленудің ену мүмкіндігінің деңгейіне, әсер етудің мөлшері мен уақытына, сонымен қатар ағзаның жағдайына бағынышты болады.Осыған байланысты радиоактивті заттарды пайдалану кезінде ұңғымадығы жұмысты дұрыс сақтау, тасымалдау және жұмыс орындарының тазалығынын бақылауды ұйымдастыру арқылы атқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.
Асаптарды ұңғымаға түсірудің алдында төмендегі жағдайларды орындау қажет:
Каротажды көтергішті көтергіш,зертхана мен ұңғыма сағасының арсындағы белгі беру мен жақсы көрінгіштік қамтамасыз етілетіндей орналастыру;
Каротажды станцияны дұрыс бекіту;
Ұңғыманың сағасындағы блок балансты дұрыстап бекіту;
Каратажды станция мен ұңғыма сағасының арасындағы участоктағы каротажды жұмырсымның еркін қозғалысына кедергі жасайтын барлық заттарды алып тастау;
Шығырдың тежегіш механизмдерінің дұрыстығы мен аспаптарды,снарядтар мен жүктерді бекітудің сенімділігін тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет