Видеосабақ жоспарының Үлгісі



бет1/3
Дата02.10.2023
өлшемі7,97 Mb.
#112356
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
7-сабақ. саңырауқұлақ


ВИДЕОСАБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Әуезбай Ж.Қ

Пән/Сынып:

Биология, 8 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

7 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

3-бөлім. Тірі ағзалардың көптүрлілігі.

Сабақтың тақырыбы:

«Саңырауқұлақтар патшалығы. Зең саңырауқұлағы: мукор, пеницилл. Біржасушалы саңырауқұлақтар- ашытқы. Көпжасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар»



Оқу мақсаты:

8.1.1.2 саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін сипаттау

Бағалау критериі:

- зең, мукор, пеницилл, ашытқы, жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтардың ерекшеліктерін, негізгі белгілерін сипаттайды.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут
00:00 – 01:00

Ұйымдастыру

Сабақтың тақырыбы:
«Саңырауқұлақтар патшалығы. Зең саңырауқұлағы: мукор, пеницилл. Біржасушалы саңырауқұлақтар - ашытқы. Көпжасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар»
Сіздің білетініңіз:
-зең саңырауқұлағы: мукор, пеницилл,
ашытқы және қалпақшалы саңырауқұлақтардың құрылысын
Сіздің меңгеретініңіз:
- жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарды сипаттауды












Презентация
Слайд 1
Слайд 2

7-8 минут
01:00 – 01:30

01:30 –
02:00


02:00 –
02:30

02:30-03:00





Жаңа сабақ

Саңырауқұлақтар-тірі ағзалардың жеке патшалығы
Саңырауқұлақтар – өсімдіктердің де, жануарлардың да белгілері бар, бірақ олардың екеуіне де жатпайтын ағзалар. Саңырауқұлақтардың нақты шығу тегі белгісіз. Олар - жер бетінде пайда болған алғашқы ағзалардың бірі. Саңырауқұлақтардың арғы тегі мұхиттан шыққан, құрлықта тіршілік етуге бейімделген біржасушалылар болуы мүмкін.




Саңырауқұлақтардағы өсімдікке және жануарға тән белгілері



Саңырауқұлақтардағы өсімдіктердің белгілері
1. Жасушасы қатты жасуша қабырғасымен жабылған
2. Қозғалмайды, нағыз вакуолі бар
3. Бүкіл тіршілік бойы өседі
4. Қоректі заттарды жануарлар сияқты жемейді, денесінің бетімен сіңіреді
5. Споралары арқылы немесе вегетативті жолмен көбейеді

Саңырауқұлақтардағы жануарлардың белгілері
1. Жасуша ішкі қабықшасы хитиннен тұрады
2. Қоректі қор заты - гликоген
3. Хлоропластары жоқ
4. Дайын органикалық заттармен қоректенеді
5. Лизосомалары- асқорыту вакуолі бар

Зең саңырауқұлақтары
Зең саңырауқұлақтары-қоректену үшін тірі ағзалардың ыдырап жатқан қалдықтарынан нәруыздары, майлар мен көмірсуларды пайдалануға бейімделген саңырауқұлақтардың үлкен тобы. Зең саңырауқұлақтары нанда, көк-өністерде, қида, өлі денелерде, түскен жапырақтарда дамуы мүмкін.



Мукор-нанның көгеруі, ол үлпілдек мақтаға ұқсайды. Мукор жасушасы өседі, жаңа ядро түзіледі, бірақ бұл кезде цитоплазмасы бөлінбейді

Пеницилл - көк- жасыл немесе сары-жасыл түсті көпжасушалы саңырауқұлақ. Пенициллдің екі түрінен бактерияларды жоятын бағалы антибиотик-пенициллин алынады



Біржасушалы саңырауқұлақтар - ашытқылар
Ашытқылар қантты сіңіріп, одан энергия алуға бейімделген. Сол үшін оларды сахаромицеттер деп атайды. Тіршілік әрекетін жүзеге асырып, олар қантты спирт пен көмірқышқыл газына айналдырады. Ашытқылар бүршіктену арқылы көбейеді





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет