W Жүгі бар серіппелі таразымен активити:
Адамның қолы Жерге қатысты тыныштықта тұрып, таразыны көрсеткен кезде дене салмағы модулі бойынша ауырлық күшіне тең екендігін көрсетеді.
Таразыны жүкпен бірге төмен қарай қозғалтамыз. Салмақ азаяды.
Таразыны жүкпен бірге жоғары қарай көтереміз. Салмақ артады.
Таразыны қолдан босатып жібереміз, сол кезде жүкпен бірге таразы да еркін құлайды. Осы жағдайда салмақтың көрсетуі нольге теңеседі. Салмақ жоғалды.
Сыни ойлау:
Не себепті біз бұл көріністі байқадық?
Біздің салмағымыз неден тәуелді?
Салмақсыздықтың болу себебі неде?
W BILIMLAND білім беру ресурсымен жұмыс
https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/fizika-negizi/massa-zhane-kush/lesson/salmaq
Неліктен жердегі дененің салмағы оның географиялық орнына байланысты болады?
Жауап:
Географиялық ендікте орналасыуна байланысты болады (себебі полюстерде – gmax; экваторда – gmin)
g=9,83 м/с2
g =9,8 м/с2
g=9,78 м/с2
G Жұптық жұмыс.
Тапсырмалар:
1. Иіндік таразыға ілінге 10 кг апельсин салмағы көбірек болады:
1) экваторда;
2) 450 ендікте;
3) полюсте.
2. Дене салмағы дене қозғалатын үдеуге байланысты болады.
Өткен сабақтағы білімдеріңе сүйене отырып, кестені толтырыңдар(ТМ Кесте).
W G I Тест тапсырмаларын орындау.
Тесіліп қалған құтыдан сүт ағып жатыр. Егер байқамай құтыны құлатып алатын болса, онда сүттің еркін түсуі …
баяулайды;
ыдыстан ағуы тоқтайды;
тезірек ағады;
сүттің ағуы өзгермейді;
дұрыс жауабы жоқ.
2. Лифт 10 м/с2 үдеумен тік төмен түсіп келе жатыр. Лифт ішінде массасы 60 кг болатын адам бар. Адамның салмағы неге тең? (g = 10 м/с2)
1) 600 Н 2) 1200 Н 3) 0 4) 60 Н 5) жауабы жоқ
3. Дөңес көпірдің жоғарғы нүктесінде 72 км/сағ жылдамдықпен жүретін көліктің салмағын анықтаңдар. Осы нүктеде көпірдің пішіні радиусы 500 м болатын шеңберге сәйкес келеді, көлік массасы 500 кг.
1) 4900 Н 2) 4714 Н 3) 4600 Н 4) 4478 Н 5) 4324 Н
4. Массасы 40 кг бала, ұзындығы 4 м алтыбақанда тербеледі. 6 м/с жылдамдықпен тербелу кезінде ең төменгі нүктеде бала алтыбақан орындығына қандай күшпен әсер етеді.
1) 500 Н 2) 400 Н 3) 40 Н 4) 760 Н 5) 300 Н
Құрылымдық тапсырманы орындау:
5. I, G ( тақтада мұғалім түзету жұмыстарын жасайды).
Массасы 85 кг ұшқыш түйіліп ұшу жасады.
(a) (i) ұшқыштың асқын салмақ нүктесін анықта. Оны суретте А нүктесімен көрсет.
(ii) бұл нүктеде ұшқыш неге асқын салмақ сезінетінін түсіндір.
(iii) А нүктесіндегі ұшқыштың салмағын анықта.
(b) (i) ұшқыш салмақсыздық қалпында болатын нүктені анықта. Оны суретте В нүктесімен көрсет.
(ii) неліктен және қандай жағдайда осы нүктеде ұшқыш салмақсыздық қалпында болатындығын түсіндір.
(iii) өз болжамыңды растайтын формуланы жаз.
Рефлексия: Егер дене тұрақты түрде күш түсірілетін болса, онда дене қалай қозғалады? Мысал келтіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |