З. Фрейдтің психоаналитикалық теориясы. Балалық шақтағы тұлғаның дамуы



Дата07.01.2022
өлшемі22,92 Kb.
#19077
Байланысты:
4 билет


4 - билет

  1. З. Фрейдтің психоаналитикалық теориясы.

  2. Балалық шақтағы тұлғаның дамуы.

  3. Архетиптер ұғымдарына салыстырмалы талдау жүргізу.

1)Зигмунд Фрейдтің өмір баянына қысқаша тоқталып кететін болсақ: толық аты-жөні Сигизмунд Шломо Фрейд. Психолог, психиатр және невролог. Психоанализ ілімінің негізін қалаушы.

Зигмунд Фрейд 1856 жылы 6 мамырда тері сатушының отбасында дүниеге келеді. 1860 жылы Фрейдтер отбасысы Венаға көшіп келеді. Зигмундтың отбасында 8 бала болды, бірақ Зигмунд ағайындыларынан алғырлығымен, таңқаларлық ақылымен жіне кітапқа деген қызығушылығымен ерекшеленді. Сол себепті оған ата-анасы жақсы жағдай жасауға тырысқан. Сабақ орындау барысында оған ешкім кедергі жасамауы үшін, Зигмунд әрқашан керосинді шаммен оқитын, ал басқа балалары шам арқылы оқитын. 17 жасында гимназияны өте жақсы аяқтап, әйгілі Вена университетіне оқуға түседі . Университетте атақты профессорлардан тәлім алған.

Фрейд адамның психологиялық өмірі туылған соң басталады деп санап, жаңа туған сәбиді «таза тақта» деп атайды. Фрейд психикалық процесстер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санаған. Оларды Фрейд психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер ретінде қарастырған.

Психоанализ — Фрейд қалыптастырған ХХ ғасырдың мәдениетінің барлық саласына зор ықпал еткен психологиялық ғылым және психиатрияның емдеу әдіснамасы болып табылады. З. Фрейд өз зерттеуін бастаған кезде психиатрия ғылымы биологияның ықпалына айырықша ұшырағаны соншылық, психологиялық және рухани ауруларды емдеу түгелдей механикалық әдістермен орындалатын. Фрейд 1885 жылы Парижде әйгілі психиатр, митанушы Charcot-тан тәлім алып, оның қояншық ауыруын зерттеуіне көмектеседі. Солай ол бала кездегі рухани ауруын және жайсыз естеліктерінің болашақтағы өміріндегі көңіл күйіне әсерін зерттей бастады. Психоанализдің басты ережелері:

Адамның ата тегіне тартқан мінезіне дейінгі барлық психологиялық қасиеттерін бала кезіндегі естеліктері белгілейді.

Адамзаттың ісін, танымын негізінен адамның иррационалды (жабайы, ақылсыз, нәпсілік) аңсары қалыптастырады. Бұл аңсарлар негізінен санасыз күйде болады.

Психоанализдік емдеу амалы рухани ауруларды емдеуді көздейтін психиатрия ғылымына тиісті болады. Сонымен қатар Фрейдтің бұл жасампаз идеялары заң саласында, әдебиетте, философия мен психология ғылымдарында кең таралып, Европа және АҚШ елдерінде психологиялық жаңа ізденісті туғызды.

Психоаналитикалық теорияны XX ғасырда «ғылыми мифология» деп атады. Өйткені оның өкілдері мифологиялық материалдармен жұмыс істеген. Психоаналитикалық теория миф, ритуал, дін, тағыда басқа мәдениет аспектілерді мәдениеттанулық зерттеудің құрамдас бөлігіне айналдырған. Олар адам әрекетінің осы саласындағы түс көруінің, фантазиясының, интуициясы мен еркінің ассоциацияларының рөлін негіздеуге талпынады.

Сана мен астынсана (былайша айтқанда жасырынған сана) және нақты шындық арасындағы қайшылықтан рухани соққы беріліп, ауытқулар туады, психологиялық аурулар пайда болады. Осынау тосылған, тұйықталған астынсаналық оқиғаны (әлдеқашан ұмытылған ерекше ұятты оқиғаның жасырын ықпалы) белгілі кәсіптік амалдар арқылы рухани ауруға білдіруге болады. Және осыны З. Фрейдтің психоаналитикалық теориясымен қарастыруға болады.

2) Даму ұғымы. Бұл ұғым кейбір өзгерістерді, жаңа қабілеттер туындауының, тұлғаның жетілуін қамтиды.

Өсу – жеке ағзалардың, олардың жүйелерінің, тұтастай организмнің маңызды мүмкіндіктерінің сандық өзгерістері, мөлшерлерінің ұлғаюы.

Даму – құрылымның сапалы өзгеру, қайта құрылу, өңделу үдерісі. Даму дегеніміз əрдайым жүйенің дамуы болып табылады, жаңа қасиет тек жүйенің қайта өңделуі ретінде туындайды. Соған сəйкес даму объектісі – жүйе болып табылады.

Жетілу – генетикалық жоспарға сəйкес органикалық өсу мен дамудың бағдарламаланған үдерісі. Жетілу сандық жəне сапалы өзгерістерді қамтиды.

Балалардың өсіп - жетілуінің бір сатыдан екіншіге көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі байқауға болады.

Денесінің, сана сезімінің дамуы баланың өзіне байланысты болыа табылады. Баланың жасы үлкейген сайын бойлары өсіп, ақылдары кіріп, денелері тұлғаланып бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз — адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетіліп, саналы өмір сүруге дайын болуы. Балалардың қоғамдық өмірге және еңбекке ынтасы тәрбиеге, араласатын ортасына және отбасына байланысты.

Тәрбие ісінде баланың жасын ескеру міндетті екенін педагогика ғылымы көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтар Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде баланың табиғатын, қабылдауын, ойлау ерекшелігін еске алып отыру керек екенін айтып өткен болатын.

Қазіргі педагогика және психология ғылымдары бала мен жеткіншектің дамуындағы биологиялың факторлардық рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін сан жағынан жинақтап, сапа жағынан өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлай қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік берді. Жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі бөлу. Олардың сатылары:

1. Жаңа туған бала (туған сәттен 1-2 айға дейін)

2. Нерестелік шақ (1-2 айдан 1 жылға дейін);

3. Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін);

4. Мектепке дейінгі балалық шақ (4 жастан 7 жасқа дейін);

5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін);



6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін);

7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет