Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Экология кафедрасы
З.Г. Жокушева
ЭВОЛЮЦИЯ ТЕОРИЯСЫ
бӛлімі бойынша оқу-әдістемелік құрал
5В060800-Экология
Қостанай, 2015ж
2
ББК
Автор:
Жокушева Зайда Габбасовна экология кафедрасының аға оқытушысы
Сын пікірші:
Блисов Тилеубай Матайулы,экология кафедрасының а/ш.ғ.к, доцент
Конысбаева Д.Т б.ғ.к, доцент, жаратылыстану кафедрасының менгерушісі,
ҚМПИ
ЭВОЛЮЦИЯ ТЕОРИЯСЫ
: Бӛлімі бойынша оқу-әдістемелік құрал. – Қостанай:
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемелекеттік университеті.
Бұл бӛлімдер бойынша оқу-әдістемелік кешенде 5В060800-Экология
мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған дәріс, бақылау
сұрақтары, пайдаланған әдебиеттер енгізілген.
ББК
Аграрлық-биологиялық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді №
хаттамасы « »
2015
© А. Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемелекеттік университеті,2015
3
Мазмұны
1. Эволюция теориясы
1. Чарлз Дарвинге дейінгі эволюция туралы кӛзқарастар
2. Ч. Дарвин және оның эволюция теориясы
Бақылау сұрақтары
Қолданған әдебиеттер
4
Тақырыбы
ЭВОЛЮЦИЯ ТЕОРИЯСЫ
Мақсаты:
Жоспар:
1. Чарлз Дарвинге дейінгі эволюция туралы кӛзқарастар
2. Ч. Дарвин және оның эволюция теориясы
1. Чарлз Дарвинге дейінгі эволюция туралы көзқарастар
Эволюция тірі материяның барлық тіршілік деңгейінде жүріп
отырады және
әрбір деңгейде жаңадан пайда болған құрылымдық және қызметтерімен
ерекшеленеді. Осы құрылымдар мен қызметтер бірігіп эволюцияның тірі
жүйесінің әрбір деңгейіне кӛтерілгең сайын жоғары сатыға кӛтерілгендігін
аңғартады.
Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы және оның эволюциясы
жаратылыстану ғылымының негізгі ӛзекті мәселесі болып саналады. Осы
мәселе сонау біз білмейтін ерте уақыттан бастап адамның санасынан шыққан
емес. Бұл мәселемен барлық философтартар және дін
қызметкерлері де
айналысып келеді. Бірақ та әр заманда және адамның мәдени даму
сатысының әр кезеңінде тіршіліктің пайда болуы мен эволюциясы әртүрлі
шешіліп келді.
Қазіргі заманда эволюция теориясы Ч. Дарвиннің теориясына негізделген.
Бірақ эволюционизм Ч. Дарвинге дейін де болған. Сондықтан қазіргі заман
эволюция теориясын дұрыс түсіну үшін эволюционизмде Ч. Дарвинге дейін
қандай кӛзқарастар болғанын және қай бағытта дамығанын білгеніміз абзал.
Ежелгі кезде табиғатқа деген кӛзқарас мистикалық болды, ол кезде
тіршіліктің бәрін табиғаттың тылсым күштерімен байланыстырды. Бірақ
сонау ежелгі Грекияның алғашқы мәдениетінің дамуының бас кездерінің
ӛзінде-ақ табиғатқа мистикалық кӛзқарастардан басқа да түсініктер пайда
бола бастады. Сол дәуірлерде абиогенез ілімі пайда болды және дамыды.
Осы ілім бойынша тірі органимдер ӛлі материядан кездейсоқ ӛзінен-ӛзі пайда
болды деген болжам бағыттар басым орын алды. Осы уақыттарда
5
эволюциялық кӛзқарастар да болды. Мысалы, Эмпедокл (б.з. дейінгі 490-430
ж.) Алғашқы тірі организм әлемдік материяның тӛрт элементінен (от, ауа, су
және жер) пайда болды және табиғат белгілі бір заңдылықпен дамыды;
сонымен бірге, тек белгілі бір ортаға бейімделген организмдер ғана тіршілік
етеді деп түсіндірді. Бұл кӛзқарастардың ең басты ерекшілігі тірі
организмдердің табиғи жолмен пайда болатыны туралы ойы ӛте маңызды
болды.
Демокрит (б.з. дейінгі 460-370 ж.) дүние кӛптеген майда бӛлшектерден
тұрады деді, олар үнемі қозғалыста болады және тіршілік қарапайым
дүниеден емес, тек табиғаттағы механикалық күштің арқасында ӛзінен-ӛзі
пайда болды деп тұжырымдады. Демокриттің пайымдауынша тірі
организмдер батпақ пен су атомдарының механикалық қозғалысы арқасында
бірігуінен, яғни ылғал топырақтың ұсақ бӛлшектері мен оттың атомының
ӛзінен-ӛзі қосылуынан пайда болады. Ӛзінен-ӛзі пайда болу кездейсоқ оқиға
деп есептейді.
Құрт, кене және басқа организмдер таңғы шықтан, батпақтан, қидан, денеден
бӛлінетін терден, еттен, моллюскалар ылғал топырақтан, ал балықтар теңіз
балдырынан пайда болады деп түсіндіреді. Платон (б.ғ. дейінгі 427-347 ж.)
тірі тіршілік ӛте қарапайым материямен жаңа туындаған организмнің
қосылуынан туындайтын жанның арқасында пайда болады да, ол организмді
қозғады.
Аристотель (б.ғ. дейінгі 384-322 ж.) ӛсімдік пен жануарлар ӛлі материядан
пайда болады деп қорытынды жасады. Ол кейбір жануарлар шіріген еттен
пайда болады деген кӛзқараста да болды. Материялық болмыстың бар екенін
және оның тұрақты қозғалыста болатынын мойындап, организдерді
салыстыра отырып, Аристотель организмдер «табиғаттың сатысы» сияқты
орналастынын мойындап, бейорганикалық дүниеден бастап және ол
ӛсімдіктер арқылы, одан губкаларға және асцидияларға, одан кейін теңізде
еркін тіршілік ететін микроорганизмдерден тұратынын мойындады. Бірақ,
Аристотель дүниенің дамуын мойындағанымен, қарапайымдардан жоғарғы
6
сатыдағы организмдердің дамитынын мойындамады.
Аристотельдің кӛзқарасы ғасырлар бойы мойындалды, одан кейінгі
гректердің және рим философтары да тіршіліктің кездейсоқ ӛзінен-ӛзі пайда
болатынын мойындап, мистикалық ойлармен толықтырыла түсті. Ол туралы
Цицерон, Овидием, кейінірек Сенека, Плиней, Плутарх жэне Апулейлер де
жазды. Ӛзгергіштік туралы пікір Үндінің, Қытайдың, Месопотамияның,
Мысырдың ежелгі философтардың кӛзқарастарында кездеседі. Ертеректе
христиан дінінің ӛкілдері абиогенездің басымдылығын Библиядан мысалдар
келтіріп дәлелдеді. Олардың пайымдауынша, ӛзінен-ӛзі пайда болу сонау
дүние пайда болған уақыттан қазіргі кезге дейін жалғасып келеді деп
есептеді.
Орта ғасыр (Ү-ХҮ ғ.) кезіндегі ғалымдардың арасында тіршілік кездейсоқ
ӛзінен-ӛзі пайда болады деген кӛзқарас басым болды, оның үстіне
философиялық ойлардың ӛзі де діннің уағыздарына негізделді. Сондықтан
орта ғасыр ғалымдары жәндіктер, құрттар, балықтар ӛзінен-ӛзі пайда болады
деп тұжырымдады. Сол уақыттарда, арыстанның ӛзін құмда кездесетін
тастардан пайда болды деп есептейтін. Орта ғасырдың белгілі дәрігері
Парацельс (1498-1541) гомункулусті (адамды) ер адамның шәуетін асқабаққа
енгізу арқылы жасауға болатыны туралы «рецепт» жасады. И. Гѐте «Фауст»
шығармасында
Мефистофельді
егеуқұйрықтың,
үй
тышқанының,
шыбынның, бақаның, қандала және биттің әміршісі етіп кӛрсетіп, Гѐтенің ӛзі
де тіршілік кездейсоқ ӛзінен-ӛзі пайда болатынын мойындады.
Орта ғасырларда органикалық дүниенің дамуы туралы ешқандай жаңа
кӛзқарас болған жоқ. Керісінше, бұл кезеңде креационистік кӛзқарастар
дәуірлеп тұрды, олардың пайымдауынша тіршілік жоқтан пайда болды, тірі
организмдер ӛзгермейді және тұрақты деген пікірлер де болды. Креационизм
ағымы табиғаттың денесі саты сияқты, яғни құдай - періште - адам -жануар,
ӛсімдік, саңырауқұлақтардан тұрады деген ағымды дамытты.
Гарвей (1578-1667) құрт, жәндіктер және басқа жануарлар шіріген заттан
пайда болуы мүмкін, бірақ арнайы күштердің әсер етуінен пайда болады деп
7
есептейді. Ф. Бэкон (1561-1626) шыбын, құмырсқа және құрбақалар шіріктен
ӛзінен-ӛзі пайда болады деп есептеді, бірақ ол бейорганикалық және
органикалық дүниенің арасында шекараның бар екенін мойындамау арқылы
материалистық кӛзқарасты қалыптастырды. Р. Декарт (1596-1650) та
тіршіліктің ӛзінен-ӛзі пайда болатынын құптай отырып, оған тылсым күштің
әсер етпейтіндігін айтты. Р. Декарт ӛзінен-ӛзі пайда болу ол табиғи үрдіс
екенін, бірақ ол белгісіз (түсініксіз) жағдайда болады деп түсіндірді.
Сол дәуірдің белгілі ғалымдарының кӛзқарастарын салыстыра отырып,
олардың тіршіліктің кездейсоқ ӛзінен-ӛзі пайда болатыны туралы
жорамалдары XVII ғасырдың ортасына дейін ешқандай күмән туғызған жоқ.
ХҮИ-ХҮШ ғасырлардағы метафизикалық дүниетанымдары негізінен түрдің
ешқашан да ӛзгермейтінін және органикалық дүние біртұтас, ол
жаратушының ақылы мен тіршілік күші арқылы жүріп отырады деп
түсіндіреді.
ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда метафизикалық кӛзқарастардың дәуірлеп тұрғанына
қарамастан ортағасырлық догматикалық кӛзқарастарға дүниетаным туралы
қарама-қайшылықтар пайда бола бастады.
Әсіресе, олар шіркеудің уағыздап, қолдап келген абиогенез теориясына
қарсы эволюционизм ілімі тууына және пайда болуына нақты мысалдар
келтіре отырып айналыса бастады.
1665 жылы ет және шыбынмен бірнеше тәжірибе жасаған Ф. Реди (1626-
1697) шіріген еттегі дернәсіл жәндіктердікі (насекомдардікі) екенін, егер етті
жәндіктер кіре алмайтындай жабық ыдысқа салып қойса, яғни олардың
жұмыртқа салуына жол бермесе, жәндіктің дернәсілі ӛзінен-ӛзі пайда
болмайтындығына кӛз жеткізді. Осы тәжірибелер арқылы Ф. Реди ӛлі
дүниеден
ӛзінен-ӛзі
жоғарғы
сатыдағы
организмдердің
пайда
болмайтындығын дәлелдеді. Бірақ, Ф. Реди мэліметінде және ой
тұжырымында адамның және жануарлардың ішегіндегі микроорганизмдер
мен құрттар (гельминттер) ӛзінен-ӛзі пайда болуы мүмкін деген ойда болды.
Яғни, әлі болса да қоғамда тіршіліктің ӛзінен-ӛзі пайда болатыны туралы
8
кӛзқарастар болды.
1765 жылы Л. Спаланцани (1729-1799) қайнаған ӛсімдіктердің және еттің
сорпасының ішінде микроорганиздер болмайтындығын кӛптеген тәжірибелер
арқылы дәлелдеді. Ол сонымен бірге, қайнау уақыты мен тығыз жабылған
ыдыстың ауа жібермейтінің үлкен маңызы бар екенін анықтады. Егер, ауа
кірмейтіндей етіп тығыз жабылған ыдыстағы ұзақ қайнатылған сұйықтықта
ешқандай микроорганизмдердің дамымайтынын анықтады. Бірақ Л.
Спаланцани ӛзінің әріптестерін (замандастарын) микроорганизмдердің
ӛзінен-ӛзі дамымайтындығына сендіре алмады. Тіршіліктің кездейсоқ ӛзінен-
ӛзі пайда болатыны туралы ойды сол заманның белгілі философтары мен
жаратылысты зерттеушілері (И. Кант, Г. Гегель, X. Гей-Люссак жэне т.б.)
жақтап қорғаштады.
1861-1862 жылдары Л. Пастер сұйықтықта және ерітіндіде ӛзінен-ӛзі
органикалық заттың пайда болмайтынын нақты дәлелдеді. Ол барлық
сұйықтықтағы ластың (кірдің) пайда болуы, тек ауадағы бактерияның
арқасында екенін ӛзінің тәжірибелері арқылы мойындатты. Л. Пастердің
зерттеулері замандастарын таңғалдырды. Ағылшын ғалымы Д. Тиндаль
(1820-1893) кейбір микроорганизмдер 5 сағат уақыт бойы қайнатса да
ӛлмейтіндігін (резисентті) екенін тапты. Сӛйтіп, ол залалсыздандыруды
(стерилизацияны) уақыт бойынша бӛлшектеп жасау әдісін енгізді, қазіргі
кезде осы әдісті тиндализация деп атайды.
Абиогенез ілімін жақтамайтындардың арасында тіршіліктің мәңгілік екендігі
туралы кӛқарастар орныға бастады. Философтар мен ғалымдар шынында да
тіршілік ӛзінен-ӛзі пайда болмаса, онда ӛмір
мәңгілік, дербес, барлық Кеңістікте таралған деген кӛзқарастар пайда бола
бастады. Ол бірақ Жерде қайдан пайда болды? Осы сұраққа жауап беру үшін,
швед ғалымы Аррениус (1859-1927) ӛткен ғасырдың басынан бері (1912)
пансермия болжамын ұсынды, ол бойынша тіршілік әлем кеңістігінде бар
және ол аспан денесінде және Жерді қоса есептегенде қарапайым күйде
болады әрі жарық сәулесінің қысымы арқылы бір-біріне апмасады. Осы
9
болжамды қолдаушылар тіршілік метеорит арқылы Жерге де келуі мүмкін
деп есептеді. Панспермия болжамына қарсы келушілер, ғарыш кеңістігіндегі
қолайсыз жағдайлардың әсерінен микроорганизмдер ӛмір сүре алмайды және
осы
жағдайға байланысты
Жер
атмосферасынан
тыс
жерлерде
микроорганизмдердің болуы мүмкін емес деді. Сондықтан тіршілікті тек
Жерден ғана іздеу керек.
ХҮІІ-ХVIII ғасырларда табиғат зерттеушілері мен философтарды
органикалық дүниенің ӛзгермейтіндігі туралы кӛзқарастар күмән туғызатын
сұрақтар мазалады. Осындай сұрақтардың бірі - түрдің ӛзгергіштігі туралы
болды. Кӛптеген адамдар организмдердің ауа райына, қорекке, топыраққа,
органдардың жаттығуына және керісінше, жаттықпағанына байланысты,
шағылыстыру арқылы және басқа жағдайларға байланысты ӛзгеретінін
мойындады. Мысалы, Ф. Бекон (1561-1626), Д. Рей (1628-1705), Ж. Бюффон
(1707-1788), И. И. Лепехин (1740-1802), Н. Я. Озерецковский (1750-1827)
және басқалары организмдердің ауа-райына және топыраққа байланысты
ӛзгеретінін мойындады, ал Ш. Боннэ болса паразит құрттар жеке ӛмір сүретін
құрттардан пайда болады деп ойлады. К. Линнейдің ӛзі түрлердің ӛзгеруі
топырақ пен ауа-райына, әртүрлі түрдің ӛзара бір-бірімен шағылыстыруына
байланысты ӛзгереді деді. Түрлердің ӛзгеретіні туралы ойды Эразм Дарвин
(1713-1802), К. Ф. Вольф (1733-1794), француз философ-материалистері Д.
Дидро (1713-1784), Ж. О. Ламеттри (1709-1751), П. Гольбахтар (1723-1789)
қолдады. Түрдің ӛзгеруі организмдердің ӛмір сүруі тұқым қуалаушылдығына
байланысты мүмкін екендігі жиі айтыла бастады. Бірақ, әлі де болса
түрлердің ӛзгеруі тарихи тіршілік ету ортасына, органикалық дүниенің
қарапайымнан бастап жоғары сатыға қарай дамитыны туралы ойдан алыс еді.
Осы уақыттарда организмдердің «табиғи туыстығы» туралы кӛзқарастар
пайда бола бастады. Организмдер табиғи туыстығына байланысты
топтастыру туралы, яғни кейбір организмдердің арғы тегі ортақ болуы
мүмкін. Мысалы, Ж. Бюффон бірнеше туыстың «ортақ тегі» болуы туралы
пайымдады, соның ішінде сүтқоректілердің бейімдеушілігі осы эволюцияның
10
заңы дейді. Ламарк қоршаған орта тек ӛсімдіктерге және қарапайым
организмдерге тікелей әсер етеді, сӛйтіп олардан ӛздеріне «кажет» саздан
жасағандай керек форма жасап алады, яғни орта ӛзгерсе түрде ӛзгереді деп
ойлайды. Ал жануарларға қоршаған орта жанама әсер етеді дейді.
Қоршаған ортаның ӛзгеруі жануарлардың қажеттілігін ӛзгертеді, ал
қажеттіліктің ӛзгеруі олардың әдет дағдысын ӛзгертеді, ал әдеттің ӛзгеруі
мүшенің қайсысын пайдалану және пайдаланбауын реттейді. Ламарк осы
кӛзқарасын дәлелдеу үшін кӛптеген мысалдар келтіреді. Мысалы, жыланның
денесінің пішіні оның пайымдауынша жерде сырғып қозғалуға
дағдылануына, ал керіктің (жирафтың) мойынының ұзын болуы ағаш
басынан жемісті алып жеуін дағдыға айландыруына байланысты деп
түсіндіреді.
Мүшелерді жиі пайдалануы (жаттығуы) олардың әрі қарай дамуына әсер
етсе, ал пайдаланбауы оларды деградацияға ұшыратады. Қоршаған ортаның
әсерінен ӛзгеруі тұқым қуаламайды әрі жинақталады және бір түрден екінші
түрге беріледі.
Ламарктың кӛзқарасының тарихи орны дүниенің қарапайымдылардан
күрделі организмдер дамиды және қоршаған ортамен тығыз байланысты
екенін дәлелдеуі болды. Бірақ Ламарк эволюция ілімінің негізін салмады,
себебі ол эволюцияның козғаушы күштерін толық түсіндіре алмады. К. А.
Тимирязев (1843-1920) Ламарк организмдер тұтастығының себептерін
түсіндіре алмады деді. Ламарктың ілімі табиғи философиялық және
дәріптеушілік, сондықтан замандастарына табиғатта эволюцияның ӛз орны
бар екенін түсіндіре алмады.
2. Ч. Дарвин және оның эволюция теориясы
Эволюцияның алғашқы нағыз ғылыми теориясының негізін қалаушы -
ағылшын ғалымы Чарлз Роберт Дарвин (1809-1882). Ч. Дарвиннің негізгі
еңбектері "Табиғи сұрыпталудың арқасында пайда болған түрлер немесе
тіршілік үшін күресте пайда болған тұқымдарды сақтау" (1859), осыларға
11
қосымша толықтырған "Үй жануарлары мен мәдени ӛсімдіктердің ӛзгеруі"
(1869) жэне "Адамның пайда болуы және жыныстық сұрыпталу" (1871) атты
кітаптары.
Дарвиннің эволюция туралы ілімі үш бӛлімнен тұрады, яғни: организмдердің
тарихи дамуы ӛзіндік орнына; эволюцияның қозғаушы күштерінің ережесіне;
эволюцияның қайта ӛзгеру жолдарына негізделген түсініктемелерінің
жиынтығы эволюцияның пайдалылығын аңғартады.
Эволюцияның ӛзіндік орны бар екенін Ч. Дарвин әртүрлі ғылымдарға сүйене
отырып дәлелдеді. Басты дәлелді ол палеонтологиядан алды. Мысалы, Ч.
Дарвин ежелгі қазбадан табылған организмдердің қаңқа қалдықтарының
қазіргі организмдерден қатты айырмашылығы және кейінгі табылған
қалдықтардың біркелкі ұқсастығын эволюцияның тарихи беттері деп
қабылдады. Одан соң, Ч. Дарвин сол кездегі эмбриология ғылымының
жетістіктеріне сүйене отырып, организмдердің шығу тегінің бір екенін,
сонымен бірге организмдердің белгілі бір заңдылыққа сүйеніп, құрлықта да
және суда да таралуы және кездесетін (кұрлықта және аралда) жеріне қарай
жануарлар мен ӛсімдіктердің құрылымы ӛзгеретіндігі эволюцияны дәлелдей
түсті және құрлықтар, аралдар эволюцияның бағыттарын дәлелдеді.
Сонымен бірге, ол ауыл шаруашылығының жетістіктерін де іс жүзінде кең
пайдаланды.
Эволюцияның қозғаушы күштері - деп Ч. Дарвин тұқымқуалаушылық,
ӛзгеріштік және табиғи сұрыпталу деп бӛлді. Ол тұқымқуалаушылық пен
ӛзгергіштік әсерінен пайда болған ӛзгергіштігін организм ӛзінде сақтап және
келесі ұрпаққа бере алады деп түсіндірді.
Ӛзгергіштік организмдердің алуантүрлігін туғызса, ал тұқымқуалаушылық
осы ӛзгерісті келесі ұрпаққа береді. Сонымен барлық тірі организмдердегі
ӛзгергіштік пен шағылыстыру кезіндегі пайда болған ӛзгерістер
тұқымқуалаушылықтың жемісі (гетерогендігі).
Эволюция барысында тірі организмдердің белгілі бір заңдылыққа сәйкес
ӛзгеруін зерттеу барысында, Ч. Дарвин егер белгілі бір қолдан жасалған
12
ортада алынған жануарлардың қол тұқымын және ӛсімдіктердің сұрпын
қолдан сұрыптау деп атады.
Ал табиғатта болатын жағдайда тірі организмдердің тұтастығына және
ӛміршеңдігіне, жаңа түрлердің пайда болуына, оның сол ортада сақталуына
және жаңа түрлерді шығуын, одан жаңа түрдің пайда болуын және жаңа
үлкен жүйеліктің негізін қалауына әсер ететін күшті Ч. Дарвин тіршілік үшін
күрес және табиғи сұрыпталу деп тұжырымдады.
Тірі организмдер кӛбейіп, ұрпақ қалдыруға қабілетті, оның бәрі ӛміршең
емес, сондықтан да түр ішінде олар кӛп ұрпақ қалдыруға тырысады. Артық
ұрпақ әртүрлі жағдайларға байланысты тіршілік үшін күрес кезінде ӛледі. Ч.
Дарвин бойыншатіршілік үшін күрес бір түрден екінші түрдің арасында,
сонымен бірге түр ішінде болуы мүмкін, соның ішінде түрлер ішіндегі күрес
түр арасындағы күрестен де ӛте қатал болады, себебі олар бір жерде
мекендейді, бірдей қорекпен қоректенеді, қауіп-қатерде екеуіне бірдей және
т.б. жағдайлар. Осы күрес барысында осы ортаға бейімделгені ғана тірі
қалады, яғни организмдердің ӛмірге бейімделген түрі ғана тіршілік етеді.
Сонымен тіршілік үшін күрестің жемісі табиғи сұрыпталу. «Организмдердің
ӛзіне жағымды жеке ерекшілігін және ӛзгергіштігін сақтауын, сонымен бірге
жаман қасиеттерін жоғалтуын Ч. Дарвин табиғи сұрыпталу немесе
қолайсыздыққа бейімдеушілік дейді». Эволюцияның негізгі қозғаушы күші
табиғи сұрыпталу деп есептеді Ч. Дарвин.
Эволюцияның жаңару жолдарына Ч. Дарвин белгілердің жойылуы
(дивергенциясы) жатады деген қорытынды жасады. Ч. Дарвин бойынша
ӛзгеріп жатқан тіршілікте және табиғи сұрыпталудың нәтижесінде алғашқы
белгілерінен қатты ӛзгеріп, әртүрлі бағыттарға бейімделген түрлер гана
ӛміршең болады. Осындай ӛзгеру кезінде қолайсыз жағдайда организм негізгі
белгілерін жоғалтады және соның салдарынан бәсекелестік азаяды, яғни осы
белгілерді жоғалтуынан организмдер әртүрлі ортаны пайдалануға мүмкіндік
алады. Осы белгілердің жойылуы (дивергенция) кезінде әртүрлілік пайда
болады да, ол жаңа түрдің пайда болуына қолайлы деп есептеді Ч. Дарвин,
13
яғни дивергенция әсерінен жаңа түр пайда болады. Организмдердің ӛзгеруі
табиғаттың заңдылықтарына сәйкес ғана емес, ол кездейсоқта табиғи
сұрыпталудың арқасында болуы да мүмкін деді Ч. Дарвин. Органикалық
тұтастық сұрыпталудың жемісі, бірақ ол салыстырмалы жағдайда болады.
Осы
кӛзқарасымен
Ч.
Дарвин
метафизикалық
қажеттіліктің
кездейсоқтылығына қарсы шықты, оған дейін ешкім мұны айта алмаған еді.
Ч. Дарвиннің ілімі жаратылыстану ғылымындағы теңдесі жоқ ілім. Ол
табиғатты зерттеуді жан-жақты зерделеп, оған тарихи әдістеме енгізіп,
эволюция теориясын жасады және ғылымдағы креационизм кӛзқарасын
жойды.
Дарвин ілімі барлық таксондарды қамтитын организмдердің үлкен
топтарының эволюциясын, ол үлкен уақыт ӛлшемімен геологиялық ӛлшем
бірлігімен және ӛте ауқымды аумақтарды қамтиды. Сонымен дарвинизм -
макроэволюция туралы ілім. Бірақ ол генетикалық тұрғыдан толық
зерттелмеген. Дарвин түрдің жеке дараларының эволюциясын қарастырды,
ал әрбір түр қазір белгілі болғандай популяция ретінде тіршілік етеді.
Сондықтан, "Түрлердің пайда болуы" атты еңбек жарық кӛрген 8 жылдан
кейін ағылшын Ф. Дженкин "Егер сұрыпталу кезінде түрдің шамалы ғана
ӛзгерген жеке дарасы аман қалса, онда келесі шағылысу кезінде пайда болған
жаңа белгі "жоғалады", себебі шағылысуға түсіп отырған екінші сыңарда осы
жаңа қасиеттер жоқ, яғни ондағы қасиеттер ұрпақтарында да болмайды,
сонда қалай? - деген сұрақ койды, Дарвин бұл сұрақты Дженкиннің шатағы
деп, оған дұрыс жауап беруге ешуақытта ұмтылмады.
Дарвинизм ілімін кӛп уақыт бойы генетикалық кӛзқарас тұрғысынан
түсіндіру жетіспеді, бірақ генетиктердің ӛздері осы сұрақтарға жауап беру
үшін ӛздері тез арада эволюцияға жақындай түсті. Ғалымдар классикалық
генетиканың тәсілдерін талдай отырып, кейбір факторлардың эволюцияға
әсерін, ондағы кейбір қарапайым бірліктерді және үрдістерді жеке бӛліп
талдады.
Дарвинизм мен генетиканы біріктіре отырып қарастырудың алғашқы қадамы
14
1908 жылы Дж. Харди-В. Вайнберг заңында кӛрсетілді, онда популяцияда
еркін шағылысу кезінде осы гендердің мутациясы болмаған жағдай мен жаңа
белгінің байқалуы болмаған жағдайда А А, Аа және аа генотиптерінің
арақатынасы тұрақты болады. Осы қатынасқа қарап заң шығарылды, ол
бойынша гендердің кездесу жиілігі үлкен кеңістіктегі популяция ішіндегі
еркін шағылысу (панмиксия) кезінде сырттан тыс әсер ететін күштер
болмаған жағдайда бірінші ұрпақтан кейін-ақ тұрақталады. Бірақ, табиғатта
ондай популяцияның болмайтындығын білесіздер. Сондықтан заңның
маңызы
мынада:
популяцияның
генофондысында
жинақталған
тұқымқуалаушылық ӛзгерістері жоғалып кетпейді, себебі гендердің кездесу
жиілігі тұрақты.
Харди-Вайнбергтің заңына сәйкес және сұрыптаудың әсерін және жаңа
мутацияның пайда болатынын ескере отырып, 1926 жылы С. С. Четвериков
(1880-1959) барлық популяцияда ӛзінен-ӛзі болатын мутация кезінде әртүрлі
гендер жиынтығы (гетерогенность) пайда болады деді. Басқаша айтқанда,
популяцияда мутация болады, бірақ кӛбіне, аз мӛлшерде кездеседі. Одан
басқа ол, популяцияда губка сияқты мутациялар жеткілікті және мутация
(материал есебінде) табиғы сұрыпталу барысында эволюция үрдісінің негізгі
іргетасы болып саналады.
Кейінірек Н. П. Дубинин және Д. Н. Ромащев (1932) популяцияда ол аз
болған жағдайда ерекше құбылыс пайда болады, оны (Н. П. Дубинин
бойынша, 1931 ж.) гендік автоматты құбылыс немесе (С. Райт бойынша, 1932
ж.) гендердің ығысу құбылысы дейді. Гендік автоматты жағдайда гендердің
кездесу жиілігі ӛзгереді, әртүрлі аллельдер (гетерозиготалар) жойылады және
бірдей аллельдер (гомозиготалар) пайда болады. Оқшау популяциялар
(доминантты) басым гомозиготаға немесе (рецессивті) басылыңқы
гомозиготаға айналады. Егер мутантты ӛлі гендер ығыстыра бастаған
жағдайда организм тіршілігін жояды. Популяцияның құрылымы тек қана
жаңа пайда болған мутацияға ғана емес, сонымен жаңа гендердің қарапайым
ӛзгеруі кезіндегі кездесу жиілігіне де байланысты. Осы және басқа да
15
генетикалық зерттеулер генетика мен эволюция теориясын біріктірді.
Бақылау сұрақтары:
1. Чарлз Дарвинге дейінгі эволюция туралы кӛзқарастар
2. Ч. Дарвин және оның эволюция теориясы
16
Қолданған әдебиеттер:
Алексеев В. П. Человек (эволюция и таксономия). М: Наука. 1985.285стр.
Дубинин Н. П. Что такое человек. М.: Мысль. 1983. 319 стр.
Елинек Я. Большой иллюстрированный атлас первобытного человека. Прага:
Артия. 1985. 569 стр.
Рогинский Я. Я. Проблемы антропогенеза. М.: Высшая школа. 1977. 261 стр.
Чебоксаров Н. Н., Чебоксарова М.А. Народы, расы, культуры. М.: Наука.
1985.
Достарыңызбен бөлісу: |