Заңғар Абайдың зиялы зерттеушісі
А.Ж.Шәріп,
ф.ғ .д., профессор
Қазақстан, Астана
Абайдың жүрегіне жол іздеген әркім ӛзінше кӛпір салады.
Осы мақсатқа орайлас, зиялы оқымысты Зәки Ахметов ұлы ақынның шығ армашылығ ын
зерттеу мен зерделеу ісіне студент кезінде-ақ айрықша құлшыныс танытқан. Оның бұл бағ ыттағ ы
тұңғ ыш талпыныстарына Мұхтар Әуезовтің жылы қабақ кӛрсетіп, ілгерішіл ізденісін байқатқан
жаңашыл жас ғ алымғ а ақ батасын бергені белгілі. Болашақ академик данышпан ақынның
дәргейіне жүгіну үшін алдына орыс поэзиясының кӛкжиегінде «жалғ ыз жалауы жалтылдағ ан»
Михаил Юрьевич Лермонтовты сала келгендігі тағ ы аян. Неге?
Оның себебін табиғ атынан зерек зерттеуші 1954 жылы орыс тілінде жарық кӛрген «Абай
және Лермонтов» атты алғ ашқы монографиясында оқтын-оқтын айтады. Мысалы:
«Лермонтов Абайғ а рухы жағ ынан ең жақын ақындардың бірі болды, оның
туындыларынан қазақ ақыны ӛзінің шығ армашылық ӛрлеуіне тұрақты тірек тапты» *1, 4+.
«Кәкітай Құнанбаев Абайдың Лермонтов шығ армаларын ерекше жақсы кӛргендігін және
оның ӛлеңдерін қазақшағ а сүйсіне аударғ андығ ын ескертіп ӛтеді» *1, 28+.
«Лермонтовтың шығ армаларын жақсы білген Абай олардан ӛзінің мұраттарына, идеялық
және ақындық ұмтылыстарына үндестік пен туыстықтың молдығ ын байқады» *1, 91+.
Әр зерттеудің сыры мен сипатына, мәні мен мазмұнына ӛз заманының аясындағ ы
жетістіктер тұрғ ысынан қарасақ, ол кезеңде «Абай және Лермонтов» тақырыбы ара-тұра сӛз
етілгені болмаса, арнайы талқының арқауына айнала қоймағ ан-ды.
«Абайдың Лермонтовтан жасағ ан аудармаларының баян еткен ауқымы мен идеялары
қандай?», «Абай не үшін Лермонтов поэзиясына алабӛтен құмартты?», «Абай ӛлеңдері мен
Лермонтов поэзиясының ӛзектестігі мен ӛзгешелігі неде?», т.б. осы сияқты сауалдарғ а жауап әлі
қарастырылмағ ан. Сол шаруаны бірінші болып қолғ а алудың мәртебесі мен машақаты
жампоздығ ын жастай сездірген Зәки Ахметовтың пешенесіне жазылыпты.
Ғылыми бағ ыт-бағ дарының қазығ ын солай қаққан ол әрі қарай іргелі зерттеуінің
методологиялық жарақ-жабдығ ын түгендейді. Ең бастысы, ленинградтық ұстаздары санасына
сіңірген іргелі академиялық ұстанымының, тыңғ ылықты да тиянақты білімінің арқасында тұрпайы
социологизм тәсілдеріне жосықсыз бой алдырмай, сталиндік суыққолды саясаттың сарындарынан
іргесін аулақ ұстауғ а тырысады.
Зәки Ахметов тақырыпқа дендемес бұрын Абай ӛмір сүрген қазақ қоғ амы мен Лермонтов
тірлік кешкен орыс ортасының жай-жапсарын егжей-тегжейлі тексереді.
Лермонтов декабристер кӛтерілісінен кейінгі – алды-артының болжалы жоқ күйреуік
уақыттың, ал Абай Ресей империясының қазақ сахарасына тырнағ ы түгелдей батқан – барар жер,
басар тау қалмағ ан тұйықтаулы мезгілдің ауанын аңғ артқан ақындар еді. Яғ ни екеуі де
шығ армашылықтарының әлеуметтік түп-тӛркіндері мен дәстүрлі ментальдік қайнарлары, тіпті
тарихи дәуірлері әр түрлі болғ андықтарына қарамастан, өтпелі шақ өмірін (З.Ахметов), оның
ӛтінен тӛгілген зәр мен зарды жыр қалыбына құйғ андықтарымен ӛз ара қауышады. Сондықтан
зерттеуші ең алдымен олардың арасындағ ы ұқсастықты осы тӛңіректен топшылап, Лермонтовта
да, Абайда да – айнала қоршағ ан тірлікке кӛңілі толмағ андықтан туғ ан сыншылдықтың, бүгіннен
баз кешіп, болашаққа бет бұрғ ан максимализмнен ӛрістеген дүнияуи жалғ ыздықтың мен
мұндалап тұрғ ан мотивтерін саралайды. Сонымен қатар, қос поэзия шаһбазының ақынның
қоғамдық миссиясы туралы түсініктерінің тӛркіндестігіне назар аударады.
Әлбетте, Абай – Лермонтовтың жалаң жаңғ ырығ ы, ессіз еліктеушісі емес; терең сырласы,
тең сұхбаттасы. Біріншіден, ол иықтас ақынының туындыларын жапатармағ ай аудармайды, ӛзінің
жан дүниесіне жақынын, кӛңіліне керегін талғ ап-таңдайды. Екіншіден, монография авторы
айтпақшы, Абай «аудармаларына ӛзінің ойлары мен сезімдерін кіріктіреді» *1, 9+, яғ ни Лермонтов
ӛлеңдерінің мәтініне қаз-қалпы байланып қалмайды. Қажет қылса, оларды қазақ тұрмысының
алуан атрибуттарымен байытады. Үшіншіден, Зәки Ахметовтің жазуынша, «Абайдың жекелеген
туындылары қарапайым сӛзбен айтқанда аударманың ауқымынан шығ ып кетеді, белгілі бір
дәрежеде ғ ана аудармағ а жатқызылады және ӛз алдына дербес шығ арма деңгейіне кӛтеріледі»
*1, 154+. Зерттеуші аудармаларды түпнұсқағ а сәйкестігі немесе сәйкессіздігі тұрғ ысынан
бағ алағ ан дұрыс емес екендігін, олардың жаңа сұраныстар жағ дайында шығ армашылық
түрленіске түсу мүмкіндігін тәптіштейді.
Сӛйтіп, «Абай мен Лермонтов» қарым-қатынасының шығ армашылық қыртыс-қатпарларын
айқындау үшін ғ алымның архивтік айғ ақтарды, құнды қолжазбаларды, мұражай материалдарын,
ескілікті зерттеу еңбектерін, байырғ ы баспасӛз жарияланымдарын қопара қарастырғ аны,
мейлінше мұқияттағ аны кӛрінеді. Ӛзіне дейінгі зерттеушілердің пікір-пайымдарын да толығ ымен
тезге тартады. Мәтінтану мәселесіне, ондағ ы кемшіліктер мен келеңсіздіктерді таразылауғ а
келгенде керемет кірпияз. Абай шығ армаларының 1909, 1922, 1933, 1940, 1945 жылдардағ ы
басылымдарын ерінбей екшеп-ежіктей отырып, ондағ ы жаңсақтықтар мен жетіспеушіліктерге ӛз
кӛзқарасын батыл білдіреді. Осының бәрі оның абайтанушылық қызметінің айдындануына нақты
да нық негіз болғ андығ ы даусыз.
Кӛрнекті ғ алым Сейіт Қасқабасов «Академик Ахметов» атты мақаласында: «Абай
шығ армаларына Зәки ағ а ӛте сақтықпен қарайтын. Ұлы Мұхтар Әуезовпен бірге 1957 жылы Абай
шығ армаларының екі томдық жинағ ын баспағ а даярлап, шығ арғ аны белгілі. Сонда Мұхаңның әр
сӛзге қаншалықты мән бергенін, қандай мұқият текстологиялық жұмыс жүргізгенін ӛз кӛзімен
кӛргенін, Мұхаңның: «Абай ӛлеңін кӛбейтеміз деп, кӛбіктендіріп алмайық. Сақ болыңдар!» деген
сӛзін жиі айтатын. Мұхтар Әуезов сияқты Абай поэзиясын түгел жатқа білетін Зекең ұлы ақын
шығ армаларын 6 рет жинақ етіп құрастырып, ғ ылыми түрде жарыққа шығ арыпты. Осының ӛзі
оны үлкен текстолог-маман ретінде толық мінездесе керек», - деп жазады *2, 12+.
Осы тұжырымның қапысыз растығ ы зерттеушінің біз айтып отырғ ан «Абай және
Лермонтов» атты тырнақалды монографиясының ӛне бойынан ғ ылыми дәйек-дәлел табады.
Бір-екі мысал. Лермонтовтың «В альбом» («Альбомғ а») атты ӛлеңінің аудармасындағ ы
екінші шумақтың үшінші қатары Абай шығ армаларының қазіргі барлық басылымында «Ӛзі қысқа,
ӛзі асау, тентек ӛмір» деп жазылады *3, 24+. Ал әуелде осындағ ы «қысқа» сӛзінің орнында
«қисық» сӛзі тұрғ ан. Сол сияқты, орыс ақынының «Парус» («Жалау») атты атақты ӛлеңінің Абай
тәржімасындағ ы екінші шумақтың бүгінгі күні «Ойнақтап толқын, жел гулеп» деген жолмен
басталатыны мәлім *3, 92+. Ілгеріде ол – «Ойнақтап, толқып, жел гулеп» делініп келген. Қазақша
қолжазбаны оқығ анда кеткен сол қателіктерді орысша түпнұсқамен салыстыра жӛндеп, Абайдың
1954 жылғ ы жинағ ынан бастап түзету енгізген еңбек егесі Зәки Ахметов екендігін жұрттың бәрі
біле бермейді. Монографияда текстологиялық танымпаздықтың басқа да үлгілері жетерлік.
Нағ ыз ізденістің нәтижесінде тіпті Лермонтовтың шығ армашылық қазынасына қатысты орыс
зерттеушілері үңіле қоймағ ан тың да тосын деректерді жария етіпті. Сол үшін Ресей
әдебиеттанушылары Зәки Ахметовтің зор алғ ырлығ ына қайран қалғ ан. Зерделі зерттеушінің
Абайдың музыкалық мұрасына байланысты сол заматтағ ы соны байламдары мен салиқалы
байыптаулары да ӛзінің маңызын әлі күнге жоғ алтқан жоқ.
Күллі жұрт Зәки Ахметовті әдебиет теориясының, оның ішінде әсіресе сӛз сарасы – ӛлең
қисынының ғ ұлама білгірі ретінде аса қадірлейді. Біздіңше, ғ алымды осы әсемдік әлемінің кең
жазира, кӛк жасыл ӛрісіне жетелеп шыққан – ең алдымен Абай поэзиясына деген шалқар
ықыласы мен шынайы ынтызарлығ ы. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-
эпопеясының поэтикасын зерделегенде де осы үрдісінен айнығ ан жоқ деп ойлаймыз. Профессор
Шериаздан Елеукенов жазбақшы, шындығ ында да, ол – «Абай поэзиясы туралы ғ ылымғ а ұлы
ақынның ӛлең кестесіндегі жаңашылдықты, тас бұлақтың суындай сылдырағ ан ӛңкей келісімнің
қалай ӛрнектелетінін, кӛркемдік құрылымы бӛлек амал-тәсілдерін ашып берді» *4+.
Зәки Ахметов ұзақ жылдар бойына ұлы ақын туралы зерттеулерінің кӛкжиегін кеңейтіп,
тамырын тереңдетіп отырды. Оның шығ армашылық мұрасын әр қырынан, әр қиырынан
қамтыды. Айталық, ғ ылымғ а бел буғ ан бетте жариялағ ан орыс тіліндегі «Абай және Пушкин»
атты мақаласы (1949) мен кемелдікке аяқ басқан кезеңде бастырғ ан «Абай шығ армаларының
орысша аудармалары хақында» атты мақаласының (2002) арасында жарты ғ асырдан астам
уақытқа созылғ ан іркіліссіз ізденістің ізі сайрап жатыр. Академиктің «Абайдың ақындық әлемі»
атты монографиясы – сол ғ ылыми қайраткерлік пен қарымдылықтың мәнді қорытпасы, мағ ыналы
қоймасы іспетті.
Зәки Ахметов «Ақын тұласы, адамгершілік мақсат-мұраты», «Әлеуметтік әуендер»,
«Сыншылдық та –шыншылдық», «Ғылым-білім, ақыл-парасат жайлы ойлар», «Сыршыл кӛңіл
мұңаймас», «Махаббат сарындары, сұлулық сымбаты», «Суреткерлік шеберлігі (табиғ ат
кӛріністері)», «Ойшылдық сарын, шеберлік қырлары», «Ақындық ӛнер мен ән-күй туралы
толғ аныстар», «Ӛлең ӛрнектері», «Поэмалардың сыр-сипаты», «Қарасӛздер: тақырыптық,
жанрлық ерекшеліктері» атты тараулардан тұратын бұл ерен еңбегінде Абай парасаткерлігінің
тұтас панорамасын түзеді және данышпан ақынның мұрасын танып-түстеу бағ дарларын
байыптайды.
«Абай творчествосын түгелдей алып талқылағ анда да, жеке шығ армаларын талқылағ анда
да екі түрлі талдау принципін дұрыс ұштастыра білу шарт. Оның бірі – тарихи принцип, яғ ни ақын
шығ армаларын туғ ызғ ан заман, қоғ амдық орта, әлеуметтік жағ даймен байланыстыра қарау
болса, екіншісі – бүгінгі заман тұрғ ысынан қарап, қазіргі моральдық ұғ ым-түсінік, идеалдарғ а
үйлестіре қарап бағ алау» *5, 31+, - деп тұжырымдайды ол. Сонымен қоса, ақын ӛлеңдерінің
кӛркемдік кестесін сараптап-саралағ анда қандай қадау-қадау қағ идаларғ а табан тіреу керектігін
кӛрсетіп береді.
Тіпті ол «... ақынның ӛлеңдеріндегі жекелеген сӛздерді тірек ету, соғ ан сүйеніп байлам
жасау да, асығ ыс, біржақты қорытынды шығ аруғ а әкеліп соғ уы мүмкін екенін айтуымыз қажет»;
«...лириканы түсіну-пайымдаудағ ы үлкен және жиі кездесетін қателік – ақын ӛз атынан
айтқанның бәрін тек ӛзі туралы, ӛз басы жайында айтып отыр деп қарау, ол болғ анды ғ ана емес,
болатынды да, ӛзіне ғ ана емес, ӛзгеге де тән кӛңіл күйін сезіне, айта алатынын ескермеушілік»,
т.с.с. ескертпелері арқылы да поэзияны парықтаудың етене ережелерін ойғ а орнықтырып
отыруды ұмытпайды.
Зәки Ахметов қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүріне де тиісінше ден қойды. Шәкәрім, Әріп,
Ахмет, Міржақып, Мағ жан, Сұлтанмахмұт, т.б. ақындардың шығ армашылықтарына құдіретті
ықпалын және қасиетті құнардан ӛрбіген жарасымды жалғ астықтың ӛрнекті сырларын, ӛзгеше
сипаттарын ӛрістете баяндайды. Және бұл ретте де ол: «Мәселе тарихи-әдеби процестің
жалғ астығ ы жайында ғ ой, жеке ұқсастықтар іздеп табуда емес» *6, 11+, - деп, тағ ы да
әдебиеттанудағ ы қарадүрсін эклектизмнен сақтандырады.
Академик Зәки Ахметовтің абайтану саласындағ ы тегеурінді де тағ ылымды еңбектері –
бүгінгі және болашақ зерттеушілерге баянды бағ дар нұсқайтын асыл рухани азық. Оның мәні мен
маңызы мезгіл ӛткен сайын салмақтана, саралана береді.
Достарыңызбен бөлісу: |