Заманауи білім – жаңа дәуір талабы



бет1/2
Дата14.08.2023
өлшемі66 Kb.
#105271
  1   2

Заманауи білім – жаңа дәуір талабы

«БҚОӘББ Жоғары аграрлық – техникалық колледжі» МКҚК




Г.Р.Кайыржанова

Өзінің мемлекет болып қалыптасу және даму тарихында көптеген сын сағаттарды, сындарлы кезеңдерді басынан өткерген Қазақстан халқы тағы да жаңа белеске көтерілу жолында тың серпіліс жасап отыр. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына қадам басып отырған кезеңдегі ел дамуының негізгі басымдықтарын айқындап берді. Олардың қатарында еліміздің білім беру жүйесін, соның ішінде жоғары оқу орындарын оңтайландыру мәселесі де бар.


Елбасымыз жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды «Қазақстан-2050» бағдарламасында былай деп атап көрсеткен. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру саясаты еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Заманауи қоғамның негізгі бөлшегі – білімді ұрпақ. «Білімді ұрпақ» дегеніміз алдымызда жан-жақты білім нәрімен сусындатып отырған оқушы. Ал заманымыздың негізгі талабы – бүгінгі қоғамдағы ақпараттану желісінің негізгі құралы – компьютерді жетік меңгеру, ақпараттық-коммуникация құралдарын талапқа сай пайдалана алу, ақпарат алмасудың негізгі көзі – Интернет желісін тиімді пайдалану болып табылуда. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Бүгінгі таңда әрбір отбасының күнделікті өмірге қажетті техникалық құралдарының бірі – компьютер. Компьютерге аяғын апыл-тапыл басқан сәбиден бастап, еңкейген кәріге дейін қызығушылық танытуда. Ал мектеп жасындағы балалар үшін компьютерді жақсы меңгеру, яғни әртүрлі бағдарламада жұмыс тәжірибесін жанындағы құрбысынан асыра көрсете алса, өзі құралыптастарының алдында бала беделін одан да жоғары көтеретіні сөзсіз. Компьютерге деген қызығушылықтың басқа да пәндерге деген қызығушылықтан басым түсе бастауы, оның әр күн сайын жаңа моделдерінің шығуы және заман талабына сай әртүрлі бағдарламалардың күніге саны артып келе жатуында деп ойлаймын. [1]
Жаңа технологиясы меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізді.Жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдау адамзаттың әртүрлі сферасында, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізіп отырғаны белгілі.
Білім беруді ақпараттандыру :
• Әр бір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;
• Білім алудың техникасын түбірімен өзгертуге;
• Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
• Электрондық білім беру пайдалану арқылы даралап оқытуға
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар артықшылықтар басым болды.
1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау: музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне клиптер, слайд шоу.
2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы өз ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық ұсынылыным, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды .
3. Жүйенің білімді бақылаумен тез арада нәтиже алуы, орындалған жаттығулардың бағалануы.
Бұл технология негізінде білім сапасын арттыру жұмыстарының мысалы ретінде тек білім беру саласында басқаруды автоматтандыру болды.
Бұдан қол жеткізетін жетістіктер:
1. Кроссворд, кестелерді құру үшін дербес компьютерді қолдану арқылы гром/қ және лексикалық оқу маралдарын өңдеу.
2. Ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты жазу мен көркемдеп безендіруді үйретеді.
3. Дербес компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік және жұмыс жасауды игеру мен білім алуды кеңейту.
4. Интернет желісін пайдалану арқылы оқушылар электрондық пошта арқылы оқушылар хат-хабарлама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу.
Ақпараттық –коммуникативтік технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдарда сабақ кезеңдерінде пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:
- Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
- Тынымдық қабілетін қалыптастырады;
- Этнопедагогикалық тәрбие береді;
- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
- Оқытушының уақытын үнемдейді;
- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді;
Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – қолданушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгертуде ақпараттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды.
Мұғалім заман талабына сай болуы үшін ізденушілігі күннен-күнге артуда. Себебі мұғалім алдыңда тұрған оқушының кез-келген сұрағына жан-жақты, мазмұнды оқушы қанағаттанарлықтай жауап беруі тиіс, әрі бұрынғы стандартқа сай сабақ беріп, оқушыны сабаққа қызықтыру мүмкін еместігін әрбір мұғалім жақсы түсінеді. Осыдан барып оқушының сабаққа ынтасын, қызығушылығын қалай арттыруға болады, ал баяу меңгеретін оқушыға қандай әдістемелік көмек көркетсем екен деген сұрақтар туындайды. Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет: бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру; баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту; компьютерлік технологияны пайдалана отырып мықты, орташа және әлсіз оқушыға сабақта ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу; оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзiмдi және ұзақ уақыттық есте сақтау). [3] Оң мотивацияларды қалыптастыру - мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс-әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек [2]. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль-сабақ, экскурсия-сабақ және т.б. жатқызуға болады. Біз оқушыларға күрделі және көлемі үлкен материалдарды бергенде зейіндерін сабаққа аудара алмай отыратындықтарын жиі байқаймыз. Дәл осы уақытта оларды қызықты әңгімемен немесе ойын арқылы ықыластарын аударып, сабаққа қарай көңілдерін аудару қажет. Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, шапшаң жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда әрбір сабақты интерактивті тақтаны пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалды флеш-карталарына салып берудің тиімділігін білеміз. Видео-сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілік ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызықтырушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан, оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Видео-сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Балалардың ақпаратты теледидар, компьютер және т.б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз. Видео-сабақты қолдану ақпаратты жоғарғы көрнекілікте көрсету және жаңашылдық элементін енгізуге көмектеседі. Ашық көркемдеулер және анимацияланған процестер назардың көбірек аударылуына, қарастырылатын тақырыпқа байланысты қызықтырушылық тудырады. Егер мұғалімнің түсіндіруін оқушы дұрыс қабылдай алмай қалса, видео-сабақтар арқылы түсіндіру қабылдауға жеңіл әрі қызықты. Мұндай әдіс жаңа материалды түсіндіруге кететін уақытты азайтады. Мысалы лекциялық материалдың мазмұны бүкіл бір сабақтың уақытын алса, ал оқу видеофильмдері - 20 минут қана уақыт алады немесе тәжірибелік жұмысқа нұсқауды көркем жеткізуге мүмкіндік береді.
Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру мекемелерін оңтайландыру; екіншісі, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; соңғысы, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Осы үш бағыт бойынша жұмыс жасау Елбасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында да, ұзақ мерзімді стратегияда да қамтылған. Білім беру мекемелерін оңтайландыру бағыты бойынша мемлекеттік бағдарлама негізінде жасалып жатқан шаралар аз емес. Алдымен, оған «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғызылған білім ордаларын айтуға болады. Аталған бағдарлама аясында 2009-2010 жылдары республикада 219 мектеп, 2010 жылы 93 мектеп салынып, пайдалануға берілген екен. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, бағдарламаның негізгі жоспары - жыл сайын 100 мектеп салу. Осы бағдарламаның аясында еліміздегі әр облыстардағы көптеген елді мекендерде жаңа заманауи білім беру ошақтары ашылды. Әр облыста бой көтерген Назарбаев зияткерлік мектептері осы бағыт негізінде қолға алынған болатын. Жоғары оқу орындарына қатысты айтар болса, қазір жұмыс істеп тұрған барлық ЖОО-ларды тексерістен өткізіп, қорытындысы бойынша олардың санын біріктіру немесе жекелеген мекемелерді тарату қолға алынып жатыр. Бұл да білім беру мекемелерін оңтайландыру бағытында қарастырылатын мәселелердің бірі. Екінші бағыт - оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту. Бұл бағыттың үдерістері біздегі білім саласына ене бастады. Мәселен, бүгінгі таңда академиялық еркіндікті дамыту білім беру жүйесін түбегейлі өзгертті деп айтуға болады. Білім алушының таңдаған пәні бойынша, мамандығына қатысты сабақтарды меңгеруі - академиялық еркіндіктің басты қағидаты болып саналады. Элективті сабақтар еңбек нарығы сұраныстары негізінде оқытылады. Оқыту үдерісін жаңғырту бағыты бойынша сұранысқа ие, болашағы бар бағыттарды күшейту жоспарланған. Сонымен қатар, тілдерді меңгеруге, электронды оқытуға, инклюзивті білім беруге, шағын кешенді мектеп мәселелері,12 жылдық мектепке арналған маман даярлауға баса мән беріле бастады. Жоғары интеллектуалды әлеуеті қалыптасқан, инновациялық технологияларды еркін меңгерген, ғылыми-зерттеушілік қызметке бағытталған болашақ педагогтарды даярлау, қайта оқытуды да айта кету керек. Мектеп мұғалімдері, ғалым-оқытушыларды елдегі және шетелдегі біліктілікті арттыру орталықтарында жүйелі түрде оқыту қолға алынды. Үшінші бағыт - білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Бұған инновациялық технологияларды, компьютер мүмкіндіктерді пайдалану, интерактивті білім беру, қашықтықтан оқыту, виртуальды педагогика тағы басқалар жатады. Ғалым-оқытушылар, зерттеушілер жалпы орта білім беретін мектептің жаңашыл мұғалімдерімен бірлесе отырып мектеп базасында инновациялық технологияны енгізу, оқушының жеке интеллектуалдық қабілеттерін арттыру бағытында жұмыстанып жатыр. Еліміздегі жоғары білім беру ордалары әлемдік білім беру жүйесіне көше бастады. [5]
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсетін білікті мамандарды дайындау үшін ЖОО-лары да түрлі инновациялық методикаларды пайдалана бастады. «Академиялық мобильділік» бағдарламасы еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындарында жүзеге асуда. Жоғары білім саласына көп сатылы оқу гранттары жүйесін әзірлеу, қолданбалы білім берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру, оқыту әдістемелерін жаңғырту, оқытудың онлайн жүйелерін дамыту сынды жоғарыдағы бағыттың негізгі тетігі ретінде қарастыруда. Қорыта айтқанда, еліміздегі білім жүйесін дамыту – дәуір талабы екенін «Қазақстан-2050» Стратегиясы айқындап берді. Хакім Абайдың мынадай сөзі бар: «Балаң білімді, парасатты болсын десең, малыңды аяма» деген. Сондықтан, білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін білім беру саласына ерекше көзқарас пен қомақты қаржы бөлінуі керек. Біздің елде осы салаға бөлінген қаражат саны жыл сайын өспесе, кеміп жатқан жоқ. Соңғы 15 жылда ел экономикасының өсімі 16 есеге, соның ішінде білім беру саласына жұмсалатын қаражат 9,5 есеге өскен. Яғни, соңғы жылдардың нақты дерегін келтіретін болсақ, мемлекет тарапынан ғылымға бөлінген қаржы 2011 жылы 26,8 млрд. теңгені, 2012 жылы 48 млрд. теңгені құраған екен. Бұл ғылым саласының одан әрі дамуына үлкен септігін тигізері сөзсіз. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, ғылыми зерттеулерге гранттық қаржыландыру қарастырылған екен. Яғни, 2012-2014 жылдарда жүргізілген, әлі де жасалатын ғылыми зерттеулерге бөлінген қаржыландырудың мөлшері 1,731 млрд. теңге құрап отыр.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» атты ұзақ мерзімді стратегиясында да білім беру мәселесіне қатысты біраз пікірлер айтылды. Жолдауда еліміздің ұзақ мерзімді дамуындағы негізгі басымдықтарды бірі ретінде білім беру саласы қарастырылған екен. Бұл маңызды құжатта ұсыныс ретінде 2050 жылға дейін әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі үшін жеке және мемлекеттік білім беру мекемелері ұсынатын оқыту қызметтерінің арасындағы алшақтыққа жол беруге болмауы қажеттігі, білім беру жүйесі жалпы ұлттық күйінде қалуға тиіс екені ерекше аталған. Қорыта айтқанда, еліміздегі білім жүйесін дамыту – дәуір талабы екенін «Қазақстан-2050» Стратегиясы да айқындап берді. Елбасының жыл сайынғы Жолдауында да білім саласы қалыс қалып көрген емес. Білім беру саласындағы жаңашылдыққа ұмтылуда инженерлік оқыту, инновациялық зерттеулерді жетілдіру, ғылым мен бизнестің кооперациясы, перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасын дамыту сынды ұсыныстарды айта кеткен жөн.
Елбасы Н. Назарбаев «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында: «Біріншіден, орта білім беру жүйесінде директорлар корпусының сапасын жақсарту жөнінде шаралар атқару қажет. Екіншіден, мемлекеттік білім беру үлгі-қалыптарының жеке мектептерде, колледждер мен ЖОО-ларда, соның ішінде халықаралық ЖОО-ларда да сақталуына бақылауды жолға қою қажет. Үшіншіден, ЖОО-ларды оңтайландыру үдерісін жүргізу маңызды. Қазақстанда 146 жоғары оқу орны бар. Олардың талайы маман тәрбиелеп шығарудың қажетті сапасын қамтамасыз ете алмайды» - делінген. Демек, елдегі білім беру саласы үлкен өзгерістер қарсаңында тұр. Жоғарыда келтірілген бағыттар жүйелі дамитын болса, білім беру саласы да алға жылжитыны сөзсіз. Болашақ мамандардың сауатты, білімді болуы да білім ошақтарындағы дұрыс оқытудың нәтижесіне байланысты. Еліміздегі білім беру саласында қордаланған мәселелер өте көп. Мәселен, мұғалімнің білімсіздігі, оқулықтар мәселесі, басшылардың жүгенсіздігі, оқушылардың тәрбиесі, «бармақ басты, көз қысты» әрекеттер, тағысын тағы. Бұлардың барлығы елдегі білім сапасыздығын арттыратын факторлар саналады. Білім жүйесіне бейжай қарауға болмайды. Өйткені, бүгінгі оқушы - ертеңгі маман. Білімсіз оқушыдан жақсы маман шықпайды тағы белгілі. Сондықтан, білім беру саласына мемлекет тарапынан жасалып жатқан түрлі шаралар, жаңашыл бастамалар осы олқылықтардың орнын толтыруы тиіс.
Елбасы Жолдауында әсіресе, бәсекеге қабілетті білім беру, саналы ұрпақ тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. «Бізге мемлекеттің келешегі, болашақ дамуы үшін не керек?» деген сұрақ төңірегінде игілікті істер атқару қажеттілігі айтылды. Елбасының дәстүрлі Жолдауларында әсіресе жоғары оқу орындарында инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, бәсекеге қабілетті білім беруге баса назар аудару қажеттілігіне басымдық беріліп келеді. Қазіргі жаһандану дәуірі мен жастардың заманауи тұрғыдан қалыптасуында білім алу формасына ерекше ден қою қажеттігі Елбасы Жолдауында айқын көрсетілген. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті мемлекет болуы үшін негізгі алғышарт сауаттылығы жоғары елге айналу. Білім мен ғылымның шарықтау заманында өмір сүріп отырған біздер үшін жастардың сауаттылығына инновациялық және ақпараттық-электрондық тұрғыдан білім бере отырып, ерекше ден қою қажет. Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешуге де ықпал ететіні даусыз. [4]
Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Біз қолданбалы және ғылыми - зерттеу бөлімшелерін құруымыз және дамытуымыз қажет. Ең бастысы биылғы Жолдауда отандық ғалымдарға жағдай жасау мәселесінің қозғалуы ғылыми ізденушілерге жаңа серпіліс сыйлап, біршама қуантқаны да жасырын емес. Қазақстанда инновациялық жүйені нығайту үшін ғылыми зерттеулерді мемлекет есебінен қаржыландырып, ғылымды дамытудың жүйелік мемлекеттік негізін жолға қою қажеттілігі айтылды. Отандық ғылымға ерекше жағдай жасау арқылы отандық өндірісті дамыту жүйесінің басты бағыттары айқындалды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет