Заманауи тәрбие құндылықтарының өзекті проблемалары (эссе) «Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дамыту»



Дата09.01.2023
өлшемі16,92 Kb.
#60739

Заманауи тәрбие құндылықтарының өзекті проблемалары
(эссе)
«Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дамыту»,-деп ұлы ойшыл Әл-Фараби айтқандай, жас ұрпақты тәрбиелеуде қоғам қажеттілігіне сай ерекшеліктер болады. Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұратын ұлы міндет-өз өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Ертеңгі жас буынды жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық болатындай етіп тәрбиелеу-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Халық даналығында: «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар апат болады»-деген сөз бар. Осы салыстырудың өзі-ақ бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктің зор екенін аңғартады.
Қазіргі заман жастары... Осы сөзді кез келген істе, кез келген ортада жиі естиміз. Қазіргі жастар кешегі мектеп қабырғасынан біліммен сусындап, отбасынан, мектептен тәрбиеленіп шықққан ұл-қыздар емес пе?!
Жақсы игі істерімен, білімімен елімізді әлемге танытып жатқан жастар да, «ей, бұнысы несі» деп түңілдіретін жастар да бар. Алғашқысына қуансақ, соңғысына шошына, ойлана қараймын. Осы ретте кешегі елді дүрліктірген қаңтар оқиғасында бойкөтерген, өзге діннің жетегінде шырмалған, туған тілімізді шұбарлаған, есірткімен есірген жастардың іс-әрекетін көргенде, қай жерден қателік кетті деп ойланамын.
Заман деп, тым әсірелеп, тым еркіндік беріп,әлеуметтік желінің «тәрбиесіне» телміртіп жібермедік пе екен?
Келеңсіз іс-әрекеттер жастар бойында елжандылық сезімнің болмауы, бос уақытты тиімді пайдаланбауы, жұмыссыздықтан да келіп туындайтыны анық.Мұндай жағдай қайталанбау үшін балалар бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіру бүлдіршін кезінен басталғаны дұрыс деп санаймын. Ендеше, тәрбие процесінде әдеби шығармалар арқылы жағымды, жағымсыз іс-әрекеттерді айыра білуге баулу; жастайынан еңбек етуге тәрбиелеу мақсатында мектеп бөлмесінде, мектеп ауласында гүл, тал-теректер отырғызып, оларды күтіп-баптауға дағдыландыру; өздері тұрған аула, ауыл, қалаларды таза ұстауға үйрету; бір-біріне достық қарым-қатынаста болып, түсіністікпен қарау, кешірімді болуға баулу және т.б. тақырыптарда шаралар оздырылған дұрыс. Осы сынды тәрбие шаралар арқылы елжанды, халқымыздың салт-дәстүрін құрметтейтін, тарихымызды терең білетін, еңбексүйгіш, қоғамға адал қызмет ететін, табиғатты аялап, адалдықты серік ететін ұрпақ өседі деп білемін.
Қоғамдағы тағы бір алаңдаушылық туғызған мәселе жастардың Отан алдындағы әскери борышын өтеуге барғысы келмейтіндігі-еліміздің азаматтары үшін үлкен сын. Дәл қазіргідей сын сағатта еліміздің тәуелсіздігі мен тыныштығын сақтап қалуда Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамы толық әрі сенімді деңгейде болуы өте маңызды. Сондықтан мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру жолдарын қарастыруды ұсынды. Атап айтар болсам, әскер қатарына алынған азаматқа әскери ерлігіне сай шен беру, қоғам алдындағы статусын жоғарылату, өз таңдауына сай жұмысқа кедергісіз орналасу, жоғары оқу орындарына тегін оқу секілді жеңілдіктер қарастырылып жатыр. Бұдан басқа мектеп қабырғасында оқушыларға түрлі шаралар өткізіп, отансүйгіштікке баулуды қолға алу керек. Әскери саланың ардагерлерімен жүздестіріп, олардың өмір жолымен, ерліктерін жас буынға үлгі ету маңызды.
Тағы бір өзекті мәселе-жастардың арасында діни сауатсыздықтың салдарынан өзге ағымға кетіп жатқандығы. Ақиық ақын М.Мақатаев «Қаймағы бұзылмаған қайран дінім, Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін»,-деп сан ғасыр бойы қаймағы бұзылмай, момын халқымызбен бірге жасасып келе жатқан асыл дінімізге қылау түскеніне жаны ашыған. Қазіргі кезде осы келеңсіздіктерді болдырмау үшін елімізде заманауи оқу үрдісіне сай 9 медресе, 1 университет, 1 институт жұмыс істейді. Ал, зайырлы мемлекетімізде Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен мектептерде дінтану пәні де енгізілді. Арнайы баспалардан жастардың діни сауаттылығын арттыратын діни кітаптар да жарық көруде.
Жас ұрпақ тәрбиесі- адамзаттың мәңгілік тақырыбы. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»-деп М. Әуезов айтқандай, ұрпақ тәрбиесіне бесіктен мән берсек, келешегіміздің кемел болатынына сенімім мол.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет