Адамның кез-келген іс-әрекеті зейін арөылы іске асып отырады. Барлық іс-әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады.зейін дегеніміз –адам санасының қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуын айтамыз. Сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнеленуін қамтамасыз ету.
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды».