Зертханалық жұмыс № 4
Жердің магнит өрісінің индукциясының горизонталь құраушысын анықтау
Жұмыстың мақсаты: Жердің магнит өрісі индукциясының көлбеу құраушысын өлшеудің магнитометрлік әдісін игеру
Құрал-жабдықтар: тангенс-гальванометр, амперметр, реостат, тұрақты ток көзі, қайтақосқыш
Теориялық кіріспе
Магнит өрісі
Электромагниттік өзара әсерлесу - материалдық өзара әсерлесу түрлерінің бірі. Оның бір көрінісі магнит өрісі арқылы жүзеге асатын магниттік өзара әсерлесу болып табылады. Магнит өрісі деп – ерекшелігі қозғалыстағы электр зарядталған бөлшектерге және магниттелген денелерге әсер етуі болып табылатын материяның формасын айтады. Магнит өрісі тогы бар өткізгіштер және магниттелген денелер айналасында пайда болады. Магнит өрісі кейбір аспан денелері айналасында да табылған. Жер мен Күн зор магнит болып табылады.
Магнит өрісінің негізгі сипаттамасы болып магнит индукциясының векторы табылады. - магнит өрісінің күштік сипаттамасы. Магнит өрісінің әрбір нүктесіне осы вектордың нақты бір мәні және бағыты сәйкес келеді.
Магнит өрісін графикалық түрде магнит индукциясының сызықтары – яғни әрбір нүктесіндегі жанамалары векторының бағытымен сәйкес келетін қисық сызық кескіндейді.
Жердің магнит өрісінің индукция сызықтары 42. 2 суретте көрсетілген. Жердің магниттік полюстері географиялық полюстеріне қатысты (300 км) біраз ауытқыған, географиялық солтүстікте S магнит полюсі, ал оңтүстікте - солтүстіктік N. Жер бетіндегі берілген нүктенің магнитік және географиялық меридианаларға түсірілген жанамалар арасындағы бұрышын магниттік ауытқуы деп атайды (42. 2 сурет). Егер магниттік тілшені жіпке іліну нүктесі тілшенің ауырлық центрімен сәйкес келетіндей етіп ілетін болсақ, онда тілше магнит индукциясының сызықтарына түсірілген жанаманың бағытына қарай орналасады да, Жердің магнит өрісінің индукциясы векторының бағытын көрсетеді. Жердің берілген нүктесіндегі магнит өрісінің индукциясы векторының бағытымен көкжиек жазықтығының арасындағы бұрышы магниттік еңкеюі деп аталады (42. 2 сурет).
Жердің магнит өрісінің индукциясының мәні аса үлкен болмайды және ол экваторда 0,42ּ10-4 Тл-дан магниттік полюстерде 0,7 ּ10-4 Тл –ға дейін өзгереді.
Жердің полюстері мен экватор арасындағы кез-келген нүктесі үшін индукция векторын екі құраушыға жіктеуге болады – горизонталь және вертикаль құраушылар (42. 2 сурет). көкжиек жазықтығына параллель. Магниттік және магнит индукциясының горизонталь құраушысы Жер бетінің берілген нүктесіндегі магнит өрісінің негізгі параметрлері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |