Зерттеу тақырыбы: Оқушылардың тригонометрия тақырыбы бойынша қиындықтары
Нені бақылаймын:Оқушылардың тақырып бойынша есептерді шешуде не себепті қиналатынын бақылаймын
Қандай мақсатпен бақылаймын:Оқушылардың тригонометрия тақырыбы бойынша мәселелерін анықтау және оқушылардың тригонометриялық тепе-теңдік туралы ұғымдарын кеңейту
Бақылау уақыты:Ұзақмерзімді бақылау
Қалай бақылаймын: Күнделікті сабақ кезінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу мен практикалық тапсырма беру арқылы тікелей бақылау
Қандай нәтиже аламын:Оқушылардың тригонометриялық формулаларды қолдану дағдысын қалыптастыру және практикалық түрде қолдана алуы үшін не істеу керек екенін анықтаймыз
Жоспар:
Мақсаты: Оқушылардың тригонометрия тақырыбы бойынша мәселелерін анықтау және оқушылардың тригонометриялық тепе-теңдік туралы ұғымдарын кеңейту үшін кедергі жағдайларды анықтау
Тригонометриялық формулаларды тестік есеп шығарғанда неге қолдана алмайтынын анықтау
Оқушыларда тригонометриялық ұғымдарды қалыптастыруда фундаментті білімді берудегі қателіктерді анықтау
Міндеті: Оқушылардың тригонометриялық есептерді шешудегі қиындарын шешіп, есеп шығаруда тригонометриялық тепе-теңдіктер мен формулаларды еркін қолдана алу қабілеттерін дамыту
Жүргізілетін әдіс:Тікелей бақылау