Еске алушы: Боранбаевтар әулеті.
***
Ата-анамыз бен бауырымызға бағыштап берілетін астың «Бекзатхан»
мейрамханасында 26 наурыз күні, сағ.12-де өткізілетінін хабарлаймыз.
Жүрегімізде өмір
сүреді бір бейне
Абзал әке, аяулы ата, ардақты азамат
Биғазы Досманұлының есімін аудан тұр
-
ғындары жақсы біледі.
Әкеміз ауданның
мал шаруашылығы са-
ласында жемісті еңбек
етті, орденді түйекеш
атанды. Балаларын да
еңбектің нарқын, өмірдің
мәнін бағалауға үйретті.
Әкеміздің әулетке қадір -
лі, қоғамға құрметті ат -
ын біз, балалары үлгі
тұт тық, өнегесін бойға
тоқыдық.
Қалдық біздер орталанып сәніміз,
Аттандырып бақилыққа қимасын.
Асыл әке, жәннатта боп жаныңыз,
Жаратушым жұмақ нұрын сыйласын.
Көппен бірге ізгі ниет, тілекпен,
Қол жаямыз бағышталған құранға.
Бейнеңізді өшірмейміз жүректен,
Ниетімізді қабыл етсін бір Алла.
Еске алушы: Досмановтар әулеті.
***
Әкеміз Биғазы Досманұлының 26 наурыз,
сағат 17-де қонақасы, 27 наурыз, сағат 11-де
жылдық асы берілетінін барша ағайынға ха-
барлаймыз.
Мекен жайы: Бестам ауылы, Ә.Тоғызбаев
көшесі, №59 үй.
Аллаға да жақсылар
керек екен
Ақпан айы әулетімізге азалы күн әкелді. Арысы-
мыз Талғат Дүйсенбекұлы Мәдиев ойла маған жер-
ден о дүниелік болды.
Өзінің елу бес жылдық
өмірінде ел білген, ағайын
сыйлаған азамат аудандық
№7 өрт сөндіру бөлімінде,
төтенше жағдайлар сала
-
сындағы мемлекеттік ба
-
қылау және қадаға
лау бө
-
лімінің бастығы, 2005-2007
жылдары об
лыстық өртке
қарсы департаменті үйлес -
тіру бөлімінің бастығы қыз -
меттерін атқарып, полковник
шенінде еңбек демалысына
шық ты.
Орындала бермейтін тілегенің,
Жалған-ай, жоқтау болды бұл өлеңім.
Бақиға ерте аттандың бізді тастап,
Ағайын, ел-жұртыңа тірек едің.
Көп еді асуларың армандаған,
Жақсы едің көңілің кең, жайраңдаған.
Аллаға да жақсы адам керек екен,
Деген сөзді дәл айтқан, қайран бабам.
Жатқан жерің жәннатта болсын, Алла алдынан
жарылқасын.
Еске алушы: Мәдиевтер әулеті.
***
Талғат Дүйсенбекұлының 26 наурыз, сағ. 16-да
қонақасы, 27 наурыз түске қырық күндік асы беріле-
тінін хабарлаймыз. Мекен жайы: Шиелі кенті,
Шыныбеков көшесі, №106 үй.
Мектеп қабырғасы – әрбір адам ның алдағы өмірін
қалыптастырар алғашқы табалдырық. Аудан орта
-
лығындағы №270 орта мектебінде мереке қарсаңында
1-4 сыныптар арасында «Жұлдызды сәт – 2016» ән-би
байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқау балалардың
өнер ге деген қызығушылықтарын арттыру, әншілік қабі -
леттерін дамыту, дарынды бала-
ларды қолдау, өнерлі жас жеткін-
шектерді анықтап, олар дың өсуіне
үлес қосу мақ
са тында өткізілді.
Салтанатты шараны мектеп дирек-
торы М.Пернеев құттық тау сөзі мен
ашып, қаты су шыларға сәттілік ті-
леді. «Ән» байқауы бой
ынша
Қ.Тәңірберге нова бас жүл де, Қ.Се -
рік қали І орынды жеңсе, М.Нұр лан -
бек қызы мен А.Маралбек ІІ орынды өзара бөліссе,
М.Гальстер және А.Ким ІІІ орынды місе тұтты. Ал, ең кіш-
кентай бишілер арасында өткен «Би» байқауы бойынша
2 «а» сыны бының «Яблочко» биі бас жүлде, «Таңғы би»
атымен билеген бишілер І орын, «Гавана» мен «Ша ғала»
бишілер тобы ІІ орынды иеленіп, ІІІ орынды «Шаттық»
пен «Чунга-чунга» бишілері тең бөліп алды. Байқауға
қатысқан бар лық үміткерлер мен жеңімпаздар мақ тау
қағаздар сый лықтармен марапатталды.
Ким Омега ГРАНЬЕВНА,
№270 мектептің бастауыш сыныбы
оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
ӨМІРБАЯНЫ
Ербол Якулаұлы Жеңсікбаев
1963 жылы 8 жел тоқсанда Қы -
зылорда облысы Шиелі ауданы
Ақмая ауылында дүниеге келген.
1971 жылы №49 Ақмая орта мек-
тебіне барып, осы мектепті 1981
жылы бітірген.
1981-1986 жылдары қазақ хи -
мия-техно логиялық инс титутында,
2003-2007 жылдары Алматы энер-
гетика және байланыс институ-
тында, 2012-2014 жылдары
Қор қыт ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінде білім
алған. (КАЗХТИ) 1986-1990 жыл-
дары ара лығында Ақтөбе облысы
Алға қаласындағы С.М.Ки
ров
атындағы химиялық тауарлар
өндіретін зауытында өндiрiс ше-
берi, аға ше бер, механик қыз мет -
терін атқарды.
1990-1997 жыл
дар аралы
-
ғында Шиелідегi №6 кен басқар -
масының жылу, ыстық сумен қам -
та ма сыз ету учаскесіне жөндеуші
(слесарь) бо лып жұ мысқа қабыл -
данып, осы мекемеде ше бер, аға
шебер, учас ке басшысы болып
қызметтер ат қарды.
1997-2000 жыл дар аралы ғын -
да «Көкшоқы» жеке пәтерлер
коопера тивінің төрағасы болды.
2000-2003 жылдары «Нұрбол»
ЖШС директоры болып қызмет
еттi.
2003-2005 жылдар аралығын -
да жеке кәсіпкер ретiнде тіркеліп,
осы салада игілікті жұмыстар жа-
сады.
2005-2006 жылдар аралығын -
да №6 кен бас қармасында инже-
нерлік қызметтерде жұмыс
атқарды.
2006 жылдан бастап қазіргі
уақытқа дейінгі ара лықта «Шиелі-
Энергосервис» ЖШС-iнде жетекші
ма ман, өндірістік бөлімінің бас-
шысы, директордың орын басары,
2012 жылдың наурыз айынан бас -
тап директор қызметін атқарып ке-
ледi.
Отбасылы. 3 ұл, 1 қыз бала
тәр биелеп отырған әке.
БАҒДАРЛАМАСЫ
Алдағы уақытта атқарылуға ти -
іс ті жұмыстар мен сайлауалды бағ -
дарламасы.
«100 нақты қадам»
Ұлт жоспары бойынша:
* Қаржы дағдарысынан орта
жә не шағын бизнесін дамыту ар -
қылы ғана қиналмай шығаты ны -
мыз, сон
дықтан, халықтың әл-
ау қатын, тұр
мыстық жағдайын
жақсартудың бірден-бір жолы ау-
данда өнер кәсіпті дамыту, шағын
және орта бизнестің ауданда үлес
салмағын көбейту, жергілікті шикі-
заттарды тиімді пайдалану арқылы
олардан шығатын өнімдердің
түрлерін көбейту;
* Осы бағытта жаңа жобалары
бар кәсіпкерлерге көмек беру,
олар ға бизнес-жоспар жасауға, ти-
імді жобаларды қаржы институт-
тары ар
қы лы қаржыландыруға
ықпал жа сау;
* Аудан бюджетінің кіріс
бөлігінің жылма-жыл орындалуы
мен бюджет қаражатының
мақсатты және тиімді жұмсалуын
бақылауды ұйымдас ты руға;
«Нұрлы Жол»
инфрақұрылымды дамытудың
2015-2019 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының
аясында:
* Әлеуметтік инфрақұрылымды
да мыту;
* Аудандағы тұрғын үй құ
-
рылыс тарын жүргізуде кемшіліктер
бар, әсіресе, кенттің шеткі жақ -
тарында салынып жатқан үйлердің
инженерлік коммуникациялары
тұр ғын үй құрылысынан кеш жүр -
гізіліп келеді. Шеткі үйлер ауыз -
судың, аяқсудың және электр
энер гиясын тұтыну үшін жылдап
күтуге мәжбүр. Сондықтан, жос-
парлы түрде инженерлік комму ни -
кацияға қаржы бөлдіруге ықпал
жасау, жаңадан пайда болған мөл -
тек аудандарға, көшелерге ауызсу,
аяқсу, электр энергиясын жеткізу
мәселелерін шешуге ықпал жасау;
«Нұр Отан» партиясының
17-ші съезінде қабылданған
"Қазақстан – 2021. Бірлік.
Тұрақтылық. Жасампаздық"
сайлауалды бағдарламасы
бойынша:
* Аудан экономикасының
өркен де уіне өз үлесімді қоса оты -
рып, Ел ба сының саясатын жүзеге
асыруға, сайлаушылардың әлеу -
меттік жағда й ы ның одан әрі жақ -
сара беруіне өзімнің тә жірибемді,
ерік-жігерімді, күш-қайратымды ар-
наймын.
№9 «Әйтеке би» сайлау округі бойынша
«Нұр Отан» партиясынан Шиелі аудандық мәслихатының
депутаттығына кандидат
ЖЕҢСІКБАЕВ ЕРБОЛ ЯКУЛАҰЛЫ
(Қаражаты жеке қорынан).
Мектептегі жұлдызды сəт
Құрметті сайлаушылар!
Шиелі аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Жеңсікбаев Ербол Якулаұлы сіздерді сай-
лауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында кездесуге шақырады.
Кездесу мекен жайы мен уақыты: Шиелі кенті, “Салтанат сарайы”, 2016 жыл, 18 наурыз, сағат 12:00.
“Шетел азаматтарын жұмысқа тарту
тәр тібі туралы түсіндірме керек?” деп ре -
дакцияға хабарласқан кісілерге нақты жауап
беру үшін біз осы сауалды АІІБ көші-қон поли-
циясы бөлім шесінің маманына жолдап, мына
мазмұндағы жау ап алдық.
***
ҚР ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 8
ақпандағы бұйрығымен “Еңбекші көшіп келушіге
рұқсаттар беру, ұзату және қайтарып алу, тіркеу,
олардың дактилоскопиялық фотоесептерін қа -
лыптастыру және жүргізу қағидасы” бекітілген бо-
латын. Осы қағиданың жалпы ережесінде жер -
лестеріміз сұрап отырған шетел азаматтарын
жұмысқа тарту тәртібі белгіленген.
Еңбекші көшіп келуші деп отырғанымыз –
шетел азаматтарының еңбек күші. Жергілікті аза-
маттар уақытша келген шетел азаматтарының
еңбек күшін құрылыс, шаруашылық т.б. мақсатта
пайдалану кезінде өзара келісімді ҚР ІІМ бекіткен
қағидаға сәйкес ұзарта алады немесе тоқтата
алады.
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат оның Қазақстан
Республикасы аумағында болу заңдылығын және
рұқсатты алуға арналған өтініште көрсетілген
кезеңге жеке кіріс салығы бойынша алдын ала
төлемді төлегенін растайтын құжаттарын ұсынған
кезде ғана беріледі.
Бұған қоса рұқсат алу үшін уақытша жұмысқа
тартылған шетел азаматы тіркелген жеріндегі
көші-қон полициясы бөлімшесіне бірнеше құжат -
тарды міндетті түрде тапсырады.
Сонымен бірге келушінің соттылықта болған,
болмағаны, іздестірілуде жүрген, жүрмегені ішкі
істер органдарының дереккөздері арқылы тексеріс
нәтижесінде анықталады.
Сұраушылар шетел азаматтарын еңбек күшіне
тарту турасындағы толық мәліметті аудандық ішкі
істер бөлімінің көші-қон полициясы бөлімшесінен
алуына болады.
Б.БАЙДІЛДАЕВА,
аудандық ішкі істер бөлімі КҚП инспекторы,
полиция капитаны.
Жұмысқа тартудың жөн-жосығы
(Соңы. Басы 1-бетте.)
Бұрындары әжелеріміз “қара темірдің бат-
пан тісі тимеген ауыл топырағы қасиетті ғой,
шіркін” – деп айтып отырушы еді. «Топырақта
қандай қасиет болуы мүмкін» деп ойлайтын-
мын. Ол сөздің астарын енді түсінгендеймін...
Небір ақиық ақындар, қаламы қанатты жа-
зушылар, дүлдүл әншілер, дәулескер күйшілер
асыл өнерді сол қасиетті топырақтан бойына
сіңіреді екен ғой. Ауылдың сұлу табиғаты мен
бейкүнә бейнесі – нағыз шабыттың, рухани
байлықтың ордасы.
Бүгінгі күні дәстүрлі дүниені жаңғыртумен
қатар, заман талабына сай түрлі жетістіктерге
жетіп жатқан тұлғалардың көпшілігі – осы ау -
ыл топырағында туыпты.
Мектеп қабырғасы – әрбір адамның алдағы
өмірін қалыптастырар алғашқы табалдырық.
Сондықтан да, әрбіріміздің алда қандай адам
боларымыз да мектепте алған білімімізге, тә -
лім-тәрбиемізге байланысты.
Ұлттың білім қорының, біліктілік сапасының
қандай екенін мектебінен көруге болады.
Ұлттың рухани байлығы білімінде, ұстанар ба -
ғыты тәрбиесінде, осы білім мен тәрбиенің
сарқылмас кәусар бұлағының көзі мектепте.
Тәуелсіз қазақ елінің бүгінгі құдіреті, бола -
шағының кепілі – кемел білім берер мектебінде
десек, №156 Н.Бекежанов атындағы қазақ ор -
та мектебі дәл сондай құтты білім ошағының
бірі.
Аталған білім ордасында қазіргі таңда 532
шәкірт тәлім-тәрбие алып отыр, 73 ұстаз
шәкірттерге білім береді. Олардың қатарында
жоғары санатты 4 мұғалім, І санатты 34, II са-
натты 25 мұғалім жұмыс жасайды. Мектеп ди-
ректоры Гүлмира Бектегенова да осы мек -
тептің түлегі, білікті де білімді, ұлағатты ұстаз.
«Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні ғаріп»
деген қағиданы берік ұстанған мектеп бас-
шысы ұстаздар қауымы алдында отырған шә -
кірт теріне барынша сапалы білімді басты
назарда ұстайды. Сабақ барысында заман
көші нен қалмай, жаңа әдіс-тәсілдерді де сәтті
пайдаланады. «Ұстаздық еткен жалықпас, үй -
ретуден балаға» деп ұлы Абай айтқандай, ұс -
таз болу – адамзат алдында үлкен жауапкер -
шілікті талап ететін мамандық. Г.Бектегенова
мектеп ұжымы мен шәкірттерін жоғары баға -
лай ды.
2014 жылы «Үздік ауыл мектебі» аталымын
жеңіп алған білім ордасында Қазақстан сурет-
шілер одағының мүшесі, Т.Жүргенов атындағы
Қазақ Ұлттық өнер академиясының профес-
соры, мәдениет қайраткері Сәуле Бапанова,
ғылым кандидаттары – Абдулла Ержанов,
Үсен бек Бүрісов, Бауыржан Нұрымов, аға
оқытушы, доцент Қанат Әміртаев, А.Сызғанов
атындағы ұлттық ғылыми хирургия орта лы -
ғында білікті кардиохирург Бауыржан Рақышев
сынды елімізге танымал азаматтар білім
алған.
Адам бойындағы асыл қасиеттер біліммен
ғана кемелденеді. Оқушыларды білімге жете-
леп, қызығушылығын арттыруда ауданға бел-
гілі кәсіпкер А.Әбдіқадырова мектеп оқушы -
лары на арнап шәкіртақы тағайындаған. Ұс -
таздар ай сайын білім жарысын ұйымдас -
тырып отырады. «Бестік» бағаны көп жинаған
оқушыға шәкіртақы беріп отыру аталған мек-
тепте дәстүрге айналған.
Елдің болашағы – білімді ұрпақтың қо лын -
да. Жаһандану дәуірінде ізденудің арқасында
ғана елді танытып, абыройын асқақтатуға бо-
лады. Мектеп табалдырығында дарынды, та-
лантты, білімді оқушылар өсіп келеді.
2015-2016 оқу жылында мектеп оқушы -
лары түрлі сайыстар мен пәндік олимпиа да -
ларға, ғылыми жобалар мен өнер, спорт
додаларына қатысып, жүлделі орындарды
иемденді. Атап айтар болсақ, «Жарқын бола -
шақ» VIII республикалық “КАТЕV” қазақ тілі
аудандық олимпиадасының аудандық кезеңі-
н ен 11 сынып оқушысы Ә.Мәлікова бас жүлде,
осы жарыстың облыстық кезеңінде «Тілші
әдебиетшілер» конкурсы бойынша осы оқушы
жүлделі ІІІ орынды жеңіп алған. Аталған жа -
рыс тың «Сөз шеберлері» бөлімі бойынша 9 сы -
нып оқушысы З.Жұмаханова І орын иеленді.
«Жаңа идеялармен – жарқын болашаққа»
тақырыбында өткізілген облыстық байқауда
және «Жас техник – 2015» тақырыбындағы
аудандық жас техниктер мен рационализа тор -
лардың көрмесінен жүлделі І орынды жеңіп
алған А.Жандарбеков, «Платон» халықаралық
дамыту орталығы ұйымдастырған «ақиық ақын
– Мұқағали жырларымен сусындап, ақын
өлеңдерін жүрегімен сезіне білетін оқушы»
байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен мара пат -
талған З.Құдайберген, «Атадан мұра» бай қау -
ында үздік өнер көрсеткені үшін Н.Оразбекова
байқау кубогын иеленді.
«Мен Қазақстанды сүйемін» тақыры бын-
дағы интернет байқаудан ІІ орын жеңіп алған
З.Бауыржан, «Менің Президентіме – ме нің тіле-
гім» тақырыбындағы эссе жазу бай қауынан
А.Рақышева Алғыс хатпен марапат - талды.
Республикалық «Есірткіге жол жоқ» суреттер
байқауында Ғ.Оразбекова ІІ орын, Шиелі аудан
әкімінің кубогын «НарСити» тобы қатарынан
екі мәрте жеңіп алып, жүлделі І орынды қанжы -
ғаларына байлады. Мектептің ұстаздар қа -
уымы үкілеп отырған шәкірттерінің осындай
жетістіктерге жетіп, сенімдерінен шығып, үміт -
терін ақтайтынына зор сенімді. Бәйгеге баптап
қосқан жүйріктердің олжамен оралуы да
ұлағатты ұстаздардың еселі еңбе гінің жемісі
екені сөзсіз. «Ұстазы жақсының ұстамы жақ -
сы» екені белгілі. Егер оқушы дарынды болса,
мұғалімге екі есе қабілеттілік қажет.
ҰБТ – шәкірттердің білімін таразылайтын
және оқу бағдарламасын қаншалықты игерген-
дігін саралайтын сынақ. Өткен оқу жылында
аталған мектепті 37 бала бітіріп, 24-і ҰБТ-ға
қатысты. Мұғалімдер мен оқушылардың көп -
жыл дық еңбегінің нәтижесін айқындайтын
маңызды сынақта былтыр 2 оқушы «Алтын
белгіге» аяқтап, аудандағы өзге мектептердің
көрсеткішін көтеріп тастады. Биыл да 3 оқушы
«Алтын белгіге» үміткер болып отыр. Бұл
ретте мектеп директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасары Шархан Маханованың қажырлы
еңбегін атап өткеніміз жөн-ақ. Халқымызда
«Өмір – үлкен мектеп, өмірдің өзі – ұлы ұстаз"
деген даналық сөз бар. Сол үлкен өмірге қанат
қағатын түлектерді білім сынағына дайындау
өте ауқымды, жауапкершілігі зор жұмыс.
Жұмылған жұдырықтай бірлесіп, ізденіспен
жұмыс жасағанда ғана мектеп ұжымының та -
бысқа жетері анық. Білікті ұстаздардың білім
бәсекесіне қабілетті шәкірттері көп болса, ХХІ
ғасырда жан-жақты дамыған тұлғаларды тәр -
биелейтініміз сөзсіз.
Осы орайда үнемі шәкірттердің жанынан
табылып, сынып жетекшілерімен бірге ата-ана-
лармен тығыз байланыста жұмыс жасайтын
Шархан апайдың еңбегі зор. ҰБТ сынағында
оларға өздерін еркін сезініп, қобалжу сезімде-
рін тежеуді, қорқынышты жеңуді үйрететін
ұстаз биыл да жоғары нәтижеге қол жеткіземіз
деген ниетте.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, «Үздік ауыл
мектебіне» лайық деп танылған білім орда-
сында оқушыларға барлық жағдай жасалған.
2012 жылы ауыл жұртшылығының, ұстаздар -
дың, періште жүректі, білім алуға тілекті оқу -
шы лардың көптен күткен тілегі орындалып,
жаңа мектеп ғимараты берілді.
– Мектеп – келешек ел басқарар, хал қы -
мызды көркейтер, мерейін өсіріп, мәртебесін
биіктетер жасампаз жандарды қалыптас ты -
рып, шыңдайтын киелі орта. Сол себепті, біз әр
шәкірттің жеке мүмкіндігін неғұрлым көп ашу -
ды, қабілет-дарынын дамытуды басты нысана
санаймыз. Заман талабы мұғалімнен жаңа -
шыл дықты, инновациялық шеберлікті талап
етеді, – дейді мектеп басшысы Г.Бектегенова.
Қазіргі таңда ауданымызға белгілі ау дан -
дық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің
басшысы Ә.Оспанов, М.Дулатов, қаншама
сәбидің кіндік шешесі, белгілі акушер-гинеколог
Г.Ізбасқанова, музей директоры Қ.Ыханова,
облысқа танымал дәрігер Т.Бектегенов, аудан -
дық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар -
ламалар бөлімі бастығының орынбасары
С.Жолдасова, жас көшбасшы А.Маманова се-
кілді Шиелі өңірінің мәдениеті мен экономи ка -
сының гүлденуі мен дамуы жолында аянбай
ең бек етіп жүрген азаматтар мен азаматшалар
да осы мектептің түлегі. Сондықтан, бұл мек-
тепті озат тәжірибе мектебі, іскерлік мектебі
және ізденушілік мектебі деп сипаттауымызға
әбден болады.
Әжелеріміз айтқандай, осындай қабілетті
жандарды туғызған ауыл топырағы қасиетті
ғой, шіркін...
Айнұр НАЗАРОВА.
ҰЛАҒАТ ҰСТАХАНАСЫНДАҒЫ КөРІКШІЛЕР
Кезекшi редактор Әшім МОЛДАҚАРАЕВ.
Газет редакцияныѓ компьютер
орталыѕында терiлiп, беттелiп,
“Сыр медиа” ЖШС баспаханасында
басылды. Ћызылорда ћаласы,
Бейбарыс Сџлтан к шесi, №4.
Тел: 8(7242) 40-06-68.
Таралымы 5875. Тапсырыс №291.
Газет Ћазаћстан Республикасы Байланыс ж
әне аћпарат агенттiгiнде
19.06.2014 ж. ћайта тiркелiп, №14410-Г куќлiгi берiлген.
“ скен ѓiр” аудандыћ газетi ЋР СТ ИСО 9001-2009 “Сапа менеджментi
жљйесi” талаптарына с
әйкес сертификатталѕан.
Газет ќр аптаныѓ сќрсенбi, сенбi кљндерi шыѕады.
Ћолжазбалар ѓделедi жќне керi ћайтарылмайды.
Жеке авторлардыѓ пiкiрi редакцияныѓ тљпкiлiктi к зћарасын бiлдiрмейдi.
Телефондар:
Бас директор -8(7242) 70-00-36
Бас редактор -4-46-22
Бас редактордыѓ орынбасары - 4-47-32
Жауапты хатшы, есепшi
Факс -4-49-07.
Мекен-жайымыз: 120700, Ћызылорда облысы, Шиелi кентi, А.Ясауи к шесi, №109. E-mail: osken_onir@mail.ru
Бас директор
Аманжол ОЃЅАРБАЕВ
Шиелi аудандыћ
“ скен ѓiр” газетiнiѓ редакциясы
Бас редактор
Дљйсенбек БЕРКIНБАЕВ
Меншiк иесi:
жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiгi
4
4
№21 (8372) 16 наурыз, сәрсенбі, 2016 жыл
Биыл даңқты диқан, дала академигі, екі мәрте Еңбек Ері атанған Ыбырай
Жақаевтың 125 жылдығы. Өмірін еңбекпен байланыстырған ақ күріштің атасы
бақытын да еңбектен тапқан, сол арқылы абырой биігінен көрінген жан.
Жұмысқа келген сайын газетіміздің ардагер фототілшісі Сайдхасан Хутаевтың
түсірген суреттері арқылы жасалған үлкен тақтаға көз саламын. Онда әңгіме өзегіне
айналып отырған Ыбырай атамыздың бірнеше суреті бар. Бірінде даңғайыр диқан
академик Шахмардан Есеновпен бірге тұрса, енді бірінде Кеңес Одағының батыры,
генерал Г.Ковтуновпен қатар бейнеленген. Қазақ қаламгерлерінің ортасында тұрған
суреттері де бар. Тіпті, атақты шопан, Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың
Ыбекеңе қонаққа келген сәті де кадрдан тыс қалмапты. Қарап отырып, бір ғана
тақтадан осыншама тарихи деректерге толы суреттерді кездестіресің. Әрбірі
әрқалай сайрап тұрғандай. Өзіндік бейнелейтін сәті, ұмытылмайтын уақыты бар.
Қайың сапты кетпенді қолына алып, еңбектің бақытқа кенелтетінін дәлелдеген
Ыбырай Жақаевтың дуалы аузынан небір қанатты сөздер шыққан.“Ат қартайса
есекпен достасады, адам қартайса, төсекпен достасады”, “Қатты жерге қақ тұрар,
қайратты ерге бақ тұрар”, “Адам тастан берік, гүлден нәзік”, “Еріншек егіншіден ел-
гезек масақшы озады”, “Малға жарлылық – жарлылық, ақылға жарлылық –
сорлылық”, “Өлім ақылы толмаған баланы да аямайды, ақылы асқан дананы да
аямайды”, “Бірінші би – халық, екінші би – тарих”, “Көз — нұрдың ұясы, көңіл —
сырдың ұясы”, – деген сөздері бүгінде ел ішінде көп айтылатын мақалға айналған.
Бұл жерде диқан атамыздың бірнеше сөзін ғана мысал етіп отырмыз. Шын мәніне
келгенде ел аузында «Ыбырай айтты» деген қаншама ақылға ақыл қосатын ойлы
сөздер жүр.
Бүгінде даңғайыр диқанның өмірі аңызға, әр ісі өнегеге айналды.Шиелінің аяулы
азаматы Дүйсенбі Смайлов шабыттана жырлаған, саз саңлағы Әсет Бейсеуов те-
бірене әндеткен:
«Күріштен саған гүл ектім,
Жайқалтып жасыл бақшаңды.
Жалынын орап жүректің,
Арнадым осы жақсы әнді» – деген өлең жолдары халық жүрегінен мәңгі
сақталардай орын алды. Иә, осы өлең жолдарындағы “Күріштен саған гүл ектім”, –
деген қатарлары айтылғанда көз алдымызға дала академигі, екі мәрте Социалистік
Еңбек Ері атанған Ыбырай Жақаев елестейді.
Саналы ғұмыры, жүріп өткен өмір сүрлеуі бүгінгі жұртқа үлгі болып жүрген
даңқты диқан дүниежүзілік рекорды үшін, егін даласындағы табандылығы мен
еңбекқорлығының арқасында 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері атанды. Кеңестік
қоғамның тағы бір атағы КСРО мемлекеттік сыйлығы берілген. Ол үш мәрте ҚазССР
Жоғары Кеңесінің депутаты, ҚазССР Жоғары Кеңесінің Президиум мүшесі болған.
Сонымен қатар, 4 рет “Ленин” және “Еңбек Қызыл Ту” орденімен, Бүкілодақтық
халық шаруашылығы көрмесінің 4 алтын медалімен наградталған. Ы.Жақаев 1971
жылы екінші рет Социалистік Еңбек Ері атағына қол жеткізді. Бұл кезде Ыбекең 81
жаста болған екен. Жасы келсе де қолындағы қайың сапты кетпенін тастамаған
Ыбырай Жақаевтың еңбек үрдісіне сай облысымызда Жақаевшылар қозғалысы
кеңінен өріс алды. Жақаевтың ізбасарлары да дала академигінің сенімін ақтап,
көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Олардың басым бөлігі Еңбек Ерлері атанды.
Қазіргі таңда Ыбырай Жақаевтың атында аудан орталығында көше болса,
№244 орта мектеп даңғайыр диқанның атымен аталады. Бұрынғы «Қызыл Ту» кол-
хозына Ыбырай Жақаевтың есімі берілген. Аудан орталығында еңбегімен қаһарман
атанған атамыздың атында жасыл желекке оранған саябақ бой көтерсе, Ыбырай
Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі 1982 жылдан бері жұмыс жасап келеді.
Облыс орталығындағы Еңбеккерлер аллеясы да даңқты диқан атында. Қызылорда
қаласында бұл кісінің есімімен күріш өсіру ғылыми зерттеу институты нәтижелі
жұмыс жасап келеді. Сөз соңын ақын Қанапия Дәрібаевтың:
“Шиеліні білгің келсе жарандар,
Ыбырайдың жолын күтіп қараңдар”, – деген өлең жолдарымен аяқтағанды жөн
санап отырмыз.
Бүгінгі буын Ыбырай атамыздың даңқты еңбек жолын үлгі етіп, келер ұрпаққа
насихаттаса, олар бақытын еңбектен тапқан тұлғаның өмірінен өнеге алып, сана-
ларына тоқи білсе, ел ертеңінің жарқын болары сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |