(Ә. Тәжібаев.) Жолшы қазақ — сол казақ Жұлқылайды етектен
Кете берді тепеңдеп, Құлағына сарнайды;
Сол қазақты жел мазақ Қейде алдынан жетектеп,
Ете берсем екен деп; Кейде артынан қалмайды.
(X. Ергалиев.) Алдыңғы екі шумақта Әбділда әдеттегі кыс пен жазға әдеттен тыс мінез бен әрекет беріп, жансызға жан сала суреттеу арқылы ойды биік философияға көтеріп әкеткен болса, кейінгі шумақтарда Хамит Бетпақтың беймаза желін құдды тірі кісідей құбылтып, оған кызық-қызық қылықтар жасату арқылы өзі ‘суреттеп отырған шындыққа тағы бір тың шырай береді, шынайы сыр дарытады.
Кейіптеу — ертегілер мен аңыз әңгімелерде жиі қолданылатын тәсіл. Ал мысал өлеңдердегі құбылу, көбіне, п е р н е л е у, яки а л л е г о р и я (грекше аlIеgогіа —пернелеп айту) түрінде келеді. Мұнда әшейін ұғым қалпында тұрған дерексіз нәрселер кәдімгідей көзге көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады. Айталық, қулық, зорлық, қастық, секілді жалпылама ұғымдарды дәл осы қалпында түсінуге болғанмен, көзбен көру қиын. Осыларды Сәбит Дөнентаев өзінің “Ауырған арыстан” деген аллегориялы өлеңінде қолға ұстатқандай нақты, деректі нәрселерге көшіреді: аң патшасы Арыстан ауыра қалған екен, аң, атаулы түгел жиылып көңіл сұрап барғанда, ішінде Түлкі қу жоқ боп шығады да, оны қара көңіл Қасқыр зорлықшыл Арыстанға қастандықпен хабарлап қояды. Кейін Түлкі келгенде, әрине, Арыстан ашуланады. Бұл сырды түсіне қалған қу Түлкі аяқ астынан айла тауып, Арыстан секілді өзінің, де “ауырып” қалғанын, одан әйтеуір Қасқырдың артқы аяғының сіңірін қиып жеп, әрең “жазылғанын” айтады, Арыстан ашуды қойып, өктемдігіне көшеді де, дереу Қасқырды шақыртып алып, сіңірін қияды… Бұл өлеңде қулық — Түлкі, зорлық — Арыстан, қастық — Қасқыр бейнелеріне көшіріліп, пернеленіп көреетілген.
—Ей, қораз, шақырасың ерте-кеш жоқ, —
Дегенде кораз айтты;:
.—Сенде де ес жоқ
“Кукара-ку” болмай-ақ мен шақырған,
Таң атырып, онсыз жұрт күн батырған.
(А. Тоқмағамбетов.)
Асқардың қораз арқылы пернелеп айтып отырған ұғымы — пәтуасыздық, парықсыздық.
Дүние жүзілік әдебиет тарихына қарап отырсақ, пернелеу арқылы дерексіздік деректілікке көшіріліп қана қоймаған, қызық-қызық аллегориялық образдар жасалғанын көреміз. Мысалы, Данте жазған әйгілі “Тәңрінің тәлкегінде” арыстан, тағы мысық, қаншық қасқыр тәрізді аңдар арқылы адамға тән әр түрлі құштарлықтар пернеленіп қана қоймайды, бірсыпыра бейнеленеді, кәдімгі көркем образдар жасалады. Қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерде бейнеленетін тұлғалар түгелімен — аллегориялық образдар. Кейде тіпті Фонвизиннің Простаковы мен Правдині, Грибоедовтың Скалозубы мен Молчалині, Гогольдің Ляпкин-Тяпкині мён Собакевичі секілді Майлиннің Мырқымбайы мен Мүсіреповтің Қоңқайы-ның, Мұқановтың Итбайы мен Мүстафиннің Сойдақтісінің аттарының өзі олардың мінез-құлқындағы аллегориялық сипатты нұсқап көрсетіп тұрғандай.
Құбылтудың бір түрі — астарлау, яки с и мв о л (грекше sутbоIоп — шартты белгі) —бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. Мұның өзі ой мен образға әрқашан астыртын, бұлдыр мағына береді деу де қате (символды символизмнен айыра білу керек); ең бастысы — символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар,байсалды философиялық астар береді, шығармаға бір түрлі сыршыл сипат бітіреді. Астарлы шығарманың идеясы жалаң, жалаңаш көрінбейді, автордың ой толғаныстары арқылы көңіл ұйытып, көкірекке терең ұялайды. Пушкиннің “Анчары” мен Лермонтовтың “Желкені”, Тютчевтің “Фонтаны” мен Блоктың “Әдемі әйел жайлы жыры” — әлгі айтқанымыздай сұлу сыр мен сезімге толы астарлы өлеңдер,
Отырмын теңіз бойында, Соғады толқын шың, жарды
Ойнайды дауыл ойымда. Шертеді көңлім мұқлы әнді.
Достарым қандай көп еді. Көпірген теңіз төңірегім,
Көбісі сонын, жоқ енді. Күрсінбейді жел тегін
. (Ә. Тэжібаев.) Әдемі өлең! Аз ғымырында әрқашан ақ ылды болу үшін әркім-ақ айрықша ескеруге тиіс бір шындықты ақын көз алдында төңбекшіп жатқан теңіздей ағыл-тегіл философиялық сырға шомылдырып, шүлен шабытпен жырлаған. Бұл өлең — символмен бірге психологиялық параллелизмнің де (бұған кейін тоқталамыз) үлгісі.
Қабағын түйіп құз тас тұр, Шық моншақтап — шыпшып тер,
Төңірегіне парық сап; Сорғалар жасы жүзінде…
Шыңында шулап құстар жүр, Сол құзды көр де — мені көр,
Айнала ұшып шарықтап. Ойға бір шомған кезімде.
Кеудесі жалын қара бұлт
Келеді төніп аспаннан.
Алып құз тас сұп-сұрғылт
Жамылып шапан — боз тұман.
(Қ. Аманжолов )
Адамның көз алдын табиғаттағы бір алуан таңғажайып, тамаша суреттерге толтырып, жанын тебіренте толғандырып әкеледі де, осыдан әркім өзінше түйін түйді-ау деген тұста ақын өзінің түңғиық терең ой үстіндегі қалпын дәл әлгі көк терге түскен қүз таспен салыстыра жарыстырып жібергенде, бұл астардан аңғарылған сыр мен шындық көкейге уыздай ұйып, қонады да қалады.
Құбылтудын, бір түрі — а л м а с т ы р у, яки м е т о н и м и я (грекше теfопутіа — қайтадан атау) — ө з а р а ш е к т е с з а т т а р м е н с е б е п т е с қ ұ б ы л ы с т а р д ы ң, ө з а р а б а й л а н ы с т ы ұ ғ ы м д а р мен ш а р т т ы с ө з д е рд і ң б і р і н і ң о р н ы н а б і р і н қ о л д а н у. Мұның да әдеби тілде атқарар қызметі әжептәуір: кейде ой ықшамдығы үшін, кейде образ нұсқалылығы үшін қажет. Чехов былай депті: “Сұраншы әйелдің жоқ-жітіктігін ақғарту үшін көп сөз жұмсап, оның бейшара мүскін қалпын қазбалаудың қажеті жоқ, иығындағы өрім-өрім жирен жамылғысын әшейін атап өтсен, жетіп жатыр”. Осынау жирен жамылғы секілді әр нәрсенің бар болмысын бір-ақ танытар шағын деталь — метонимия.
Сөгетін Гомер, Феокритті, Өзі сұлу, өзі ақын.
Оқыды бірақ Адам Смитті… Пікірлері Қантқа жақын