Конспект оуд ересектер тобына арналған Тақырыбы: «Қуыршақты шомылдырып ұйықтатамыз»



Дата24.03.2023
өлшемі18,97 Kb.
#75966
түріКонспект
Байланысты:
docx1555262976


Ұйымдастырылған оқу қызметінің сабақ конспектісі
Конспект ОУД
Ересектер тобына арналған
Тақырыбы: «Қуыршақты шомылдырып ұйықтатамыз»
Мақсаты: Балаларға дұрыс жуыну ережелерін үйрету, киімдерді ретімен шешуді, киімдердің атын атай білуге үйрету. Қимыл-әрекетті білдіретін
сөздерді меңгерту. Еңбекқорлыққа, тазалыққа баулу.
Сабақ көрнекілігі : қуыршақ, сүлгі, сабын, су
Көрнекі құралдар: қуыршақ, табаққа құйылған жылы су, сабын, орамал, қуыршақты шомылдыруға арналған құралдардың суреттері. 
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, таныстыру, түсіндіру, үйрету, сурет бойынша әңгімелеу. 
Сабақтың барысы: Балалар жарты шеңберге тұрып жылы лебіздерін білдіреді. 
Өзімді-өзім жақтаймын,
Денсаулықты сақтаймын.
Жүректен жылы соншама,
Тілейміз саулық баршаға.
Тәрбиеші: - Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы: «Қуыршақты шомылдырып ұйықтатамыз» деп аталады. 
-Балалар сендер таза жүргенді ұнатасыңдар ғой. Әр уақытта таза, ұқыпты жүретін балалардың достары нелер, білесіңдер ме? Олар балалар,
-Сабын, су, сүлгі. -Қане балалар «Сүл-гі сүлгі, су, са-бын сабын » деп айтайықшы.
Есік қағылады. 
- Балалар, біреу есік қағып тұр, көрейік кім екенін. 
Есік ашылып, кішкентай Жазира қыз кіреді, қолында қуыршағы бар. 
Жазира қыз балалармен амандасады. 
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жазира қыз: - Балалар, мен сендермен ойнауға келдім. Мен жалғыз келген жоқпын. Қуыршағымды ала келдім. Қуыршағыммен таныстырайын қуыршағымның аты – Айжан. Менің қуыршағымның беті, қолы кірлеп қалды. Балалар, ойнамастан бұрын қуыршағымды жуындырып беруге көмектессеңдер екен.
- Балалар, қане бәріміз Жазира қыздың қуыршағын шомылдыруға көмектесейік. 
(Тәрбиеші алдын ала дайындаған , су құйылған ыдыс, сабын, орамалды ортаға қойып Айжан қуыршақты шешіндіреді). 
-Қане, балалар, Айжанды бірге шомылдырайық. Киімін шешіп, таза суға шомылдырайық. Алдымен бас киімін, содан соң көйлегін шешейік.
Ақбота, суды ұстап көрші, су қандай екен?
Су жылы, таза. (Тәрбиеші екі-үш бал аны шақыртып судың жылы, таза екенін байқатады).
Балалар, қараңдаршы Айжан суға шомылғысы келіп тұр екен. Қуыршақты ваннаға отырғызады.
Қане, балалар, тақпақ айтып берейік. 
Жуын, жуын, жуынсаң,
Қандай жақсы қуыршақ.
Әйтпегенде бөпешім,
Кірлеп кеткен екенсің.
Қазір аппақ боласың,
Қуанады анашың. 
Нұрислам, сен сабынды әперші. 
- Балалар, Жазира қыз, бәрің де қараңдар. Айжанның басын былай сабындаймыз, содан кейін жуамыз.
- Көрдіңдер ме, Айжан басын жуғанда жылаған жоқ. Сендер де шомылғанда алдымен бастарыңды жуыңдар.
- Қане, Айла сен Айжанның басына су құйшы, сабыны кетсін. (Айла су құйып тәрбиешіге көмектеседі).
- Бәрің көрдіңдер ме, Айжанның басы таза болды. Орамалмен басын сүртіп құрғатайық. 
- Әділхан, сен ормалады әпер. (Әділхан ормалады әперді, тәрбиеші қуыршақтың басын сүртеді).
Енді Айжанның қолын, мойнын, денесін, аяғы міне былай жуамыз. (Жуып көрсетеді).
- Жайна , сен Айжанның үстіне су құй. (Жайна Айжанның үстіне су құяды). Ақботаға орамал алғызып, Айжанның үстін сүртеді.
- Айжан шомылып болды. Қандай таза, әдемі. 
- Қане енді сендер Айжанды киіндіруге көмектесіңдер. 
- Жандос, сен Айжанның көйлегін әпер. (Айжанға көйлекті кигізуге тәрбиеші көмектеседі).
- Алихан, сен шалбарын әпер. (Шалбарды кигізеді).
- Айжанды киіндіріп болдың, енді оның ұйқысы келді. Қуыршақтар бұрышындағы бесікке жатқызайын. 
- Ал, енді Айжанның ұйқысы тәтті болсын деп «Әлди, әлди» әнін айтайық. 
Әлди, әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем жылама,
Жілік шағып берейін.
Тербетейін жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой. 
Қуыршақ Айжан ұйықтасын, демалсын, содан кейін бәріміз ойнаймыз. 
Ал енді балалар шаршаған боларсыңдар. Шаршағанымызды басу үшін бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Қуыршақ, қуыршақ тұршы,
Беті қолыңды жушы,
Шашыңды тарашы,
Айнаға қарашы,
Әй-әй көйлек кейші!
Дидактикалық ойын:
«Айжан қуыршағын жуындыру үшін не керек?»
Жуындыру үшін қандай заттар керегін суретке қарап айту.
Тәрбиеші: Менің сендерге арнаған алмұртым бар қош иістендірілген. Осы қош иіспен терең тыныс алсаңдар, оның денсаулыққа пайдасы көп.
(Қош иістендірілген алмұрт терең тыныс алу жаттығуларын жасайды).
Балалар, біз бүгінгі оқу қызметінде не істедік?
Балалар: Қуыршақты шомылдырдық.
Дұрыс айтасыңдар балалар. Біз қуыршақты шомылдырып, ұйықтаттық.
Балалар қуыршақты шомылдырғанда қандай заттарды пайдаландық?
Балалар: Су, сабын, сүлгі.
Тәрбиешімен бірге балалар сөздерді 2-3 рет қайталайды. Жазира қыз енді өзің қуыршағыңды жуындыра алатын болдың.
Жарайсыңдар балалар. Бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз.
Сау болыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет