— 21 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін:
8-747-942-18-76
(WhatsApp)
кезде ғана сәттілік серігіңіз болады.
Жалпы, бастапқыда ашылған кәсіпті жаңа
деңгейге көтеріп «айналдыру» үшін шамамамен
екі
жыл уақыт кетеді; сосын кәсіпті бастауға алған
несиелерді жабу үшін тағы да екі жыл кетеді; ары
қарай жоғары дәрежеге жеткізу үшін шамамен тағы
үш-төрт жыл. Көп адамдар ойлауы мүмкін «осы
өзімізді шаршатып, ақшамызды салып, шығынға
ұшырап бизнес ашудың керегі не? Бір айлықпен де
күн көрерміз» деп. Менде бір ғана жауап бар: Уақыт
өте береді. Сіз өткізген
бес жылдан кейін сіз бар
болғаны бес жасқа қартаясыз. Уақыт өте келе бір
айлыққа қарап, жалақысын санап отыратындардың
қатарынан табыласыз ба немесе өз кәсібіне өзі қожа
адамдардан боласыз ба? Таңдау еркі, әрине, өзіңізде.
Жеке кәсібін бастауды ойлаған адамдарда
алғашқы қадамдарын бастауға кедергі болатын түрлі
проблемалар бар. Олардың ішіндегі ең бастылары:
көшбасшылықпен,
қаражатпен, бәсекелестікпен, әрі
қарай даму үшін жоспар дайындаумен байланысты
сәтсіздіктер туралы көптеген қорқыныштар. Бізде
көпшілігі инвестицияланған ақшаны жоғалтып
алудан қорқып өзінің жеке жобасына ақша салмай,
басқа керексіз дүниелерге жұмсап жатады. Бизнес
тәуекелділікті талап
ететінін ұмытпағанымыз
жөн. Тек бизнесті «айналдыруды» ойлай бермей,
психологиялық дайындық туралы да ұмытпау
керек. Кәсіпкер бизнесті дамытудың алғашқы
кезеңінде әр түрлі бағытта жұмыс істеуіне тура
келеді. Сарапшылардың,
экономистердің, тәжірибелі
кәсіпкерлердің пікірінше, ХХІ ғасырда бизнеске тек