— 1 — dauletten қосымшасындағы баспанаға бағыт ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін



Pdf көрінісі
бет38/114
Дата22.11.2022
өлшемі4,12 Mb.
#51783
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   114
Байланысты:
«Бизнеске бағыт» кітабы.

 — 66 —
Б
аспана жайлы 
Ұ
ланнан жеке ақылы консультация үшін: 
8-700-298-72-83 (W
hats
A
pp
)
Клининг
Жеке кәсібін ашуды, өз уақытын өзі басқаруды 
қалайтын жандардың қатары артпаса, кеміп 
отырған жоқ. Осы ретте сіз де өз кәсібіңізді ашып 
табысты жандар қатарынан көріне аласыз. Сонымен 
кәсіпкерлікте клининг қызметінің түрлері қандай, 
оны ашу үшін не қажет, қалай бастау керек деген 
сауалдарға жауап іздеп көрелік. 
Клинингтік қызметті бастау үшін төмен 
мөлшерде қаражат пен тазалау жабдығының аз 
көлемі ғана қажет. Алайда клинингтік қызметті жолға 
қойғанда арнайы жабдық, орынжай мен жұмысқа 
қабілеті жоғары мамандар қатары қажет болады. 
Мұндай компанияға салынатын қаражат көлемі де 
ауқымды.
Клинингтік компаниялардың 3 түрі бар: бірі 
пәтер мен кеңсе тазалауға бағытталса, екіншілері 
коммерциялық жылжымайтын мүліктерге күн 
сайын қызмет көрсетуді қолға алады. Ал енді бір 
компаниялар қызметтің бір ғана түрін таңдайды
мысалы кілем жуу, киімдерді химиялық тазалау 
қызметін ұсынады. Компания үлкейген сайын, оның 
көрсететін қызмет түрлері де артады. 
Клининг саласында бизнес бастаудың екі тәсілі 
қолданылады. Біріншісі – нақты бір клиентке арнап 
бастау. Мысалы сауда орталығы немесе басқа да 
бір ірі нысанның тазалау жұмыстарына келісіп, 
жаңа кәсіпті бастауға болады. Мамандар қатарын 
жасақтап, тиісті жабдықтарды алғаннан кейін 
уақыт өте келе тәжірибе жинақталады. Одан кейін 
тапсырыс берушілердің қатарын арттыруға болады. 


 — 67 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы 
видео-сабақтарына жазылу үшін: 
8-747-942-18-76
 (WhatsApp)
Сонымен қатар бір ғана бағытта қызмет көрсету, 
айталық кілем жуу, еден тазалау секілді түрлерін 
ғана таңдау арқылы мамандану. Шағын компания 
бірнеше тәжірибелі маманмен заманауи тазарту 
құралдарын пайдала отырып қызметтің бір ғана 
түрін көрсетеді. Жауапкершілік пен адал қызмет 
ету тұтынушылар қатарын арттырмай қоймайды. 
Клинингтік компанияға арнайы кеңсе қажет емес. 
Тапсырыс қабылдау үшін телефонға жауапты 
адам болса болды. Уақытылы тапсырыс қабылдап, 
жұмысшыларды жөнелтіп отырса жеткілікті. Әрине, 
кеңсесіз фирманы елестету қиын. Уақыт өте келе 
тұтынушылар қатары көбейген соң, қызметкерлердің 
қатары да, қолданатын заттар да артады. Сол уақытта 
жайлы әрі қолайлы орын іздестірген абзал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет