— 155 —
жүйені қолданған жағдайда толтырылады.
13. «Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың,
кенттің, ауылдық округтiң әкім аппаратының БСН»
деген бөлімде:
1) 910.00.028 жолында дара кәсіпкердің орна-
ласқан жері бойынша аудандық маңызы бар қала-
ның, ауылдың, кенттің, ауылдық округтiң әкім аппа-
ратының БСН көрсетіледі.
Бұл ретте, дара кәсіпкердің орналасқан жері
мемлекеттік кірістер органында дара кәсіпкер
ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген
дара кәсіпкердің қызметінің басым бөлігін жүзеге
асыратын орыны болып танылады.
14. «Салық төлеушінің (салық агентінің) жауап-
кершілігі» деген бөлімде:
1) «Салық төлеушінің (басшының) тегі, аты,
әкесінің аты (болған кезде)» жолында құрылтай және
жарлық құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты,
әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі.
Егер декларацияны жеке тұлға табыс еткен
жағдайда, жолда жеке басын куәландыратын
құжаттарға сәйкес толтырылатын салық төлеушінің
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;
2) декларацияның мемлекеттік кірістер органы-
на тапсырылған күні;
3) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша
мемлекеттік кірістер органының коды.
Бұл ретте, дара кәсіпкердің орналасқан жері
мемлекеттік кірістер органында дара кәсіпкер
ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген
дара кәсіпкердің қызметінің басым бөлігін жүзеге
асыратын орны болып танылады.
— 156 —
Резидент заңды тұлғаның орналасқан жері
құрылтай құжаттарында көрсетілген оның тұрақты
жұмыс істейтін органының орналасқан жері болып
танылады.
Филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты
мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды
тұлғаның орналасқан жері мемлекеттік кірістер
органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде
мәлімделген Қазақстан Республикасындағы қызметін
жүзеге асыратын жері болып танылады;
4) жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша
мемлекеттік кірістер органының коды.
Бұл ретте, жеке тұлғаның тұрғылықты
жері азаматтарды тіркеу туралы Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес азаматты
тіркеу орны болып танылады.
Салық есептіліктері мерзімінен кешіктіріліп
тапсырылған жағдайда бірінші рет орын алған заң
бұзушылық үшін ескерту беріледі. Заң бұзушылық
1 жылдың ішінде қайталанатын болса дара
кәсіпкерлерге 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Дара кәсіпкер салық есептілігін табыс етуді
уақытша тоқтату, толықтай қызметін тоқтатуды
қалай жүзеге асырады?
Халық арасында дара кәсіпкерлікті ашу оңай,
жабу өте қиын деген ой бар. Шын негізінде мүлдем
олай емес. Егер дәл қазір кәсібіңізде қиындықтар
туып, әзірге жұмыс істеуге мүмкіндік болмай жатса
салық есептілігін табыс етуді 3 жылға дейін тоқтатуға
|