— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет65/88
Дата17.07.2023
өлшемі4,82 Mb.
#104463
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   88
Байланысты:
????«БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ»

 — 157 —
болады. Ол үшін 
y
Барлық салық есептіліктеріңіз уақытылы 
тапсырылған болу керек
y
Салық және басқа да міндетті төлемдеріңіз 
бойынша қарызыңыз болмау керек
y
ДК тіркелген ауданның салық басқармасына 
ДК-ті уақытша тоқтату бойынша салық өтінішін 
өткізуіңіз керек
Салық басқармасы салық өтінішіңізді 
қарастырып, 3 жұмыс күнінің ішінде шешім шығаруы 
тиіс. ДК-ті 3 жылға тоқтатып қойып, 1 жылдан кейін 
жұмыс бастағыңыз келсе ДК-ті жандандыру бойынша 
салық өтінішін тапсыруыңызға болады. Сол күнмен 
ДК жұмыс бастауына рұқсат.
Егер кәсіпкерлікті мүлдем жапқыңыз келсе, ол 2 
түрлі жолмен жүзеге асады.
1. Жеңілдетілген түрі
2. Салықтық тексеру арқылы
Жеңілдетілген түрімен ДК-ті жабу үшін келесідей 
шарттарға сәйкес келуіңіз керек:
• қосылған құн салығын төлеушілер болып 
табылмайтын;
• тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының 
нәтижелері бойынша салықтық тексерулер 
жоспарына немесе ішінара салықтық 
тексерулер тізіміне енгізілмеген не тәуекел 
дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп 
бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің 
жартыжылдық графигіне енгізілмеген болуыңыз 
керек.
Дара кәсіпкер қызметті толықтай тоқтату туралы 
шешім қабылданған жағдайда, орналасқан жеріндегі 


 — 158 —
салық органына бір мезгілде:
1. қызметін тоқтату (жабу) туралы салықтық 
өтінішті;
2. рұқсаттар және хабарламалар саласындағы 
уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша 
жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын 
салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны 
немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны, 
осындай есепке алу болған кезде; Егер ондай 
жекелеген қызмет түрі болмаған болса бұл өтініш 
өткізілмейді.
3. таратудың салықтық есептілігін;
4. бақылау-касса машинасын есептен шығару 
туралы салықтық өтінішті ұсынады. Егер 
бақылау касса машинасы болған болса, әрине. 
Егер касса болмаған, тек банктен шот ашылған 
болса, сол шотты жабу керек болады.
Жеңілдетілген түрі бойынша ДК қызметі 3 жұмыс 
күнінің ішінде тоқтатылуы тиіс.
Егер сіз қосылған құн салығының төлеушісі 
болсаңыз, жоғарыдағы өтініштермен бірге ҚҚС 
(қосылған құнға салық) есебінен шығару туралы 
өтініш өткізесіз. ДК қызметін тоқтату туралы 
өтінішіңізді аудит бөлімі қарастырып, тексеру 
жүргізеді. ДК қызметі аудиттің тексерісі негізінде 
жабылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет