— 160 —
құру жөніндегі қызметті жүзеге
асыруының
өзге де шарттары; аталған адамдардың, сондай-
ақ серіктестікті құру мен тіркеу барысында
құрылатын серіктестіктің мүдделерін білдіруге
уәкілдік берілетін
басқа да адамдардың
өкілеттігін анықтау;
4. серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері;
5. серіктестіктің жарғылық капиталына әрбір
құрылтайшының ақша салымының құрамы,
мөлшері мен мерзімі туралы немесе заттай
нысанда не мүліктік құқықтар түрінде
салынған салымның ақшалай бағалануы
туралы мәліметтер; серіктестіктің
жарғылық
капиталына қосымша салымдар салу
туралы шешім қабылдаудың тәртібі, сондай-
ақ серіктестіктің жарғылық капиталына
салымдарды
уақтылы салмаудың салдарлары;
6. құрылтайшының серіктестік мүлкіндегі үлесін
анықтау; серіктестікке қатысушылар үлестерінің
ауысу тәртібі;
7. серіктестік жарғысын бекіту;
8. серіктестіктің таза табысын бөлу тәртібі.
Құрылтайшылардың шешімі бойынша құрылтай
шартына серіктестікті құруға және оның қызметіне
қатысты заңға қайшы келмейтін өзге де ережелер
енгізілуі мүмкін.
Құрылтай шартымен қатар жарғысы жасалады.
Жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің жарғысы
серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық
мәртебесін белгілейтін құжат болып табылады.