— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020


Шаштаразға арналған құрал-жабдықтар



Pdf көрінісі
бет12/88
Дата31.10.2022
өлшемі4,82 Mb.
#46511
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   88
Шаштаразға арналған құрал-жабдықтар. 
Жабдықтарды таңдауда баға мен сапаның опти-
малды сәйкестігіне сүйену керек. Сізге құрал-жаб-
дықтардың ішінен мыналар қажет: құрғатқыш, 
шаш қысқартатын машинка, фен, айнасы бар шкаф-
тумбочка, гидравликалық кресло, креслосы бар 
жуғыш, айна. Сондай-ақ, сіз мынадай жабдықтар 
мен заттарды алуыңыз керек: әртүрлі формадағы 
тарақтар, массажды тарақ, қайшылар, шаш бояулары, 
сабынсулар (шампунь), химиялық бұйралауға 
арналған заттар, бигудилер (ірісі, орташасы, 
ұсақтары), шаш сәндеуге арналған заттар (лак, воск, 
пенка), сүлгілер мен жамылғылар.
Жарнама. Маңдайша жазу өзінше жарнаманың 
бір түрі деуге болады. Ол қымбат болмаса да болады, 
бірақ міндетті түрде стильді, зейін аударарлықтай бо-
луы керек. Жақын маңдағы үйлерге, адамдар легі көп 
жерлерде жарнамалық парақшалар таратуға болады. 
Шаштараз үшін ең жақсы жарнама – көрсететін қыз-
меттің сапасы.


 — 31 —
Фотостудия ашу
Нарықта өте табысты әрі кең етек жайған кәсіп 
түрі. Жыл сайын мұндай қызмет түрін көрсететін 
фотостудиялар көптеп ашылып жатқанмен олардың 
саны тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру 
үшін әлі болса да жеткіліксіз. Көп жағдайда бұл қызмет 
түрін жеке фотографтар жүзеге асырады, олар үйлену 
тойлары мен басқа да мерекелік шараларда жұмыс 
істейді, ал мамандандырылған арнайы студиялар-
дың саны онша көп емес.
Неден бастау керек? Фотостудия ашу үшін 
сізге тіркелу керек. Салық қызметінде тіркелу үлгісі 
– жеңілдетілген режим бойынша жеке кәсіпкер 
боласыз. Сонымен қатар, кассалық аппарат алу қа-
жет, аппаратты қызметті жүзеге асыру орны бойын-
ша салық органдарында тіркеу керек.
Ғимарат. Әдетте фотостудияға арнайы бір 
орынжайды жалға алады. Ол орынды клиенттерге 
ыңғайлы жерден, қала орталығынан таңдаған дұрыс. 
Ал егер негізгі жұмыс – тез жасалатын фото, жеке 
куәлікке арналған фото болса, фотостудияны шағын 
ауданнан да ашуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет