— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет72/88
Дата31.10.2022
өлшемі4,82 Mb.
#46511
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   88
Әйелдерге арналған бағдарламалар 
(«Женщины в бизнесе»)
Елімізде әйелдердің кәсіпкерлігіне байланысты 
бірнеше бағдарламалар бар. Бизнес-ледилерге ар-
налған несиелендіруді үш банк жүзеге асырып отыр: 
HalykBank, БанкЦентрКредит және ForteBank. 
1. Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған 
HalkBank ұсынып отырған бағдарлама арқылы сіз 
10 миллион теңгеге дейін несие алу мүмкіндігіне ие 
боласыз. Несие бойынша сыйақы үстемесі алынған 
қарыз ұзақтығына байланысты 5,8%-дан (2 жылға 
дейінгі мерзім) 7,4% (9 жылға дейін) аралығында 
болады. Несиелендіру шарты кәсіп орын басшысы 
әйел адам болуы керек немесе бірнеше басшысы бар 
кәсіпорында басшы әйелдердің пайыздық мөлшері 
50% көп болуы тиіс. Несие беруге жылжымайтын 
мүлік, депозит шоттар немесе сол баяғы DAMU фонды 
кепілдік бола алады. Банкке қажетті құжаттарды 


 — 174 —
онлайн өткізу мүмкіндігі 
қарастырылған, ол үшін halykbank.
kz сайтына кірсеңіз жеткілікті.
2. БанкЦентрКредит ұсынып отырған әйелдер 
кәсіпкерлігіне бағытталған несиелер. Несиенің 
пайыздық ставкасы 14%-дан бастап, максималды 550 
миллион теңге қаражат алуға рұқсат етілген. Ұзақтығы 
60 ай. Несиелендіру шарты кәсіп орын басшысы 
әйел адам болуы керек немесе бірнеше басшысы бар 
кәсіпорында басшы әйелдердің пайыздық мөлшері 
50% көп болуы тиіс. Шарттары сол 15-20% бастапқы 
жарнаңыз болу керек және несиені төлей алатыңызды 
дәлелдейтін құжаттар.
3. ForteBank ұсынып отырған әйелдер кәсіпкер-
лігіне бағытталған бағдарлама. Несиенің пайыздық 
ставкасы 15%-дан жоғары, 900 миллион теңгеге 
дейінгі қаражаты 120 айға алуға болады. Несиелендіру 
шарты кәсіп орын басшысы әйел адам болуы керек 
немесе бірнеше басшысы бар кәсіпорында басшы 
әйелдердің пайыздық мөлшері 50% көп болуы тиіс. 
Аталған бағдарлама бойынша несие алу үшін басында 
жазып өткен «Атамекен» кәсіпкерлер палатысындағы
оқудан бастайсыз. Егер де бизнесіңіз болса бірден 
несие алуға өтініш қалдырсаңыз болады. Шарттары 
сол баяғыдай 15-20% бастапқы жарнаңыз болу 
керек және несиені төлей алатыңызды дәлелдейтін 
құжаттар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет