§ 54-55. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы
1.Қандай да бір этносқа тән білімдер мен дүниетанымдық идеялар жүйесі? Этностың рухани мәдениеті.
2.Этностың мәдени ерекшелігінің бірі болып табылады? Діл (менталитет)
3. Адамның ақыл-ой, мәдениет және сезім ұстанымдарының, дүниетанымының жиынтығы? Діл
4.Ұлы Дала мен Орталық Азияда ислам пайда болғанға дейін өмір сүрген діндер? Манихей, зороастризм, христиан, буддизм, бақсылық
5.Ежелгі Түркілер табынды? Күн, Ай, Биік ағаштар
6.О дүниелік әлеммен және рухтармен байланысты жүзеге асыратын, түрлі сиқырлар жасайтын іс-әрекеттерімен қобыз, домбыра арқылы адамдарды емдеуге қабілетті адам? Бақсы
7.Ұлы Даладағы сопылық діннің өкілі? Қ.А.Ясауи
8.XVIII ғасырда ежелгі діннің қалдықтары жерлеу-еске алу салттарынан көрініс тапты? Хандарды жылқылармен бірге жерлеу
9.Нышандық мәні бар бірқатар қалыптасқан іс-әрекеттер қатары? Ғұрып
10.Адам, топ, немесе қоғам қабылдаған мінез-құлықтың қалыптасқан бейнесі? Әдет
11.Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін және қоғамдық қатынастарды реттейтін түсініктер мен ғұрыптар жиынтығы? Дәстүр
11.Үй салған кезде өзара көмек салты? Асар
§ 56, 57. Қазақ халқының дәстүрлі музыкалық және рухани мұрасы
1.Аңыздарға байланысты аңшылар мен батырлардың ежелгі аспабы болып табылады? Сыбызғы
2.Қазақстанның батыс және орталық аймақтарында домбырада күй дамыса, Орталық және Шығыс Қазақстанда қалыптаса бастады? Ән мектебі
3.Халық арасынан ең ерекше орын алған жырлар: “Ер тарғын”,”Қыз жібек”,”Еңлік-Кебек”,”Қозы Көрпеш-Баян сұлу”
4.Ежелгі аспаптар: Сыбызғы, жетіген, адырна, сырнай, керней, даңғыра, дабыл, шаңқобыз.
5.Жетісуда дамыды суырыпсалма ақындардың сөз жарысы? Айтыс
6.Ұлттық мерекелердің ішіндегі ең басты мейрамы? Наурыз
7.Наурыз мерекесінде міндетті түрде жеті дәмнен жасалатын тағам? Наурызкөже
8. Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылы сәуірде жарық көрген мақаласы? «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру»
9.Рухани қайта өрлеу бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2017 жылы мамырда жасалған жоба? «Сакральді Қазақстан»
10. «Сакральді Қазақстан» жобасы 5 топтан тұрды:
1. Жалпыұлттық маңызы бар 100 нысан әулиелік жерлер (Әулие-Ақмешіт тауы, Хан тәңірі шыңы, Мұзтау, Шарын шатқалы, Қазығұрт тауы, Қоңыр Әулие үңгірлері, Отпан тау, Бектау ата , Жылаған ата).
2.Археологиялық 12 нысан, тауап ету орындары Ботай қонысы, Беғазы, Тамғалы жартас суреттері, Есік, Боралдай, Шілікті, Берел қорғандары;
3.Діни және киелі орындар Арыстан бап,Үкаш ата, Қарахан, Айша бибі кесенелері, Қожа Ахмет Ясауи;
4.Тарихи және мәдени тұлғалар Қобыланды батыр, Абылай хан, Әбілқайыр хан, Есім хан, М.Өтемісұлы, Ф.М.Достаевский, Т.Шевченко, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов және т.б. 5.Тарихи және саяси оқиғалар болған жерлер (Орбұлақ, Бұланты, Аңырақай)
§ 58. Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар (1920-1930 жылдар)
1.Кеңестік кезеңдегі жетістіктердің бірі – халыққа білім беру жедел дамыды
2.1930 жылдардың соңына қарай елу жасқа дейінгі халық арасындағы сауаттылық құрады? 83,6 пайыз
3.1920-1921 оқу жылында Қазақстандағы мектептер саны? 2410
4.1937 жылға қарай бастауыш біліммен қамтылған балалар үлесі? 96 пайыз
5.1928 жылы ашылған алғашқы жоғарғы оқу орны? Абай атындағы ҚазПИ (қазіргі ҚазҰПУ)
6.1934 жылы ашылған жоғары оқу орны? Киров атындағы ҚазМУ (қазіргі Әл-Фараби атынд.ҚазҰУ)
7.Қазақ өлкесін зерттеу қоғамы құрылды? 1920 жылы
8.Алғашқы қазақ дәрігері, тарихшы, профессор? С.Асфендияров
9.ХХ ғасырдың 2-жартысында танымал бола бастаған жазушы-әдебиеттанушы? М.Әуезов
10.КСРО Ғылым Академиясының қазақстандық базасы құрылды? 1932 жылы
11.КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы болып қайта құрылды? 1938 жылы
12.1910 жылы жарық көрген алғашқы қазақ романы? «Бақытсыз Жамал»
13.Әйел теңсіздігі тақырыбы көтерілген қазақ романдары? «Қалың мал», «Қамар сұлу», «Кім кінәлі»
14.ХХ ғасыр басында Кеңес өкіметін мадақтаудан бас тартқан Ж.Аймауытовтың шығармалары? «Қартқожа», «Ақбілек», «Шернияз»
15.1926 жылы жарық көрген Қазақстан Жазушылар Одағының негізін салушы ақын, прозашы С.Сейфуллиннің шығармасы? «Тар жол, тайғақ кешу»
16.1937 жылы жарық көрген І.Жансүгіровтың поэмасы? «Құлагер»
17.Социализм мен коммунизм құрушылардың дүниетанымын эстетикалық жағынан көрсететін көркемдік әдіс? Социалистік реализм
18.1938 жылы жарық көрген С.Мұқановтың шығармасы? «Ботагөз»
19.1926 жылы Қызылорда да, 1928 жылы Алматыда алғашқы Қазақ драма театры сахналаған М.Әуезовтың трагедиясы? «Еңлік-Кебек»
20. Қай жылы А.Жұбанов Қазақ музыкалық аспаптар оркестрі, филармония мен Қазақ музыкалық театрын құрды? 1934
21.1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігінде қойылған опералар? «Қыз Жібек», «Жалбыр»
22.«Қыз Жібек» операсын орындаған «қазақ бұлбұлы» атанған әнші? К.Байсейітова
23.Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалады? Ә.Қастеев
24.Алматы қаласында деректі қысқа метражды кинолар түсірген алғашқы киностудия жұмыс жасады? 1929-1931 жж.
25.Алматы кинхроника студиясы ашылды? 1934 жылы
26.1938 жылы Леньфильм түсірген басты рөлді Е.Өмірзақов сомдаған фильм? «Амангелді»
Достарыңызбен бөлісу: |