§ 1 «Орталық Азия»


§ 41. Мемлекеттік егемендікті жоғалту



бет18/25
Дата09.11.2022
өлшемі110,8 Kb.
#48751
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
§ 1 «Орталы Азия»

§ 41. Мемлекеттік егемендікті жоғалту
Ресейдің өз аумағын кеңейтуге деген ұмтылысы – Орталық Азияға қызығушылығын тудырды.
1.Қазақ даласын «Шығыстың кілті және қақпасы» деп атаған орыс патшасы? І Петр
2. Император Анна Иоановна Кіші жүзді протректорат құқықтарымен Ресейдің қол астына қабылдау туралы грамотаға қол қойды? 1731 жылы 19 ақпан
3.Орынбор экспедициясы деп аталған ұйым құрылған жыл? 1734
4.Орынбор экспедициясының міндеті? Қазақ даласына бақылау жүргізу
5.1735 жылы осы қаланың негізі қаланып, 1744 жылы губерния орталығына айналды? Орынбор
6.Кіші жүз қазақтарына Жайық өзені бойында көшіп-қонуға және оның оң жағасына өтуге тыйым салған Орынбор губерниясының алғашқы губернаторы? И.Неплюев
7.1780 жылдары Кіші жүздегі хан билігін жоюға әрекеттенді? О.Игельстром
8.1801 жылы Жайық жағасында негізі қаланып, 1845 жылға дейін сақталған хан ордасы? Ішкі Орда (Бөкей)
9.Әбілхайыр ханның немересі Бөкейге өз қоластындағы рулармен Жайықтың оң жағасына көшуге рұқсат берген жыл? 1801
10. «Сібір қырғыздары туралы жарғы» қабылданған жыл? 1822
11.1822 жылғы Жарғы негізінде бөлінді? Облыс→Округ→Болыс→Ауыл
12.Орта жүздің соңғы ханы Уәли қайтыс болған соң қалыптасқан жағдай? Хан билігі жойылды
13.1822 Жарғы бойынша Округты басқарды-аға сұлтан, болыстарды-болыс сұлтаны, ауылдарды басқарды? Ауыл старшыны
14. «Сібір қырғыздары туралы жарғының» қабылдануы Орта жүздің іс жүзінде Ресей империясының құрамына кіруін білдірді.
15.1824 жылы «Орынбор қырғыздары туралы жарғының» қабылдануы? Кіші жүзде хан билігі жойылды
16.Кіші жүздің соңғы хандары? Шерғазы мен Арғынғазы
17.Жарғы бойынша Кіші жүзді басқаруды жүзеге асырды? Орынбор шегаралық комисия
18.Жарғы бойынша Кіші жүз бөлінді? Бөліктер→дистанция→ауыл
Бөліктерді сұлтан-әкімдер, дистанцияларды дистанция басшылары, ауылдарды старшындар басқарды
19.Жарғы бойынша қылмыстық істерді қарады? Әскери сот, Шегаралық комиссия
20.ХІХ ғасырдың бас кезінде Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан облыстары қоластына өткен ортаазиялық хандықтар? Қоқан, Хиуа
21.Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия бағытындағы орыс басқыншылығы жүргізілді? Арал мен Жетісуда
22.Жетісудың солтүстігіндегі бірнеше орыс бекіністері Сібір казактары шебін жалғастырған жыл? 1825
23.Арал мен Сырдарияның сағасында Сырдария шебін құрайтын форттар пайда болған жыл? 1840
24.Қай жылы орыс әскері қоқандық Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) бекінісін басып алды? 1853
25.Верный (Алматы) бекінісінің іргесі қаланған жыл? 1854
26.Сырдария және Сібір әскерлері қосылып, Әулиеата, Түркістан мен Шымкенттен Түркістан облысы құрылды. 1865 жылы
27.1866 жылы Ташкентті орыс әскері алғаннан кейін Түркістан генерал-губернаторлығы құрылып, оның құрамына кірген облыстар? Жетісу мен Сырдария
28.1867-1868 жылдары қазақтар мекендеген облыстарда «Басқару туралы уақытша ереже» бойынша қазақ аумағы бөлінген генерал-губернеторлықтар саны? Үш
29. Орал мен Торғай облыстары құрамына кірді? Орынбор генерал-губернаторлығына
30.Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы құрамына? Ақмола мен Семей облстары
31.Сырдария мен Жетісу облыстары? Түркістан генерал-губернаторлығына
32.Бөкей Ордасының жері қарады? Астрахань губерниясына
33.Ереже бойынша облыстарды басқарды? Губернатор
34.Ереже бойынша ауылдарда билер соты, Түркістан өлкесінің отырықшы халқында сақталды? Шариғат бойынша қазылар соты
35.1899-1905 жылдары салынған теміржол желісі? Орынбор-Ташкент
36.Қазақ қоғамында малынан айрылған көшіп-қонуға мүмкіндігі жоқ кедейленген адамдар тобы аталды? Жатақтар
37.Жатақтар айналысқа кәсіп? Балық аулау, тасымал, шахта кәсіпшілігі
38.Отаршылдық саясаттың игі істерінің ішінде атап өтуге болады? Бастауыш мектептер мен медициналық орталықтар ашу

§ 42-43. Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі.
1.Қазақтар өздері аңсаған еркіндік пен жер ссыйлайды деген үмітпен Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысты? 1773-1775 жылдары
2.Жылқы мен малдың тәркіленуі Ұлы Далада аштық тудырған 1783 жылдың қыстағы жұты тудырған көтерілісті бастады? Сырым Датұлы
3.1785 жылдың басында Сырым Батырдың қоластындағы көтерілісшілер саны? 6 мың
4.Көтерілістің негізгі талабы:
- Жайық жағасындағы жерлерді қазақтарға қайтару,
- Казактардың шабуылын тоқтату,
-Ресейдің ықпалындағы Нұралы ханды биліктен шеттету
5.1786жылы Орынборға қашқан кіші жүз ханы? Нұралы
6.Орыс әкімшілігінің бекітуімен Кіші жүз билігіне келді? Ералы
7.С.Датұлы бастаған көтеріліс қамтыған аймақ? Батыс Қазақстан
8.Мәтін: «Ол 1796 жылы орыс өкімет орындарының ұсынуымен Кіші жүзге хан болып жарияланды. Хандық билік отаршылдарды қолдаушы билікке айналды. Хан өзін орыс отаршылдық билігінің адал қызметшісі ретінде көрсетті. Сондықтан 1797 жылы көктемде Сырым жасақтарының бірі хан ордасына шабуыл жасап, оны өлтірді». Мәтінде сипатталған Кіші жүз ханы? Есім
9.С.Датұлы бастаған шаруалар көтерілісінің нәтижесі? Қазақтар Жайықтың оң жағасына көшуге рұқсат алды
10.1823 жылы басты себебі хан билігін жоюға қарсы шыққан Кіші жүздегі көтеріліс жетекшісі? Жоламан Тіленшілұлы
11. Орта жүз қазақтарының «Сібір қазақтары туралы Жарғыны» енгізуден туындаған наразылық көтерілісінің жетекшісі, Қасым төре ұлдарының бірі? Саржан Қасымұлы
12.1836 жылы Қоқанның Ташкенттегі жергілікті әкімі қолынан бауырларымен бірге қаза тапқан көтеріліс жетекшілерінің бірі? Саржан Қасымұлы
13.1836 жылы Бөкей Ордасында өз туы астына 2 мыңдай адамды жинаған көтеріліс жетекшілері? Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы
14.1838 жылғы 12 шілдеде өткен шайқаста нағыз ерлік көрсеткенімен жеңіліске ұшырап қаза тапқан көтеріліс жетекшілерінің бірі? Исатай Тайманұлы
15.Абылай хан ұрпағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыс уақыты? 1837-1847 жж.
16.К.Қасымұлының өмір сүрген жылдары? 1802-1847
17.1838 жылы тамызда Кенесары әскері басып алған бекініс? Ақмола
18.Қай жылы Кенесары хан болып сайланып, Қазақ мемлекеттілігі қалпына келтірілді? 1841 ж.
19.1845 жылы күзде орыс әскерлері шабуылға көшіп, Кенесары қолы шегінген аймақ? Оңтүстік Қазақстан
20.Қай жылы Кенесары жасақтары Қоқан мен Қырғыз әскерлерінің қоршауына түсіп, хан қазаға ұшырады? 1847

§ 44-45. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет