Қ а з а қ сср ғ ы л ы м а к а д е м и я с ы м. О. ӘУезов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата30.03.2017
өлшемі3,05 Mb.
#10605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

17 

затын ақындар осы жағын ескерсе деген сөзді тілек ре-
тінде айтып тұрмын. 
Абайдың «Самородный сары алтын» деп бағалаға-
нындай, өлеңнің осы «Самородный сары алтындай» сөз-
дермен жазылуына талап қойылады. Сонда ғана халық 
ақындары жазба ақындарымен жарысқа түсе алады. 
Бұл жағынан жазба ақындары көп өсіп кеткен. Жазба 
ақындарының ішінде үлкен талантты жастар бар. Олай 
болса, ондай ақындармен жарысу үшін жоғарыда ай-
тылғандай өлеңдер туғызу керек. 
Жазба ақыңдарының ішінде де мынадай пікір айта-
тындары бар: халық ақындары да жазатын болып кеткен 
жоқ па. Олар да біздей жазып өлең шығарсын, бізге 
қойылғандай талап оларға да қойылсын дегенді айтады. 
Бұл халық ақындарына қатал да қиын шарт көрінгенмен, 
қазіргі үлкен талаптың заманына үздік өлең үлгілерін 
жазуға ұмтылу деген сөз, дұрыс сөз. Сіздер де соны 
ескеріп, жазушы ақындардың өзімен білек сыбанып 
жарысқа түсіп, ақындық сөздің сапасын арттыра беру 
жайын мықтап ойласады ғой деп сенемін. 

Кенен ӘЗІРБАЕВ 
ЕЛ БАСТАҒАН КЕМЕҢГЕР 
Никитажан, құлақ сал, 
Сенің орның бір төбе. 
Қуанышын Кенен шал, 
Өз алдында іркерме! 
Шәкіртісің Лениннің, 
Шар тарапты болжаған. 
Бар өмірін елінің, 
Бақытына арнаған. 
Батырысың халқымның, 
Күрестерде жүлде алған. 
Мақсатысың ақынның, 
Қиялында жыр болған. 
Қуаныспай қалама, 
Саған қалам, ауылым. 
Көз жіберсек соларға: 
Бәрі өзіңнің бауырың. 
Қуанышы еліннің, 
Күңде өзіңе дем берер. 
Тойды баста, кел, інім, 
Ел бастаған кемеңгер. 
19 

Калқа ЖАПСАРБАЕВ 
КОММУНИЗМ ШЫҢЫНА 
Орындалды Маркстің 
Әуелгі мақсат, талабы. 
Ғылым-өнер анасы, 
Маркс пенен Лениннің 
Томына жазған сабағы. 
Барлық ғылым, бар -өнер 
Ленин менен Маркстің — 
Сабағынан тарады. 
Айдың тұрған мекені— 
Аспанның анау қабағы. 
Біздің совет ғылымы 
Адамсыз айға барады. 
Аспан-жердің арасын 
Ракета аралап 
Айды, Күнді шолады. 
Картасы мен советтің, 
Қызыл туын Отанның 
Ай төсіне қадады. 
Алысқа ұшып, бірінші 
Ай қасына барған кім? 
Сағат жарым — заматта, 
Аспан-жердіқ арасын, 
Жүлдыздайын шолған кім? 
Айдың сыртын айналып, 
Суретке оны салған кім? 
Жеті айналып жер шарын, 
Қайтып келіп қонған кім? 
Бірінші ұшқан аспанға 
Біздің совет адамы. 
Бірінші өнер жасаған 
Біздің совет маманы. 
Сілкіндірді жер шарын, 
Гагариннің хабары. 
Осындай білім білгізген, 
Ауасыз көкте жүргізген, 
Жансыз сұңқар мінгізген, 
Қоммунистік партия 
Басшылық еткен заманы. 
21 

Аспаныңды аралап, 
Халқым келді күшіне. 
Көк кемесі жасалды 
Құйрықты жұлдыз ішінде. 
Соны қолдан ұшырған 
Жұмысшылар, ғалымдар 
Біздің елдің ішінде. 
Сұмырай жау соқтығып, 
Қатер туса дүниеде, 
Бейбітшілік ісіне, 
Ракета жасалды, 
Жай оғындай жарқылдап, 
Жау үстінен түсуге. 
Мұның өзі дәулетім 
Алға қарай артқан іс. 
Коммунизм шыңына, 
Халқым батыл тартқан іс. 
Ғылым менен өнердің 
Тасуынан тапқан іс. 
Адам ұшып аспанға 
Айға тұңғыш аттаныс, 
Ойлаңдрашы халайық, 
Қандай абырой, мақтаныш! 
Гагариннің қалыспай, 
Титовтан да алыстай, 
Ұрпақтарым қаптай үш! 
Космосқа адам ұшырған 
Кім естіген ғасырды? 
Тана тағып айыңа, 
Кім өнерін асырды? 
Көктей өткен көгіңді 
Космонавт — қос ұлды, 
Кім ұшырды, кім туды, 
Кімге әлем бас иді?... 
— Уа, ұлы Отаным, 
Достың көңілі тасыды, 
Жаудың көңілі басылды. 
Коммунистік партия, 
Арта берсін абыройың, 
Алдыңа идім басымды. 
22 

Халима ӨТЕҒАЛИЕВА 
АНА ҚУАНЫШЫ 
Өнерің құтты болсын, қыз бен ұлым, 
Көзіме жанар құйған жарқын жүзің. 
Сан жерден сыралаған сандақтарым, 
Шашайын шашу қылып сөз жұлдызын. 
Анаңмын ақ сүт беріп аялаған, 
Бала үшін ана жанын аямаған. 
Өмірге сәуле шашқан Компартия, 
Жан біткен жарығында саялаған. 
Нәр алған күн көзінен кәрі көмей, 
Қоя ма ұлы дүбір жан тербемей. 
Ел сеніп, екшеп алған ұл мен қызым, 
Арнаған ақтарылсын жырым өрлей. 
Қуатым, қуанышым көздің нұры, 
Құйылсын көкейіңе ана жыры. 
Оралсын сауыт болып жүрегіңе, 
Белгілі жиырма жылдың алтын сыры. 
Ақталсын ел сенімі, ел тірегі, 
Ер болсаң ерден туған ел тілегі. 
Даңқын еліміздің көкке көтер, 
Ұл, қызым сенен соны ел тіледі. 
Ақ шашым күміс жапқан күн сүйеді, 
Ағындап ағытылды тіл тиегі. 
Нұрынан партияның сәуле түсіп, 
Бұлақтай көкірегім күнде иеді. 
Арнайды ардагерге ана даусын, 
Қалың ел сүйенетін асқар таусың. 
Алдыңда көш бастаған партия тұр, 
Өзіде, еліңе де бақыт жаусын. 
Шыдамай қуанышқа өлеңдетем, 
Өлгенше қызығыңды жырлап өтем. 
Ұрпағы партияның ұл мен қызым, 
Аянбай алдарыңда қызмет етем. 
Шыдай ма бала десе ана жүрек, 
Тоя ма балаға ана бақыт тілеп. 
Ақтар деп ел сенімін анаң сенет, 
Ұшырған қырандарым қолдан түлеп. 
Күн берген, өмір берген Ленин көсем, 
Өмірім сөзге сыят қалай десем. 
Дайындап жырдан шашу жеті жылға, 
Асығып күтіп жүрген ақын шешең. 
23 

Майасар ЖАПАҚОВ 
КӨМІРЛІ ҚАРАҒАНДЫМ —ҮШТІҢ БІРІ 
(Сайран әнімен айтылады) 
Отаным алабыңа шықсам қарап, 
Ерліктің еңбегі артқан минут санап. 
Кен қалқып Кузбасс, Донбасс, 
Қарағанды, 
Жарысқа шақырады кел, мұңдалап. 
Магнитке болат балқып алқа таққан, 
Жұлдыздай электрім жымың қаққан. 
Жезқазған, Ақшатау мен Успен кенім 
Сары алтын сай-саламнан сел боп аққан 
Балхаштан мыс Еділі тынбай аққан, 
Мәңгілік өшпес өмір шамын жаққан. 
Дабылы әлемге аян, Қарағанды 
Қара алтын бейне теңіз толқын атқан. 
Көмірлі Карағандым күштің бірі, 
Отанда отын қоры — үштің бірі. 
Отынсыз өмір де жоқ, өнім де жоқ, 
Әр үйге жылу берген қыстың күні. 
Халалуләйлім, 
Әләлуләйлім, 
Сайрандаймын, уәй, уәй! 
Құмар ЖҮСІПОВ 
ЖАҢА ӨМІР 
Тарихта болған емес мұндай ғажап, 
Ракета жерден ұшқан айды орап. 
Қақ жарып көк мүхиттың өр кеудесін, 
Бара алдық құпиясын әбден болжап. 
Қайнары ұлы арнаның көкке тасып, 
Ғылыммен Космостың жолын ашып, 
Көрсеттік бүкіл дүние — адамзатқа, — 
24 

Суретке айдың арғы бетін басыл, 
АҚШ-тан Отанымның беделі артып, 
Атомдық мұз жарғышы суда қалқып, 
Бөленіп зор табысқа қала-дала, 
Қуаты халқымыздың өсті шалкып. 
Ойға алсам жаңа өмірді кетем балқып, 
Қиялым аспандағы бұлтты қарпып. 
Ғылымның екпініне қарап тұрсақ — 
Алғандай Юпитерді бері тартып. 
Күш берді жаңа өмір мен жаңа заман,— 
Табысқа бастап бізді алып қыран — 
Коммунист партиясы дем берген соң, 
Шыңына коммунизм бастық қадам. 
Аманжол ӘЛЖАНОВ 
ТЫҢ ӨЛКЕГЕ ТУ ТІКТІК 
Тың өлкеге ту көтерген халқымыз, 
Жігерленіп күшті косып жалпымыз. 
Тың игеріп, мол өнімді біз алсақ, 
Сонда шығар шың басына даңқымыз. 
Өнімдердің неше түрін берейік, 
Техниканың нөсер күшін төгейік. 
Баға жетпес тегін жатқан байлықты, 
Жеріміздің асты-үстінен терейік. 
Асыл кенін Тың өлкенің анықта, 
Келешекте ырыс болсын халыққа. 
Агроном да, инженерлер, мамандар 
Елің көрсін шығар соны жарыққа. 
Сонда халқым байлық кернеп толымдайт, 
Хауіп қылып еш нәрседен қорынбайт. 
Тракторист, шофер менен малшылар, 
Нормаларын артығымен орындайт. 
Алғыр іспен қос тізеңді кәрі-жас, 
Қайратпенен қарқын көрсет қажымас. 
Аспанға өрлет Тың өлкемнің тұрғысын, 
Сонда бізге дұшпан жуық дарымас. 
Бұл көктемді қарсы алушы апрель, 
Сағынып тұр құшақ жайып бүкіл ел. 
Топқа түскен балуандарша сыбанып, 
Бірін-бірі шақырғандай келші-кел, 
26 

Өлке бізге келгей емес алыстан, 
Өз еліміз, өз жеріміз танысқан. 
Бетін ашып тұнық жатқан қазынаның, 
Озбақшымыз талай-талай жарыстан. 
Егінші мен малшылардың еңбегі, 
Қатар түсіп бәсекемен шабысқан. 
«Еңбек ерден, өнім жерден» демеп пе еді, 
Ұлы көсем Ленин сынды данышпан. 
Бақытты елім, көрсет биыл күшіңді, 
Нұрға бөлеп ішің менен тысыңды. 
Алтын кітап алдымыздан шықпақшы, 
Түсір соған еңбек етіп ісіңді. 
Тың өлкеміз жеңілдетпек ауырды 
Орнатпақшы игілікті дәуірді. 
Бұрқылдатып техниканың күшімен, 
Құлпырта бер қаламыз бен ауылды. 
Бақытты елден ақын сұрар қалауын, 
Атап айтып әрбір түрлі тарауын. 
Қалау алып Тың өлкемнің алдынан 
Көтермекпіз жеңіс қызыл жалауын. 
Нұрлыбек БАЙМҰРАТОВ 
ЛЕНИН НҰРЫ 
Аспанда айды алқалап күнді қүшып, 
Қызыл тіл қақшы қанат, қияға үшып. 
Жайық, Сыр, Еділ, Ертіс, Оралды өрлеп 
Алатау, Қаратауға бар жылысып. 
Шешілер сөз түйіні кейінірек 
Әлеумет, терең тыңда, ойға түсіп. 
Жем, Сағыз, Бақанас пен Есіл, Нұра, 
Ойда орман, қырда тоғай өскен бұла. 
Орғытып Оқжетпестің басына шық, 
Бөленіп қуанышпен қалсын бұ да. 
Қарт Алтай сенде жаста өспеп пе едім, 
Қия тас табанымды кеспеп пе едің. 
Қайда барсам көргенім қиянат боп, 
Қаңбақтай жел айдаған көшпеп пе едім. 
27 

Арқадан бармап па едім Алатауға, 
Мен одан сұрамап па ем жанға сауға. 
Жер жетпей алақандай алабыңнан, 
Ақырда түспеп пе едім құрған ауға. 
Қаратау басың қырау жолың тармақ, 
Қан төгіскен, жауласқан қазақ, қалмақ. 
«Ақтабан-шұбырынды» атыс-шабыс, 
Шайқалған шаруа күйреп, қирап 
шаңырақ. 
Ұйысып Оралдан да ел ығысқан, 
Жау қамап, жан таласып іштен-тыстан. 
Қапыда қанды-қасап қолға түскен 
Исатай, Махамбеттей екі арыстан. 
Зілзала жердік жүзін басқан тұман, 
Қиналған қырда құмай, тауда құлан. 
Ер құнын, ел қайғысын көріп сонда 
Сілкінді тау бүркіті сайып қыран. 
Қелте айтсам біз сол елміз — Қазақстан, 
Сынадай қос құрсауда сығылысқан. 
Лениндік партияның әділ жолы, 
Құтқарды шерлі-шекпен қанды уыстан. 
Қаһарман әділ нұрдан қайрат туды, 
Ол қайрат ел қайғысын айдап қуды. 
Кезге нұр, бойға жігер, ойға сана, 
Қолға — алмас, белге — семсер 
байлаттырды. 
Булыққан бұлбұл тілдің үні шықты 
Халықтың аңсап күткен күні шықты. 
Көкте құс, суда балық, жерде қазына 
Иіліп Нұр алдына тізе бүкті. 
Әлемде аты әйгілі осы Нұрдың, 
Атасы өнер-білім, өлең-жырдың 
Ол Лениннің мызғымас партиясы — 
Көсемі адамзаттың, СССР-дың. 
28 

Белгібай БЕКТҰРҒАНОВ 
ОҢТҮСТІКТІҢ ТАБЫСЫ 
Оңтүстік көлемі үлкен өңірдегі, 
Облыс табысы мол көңілдегі. 
Отырған жері Киров мақта аралдың, 
Мырзаның сары дала еді шөліңдегі. 
Құс ұшып ат тұяғы тиген емес, 
Жер еді қаусап жатқан өмірдегі. 
Жалғыз-ақ түйе қарын өсуші еді, 
Жоқ еді бұтаның да шөгірдегі. 
Сарғайып сағымданып жатушы еді, 
Жортпаған түлкі, қарсақ, бөрілері. 
Ізденіп инженерлер тоған қазып, 
Оңтүстік еңбекші елі ерінбеді. 
Ақтарды Сырдың суын шөл далаға, 
Өсіріп ақ алтынын өнім берді. 
Ерінбей еңбек ету арқасында, 
Мақтаның игілігін елім көрді. 
Жиырма бес, отыз мың сом еңбек алып, 
Шат болды колхозшының көңілдері. 
Ат кірсе мақтасына көрінбейді, 
Бәрі солай жоңышқа, егіңдері. 
Алмасы шәй кесенің көлеміндей, 
Қөздің жауын алады жүзімдері. 
Әрбір қауын, қарбыз құнан қойдай, 
Жайылған Қазықұрттың дөңіндегі. 
Біреуін асқабақтың көтере алмас, 
Түйенің омыртқасы беліндегі. 
Жайнатқан өз күшімен шөл даланы, 
Орасан үлкен табыс елімдегі. 
Таубай ҚИРАБАЕВ 
ҚОРҒАНЫМ КОМПАРТИЯ 
Қорғаным Компартия халқын сүйген, 
Азат қып қараңғылық қайғы күйден. 
Білімнің неше түрлі ашып жолын, 
Тапты ойлап ғылымпаздар өнер — мимен. 
Әйелге берді теңдік правоны, 
30 

Күндікпен өмірі өткен шықпай үйден. 
Жұмыскер жалшыларды жетілдірді. 
Басына бай болыстан таяқ тиген, 
Дәуірдің социалдық саясында, 
Өркендеп өмір өсіп, жібек киген. 
Өсірді шаруаның бәрін бірдей, 
Жаңа өмір жапырақтанып жайнап гүлдей. 
Бейбітшіл, берекелі өскен халық, 
Шыңына коммунизм құлаш сермей. 
Нұсқауын партияның орындамақ, 
Зор міндет алда тұрған асқар белдей. 
Өтсе өмір амалым жоқ, армандамын, 
Алдағы жиырма жылдың жүзін көрмей. 
Бекболат МЕРКЕМЕЛИДЕНОВ 
АҚЫНДАР ЖИЫЛЫСЫНА 
Сәлем бердім халықтың көнелері, 
Асыл сөз, шебер тілді өнегелі. 
Құттықтаймын, бірінші мәслихатты, 
Өлең-жыр әр уакытта өнер еді. 
Мың алғыс, миллион алғыс партияға, 
Шақырды қартайсақ та демегелі. 
Бұрынғы бай-патшаның заманында 
Тым болмаса, па, шіркін, демес еді. 
Алпыс, жетпіс, сексенді біз жасадық 
Жауыздар бізді қашан елеп еді. 
Мақтамай әділ сынды айта қалсақ 
Айып сап нелер сөзбен шенеп еді. 
Кешегі өткен дәуір уақытында 
Шаттықтың орнындағы кебеп еді. 
Аузы қисық болса да байлар сөйлеп, 
Қатарға бізді қашан теңеп еді. 
Нар түйе бақырмайт деп тыйым салды, 
Бірақ та сөз атасы өлең еді. 
Жатқанмен алтын жерде кір болмайды, 
Гүлденіп өлең міне көлеңдеді. 
Құрметтеп ұлы астана шақырғанда, 
Бекболат жетті көкке төбем деді. 
31 

Сондықтан гүл шашайык өлең, жырдан, 
Біріміз ұрандайық дария Сырдан. 
Төрт бұрышын Қазақстан түрлендіріп, 
Мен де үлес қосайын алтын тыңнан. 
Алатаудан асырып ұн шырқасақ, 
Тындасын сүйікті елім ой мен қырдан. 
Байтаққа, ұлы өлкеме мал толғанда 
Тасыпсын алтын дәнге құтты қырман. 
Ұл-қыздарым енбекке беріліңдер, 
Сеңдерге қолдан таққан гәуһәр сырғам. 
Еңбекке түсінбесең ұрпақтарым, 
Жаралған еңбек әуел ұлы нұрдан. 
Және бар ұлы қазына ғылым-білім, 
Ай астын, Қүннің көзін жарық қылған. 
Советтік ғылым, еңбек күшіменен, 
Көре алмаған дұшпанды ғарып кылған. 
Космонавт Гагаринді көрмейсіз бе? 
Мақтанға ұлы елімді қарық қылған. 
Бұған қалай қуанбас Совет елі 
Дүниеде бірінші боп барып тұрған. 
Бір білек, бір жүрекпен ұл-қыздарым, 
Еңбегін съезге арнап сарып қылған. 
Алға бассын, осындай әрбір ұя, 
Жерге кірсін дұшпандар, сұм-сұрқия. 
Ленин жолын бұлжытпай орындайтын, 
Мәңгі жаса, қолбасшы Компартия! 
Артық ЖЕКСЕНБАЕВ 
ҚАЗАҚСТАН 
Ақынның айтса көп қой өлеңдері, 
Компартия ел бастап кемеңгері. 
Өндіріс, мұнай, завод, шахтасы бар, 
Байлықтың Қазақстан деген жері. 
Алатау қойны толған алтын қазына, 
Ақтарып алып жатыр шеберлері. 
Бес түлік малды бағып ой мен қырға, 
Өсіріп жатыр жылда көп ерлері. 
Өсімдік неше түрлі егілетін, 
Жетерлік қыры менен өзендері. 
Игеріп жиырма миллион жаңа жерді, 
32 

Молайды ел мен жердің көлемдері. 
Еңбектен он жүздеген герой шығып, 
Өркендеп өсіп жатыр өрендері. 
Бауыржан, Мұсабек пен Мәліктердей 
Атақты толып жатыр көп ерлері. 
Партия басшылығы арқасында, 
Гүлденіп Қазақстан көгергені. 
Күн сайын агротехника күшеюде 
Халқымның арта түсті өнерлері. 
Көпшілік көп жалықпас құлақ салар 
Келемін Жетісуға төмендегі. 
Мақтауға Талдықорған сыйып отыр, 
Халқым таңдап асылды киіп отыр. 
Орнатып екі жерден сахар завод, 
Қанттарын ақша қылып үйіп отыр. 
Елімнің еңбегіне риза боп, 
Жетісу жеті емшегін иіп отыр. 
Арттырып малдың сан мен сапа жағын, 
Жоспардан артық жүн, сүт құйып отыр. 
Кешегі қотыр қала Талдықорған, 
Төбесі бүгін көкке тиіп отыр. 
Қазақстандық миллиардқа үлес қосып, 
Талайдан мәртабасы биік отыр. 
Партияның жиырмасыншы съезінің 
Қаулысына бар халқым ұйып отыр. 
Ел көшіп мәдениетке жыл-жыл сайын, 
Компартияны ел, жұртым сүйіп отыр. 
Тәңірберген ӘМІРЕНОВ 
БАҚЫТ 
Жаз болса қырды жайлап, тауды қыстап, 
Аяққа шәркей байлап, таяқ ұстап. 
Мал жайып, қаңғып өткен қазақ едім, 
Әр сайға көшіп-қонып, салмай қыстақ. 
Кигіз үй шаңырағы ыс жалаған, 
Баспана болатұғын қыста маған. 
От көсеп, қолымменен шеңгел шауып, 
Көң бар ма мен уыстап ұстамаған? 
3-153 
33 

Енді мен еркін елмін, мақтанамын, 
Достармен қатар алға, аттанамын! 
Енемін, еркін ашып шахта қойнын, 
Аңыратып поезды алға, ап барамын. 
Сары жонға су бұрамын, нуды ақтарам, 
Домнаның болаты да қымбат маған. 
Өлкемнің өндірісті мұржасындай, 
Түтіні заводтардың будақтаған. 
Халқымның бақыт тиді дестесіне, 
Енді жыр екпіндетіп еспесін бе? 
Байлығым — ұлан-байтақ жерім менің, 
Сыймайды Меңделеев кестесіне. 
Халқымды Отан өзің мәпеледің, 
Партия қандай қамқор, әкем едің! 
Сен маған көрік бердің, ерік бердің, 
Мен саған алғыс жырын әкелемін! 
Қазақтың, гүлге оранған дүз баласын, 
Дұспандар көре алмаса, тұз жаласын. 
Партия парасатпен баулып отыр, 
Қырандай қырда туған өз баласын. 
Ежелден ел баласы — батыр адам, 
Ер жүрек, ізгі ниет батыл адам. 
Серпінді семсерінен сарбазымның, 
Жау қорқып жапырақтай қалтыраған. 
Ежелден ел баласы — ақын адам, 
Ерлікті жырлауға өтпес ақыл одан. 
Жырласам бейбітшілік батырларын, 
Күш берер құдіретті халқым маған. 
Өмірде өрен күші сарқылмаған, 
Нәр алып партиядан қарқындаған. 
Жол тартқан коммунизм асқарына, 
Паш еткен батырлықтың даңқын ғалам! 
34 

Жұматай МӘДИЕВ 
ТОЛҒАУ 
Сыналдың кеше күндіз әнге тастап, 
Тотыдай тұғырдағы бойды баптап, 
Бір күннен бір күніміз тәтті болсын, 
Толғайық, ой-жүректі қайра бастап. 
Кейбіреу тақыр таулы жерін айтты, 
Кәнекей, кім сипаттап ерін айтты, 
Сауыншы, қойшы, малшы аты аталмай, 
Табыс жоқ, құр мадақтап елін айтты. 
Мен кірдім бірінші айтыс айғай дуға, 
Құр келіп мәз боп кетпен шыққан буға, 
Тың өлкем, даңқы артқан Көкшетауым, 
Тоқтаймын табысы мол «Қызылтуға». 
Көкшетау кең дәулетке қорда болған, 
Атағы жазса сыймас том да болған. 
Сері, сал, жазушылар, балуан мықты, 
Білімнің аймағына орда болған, 
Сөздері шешендерімнің шекер балдай, 
Жазылған асыл сөзі алтын таңдай, 
Шалқисың кәне қайсың менен артық, 
Тауып бер, шешеніңді Біржан салдай. 
Қозғаушы ед Біржан салым өлең кенін, 
Сыйлаған Біржан сал деп барлық елің, 
Шоқаным сөз атасы, Балуан Шолақ 
Сайрандап, өтті-ау неше Ақан серім. 
Көк шоқы сипаттайын жерлерімді, 
Шығатын алтын, күміс кендерімді. 
Иванов, Қажым сынды Багиндерді, 
Көркейтіп айта кетем ерлерімді 
Көкшеде қалың дәулет қызық тойлар, 
Сексен көл жұпар аңқып бұлақ қайнар. 
Емденген бар халқыма шипа беріп, 
Теңі жоқ Бурабайым гүл-гүл жайнар. 
35 

Көкшеге егескенмен — ел жетпейді, 
Көліме жүз таластыр көл жетпейді. 
Төселген көк кілемдей көк майса шөп, 
Даңқы мол Бурабайға жер жетпейді. 
Өлеңге кеше түстім бойды күтпей, 
Қорықпан енді өлеңнен бүгін титтей. 
Қызылту Ташкент десем жаңылмаспын, 
Рузаев бір ауданым Гурьевтей. 
Ел үшін жан қиятын төсімде жыр, 
Дәулетімді айта алмасам бітпейді шыр. 
Сұрасын кім нанбаса Москвадан, 
Есімі екі ауданның эфирде жүр. 
Үндемей мен қаламын енді неғып, 
Көкшеден жатқан болса дәулет ағып. 
Көкшетау көп жаса, деп бес жыл бұрын, 
Брежнев келіп кеткен орден тағып. 
Дәулетпен көтерілер ел еңсесі, 
Ерлерім ұлы Отанның бәрі еркесі, 
Астық беріп, жігерлі еңбекпенен 
Жолығар астанада Тың өлкесі. 
Бергені ұлы Отанның жеміс, білім, 
Табыстың сыпаттадым әрбір түрін. 
Жауға атқан оқ тәрізді көкті шарлап, 
Ғылымның кілтін ашқан Гагаринім. 
Үлгі алсам бас қосысқан ұлы тойдан, 
Ақын боп Тың өлкеде қанат жайған. 
Ел үшін салып күшті айттым толғау, 
Тарту ғып астанаға Жұматайдан. 
Елімнің көп жастары өнер қуды, 
Ел үшін білім теріп белді буды. 
Қадірлі халқымызға мына отырған, 
Жазушы Ғабит, Сәбит бізде туды. 

ЕКІНШІ КҮН 
Қазақ ССР Ғылым академиясының 
мүше-корреспонденті Е. ЫСМАЙЫЛОВТЫҢ сөзі 
Жолдастар, кешеден бері қазіргі халық поэзиясы 
туралы сіздермен бірталай әңгімелесіп жатырмыз. Қа-
зіргі коммунизм дәуірінде халық ақындарының бұрын-
соңды айтқан сөздерінің қайсысы пайдалы, қайсысы 
пайдасыз деген мәселе газет бетінде де көтеріліп жүр. 
Біз халық әдебиетінің нұсқаларын зерттегенде, жинаған-
да ертеде айтылған сөздердің бәрін ала бермейміз. 
«Жылтырағанның бәрі алтын емес» дегендей, олардың 
ішінде біздің жаңа мәдениетімізге, жаңа салт-санамызға 
пайдалыларын, ақын-жыршылар таратып айтқан мол 
дүниенің нағыз асылын іріктей аламыз. Даналық та, 
тапқырлық та, өнегелі шешендік те халық жырларынан 
табылады. Халық достығын, ізгі адамгершілікті, ерлікті, 
отаншылықты — ардақтайтын көркем сөздер бүгінгі жас 
қауымды қызықтырмай қоймайды. Мысалы, бұрынғы 
«Қыз Жібек», «Қобыланды», «Қозы Көрпеш», «Ер 
Сайын» жырлары қазақ әдебиетінің ең асыл қоры, бұлар 
біздің жаңа мәдениетімізге керекті еңбектер. Мұндай 
мұраларды әрқашан қастерлейміз, зерттеп, басып шыға-
рып халықтың өзіне қайта ұсынамыз. 
Сонымен бірге халық ақындарының өздері тыңнан 
шығарып таратқандары да, бір-бірімен айтыс түрінде 
жырлаған дүниелері де, сондай-ақ ақын емес, бірақ бу-
кіл көпшілік қауымында ауызекі айтып жүретін ертегі-
лер, мақал-мәтелдер, тақпақ, күлдіргі сөздер барлығы 
да социалистік мәдениетіміздің игілігінен іріктеп алы-
нып отыратын халық мұрасынан саналады. 
Міне, осы тұрғыдан қарағанда бүгін біз ел аузында 
37 

бұрыннан сақталып келе жатқан әдеби нұсқалары қалай 
жиналып және жиналған нұсқалар қалай іске асырылып 
отыр деген тақырып төңірегінде кеңеспекбіз. 
Біз барлығыңызды да халық ақыны, халық жыршыла-
ры дейміз, алайда халық ақындарының ішінде өзара 
жіктері де бар сияқты. Бір ақын бар, ақпа-төкпе, қан-
дай тақырыпқа болсын қолма-қол суырып салып айтады. 
Ондай ақындарды суырып салма шешен, тапқыр жүйрік-
тер дейміз. Мысалы, Жамбыл, Нүрпейіс, Нұрлыбек, Иса 
сияқтылар. Енді бір қатар ақындар өз жанынан не жа-
зып, не суырып салып шығарып кетпейді, бұрынғы жыр-
ларды жадында сақтап айтып береді. Бұларды жыршы-
жыраулар дейміз. Мысалы, атақты мұрын жырау өзі 
ақын емес, бірақ бұрыннан жаттағандарын жазулы 
хаттай толық, шебер жырлай біледі. Ол Гурьевтің 
Маңғыстау түбегінен келіп, Алматыда бір ай жатқанда 
біз одан Қырымның «Қырық батырын» жазып алдық. 
Байтабынов Айса, Шапай, Рахмет сияқты жыршы-жы-
раулардан да халық әдебиетінің үлгілерін жазып алдық. 
Ал Нүрпейіс, Жамбыл, Нартай, Төлеу, Қазанғап, қазіргі 
Омар, Иманжан сияқты ақындар да өз шығармалары-
мен қатар, бізге бұрынғы жырларды да жадында сақ-
тап жеткізді. Мәселен, «Қарасай-Қази», «Төрехан», 
«Нарғыз» атты күрделі дастандарды айтумен бірге, Нүр-
пейіс Отан соғысының ерлері: Төлеген Тоқтаров, комис-
сар Пожарский, генерал Панфилов сияқты даңқты ерлер-
ді дастан етіп жырлады. Бұлар суырып салма, шешендік 
өнер мен жаттап айтқыш жыршылық өнерге бірдей май-
талман бір алуан ақындар. 
Өлеңшілердің үшінші тобы, басқалардың шығарға-
нын жаттап алып, әсіресе ауылдық жерлерде осы жат-
тағандарын әнмен ойын-сауық думанның ортасында жү-
ріп жырлайтындар. Ендігі бір топ — әрі ақын, әрі әнші, 
әрі өлеңшілер. Бұларды халық ардагері, халық өнерпаз-
дары десек те болады. Міне, осындай ақын-жыршы, өнер-
паздардың барлығы да бүгінгі біздід жаңа мәдениеті-
мізге, жаңа өнерімізге, социалистік мәдениеттің барлық 
саласына да өз орнымен, өз жолымен пайдасын тигізге-
ні мәлім. Бүгін біздің арамызда болмағанмен Нартай, 
Иса сияқты жүйрік ақындардың айтқыштық, әншілік 
еңбектері, ақындық өнер дәстүрі ұмытылған жоқ. 
Сұрапыл соғыс кезінде майдандағы және тылдағы 
ерлікті, советтік патриотизмді бұлар бұрынғы батырлар 
38 

жырының тамаша үлгілерінің біріндей етіп айтып берді. 
Ғылым академиясы мен Жазушылар одағы әр уақытта 
осылардың шығармаларын, білген-тергендерін жинап. 
қағазға түсіріп ала берді. Бірақ соның бәрі бірдей басы-
ла бермейді. Оның ішіндегі керектісі ғана баспаға бері-
леді. Бізбен хат арқылы байланысып, бұрынғы әдебиет 
үлгілерін жинап беріп отырған жүзге тарта ақын-жыр-
шы, өлеңші-әншілер, ұқыпты тілшілер бар. Бұл тілшілер 
(корреспондент ақындар) барлығы да ғылым орында-
рының жәрдемшісі, екінші жағынан халықты еңбек сүй-
гіштікке, ізгі адамгершілік қасиетте тәрбиелеу ісімізге 
де колғанат. 
Осы ақын-жыршыларды қандай жақтан ғылымға 
жәрдемші деп қараймыз? 
Халық ақын-жыршыларымыздың, әнші-өлеңшілері-
міздің бізге келтірген пайдасы — қолымызда жоқ, жи-
налмай жатқан, тек совет дәуірінде ғана қағазға түсірі-
ліп, зерттеле бастаған керекті әдеби нұсқаларды соңғы 
отыз жыл ішінде жинап беріп келеді. Жамбылдан бас-
тап, осы отырған ақын-жыршылардың әдеби нұсқаларды 
бізге — Ғылым академиясына жинап бермегені жоқ. 
Барлығынан да том-том қолжазбалар алдық. Шамамен 
айтқанда, осы уақытқа дейін жиналған қолжазбаның 
мөлшері 15 мың баспа табақ деп шамалаймыз. Осыдан 
8 жыл бұрын есептегенімізде 10 мың баспа табақ делін-
ген еді. Одан бергі арада 4—5 мың баспа табақтай мұра 
тағы жиналды. 
Сол сияқты XVIII—XIX ғасыр, XX ғасыр әдебиеті 
мен совет әдебиетінің тарихын зерттеп, оны жазуда сол 
заманда болған ақындардың өмірбаяны, қай кезде туып 
өскені, олардың өмірі мен творчествосына байланысты 
деректер бізде өте аз еді. Бұл деректерді де сіздердің кө-
мектеріңізбен жинап, жүйеге келтіріп, зерттеуге мүмкін-
дік алдық. 
Бұрын және қазірде де талай фольклористер ақын-
дық өнердің ертедегі дәстүрін, творчестволық процесте-
рін алыстағы аралдардан, Қиыр Сибирьден іздеумен бол-
са, ал біздер сол ғалымдар іздестірген тамаша ақындар-
дың — гомерлердің ортасында отырмыз. Өйткені, мынау 
отырған Гурьевтен келген Құмар Сыпыра жыраудан бас-
тап Қашаған, Мұратқа дейін көп ақынның не айтқанын, 
қай кезде, қашан өмір сүргенін, біздің талай жылдар із-
дейтін тағы сондай аса құнды, қызықты нәрселерімізді 
39 

кеше 10 минут ішінде айтып берді. Ал біз оны содан әрі 
қарай зерттей береміз. Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет 
және өнер институтының коллективі жазған «Қазақ әде-
биеті тарихының» бірінші томы ауыз әдебиетіне арна-
лып, 1960 жылы шығарылды. Бұл екі кітап. Мұның екін-
шісі совет дәуіріндегі «Халық поэзиясының тарихына» 
арналған. Біз қазір соны жазу үстіндеміз. Кітапты жазу 
үшін бізге не керек? Революциядан бергі жерде қандай 
ақын қашан өмір сүрді, халық поэзиясы қалай дамыды, 
оның ортасынан шыққан ақын-жыршылар революция-
лық дәуірдің шыңдығын қалай, қаншалық идеялық, 
көркемдік дәрежеде, қандайлық үлгі жанрда бейнеледі? 
Ақындардың бәрі бірдей майталман емес. Осы кездегі 
яғни совет дәуіріндегі ақын-жыршылардың творчество-
лық өмірі қалай өтті? Бізге осылардың барлығы керек. 
Тіпті осында отырған ақындар мен қайтыс боп кеткен 
ақындардың өмірі жөніндегі деректерді де толық жинап 
алдық деп айта алмаймыз. Сондықтан сіздердің жәрдем-
деріңіз арқылы жазылып жатқан кітапты жарыққа шы-
ғарғанша толықтыра беруіміз керек. 
Әдебиетіміздің бұрын-соңды нұсқаларын жинағанда 
қандай нәрселер жинау керек? Бұл жайларды сіздерге 
хат арқылы да, кездесіп әңгімелескенде де талай рет 
ескерткенбіз. Бірақ сол жинайтын материалдарымыздың 
ішінде батырлар жырлары, ғашықтық жырлары, ертегі-
лер, мақал-мәтелдер, күлдіргі сөздер, күлдіргі өлеңдер, 
бүгінгі өміріміздегі еңбек ерлерінің суреттеулері сияқты 
көркемдік, мазмұн жағынан құнды деген нәрселер бол-
сын. Бұрынғы жиналғандардың барлығын түгел жарық-
қа шығарып үлгергеніміз жоқ, алдағы уақытта бірте-бір-
те шығара бермекпіз. Мысалы, батырлар жырларының 
бірнеше томдары, мақал-мәтелдер, айтыстар жинағы 
шықты. 
Ауыз әдебиеті үлгілері екі салаға бөлініп шығып ке-
леді. Біреуі бұрынғы ескіден жатталып келген нұсқа-
лар, екіншісі осы күнгі социалистік өмірді суреттеп жаз-
ған өздеріңіздің шығармаңыз, халық ақындарының шы-
ғармалары. Осылар қаншалықты басылып жүр, басылса 
қаншалықты мән беріліп жүр деген талап-тілекті де ести-
міз. Жеке талантты ақындардың бірқатарының шығар-
малары басылып келеді. Бірталайы газет, журнал бетін-
де басылды. Жамбылдан бастап Нүрпейіс, Иса, Нұрлы-
бек, Кенен, Нартай, Саяділ, Омар сияқты ақындардың 
40 

еңбектері әлденеше рет жинақ болып шықты. Совет дәуі-
рінің шындығын бейнелеген ақындардың шығармалары-
нан елуге тарта кітап шықты. Әрине бұл аз. Біздің зама-
нымызда шығарма берген ақындардың саны жүзге же-
теді. Олай болса, шығаруға тиісті кітаптарымыз көп. 
Баспада екі том халық ақындарының жинақтары жатыр. 
Жеке жинағы шығуға тиісті бірқатар ақындарымыз 
тағы бар. Осы күнге дейін бір де бір жинағы шықпаған 
ақындарымыз да мол. Мысалы, Сапарғали Әлімбетов, 
Сәт Есенбаев, тоқсан жастағы Сәттіғұл және Болман 
ақындар. Талай айтыста жүлде алған, жазып қалдырған 
көп дүниесі Академияда сақтаулы Қазанқап, Семейлік 
Тәңірберген, Қалихан, Гурьевтің Ғұмар, Сұраубай, Жам-
былдық Белгібай, Есдәулет, Алматылық Әбдіғали, 
Темірғали, Қарағандылық Ғабдіман тағы басқаларының 
өлең дастандарын жеке жинақ етіп шығару Ғылым ака-
демиясы мен Жазушылар одағының үлкен борышты мін-
деті. 
Біз әдебиет тарихының деректерін әлі толық қолы-
мызға түсіре алмағанымызды жоғарыда айттық. Қазақ 
әдебиетінің көп томдық тарихын жасап жатырмыз. Со-
ған керекті көп деректерді сіздерден алып жүрміз, тағы 
да аламыз. Кейбір жағдайда бұдан 60—70 жыл бұрын 
өмір сүрген ақындардың өмірі жайлы деректеріміз жоқ. 
Ол деректі сіздер берулеріңіз керек. Бұл деректер әде-
биет тарихын зерттеу үшін керек нәрсе. 
Фольклор жеке ақындардың ғана шығармасы емес, 
сонымен бірге авторсыз шығармалар да мол ғой. Қазақ-
тың әдебиет қорына авторсыз кіріп кеткен ортақ нұсқа-
лардан мақал-мәтел, әзіл-қалжың сөздер, еңбек адамы-
ның тіршілігіне байланысты ел аузында жүрген үлгілі 
сөздер бар. Осылардың көпшілігін жеке адам шығарма-
ған соң, айтылған күйінде қалып қояды. Мұндай нәрсе-
лер де біз үшін құнды. Жаңа өмірдің салт-сана тәжірибе-
сінен туған тапқыр сөздер, күлкілі әңгімелер, жалқауды, 
теріс мінезділерді сынайтын сықақ өлеңдер көп. Сықақ 
өлең, әзіл сөздердің көпшілігі халық арасына авторсыз 
таралады. Өйткені біреулердің мінін, кемшілігін өз аты-
нан тура айту оңай емес. Кейбір жағдайда ақындар бі-
реуді сынаған өлең-тақпағын атсыз шығарып жібереді 
де, ол халықтың ортақ мүлкі болып қалып отырады. 
Міне, осыларды да бізге жинап беруге сіздер көмектесу-
леріңіз керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет