Қ а з а қ сср ғ ы л ы м а к а д е м и я с ы м. О. ӘУезов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата30.03.2017
өлшемі3,05 Mb.
#10605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

* * * 
Осындай мазмұн, санасының барлық кеңдігі, құнды-
лығы арқылы совет ақындарының айтысы өлкедегі жақ-
сылықтың, табыстың әділ таразысы, көпшіліктің тезі 
есепті сыншысы да болады. 
Партия қамқоршыларының саясында түрі ұлттық, 
мазмұны социалистік мәдениет күн санап өркендеп өсу-
де. Советтік Қазақстанда жазба әдебиет те үлкен мәде-
ниеттік биікке көтерілді. 
Социалистік реализм үлгісін меңгеруде сол жазба 
әдебиеттің жаңалықтары қандай көрнекті болса, жаңағы 
тексерілген совет ақындарының зор саналы айтыстары 
да сондайлық қадірлі, биік орынға ие болып отыр. 
Енді бұдан былай да социалистік отанға халық ақын-
дарының айтысы жаңа мазмұн, идеяға сәйкес, үйлес 
жаңа көркем түрлер тауып, дами бермек. 
Бұл жолда айтыс ақындардың ізденулері, қызықты, 
қымбат жаңалықтар табуы әлі де алда тұр. 
1943 жылғы үлкен айтыс, осылай іздену жолындағы, 
советтік социалистік халық поэзиясының өсу жолындағы 
елеулі бір салты. Ол айтысқа, ауызша суырып салма 
айтыстың ескілікті халықтық дәстүрінен тыс, жазып ай-
тысу әдеті араласты. 
Жалпы қазақ әдебиеті көлемінде жазып айтысу, 
өткен ғасырдың аяқ кездерінен бері қарай хат білетін 
ақындар кіргізе бастаған өзгешелік екені рас еді. 
Бірақ, бұл алуандас айтыс жалпылық, көпшілік қол-
данатын сипаттардан айрыла бастайды. Және әсіресе, 
әрбір анық ақындық сыры болатын экспромттық суырып 
салмалық сипатынан да ажырай бастап еді. Бұл үлгі 
жазба әдебиетке фольклордан ауысқан, дарыған әсер, 
дәстүр есебінде қолдануға болса да, советтік халық 
149 

ақындарының айтыстары өз жаңалықтарына ауызша, 
қолма-қол суырып салма түрінде айтысатын шын шап-
шаң өнерпаздық дәстүріне құру шарт. Советтік айтыс-
тар сол үлгіде дамып, өз жаңалықтарын сол бағытта 
тапса, ол анық, айқын, қадірлі өнердін өзі болмақ. 
М. ҚАРАТАЕВ 
ХАЛЫҚ ПОЭЗИЯСЫ ЖАҢА БЕЛЕСТЕ 
Коммунистік партияның биыл күзде өтетін XXII 
сьезіне біздің Ұлы Социалистік Отанымыз бұрын болып 
көрмеген ірі табыспен, мызғымас бірлікпен, асқақ рух, 
құдретті күш-қуатпен барады. Қаһарман Совет халқы 
жетіжылдық жоспарды барлық салада артығымен орын-
дап, коммунистік құрылыстың жаңа биік асуына қа-
рыштап, құлаш сермеуде. 
Завод пен фабриктерде, шахта мен құрылыс алаңда-
рында, мал фермалары мен егіс далаларында, ғылыми 
лабораторияларда, әдебиет пен өнер салаларында — 
барлық жерде совет адамдары жасампаздық шабытпен 
ерлік еңбек етіп, халық игілігі үшін жеміс пен ырызықты 
неғұрлым көп, неғұрлым жақсы, неғұрлым әдемі, неғұр-
лым берік етіп өндіруге жан салады. 
Партиямыздың тарихи XXII съезі бүкіл халықтың 
ықлас-ынтасын көтеретін және әрбір еңбекшінің твор-
честволық қабілеті мен мүмкіндігін аша түсетін атаулы 
оқиға болып отыр. 
Бұл оқиғаның құрметіне жаңа заводтар мен шахта-
лар, жаңа тұрғын үйлер мен мәдениет сарайлары салы-
нады, мыңдаған гектар тың жерлер игеріледі. Жаңа 
кітаптар басылады, жаңа спектакльдер қойылады. Рес-
публиканың таңдаулы ақын, жырау, жыршыларының, 
мәслихатын осы съезд қарсаңында, биылғы жылдың 3 ав- 
гусында өткізудің өзі жай емес, мұнда үлкен мән-мағына 
бар. Неге десеңіз, Қазақ ССР Ғылым академиясының 
Әдебиет және өнер институты шақырып отырған бұл мә-
жіліске қатысатындар — еңбекші халықтың ой-сезімін, 
арман-мүддесін жырлайтын ең талантты ақындар, шы-
найы жыр иелері, халық поэзиясының алыбы Жамбыл 
150 

Жабаевтың шәкірттері мен ұрпақтары, бұлар съезд ал-
дындағы ұлы дүбірге үлкен үн қосу міндеттерін талқы-
лап ұғыспақ, коммунистік құрылыс дәуірінің қарқыны 
мен серпінін, еңбек ерлерінің керемет қимылдарын, жаңа 
адамның жарқын бейнесін қалай жырлап, қалай сипат-
таудың күрделі мәселелерін шешпек. 
Ақындар творчествосы қазақ халқының мәдени өмі-
рінде қашан да болса өте үлкен орын алғаны белгілі. 
Бұған ешкімнің таласы жоқ. Ал бірақ, біздің совет за-
манын алар болсақ, бұл кездегі ақындар творчествосы-
ның маңызы мен болашағына шәк келтірушілер жоқ 
емес. Кейбір сыңаржақ әдебиетшілердің топшылауы 
бойынша, мәдениеті өскен советтік қоғамда жазба әде-
биет пен өнердің дамып өрбуіне байланысты фольклор 
атаулы, оның ішінде ақындар творчествосы маңызын 
жоғалтып, өзінен өзі өше беретін сияқты. 
Мұндай теориясымақтардың түп-төркінімен теріс 
екенін өмір тәжірибесінің өзі-ақ анық көрсетіп отыр. 
Халық творчествосы, оның бір ірі тармағы — ақындар 
жыры халық өмірімен бірге жасап, халық көңілімен бір-
ге тасып келе жатқан қайнар бұлақтың бірі. Ол ешқа-
шан сарқылмақ емес. 
Өнердің басқа салалары секілді, халық творчество-
сының да тақырыбы мен түрі, тәсілі мен тегі өзгеріп, 
жаңарып отыруы заңды. Сол секілді көркемөнер шебер-
лері мен жыр тудырушы ақындардың да уақытпен бірге 
ауысып, алмасып отыратыны табиғи түсінікті. Бірақ бір 
ұрпақ кеткенмен екінші ұрпақ келеді. Халық жанының 
жарық айнасы — ән мен жыр ешуақытта ескірмейді де 
қартаймайды, өшпейді де өлмейді. Оның үстіне сауат-
сыздық халық ақынының маңдайына жазған міндетті 
белгі яки таңба емес. Бұрынғы суырып салма, төкпе 
ақындардың ішінде де хат танитындары болатын. Олар-
дың сауаттылығы, өлең-жырды кейде жазып шығаратын-
дығы тиісті жерде ауызша төгіп айтуына оралғы бол-
майтын. Ал енді совет заманында бұрынғы сауатсыз 
ақын хат таныса, жас ақын кітап оқитын болса, ақындық 
туындының суырып салма (импровизация) түрі тиылып 
қалмайды. Өйткені бұл бізде бай дәстүрі бар қүнарлы 
сала, ақындық таланттың үлкен бір қырналған қыры, 
ақындық, шешендіктің шыңдалған түрі. 
Осыған орай қазақ әдебиетінде қазір ерекше бір 
қызғылықты құбылыстың орын алып отырғанын ескеру 
151 

қажет: жазба әдебиеті халықтын ауыз әдебиетімен өріс-
тесіп, қатар өсіп келеді. Капиталистік қоғамда бұл екі 
сала бір-бірінен қашықтай түссе, советтік қоғамда бү-
лар бір-біріне жуықтай түседі, өзара шенделіп, астасып, 
бір-біріне ықпал, әсерін жүргізіп, социалистік мәдениет-
тің жалпақ арнасына құйып отырады. 
Жазба әдебиет пен жаңа фольклордың халықтық 
негізде осындай игі араласуы біздің заманда ауызша да 
төгіп айтатын, жазып та шығаратын ақынның типін 
туғызды, сонымен бірге жазып шығарған өлең, жырлар-
дың ауызша тарап, авторларының аты-жөні кейде белгі-
сіз болып кететін де жайлары бар. 
Сол себепті фольклор деген ұғымның өзі бізде жаң-
ғырып, жаңа белгі беріп отыр. Айталық, ақынның 
сауатсыздығы жыр туғызудың міндетті шарты емес. 
Оның сауаттылығы, мәдени дәрежесінің жоғарылығы 
осы күнгі өмірдің ұлы құбылыстарын терең ұғынып, 
жырлау үшін қайта бірден бір қажет шарт. Қөзі ашық 
ақын жасаған жыр ғана мағыналы, мазмұнды болмақ. 
Сондықтан халық поэзиясы дәстүрінде жыр шығара-
тын ақынның қалай жырлауына болсын қазір мүмкіндік 
мол, — ауызша да, жазып та шығаруына болады. Тіпті 
айтыс жанрының өзі ауызша да, жазбаша да өрбуі мүм-
кін, өйткені баяғы сауат аз заманда да айтыстың жазба 
түрі жайыла бастағанын білеміз. Ұлы Жамбыл халық 
арасында хат танымайтын ақынның ақыры болар. Ал 
енді совет заманында жарыса шыққан талантты ақын 
Иса Байзақовты алсақ, ол ауыз әдебиетінің де, жазба 
әдебиетінің де өкілі еді. 
Жамбылдың дарынды шәкірттері Кенен Әзірбаев, 
Үмбетәлі Кәрібаев, Қуаныш Баймағамбетов сауатты 
адамдар, сонымен қатар олар ауызша да айтатын халық 
поэзиясының ірі өкілдері. Бұдан туатын түйін: импро-
визация ақыны мен жазушы ақын, домбыра мен қалам 
— бір-біріне қарсы емес, кедергі емес, бұлар бір талант-
тың екі қыры ретінде қатар өмір сүре береді. Фольклор-
шы емес, жай ғана қарапайым тыңдаушылар мен көру-
шілердің өзі біздің совет өмірінде халық ортасында лири-
калық жырлар туатынын, терең ойлы толғаулар мен тө-
гіп айтатын термелер туатынын, түйреп айтатын мысқыл 
сөздер мен даналық мақал, мәтелдер, ертегілер мен 
өткір мазақ әңгімелер жасалатынын жақсы біледі. 
Фольклорда жоғалып бара жатқан түрлер халыққа 
152 

керегі жоқ, жат, ескі зиянды көзкарасқа, салтқа және 
дін өсиетіне байланысты туған түрлер. 
Біздің заманымызда халық творчествосының қайнар 
көзі бұрқылдап сыртқа тебуде. Өзінің сарқылмас мол 
мүмкіншіліктерін жүзеге асыруда. 
Шынында қазіргі қаулап өсіп отырған көркем өнер-
паздар коллективі, ондағы өз ынтасымен қатысатын 
ақындар мен композиторлар, бишілер мен әншілер, тақ-
пақшылар мен күлдіргіштер — халық творчествосының 
көп қырлы, әрқилы құбылысын танытпай ма? Еңбекші-
лерге коммунистік тәрбие беруде осы күні өріс алып 
отырған көркемөнер коллективтері мен жаңа советтік 
фольклор жеңіл-желпі роль атқармайды. 
Қалың бұқараға ән мейрамдары мен айтыстардың, 
халық театрлары мен ақын жырларының қандай мықты 
әсер ететінін ескерсек, халық творчествосының саяси 
және эстетикалық тәрбие жұмысына таптырмайтын құ-
рал екенін түсіну қиын емес. Сонымен қатар ақындар 
творчествосының біздің шалқып өскен жазба поэзия-
мызға тіл, образ жөнінен бай материал беріп отыратын 
қор екені өз алдына мәселе. 
Әсіресе Қазақстан жағдайында ақындардың атқара-
тын ролі аса зор. Халық ақыны республикамыздың ең 
алыс түпкірлерінде, ауыл, совхоздарда, егін басында, 
малшыларға араласып, біте қайнасып жүріп, ең маңыз-
ды оқиғаларға үн қосады, істің ізін суытпай, табанда 
талантты өнерімен сана-сезімге ықпал жасайды, сөйтіп 
көркем сөз еңбек адамының көңіл-күйін көтереді. 
Бұл жерде ойда болатын тағы бір өзгешелік мынау 
 ел ақынының творчествосы дегеніміз көркем өнердің 
көп қасиетін элемент түрінде бойына түйген синтетика-
лық творчество. Сондықтан ақын көбіне өнер саласының 
бірнеше қызметін атқарады. Мысалға Кенен Әзірбаевты 
алалық. Ол ән шығарып, сөзін жасайды (мұнда ол ақын 
 шәйір), сөзге шақтап әннің мелодиясын жасайды 
(мұнда ол — композитор), ол мелодияны тиісті музыка-
лық аспапқа (домбыраға) қосып өзі орындайды (мұнда 
ол — музыкант), ақырында өзі шығарған әнін өз әуені-
мен салады (мұнда ол — әнші). 
Бұл секілді алуан түрлі таланттың бір кісінің басы-
нан табылуы өте қымбат қасиет. Өнердің мұндай өзінше 
универсал адамдары кино, театр, кітапхана әлі де болса 
көңілдегідей жетіспей жатқан жерлерде айрықша пайда-
153 

лы. Олардың алыс ауылдарда, жалпақ жайлау, қиыр 
қыстауларда, ұзақ жол, терең канал салып жатқан құ-
рылысшылар мен тың өлкесінің егіс бригадаларының 
арасында осындай үздік өнер көрсетуінің мәні өте-мөте 
үлкен. Сондықтан да біз тұрақты мекендерінен ұзақ 
уақыт қол үзіп жүретін жырақтағы жылқышы, қойшы, 
құрылысшы, егінші жұртшылығымыздың рухани тілек, 
талабын бір мезгіл де болса орындап, қанағат таптыра-
тын талантты ақындарға аса зор құрметпен көңіл бө-
луіміз керек. 
Совет дәуіріндегі халық ақындарының творчествосы 
жоғары идеялы, саяси өткір, оптимистік творчество. 
Мұнда мықты сеніммен, жарқын сарынмен халықтың 
озық ой, асыл сезімі жырланады. 
Халық ақындары асқан шабытпен Отан туралы, Ле-
нин партиясы туралы, халықтар достығы туралы, бейбіт-
шілік үшін күрес пен өміріміздің барлық салаларындағы 
коммунистік еңбек өнегелері туралы жырлайды. Соны-
мен бірге олар аз да болса жұрт арасында әлі де жойы-
лып болмаған жалқаулар мен арамтамақтарды, ұры-
қары кезептерді, бас бұзар бұзақыларды, керден кеткен 
маскүнемдерді өлтіре масқаралайды; кімде-кім, не нәрсе 
коммунизм құрылысына бөгет жасаса, оның бәрі 
ақындардың өткір тіл, уытты сықағына ілініп, сазайын 
тартады. Сана-сезімдегі, тұрмыс-салттағы ескіліктің ұс-
қынсыз қалдықтарын және дін тұтынушылардың оңбаған 
құлықтарын әшкерелеуге келгенде ақындардан дәл және 
тез айтқыш кім бар екен! Қазақстанда жүздеген, мың-
даған ақын болса, соның әрқайсысы партия саясатын 
уағыздайтын үгітші, нәсихатшы деуге болады. 
Қазақ ССР Ғылым академиясының Әдебиет және 
енер институты республикадағы жүзден астам әйгілі ел 
ақындарын айрықша бақылауына алып, олармен тығыз 
байланыс жасап отыр. Бұлардың ішінде аты жұртқа 
мәлім Омар Шипин, Қенен Әзірбаев, Қалқа Жапсарбаев, 
Сәттіғұл Жанғабылов, Үмбетәлі Кәрібаев, Нұрлыбек 
Баймұратов, Иманжан Жылқайдаров, Нұрхан Ахметбе-
ков, Белгібай Бектұрғанов сықылды қарт ақындармен 
бірге Таубай Қирабаев, Желеу Жақыпов, Мұсаин Ерма-
ғамбетов, Қалихан Алтынбаев сықылды жас ақындар 
да бар. 
Әдебиет және өнер институтында советтік халық поэ-
зиясының арнаулы бөлімі ашылды. Бұл бөлімнің негізгі 
154 

міндеті Қазақстан Жазушылар одағымен бірге респуб-
лика ақындарымен жүйелі жұмыс жүргізіп, күнбе-күн 
жанды байланыс жасап отырумен қатар, олардың жаңа 
жырларын жазып алып, ішіндегі ең жақсыларын сұрып-
тап жариялау, басқа тілдерге аудару, айтыстар ұйым-
дастыру, сөйтіп ақындар творчествосын ғылыми дәреже-
де терең зерттеу болып табылады. 
Ақындар жыры — бүкіл халыққа меншікті қадірлі 
қазына. Қазақстанның қай жерінде туғанмен, жалынды 
жыр барлық республикаға, қалды барша Отанға белгілі 
болу керек. 
Бұл жерде жадымызда ұстайтын тағы бір жай бар. 
Ол халық ақындарын тыңдаушылар аудиториясының 
тым үлкен екендігі. Қейбіреулер халық ақындарын тек 
егде тартқан «ескі» кісілер тыңдайды дейді. Ол дұрыс 
емес, ақын жырын, ақын әзілін жастар да қызыға тың-
дайды. Олар кітап оқи тұра, ауызша айтқан халық 
жырын тыңдаудан жалықпайды. Оның үстіне жақсы 
кітап алыс түкпірлерге өнебойы жете бермейтіні тағы 
бар. Ал ақындарға қайда болса да жол ашық. Бір есеп-
те оларды көшпелі кітапхана, көшпелі эстрадаға ұқса-
тар едік. 
Бізде ынталы көркемөнер коллективтері қанатын кең 
жайып келеді. Ал бұлардың репертуары жергілікті тақы-
рыпқа құрылатыны мәлім. Сондықтан көркемөнер кол-
лективтерінің құрамында ақындардың да болуы қажет, 
себебі, олар ақындығының үстіне әрі әнші, әрі домбыра-
шы, әрі тапқыр, әрі күлдіргі; әркімнің іс-әрекетіне, мінез-
құлқына қарай дереу мақтай да, мазақтай да алады. 
Ақынның нағыз бағалы қасиеті — оның дарындылығы-
мен қатар, халықтың қалың ортасында тұратындығын-
да, халықтың өмірін, мұң-мүддесін терең ұғатындығын-
да. Міне дәл осы жөнінде Н. С. Хрущев жолдас жазушы-
лардың III съезінде ерекше тоқтады. «Белгілі бір орта-
да — колхозда, заводта, мекемеде туып өсіп, қызмет 
етіп, осы ортаның нәрімен қоректеніп жүрген» жергілікті 
талапкер авторларға Никита Сергеевич, әсіресе зор кө-
ңіл аударды. 
Халыққа бұл қадірлі жақын, халық өмірімен мұнша-
лық тығыз байланысты болу өмір шындығындағы жаңа-
лықты жылдам көріп, дұрыс тануға, оны қолма-қол қол-
дап, шабытты жырлауға және кертартпа ескілікті әшке-
релеуге толық мүмкіндік береді. 
155 

Көп ретте ақындар өз беттерімен әрекет етеді. Егер 
олардың күш-қуатын, талантын дұрыс бағыттап, комму-
нистік тәрбиенің мақсатына жұмсаса, ақындар бұдан 
да көп пайда келтірер еді. 
Әсіресе, жас ақындарға көбірек көңіл бөлу керек. 
Жаңадан импровизация таланттарын тауып, оларды мә-
пелеп, шыңдап жетілдіріп отыру қажет. Дарынды жас 
кадрлардың білімін, мәдениетін көтеруге көмектесіп, 
оларды тәжірибелі кексе ақындардан үйренуге, халық 
поэзиясы мен жазба әдебиеттің жақсы үлгі, дәстүрлерін 
меңгеруге баулу керек. Бір кездегі Жамбылдың Сүйім-
байды ұстаз тұтқан, Қенен, Саяділ, Үмбетәлілердің 
Жамбылды ұстаз тұтқан ақындық мектебі қазіргі кемел-
ді қарт ақындар мен жаңа талап жас ақындардың ара-
сында да болғаны жөн. 
Оқтын-оқтын шақырылатын мәжіліс-мәслихаттар, се-
минар ақындардың жұмыс бағдарларын мезгеп, көзқа-
рас, ұғымдарын ұлғайта түседі, олардың тақырыптарын 
тереңдете де молайта түседі. Аудан, облыс, республика 
көлемінде ақындар айтысын өткізу, яғни жұрт алдында 
ашық түрде еркін сілтейтін жыр жарысын ұйымдастыру 
жұмысы ақындық шеберлікті шындап ұстартудың ең 
ысылған, сыналған жолы дей аламыз. 
Өзгеше ерекшелігі бар айтыс жанры қазақ, қырғыз, 
қарақалпақ сияқты бірен-саран елдерде ғана сақталған 
десек, бұл жанр совет дәуірінде жаңа мазмұн, жаңа си-
пат, жаңа түрге ие болып отыр. 
Жаңа жағдайда айтыс жанры сын мен өзара сынның 
өткір құралына, халық өмірінің негізгі мәселелерін орта-
ға салатын шаршы топтың айдын алаңына айналды. 
Ерекше жанрдың ертеден ерекше жағдайы болатын. 
Ашық алаң, құмарта тыңдаушы қалың жұрт, қақ жарыл-
ған кең орта — міне айтыс жанрының ең қолайлы жағ-
дайы осы. Мұндай жағдай қазір де жасалуы керек. 
Жамбыл өзінің айтыста өсіп, марқайғанын, айтыс 
оның білімін көтерген «университеті» болғанын, ақындық 
шеберлігін арттырған көрік болғанын айтатын. Талант-
ты ақындардың таңдамалы жырларының жинағын бас-
тыру және ақындардың сөздерін радио, телевидение ар-
қылы беру шарасы ақындар талантының кемелденуіне 
көмегін тигізетіні анық. Қазақтың мемлекеттік көркем 
әдебиет баспасы халық ақындарының шығармаларын 
жалпы жинақ түрінде де, Кенен Әзірбаев, Қуаныш Бай-
156 

мағамбетов, Омар Шипин, Нұрхан Ахметбеков, Таубай 
Қирабаев, Сапарғали Әлімбетов, Белгібай Бектұрғанов 
секілді ақындардың жырларын жеке жинақ түрінде де 
басып, ол айтыстарды өз алдына арнаулы кітап етіп 
шығарса, қандай пайдалы іс істеген болар еді. Сондай-ақ 
осы шығармаларды орыс тіліне аударып жарияласа, 
қазақ халық творчествосының оңды үлгілерін бүкіл 
одаққа танытар еді. Бұл ретте бізге Жамбыл творчест-
восының қалай танылғаны жақсы үлгі ғой. 
Қазақтың халық поэзиясының ежелден жұбын жаз-
бас серігі болған домбыраға қосып, өзін-өзі ақтап, талай 
рет танытқан көне өнері — ақындар айтысы коммунистік 
тәрбиенің игілікті ісіне қызмет ететін маңызды рухани 
құрал болуға тиіс. 
Бұл—бүгінгі таңдағы кезекті міндеттің бірі. 
Е. ЫСМАЙЫЛОВ, Б. УАХАТОВ 
ҚАЗІРГІ ХАЛЫҚ АҚЫНДАРЫНЫҢ 
ӨНЕР ЖОЛЫ 
Қазақ халқының ауыз әдебиеті есте жоқ ескі заманда 
туып, күні бүгінге дейін ұмытылмай, жаңарып, жаңғы-
рығып келеді. Ол халықтың ғасырлар бойы басынан кеш-
кен ауыр азабы мен арманын, куанышы мен қайғысын, 
қысқасы бүкіл тірлік тынысын танытатын кәрі құлақ 
шежіресі іспетті. Бұдан әр елдің азаттық жолындағы 
ерлік күресін, тарихын, әдет-ғұрып салтын танып білуге 
болады. 
Ғасырлар бойы халықтың қоғамдық рухани өмірімен 
біте қайнасқан қайнар бұлақ көзі сарқылмас дариядай 
халық әдебиетінің асыл қазынасын, ақындық өнерін 
жаттап келген Жамбыл халық поэзиясының сол жақсы 
дәстүрлерін социалистік реализм әдісімен дамытқан 
алыптарымыздың бірі. «Жамбылдың социалистік реа-
лизммен жырланған жалынды, қуатты өлеңдері мен шы-
ғармалары миллиондардың жүрегін тербейді, социализм 
жолындағы күреске шақырады... Қазақстанның даңқты 
ақынының теңсіз лиризмге толы, ұмытылмастай образ-
157 

дарға бай, ғажап жырларынан совет халқы біздің өмі-
ріміздің жүрек соғысын сезеді, біздің дәуіріміздің ілгері-
леген қимылын аңғарады, көркем сипатталған өз өмір, 
өзінің асыл ойын, көңіл күйін көреді». Бұл «Правда» 
газетінің Жамбыл поэзиясына берген сипаттамасы. 
Жамбыл бастаған халық творчествосы елімізде со-
циализм орнаған күннен бастап-ақ қанатын кең жайып 
құлаш ұрды. Егер советтік халық поэзиясының алғашқы 
дәуірі революция берген бостандықты мақтан ететін 
үгіт-нәсихат жырларынан тұрса, 30-жылдары социалис-
тік қоғам құрылысының сәулетті салтанаты, партия, 
Отан, Ленин образдары халық ақындарының жүрегінен 
жыр боп құйылды. Ал Ұлы Отан соғысы тұсында совет 
халқының ерен ерлігін, еңбек майданындағы батырлық 
бейнелерін суреттейтін жаңа эпикалы шығармалардың 
туғандығы мәлім. 
Әрине, халық ақындарының совет дәуірінде гүлденіп 
дамуына байланысты ғылымдық маңызы зор мәселелер 
ұшан-теңіз. Шындап келгенде халық поэзиясында ақын-
дық стиль, дәстүр мәселелері, олардың тіл шеберліктері, 
бұрынғы эпостық дәстүрден жаңа эпикалы шығармалар 
жасаудың заңдылықтары, ауыз әдебиеті мен жазба әде-
биетінің бір бірімен байланысы тағы басқа күрделі мә-
селелер әлі күнге дейін ғылымдық дәрежеге көтеріліп 
сөз болған емес. Демек, қазіргі халық ақындарының 
творчествосына байланысты түйінді мәселелер кең зерт-
теуді керек етеді. 
Жасыратыны жоқ, жұрт арасында жүрген жүйріктер-
ді жаратып әкеп, өнер жарысына түсіру жайы кейінгі 
кезде самарқау тартқан тәрізді. Тіпті Жамбыл бардағы 
баға, халық ақындарына деген қадір-құрметті қазбалап 
айтып жатпағанның өзінде, сол қарт ақындардың өлі-ті-
рісін білмейтін бейхабар ұйымдар да табылады. Әсіресе 
Жазушылар одағы халық ақындарының талап-тілегіне 
үнемі құлақ қоя бермейді. Бұлардың жинақтары айлап, 
жылдап оқылмай жатып қалатын себептері де сондықтан 
болса керек. 
Осы ретте Әдебиет және өнер институтының халық 
ақындарымен байланысын айрықша атап өткен жөн. 
Бұл байланыс, біздіңше, мына секілді екі жүйеде жүр-
гендігі байқалады. 
Бірінші — халық ақындары қандай тақырыпта, қан-
дай жанрда айтса да Әдебиет және өнер институты со-
158 

ның бәріне де жаны аши қарап, жәрдемдесіп, жазып 
алып отырады. Бұл жағынан алғанда халық ақындары 
— біздің ең бай, асыл қазынамызды сақтаушы қоймамыз 
тәрізді. Бұлардың бізге беріп жатқан жәннетінде өлшеу 
жоқ. Олар бізге тарихтан да, әдебиеттен де, заң, жоба, 
әдет-ғұрып салттан да соншалық мол, соншалық бағалы 
материал берді. 
Екінші — біздің қолымызға түсіп, қорымызда сақ-
талған қисапсыз мол дүниені жеке-жеке жинақ етіп 
бастырып келеміз. Бұған дәлел ретінде «Қозы Көрпеш-
тің», «Қамбар» мен «Алпамыстың» академиялық баспа-
ларын атап өтсек те жеткілікті. Мұның үстіне «Қа-
зақ ертегілері» мен «Қазақ эпосының» екінші кітабы 
да осы жылдың басында баспадан шықты. Ал Әдебиет 
және өнер институты дайындаған халық ақындарының 
екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы өз алдына 
бір әңгіме. Жинақтың көлемі 50 баспа табақ та, оған 
кірген ақындардың саны 100-ге жуық. Ақиқатына кел-
генде мұның өзі Қазақстандағы халық ақындарының 
шығармаларына арналған антология. 
Әдебиет және өнер институты алдағы уақта совет 
тұсында туған ауыз әдебиеті туралы тарих жазбақ. Бұл 
кітап 1960 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының ака-
демигі М. Әуезовтың басқаруымен шыққан «Қазақ әде-
биеті тарихының» (Бірінші том, Бірінші кітап) жалғасы 
болмақ. 
Ендігі мақсат сол совет тұсында туған халық твор-
чествосының жаңа жанрларын, жаңа түрлерін жинақы-
лап, бір жүйеге түсіріп, ол туралы айтылатын анық ғы-
лымдық ойларды ақылдасып алу керек секілді. Соның бі-
рі ақындық дәстүр. Ақындық дәстүр — бұрынғы өткен 
ақындардың өнерпаздық үлгісін сол күйінде шиін шы-
ғармай қайталау деген сөз емес, сол жақсы дәстүрді 
әрбір талант иесі жаңа мазмұнда өзіндік ақындық үлгі 
өнермен дамыту деген сөз. Бүгінгі халық ақындары 
Кенен Әзірбаев, Болман Қожабаев, Қалқа Жапсарбаев, 
Үмбетәлі Кәрібаев, Омар Шипин, Нұрқан Ахметбеков, 
Нұрлыбек Баймұратов т. б. біріне-бірі ұқсамайтын өзін-
дік ақындық үлгілерін танытып отыр. Қененнің ән-күйге 
толы лирикалы өлеңдері, Нұрлыбек, Нұрқандардың 
жазба әдебиетпен байланысты ақынық шеберліктері, 
Омар, Үмбетәлілердің колхоз, совхоз өміріне арналған 
159 

өлең-жыр, толғаулары — барлығы да әр ақынның өзін-
дік өнер үлгілері. 
Осылардың етегін ұстай, ізін баса жаңа таланттар 
туып, халық ортасында өздерінің өлең-жыр, ән-күйлерін 
таратып келеді. Темірғали, Қалихан, Артық, Аманжол 
т. б. осы топқа жатады. Мұндай таланттар Қазақстан-
ның әр жерінде аз емес. Әңгіме соларды қошаметтеп, 
көтермелеп, ақындық өнерін іске асыруда. Бұлардың 
творчествосы біздің әдебиет-мәдениет жұртшылығымыз-
дың қолдауын күтіп отыр. 
Ал енді ауыз әдебиеті мен жазба поэзияның творчест-
волық қатысы өз алдына бір пара әңгіме. Ауыз әдебие-
тінің дәстүрі бүгінгі жазба ақындарға халықтың ғасыр-
лар бойғы ең асыл, ең өткір сөз сандығын сарқып пай-
далануға мүмкіндік беретін болса, жазба поэзия қарт 
ақындардың идеялық, творчестволық өсіп жетілуіне, 
жаңа ақындық өнерді өрге көтеруге кең жол ашады. 
Қлассикалық орыс әдебиетінің үлгісінде дамыған Абай 
дәстүріндегі жазба әдебиеттің әсері әсіресе зор екендігін 
біз қазіргі көзі тірі таланттардың творчествосынан ғана 
байқап қоймаймыз, Жамбыл бастаған ақындардың әр-
қайсысының аяқ алысынан-ақ айқын көреміз. Абайдың, 
Абай арқылы ұлы орыс әдебиетінің творчестволық әсерін 
жас күнінен сүйіп қабылдаған Иса, Төлеу, Нұрқан, 
Сапарғали, Қуат сияқты жүйріктердің өлең-жырлары 
ақындық өнердің әр алуан үлгісімен жазылған. Қуат-
тың «Ленин», «Алатау», «Жаз көркі», Төлеудің «Менің 
өмірім», «Кұлаш жайған кең дала», Сапарғалидың 
«Жылқышыларға» атты өлең, дастандары — терең 
идеялық ойды берумен қатар, кейіпкердің ішкі сезім 
күйін де шебер көрсететін сырлы да суретті поэзия. 
Сынсыз, тәрбиесіз талант өсіп, жетілмейді. Жазушы-
ға керекті қамқорлық, сын, өнер үлгісі халық ақындары-
на да өте қажет екендігін совет дәуіріндегі поэзиямыз-
дың творчестволық тәжірибесінен көріп отырмыз. Халық 
ақындары өздерінің өлең-жырларындағы идеялық-көр-
кемдік кемшіліктерді әрқашан да жазба поэзияның 
жақсы үлгілерін үйрене жүріп жөндейді. Сонымен бірге 
олар өздерінің күрделі дастан, толғауларын жазушы 
ақындардың күнбе-күнгі ақыл кеңесінен өткізіп, солар-
дың айтқан әділ сынын саралап отырады. Оның бер жа-
ғында, халық жырлары басып шығару алдында белгілі 
160 

дәрежеде жазушы-ақындардың жөндеуінен, редакция-
сынан өтеді. 
Бірақ, бұған қарап халық поэзиясының баға жетпес 
жақсы үлгілерін ұмытуға болмайды. Жазушы-ақындар-
дың өздері де сол халық творчествосының ұшан теңіз 
тіл байлығынан, тамаша тапқыр шешендігінен, әр алуан 
жыр сарындарынан үздіксіз үйреніп отыратыны күмәнсіз. 
Біздің Мұхтар мен Сәбит, Ғабит пен Ғабиден, Әбділдә 
мен Тайыр секілді белгілі ақын-жазушыларымыз да 
фольклордан үйреніп өсті. Мұны драматургия саласын-
дағы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақан сері-Ақтоқты», 
«Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан», «Алдар көсе» пьеса-
ларының жазылу тәжірибесінен жақсы білеміз. Осы 
секілді поэзия саласындағы Ілияс Жансүгіровтың «Құла-
гер», «Күйші», Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш», Қалижан 
Бекхожиннің «Мариям Жагорқызы» атты поэмаларының 
тууына түрткі болған халықтық мотив екені мәлім. 
Табанда тақпақтап сөз, тайпалма жыр шығарып 
жаттыққан Жанақ, Орымбай, Марабай, Сүйімбай, Шө-
же, Біржандар бір кездегі ұлы Абай, Ыбырайлармен 
қатар өмір сүріп, өнер танытты. Совет тұсында Сәкен, 
Ілиястармен иық сүйесіп Жамбыл, Иса, Нұрпейіс, Ша-
шубайлар жүрді. Ал қазіргі Кенен, Әбділдә, Ғали, Сәт-
тіғұл, Асқар, Омар, Үмбетәлі, Тайырлар туралы да осы-
ны айту керек. Бұлар бүгін де бір-біріне қол байлау бо-
лып отырған жоқ. Қайта әр ақынның, мейлі ол халық 
поэзиясының өкілі болсын, мейлі жазба поэзиямыздың 
өкілі болсын, бәрібір, әрқайсысының әдебиеттегі өз оры-
ны, өзіндік өнер үлгісі бар. Әр ақын өз жыры, өз үні, өз 
жанрымен жақсы. 
Халық ақындарының ішінде хат танып, өз бетімен 
оқып өз өлеңін өзі ұқыпты түрде жазып отыратындары-
ның шығармалары идеялық көркемдік жағынан жинақы, 
жатық келеді. Бұл ретте қазіргі ақын-жыршыларды үш 
топқа бөлуге болады. 
Бірінші топ — хат танымайтын немесе шала сауатты, 
күнделік өмір жаңалығын, жазба әдебиет үлгісін басқа-
ға оқытып, не ауызша, не радиодан естіп білуші ақын-
дар. Бұлар — Қенен, Қалқа, Халима, Үмбетәлі, Сәттіғұл, 
Есдәулет, Темірғали, Ержан т. б. 
Екінші топ — хат танитын, күнделік емір шындығын 
өз бетімен оқып отыратын, бірақ, жазба әдебиет үлгісін 
әлі де болса терең меңгеріп, ұғынып болмаған ақын-
161 

дар — Әбдіғали, Қуаныш, Иманжан, Қөшен, Белгі-
бай т. б. 
Үшінші топ — хат танитын, қазіргі өмір жаңалығын 
да, жазба әдебиет үлгісін де өз бетімен оқып, меңгеріп 
отыратын Ғабдіман, Нұрқан, Нұрлыбек, Сәт сияқты 
ақын-жыршылар. 
Идеялық творчестволық бағыты бір болғанымен 
ақындық шеберлік, өткен дәстүрге өзінің өнер жаңалы-
ғын жымдастыру жағынан бұлардың өзара толып жат-
қан айырмашылықтары бар екені даусыз. Аталған үш 
топтың әрқайсысына тән анық, айқын сипаттары бар. 
Бірінші топты айтпағанның өзінде, екінші топтағы 
ақындар өмір шындығын негізінде өткен әдебиет дәстүрі-
не жаңа әдебиет өнерін қосып отырып жырлайды. Бірақ, 
бұл жай әлі де болса жымдасып кетпеген, ала-құла бо-
лып келеді де ақындардың шығармаларында бірыңғай 
қалыптасқан, анық көркемдік принцип аңғарылмайды. 
Үшінші топтағы ақындар ауыз әдебиетінің ең тәуір де-
ген дәстүрін дамыта отырып, жазба поэзияның жаңа 
үлгісімен жырлауға тырысады. Әрине, осы үш топтағы 
ақындардың қай-қайсысына да болсын жазба әдебиет-
тің идеялық, көркемдік әсері үнемі қуатты болып келген-
дігін ұмытуға болмайды. Тек ол әсер бірқатар ақындар-
да айқын сезілсе, енді бірқатарында босаң байқалады. 
Ақын-жыршыларды жаңағыдай үш топқа жіктеу, 
әрине түпкілікті емес. Ақындардың шығармалары зерт-
теле келе, мұндай жіктеудің саны не молаюы, не азаюы 
ықтимал. Біздің бақылауымыз, негізінде, әзір осы үш 
топты байқатып отыр. Бұл жіктеу сонымен бірге әрбір 
ақын жыршының өзіндік өнер ерекшелігін жоққа шығар-
майды. Қайта осы топтау негізінде әрбір ақынның твор-
честволық табысын танып білуімізге мүмкіндік туатын 
тәрізді. 
Қазақ совет фольклорының даму тарихындағы ендігі 
бір басты ерекшелік — халық ақындарының өлең-жыр-
лары сапа жағынан да өсіп, халық поэзиясында үлкен 
эпикалық жырлар жасалып, қалыптаса бастағандығы. 
Бірақ эпикалық шығармалардың бәрі бірдей поэма бо-
луы шарт емес. Ерлік күрестік, жеңімпаздық даңқтың 
лебі, сарын-күйі шағын толғау, жырларда да айқын аң-
ғарылады. Тіпті әрбір күшті, алмастай өткір ақындық 
сөздің өзінен де ерлік күрестің лебі есіп тұрады. 
Рас, эпикалық поэзияның негізі — көлемді жыр, дас-
162 

тандар, сюжетті поэмалар. Соңғы 30 жыл ішіндегі қазақ 
совет фольклорында күрделі эпикалық жырлардың да-
му процесі басталғаны даусыз. 
Біздіңше, қазіргі эпостың екі типі бар. Бірі — ескілік-
ті жырларға қайта оралып, оны жаңғырта, жаңарта 
жырлау әдісі. Ол үшін Нұрпейіс, Мұрын, Рахмет, Айса, 
Әбдірайым сияқты ақын-жыраулар бұрынғы батырлық 
дастандардың ұшан-теңіз мол саласын кең көлемде да-
мытып бергендігін атап өтсек те болады. Бұл процесс 
әлі де аяқталған жоқ. Екіншіден — күншуақты комму-
низм құрып жатқан совет халқының ұлы ерлігін жаңа 
эпикалық жыр дәрежесіне жеткізе жырлау үлгісі. Бірақ, 
қазіргі әр алуан тақырыптық, жанрлық ерекшелікпен, 
ақындық үнмен жырланып, таралған эпикалық поэма-
лар совет адамдарының асқан ұлы ерліктерін, батырлық 
бейнелерін кең қамтып суреттеген күрделі эпикалық 
жыр дәрежесіне жете қойған жоқ. Тек сол зор эпикалық 
шығармалардың топталу, ұлғаю, жетілу процестерінің 
жүріп жатқандығын байқатады. 
Жаңа эпикалық шығармалар, сөз жоқ, бұрынғы 
батырлық жырлардың, тарихи аңыз әңгімелер мен жыр 
сарындарының ең жақсы үздік дәстүрлерін пайдалану 
негізінде туып дамыды. Мұның жақсы үлгілерін Жам-
былдың «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр»; Нұрпейістің 
«Ақкенже», «Ер туралы жыр», «Жиырма бес»; Исаның 
«Алтай аясында», «Ақбөпе», «Он бір күн, он бір түн», 
Саяділдің «Бес мылтық», «Өшкен жанды», Қененнің 
«Әли батыр»; Нұрқан Ахметбековтың «Жасауыл қырғы-
ны», «Аманкелді»; Ғабдіман Игенсартовтың «Лавадағы 
өмір» атты дастандарының творчестволық тәжірибесінен 
анық көреміз. 
Соңғы сөз ақындар айтысы туралы. Ақындар айтысы 
халық поэзиясында ертеден сақталып келе жатқан аса 
маңызды өнердің бір үлгісі. Бұл қазақ ақындарының 
айтқыштық, суырып салмалық өнерінің дамыған түрі, 
драмалық элементі мол, басқа елдер әдебиетінде сирек 
кездесетін ерекше бір жанр. 
XIX ғасыр қазақ әдебиетінде айтыс өнерінің кең да-
мыған дәуірі болды. Бұл тұста айтыс дәстүрін, айтыс 
мектебін жасаған Орынбай, Шөже, Кеншінбай, Түбек, 
Жанақ, Ақан сері, Біржан, Сара, Ақсұлу, Әсет, Ырыс-
жан, Сүйімбай, Майкөт, Майлықожа т. б. көптеген ақың-
дар қызмет етті. 
163 

Сол айтыс өнері қазіргі уақытта жаңа мазмұн, жаңа 
көркемдік сапа алып, дамып, социалистік жарыс пен өза-
ра сынды өрістетудің ең қолайлы, ең бір оралымды құ-
ралына айналып отыр. Соңғы 20 жыл ішінде республика-
ның колхоздары мен совхоздарында, аудандары мен об-
лыстарында ақындардың әр сала айтысы болып өтті. 
Осы шақырылып отырған мәслихатта да әр облыстан 
келген өрен жүйрік ақындар өзара айтысқа түсіп, өнер 
жарыстырғысы келеді. Кімнің озып шығатындығы сол 
айтыстың қорытындысынан көрінбек. Бұдан былайғы 
жерде біз домбырамен қолма-қол суырып салып жыр-
лайтын айтыс өнерін барынша қолдап, қошеметтеп, же-
тіле беруіне жағдай жасайық. Айтысты қалың жұртшы-
лык сүйіп кадірлейді. Халық қадірлеген өнер әрқашан 
өмірлі де өскелең. 
Қысқасы, айыр көмей, жез таңдай жүйріктер — бү-
гінгі өміріміздің күнбе-күнгі жаршысы, үгітшісі. Бұлар 
коммунистік еңбектің бел ортасында жүріп, күнделік 
тірлігімізді тамаша жыр желегімен жеткізіп беруші 
ақын-жыршылар. Мұның үстіне өз жанынан өлең шыға-
рып жаттықпаған, бірақ батырлар жырын немесе халық 
әдебиетінің әр алуан үлгілерін жадына тұтып, жаттап 
алып, ел арасында әңгімелеп жүретін жыраулар да аз 
емес. Бірақ, осыған қарап оларды көтермелеу, желпінді-
ру жағы жеткіліксіз. 
Біз қазір адам баласының асыл арманы болған ком-
мунистік сарайымызды салып жатырмыз. Бұл дәуірде 
халықтың бойындағы не түрлі асыл таланттар, ақық 
маржандар әр алуан гүлдің көркіндей өз өнерімен жеті-
ліп, жарастық табуына толық жағдай жасалып отыр. 
Демек, біз қалың еңбек адамдарының ортасындағы ха-
лық таланттарын, олардың туындыларын, өнер үлгілерін 
социалистік мәдениетіміздің игілігіне жаратуға барынша 
қамқорлық, көмек көрсетуіміз керек. Қазіргі уақытта 
халық ақындарының дәстүрлі өлең-жырларымен қатар, 
жұмысшылар мен колхозшылардың өз ортасынан шық-
қан өнерпаздардың шығармалары да жұртшылық жүре-
гінен жол тауып отыр. Халық творчествосының мұндай 
үлгілеріне партия, совет орындары да айрықша мән 
беруде. 

Т.САДЫҚОВ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет