Қ АЗА Қ Х А Л Қ Ы Н Ы Ң КЕМЕҢГЕ Р БИІ
Қ а р қ а р а л ы жайл ы бүгінгі әңгімемізді
XVII ғасырдың екінші жартысы мен
XVIII ғасырдың бірінші жартысында
ж а с а ғ а н қ а з а қ т ы ң атақты биі Қаздауыс-
ты
Қазыбектен бастауымызды ң өзін-
дік сыры бар екенін айтқан жөн. Қа-
зақ тілінің бірыңғай халық тілі болып
қалыптасуына, қ а з а қ ауыз әдебиетінің
дамуына айтулы үлес косқан бір топ
ақындар болса, екінші топ шешендр.
Ал сондай шешендерің бірі және бірі
болғанда бірегейі — Қаздауысты Қазы-
бек. Қазыбек есімі қ а ш а н д а Қаракерей
Қ абанбай , Қ а н ж ы ғ а л ы Бөгенбай, Ша қ -
шақұлы Жәнібек сияқты атақты батыр-
лармен, ел ардақтыларымен қ а т а р ата-
лады. Ал сол Қазыбек, үш ғасыр бойына
ел аузынан бір түспей келе ж а т қ а н , өз
халқы былай тұрсын ата жауы — қал-
мақтар қадір тұтуға мәжбүр болған Қа-
зыбек жайлы осы күнге дейін ашық ай-
тып, кең толғамай келдік.
Қ азыбе к туралы сөз қ о з ғ а с а қ Абылай
хандар, оның айналасын айту керек бол-
ғандықтан ертедегі билердің өзіне де
көзқарасымыз біржақты қалыптасқан-
дықтан сөз арасында, әр жерде, әр са-
ламен байланысты ғана атай кетіп,
оның өзінде сыбырлай айтып, сыдырта
әңгімелеп қана жүрдік. Қ а з а қ т ы ң әдебие-
тінде ауыз әдебиетіне, шешендік сөздерге
байланысты «бәленшекең бәлен деген
екен» деген сыңайда, Қ а з а қ с т а н тари-
хында орыс халқымен достыққа қосқан
үлесте, қалмақтармен соғысқа байла-
нысты баяндаулардың мысалы, тұздық-
ты дерегі ретінде ғана айтып келеміз.
Содан келіп қазірде атышулы Қазыбек
би жайлы не қызыға оқыр кітап, не шұқ-
шия талдар салмақты да келелі ғылыми
зерттеу жоқ. Ғалым Балтабай Адамбаев-
тың «Шешендік сөздер» (1967 ж.) және
«Алтын сандық» (1989 ж.) деген жинақ-
тарына енген бір-екі мақала ғана бар.
Демек, біздер, Қазыбек ұрпақтары ке-
меңгер атамыздың алдында қ а р ы з д а р -
мыз.
Міне осы есептен де Қ а р қ а р а л ы тура-
лы әңгімемізді
Қ аздауыст ы
Қ азыбе к
жайлы сөзден бастағанымыз жөн болар
деп ойладық. Ал ол жайлы кітап, еңбек
ж а з у мәселесін тиісті орындар, Қ а з а қ
С С Р Ғылым академиясының Орталық
Қ а з а қ с т а н бөлімшесінің басшылар ы мен
ғалымдары ойластырар...
Қ азыбе к Қ аракесе к руының сол кез-
дегі мекені Сыр бойында 1665 жылдар
шамасында дүниеге келген. Ел аузында-
ғы әңгімелерге қ а р а ғ а н д а Қазыбектің
әкесі — Келдібек, шешесі — Тоқмейіл, ал
Келдібектің әкесі — Абыз (ескіше оқы-
ған адам) атанған Шаншар, ол — Бұл-
бұл дегеннің баласы. Шешесі Тоқмейіл
Ш а н ш а р Абызбен қоныстас болу үшін
көшіп келген Сүлеймен деген кісінің қызы
екен. Олардың кездесуі, үйленуі өз алды-
на бір хикая, бұл жайлы аңыз-әңгіме
көп.
Тоқмейіл ана тағы да сол халық шежі-
ресінің айтуы бойынша, алты ұл тапқан
екен, олардың үлкені — Қазыбек. Осы
Қ азыбе к есімі х а л ы қ қ а қ а з а қ пен қ а л м а қ
арасындағы жаугершілік, шапқыншы-
лық кезінде екі елдің арасына бітімші,
бүтінші болған батыл елші, парасатты
мәмілегер ретінде мәлім. Ел аузындағы
аңызда Қазыбек 18 жасында (кейбір
аңыздарда, тіпті он төрт ж а с ы н д а делі-
неді) Тайкелтір би бастаған қ а з а қ елші-
лерінің құрамында қ а л м а қ ханы Қоң-
тәжіге барып, батылдығымен әрі сөзге
шешендігімен ерекше көзге түскен. Осы
жолы Қ а л м а қ ханының өзі де мойынсұ-
нып, оны « Қ а з дауысты Қазыбек» деп
атандырған. Қазыбектің тапқырлығы мен
табандылығы арқасында ғана осы сапар-
да елшілері теңдікке жетіп, қ а л м а қ шап-
қ ыншылар ы байла п әкеткен адамдарын ,
айдап әкеткен малдарын қайырып алып
қ айтты .
Қ азыбе к бүгінде б а р ш а ғ а мәлім:
— Біз қ а з а қ деген мал б а қ қ а н елміз,
бірақ ешкімге соқтықпай ж а й ж а т қ а н
елміз. Елімізден құт-береке қашпасын
деп, жеріміздің шетін ж а у баспасын деп
найзаға үкі т а қ қ а н елміз, ешбір дұшпан
басынбаған елміз, басымыздан сөз асыр-
маған елміз. Досымызды сақтай білген
елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз, ас-
қ а қ т а ғ а н хан болса ордасын тапта й біл-
ген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын
деп тумайды, анадан қыз туса күң бола-
мын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып
отыра алмайтын елміз. Сен қ а л м а қ бол-
саң, біз қ а з а қ , қарпысқалы келгенбіз,
сен темір болсаң, біз көмір еріткелі кел-
генбіз, қ а з а қ пен қ а л м а қ баласы табыс-
қ ал ы келгенбіз. Танымайтын ж а т елге
танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең
шабысқалы келгенбіз. Сен
Қ абыла н
болсаң, мен арыстан, алысқалы келген-
біз. Ж а ң а үйреткен ж а с тұлпар жарыс-
қалы келгенбіз, т ұ т қ ы р сары желіммін,
ж а б ы с қ а л ы келгенбіз. Берсең, жөндеп бі-
тіміңді айт, бермесең дірілдемей жөніңді
айт, не тұрысатын жеріңді айт, — деп
әйгілі толғауын осы жолы толғаған десе-
ді.
Осының алдында ғана Қоңтәжіден шын-
дай қаймыққан елшілер басшысы Тай-
келтір бидің:
«Алдияр тақсыр, алдыңа келдік,
Берсең алдық, бермесең қалдық,
сөзді өзіңе салдық», —
деп мойынсұнып құлдық айтып отырға-
нында, даңдайсыған Қоңтәжінің: «Кеш-
ке дейін бір жауап қайырармын, жауап
қ айтпа й қ алаты н күн болса, ат-тонның
аманында ел тапқан да теріс болмас», —
деп паңдана жауап қатқанын да сол ел
аузындағы әдебиет бізге, Қазыбек бидің
бүгінгі ұрпақтарына жеткізді. Сол жолы
Қоңтәжі айт қ а н екен деген мына бір сөз-
дер бүгінде де ел аузында:
— Сендер білген жоқсыңдар, сөзді
өңменімнен сұғып айтқан кезде екі иы-
ғынан екі аю аузынан от шашып, «ты-
пыр етші, көрейін» деп тұрды. Мінекей,
мен содан қатты сескендім. Сендерге
көрінбегенімен маған көрінді. Менің енді
оған қайтарып айтар сөзім жоқ, мал мен
жанын есептеп, алдына салып берің-
д е р ! — д е г е н екен. «Жұдырықтай бала-
дан» қысылып қ а р а терге түскен ханы-
ның төңірегіне топталған қ а л м а қ т а р ғ а :
— Мен хан болғалы, басыма қасиет
қонғалы ешбір адамғ а тізе бүгіп көрген
жоқ едім, жығылғанымды білдіріп, сіз-
дерге біраз сый қылайын, — деп т а ң
қалдырыпты өзінің мысы басып, салы су-
ға кетіп отырған Тайкелтір биді.
— Сен ж а ң а үйреткен ж а с тұлпар
екенсің, сенің айтқан сөзіңе менің буы-
ным шыдамай, сіресіп тұра алмадым.
Сондықтан саған екі түрлі белгі берейін.
Бірі — сенің дауысың қаздың дауысын-
дай қаңқылдап шығады екен, ендеше
сенің атың бұдан былай Қаз дауысты
Қ азыбе к болсын, екінші — б а с қ а л а р д ы ң
екеуіне берген жүлдені, екі тоғыз жүлдені
байладым, бұдан былай сен екі сыбаға-
лы бол! — депті сол жолы ж а с Қазыбек
биге.
Содан бастап Қ а з дауысты Қазыбек би
атанған кемеңгер бабамыз бұдан кейін
де қ а л м а қ ханының алдына үш рет ба-
рыпты-мыс. Әр жолы есе жібермей, қайта
еселеп кайтарып отырыпты, сөйтіп, «Құ-
ба қ а л м а қ заманы» атанған кезеңде қал-
мақ пен қ а з а қ т ы ң ел шабысқан дауларын
бітірісуде Қазыбек үш рет әділ билік айт-
қан екен.
Тәуке хан қ а з а қ т ы ң үш жүзін билеу
үшін Ұлы жүзге Төле биді, Кіші жүзге
Айтық (Әйтеке) биді, Орта жүзге Қазы-
бек биді тағайындаған. Осы Қазыбек
би қ а з а қ қауымы өкілдерінің өз зерде-
сінен туған ғылымға белгілі ең алғашқы
дерлік заңдар нұсқасы «Жеті жарғы-
ны» — «Тәуке хан заңдары» деп атала-
тын қ а з а қ т ы ң кәдуелгі право нормала-
рының нұсқасын ж а с а у ғ а қатысқан. Қа-
з а қ жұртының әдепкі праволық ереже-
сінің ана тіліміздегі толық нұсқасы соңғы
кезге дейін белгісіз болып келіп еді. Ж а -
қында ғана оның Түркстан қ аласында -
ғы белгілі Хожа Ахмет Яссауи музейі-
нің экспозициясында сақталып отырға-
ны белгілі болды.
Қ а з дауысты Қ азыбе к би қ а з а қ елі-
нің төрт бірдей белгілі хандарының тұ-
сында, қ а з а қ елін Тәуке, Сәмеке, Әбіл-
мәмбет, Абылай хандар билеп тұрған
кезде, мемлекет басқару ісіне белсене
араласып, қ а з а қ хандықтарының ішкі
және сыртқы саясатына өзіндік едәуір
ықпал ж а с а п отырған. Ол Ж о ң ғ а р бас-
қыншылығына қ арс ы халы қ ты қ күресті
бастаушылардың,
ұйымдастырушылар-
дың бірі болды. XVIII ғасырдың қырқын-
шы жылдарында Абылай хан жоңғар-
лардың қолына қапыда түсіп қалған
кезде, оны тұтқыннан босатып алуға
басқалармен бірге белсене ат салысты.
Қ азыбекті ң
қ а з а қ т ы ң
ұлы көршісі
орыс елімен татулық, достық қарым-
қатынасты ж а қ т а ғ а н ы н дәлелдейтін
аңыз-әңгімелер, ж а з б а деректер көп. Мә-
селен, топталып келе бастаған орыс ша-
руаларын тоқтату үшін үш жүздің басты
адамдары бас қосып ақылдасқан екен
деген ел аузынан жеткен әңгімені алай-
ық. Сонда біреулер отырып «соғысайық»
деседі. Сол ұсынысқа байланысты үш
жүзден үш кісі оңаша шығып жұмбақ-
тай сөйлеседі.
— Алар ма еді мына көлдің қуын
атып! — дейді ұлы жүз Төле.
— Тигізе а л м а й ж ү р м е с е к суын
атып, —дейді кіші жүз Мәме.
— Арылмастай пәлеге қалып жүрмесек,
Суға келген перінің қызын атып! —
дейді орта ж ү з Қазыбек.
Сонда Төлеби отырып:
— Сен соғысуға
қарсы болдың-ау,
Қ азыбек ? — деп сұрапты.
— Біз орыстармен
қ ала й соғыспақ-
пыз... Пайғамбар да «ғаділетшілік түбін-
де осында қалады» деп ескертпеп пе
еді? — деп жауап берген екен дана би...
Бұл өз алдына бір әңгіме. Ал енді ж а з -
ба деректен бір жайды да келтіре ке-
тейік... Халық шежіресі бойынша Қазы-
бектің Бекболат, Қазымбет, Базаркелді,
Барқы, Сырымбет деген бес ұлы мен
М а ң қ а н есімді бір қызы болған ғой. Қа-
зыбек қайтыс болғанда осы ж а л ғ ы з қызы
М а ң қ а н ж о қ т а у айтқан екен. Бұл Мос-
квада «23 жоқтау» деғен жинақта жария-
ланған екен. Осы жоқтауда мынадай
жолдар бар:
«Өсиет қылдың қазаққа
Сарыарқа деп қонысың.
Қалмақ, сартпен жауласпа
Болмасын дедің жұмысың.
С У Р Е Т Т Е Р Д Е : 1. Қ о ж а Ахмед Яссауидің мавзолейі (сағанасы). 2. Осы мавзолейге жер-
ленген Қаздауысты Қазыбек бидің құлпытасы.
Өнерсіз өскен ел едің,
Біреу саған жау болса,
Паналауға жарайды,
Мынау көрші орысың.
Орыспенен жауласпа,
Есіңде болсын бұл ісім».
Казыбектің орыс еліне деген достық
көзкарасын дәлелдейтін мұндай ж а з б а
деректер баршылық. Мәселен, Сібір ге-
нерал-губернаторының міндетін атқа-
рушы генерал-майор Фон Фрауендорф
Орта жүздегі ж а ғ д а й және қ а з а қ т а р д ы ң
көршілес елдермен, халықтармен қарым-
қатынасы туралы сыртқы істер коллегия-
сына 1763 жылғы 11 мартта жолдаған
рапортында «Орта жүздің Төбе биі (бас
судьясы) Қазыбекке Размемет дархан
мен тілмаш Сафаровты жіберіп шақырға-
нын, алайда қыстың қаттылығынан Қа-
зыбектің өзі келе алмай, орнына баласы
Сырымбет пен інісі Отарбай бастаған
он кісі жібергені, олардан 1762 жылғы
15, 22 декабрь күндері ант қабылданға-
ны» айтылған. Фон Фрауендорф оның ба-
ласы Сырымбетпен оңаша әңгімелеске-
нін, Қазыбектің Россияға деген игі ниетте
екендігіне көзі жеткендігін ж а з ғ а н . Сы-
рымбеттің оған өткен жылғы күзде Орта
жүз жеріне Абылай ханға деп, Қазыбек
биге деп көп сыйлықпен Қытайдың боғ-
дыханының елшісі келгенін, алайда Қа-
зыбек елшінің сыйын қабылдамастан,
Абылаймен жолықтырмастан қайтарға-
нын айтқанын хабарлаған.
Қ азыбе к би Сәмеке ханның тұсында
1731 жылдың декабрінде онымен бірге
Орта жүздің жекелеген руларының аты-
нан Россияға ант берді. Ол бұған дейін
де, ант бергеннен кейін де қ а з а қ халқын
ж а п с а р л а с ж а т қ а н орыс елдерімен тату
көршілікке үзбей шақырып отырған және
Қ аза қ станны ң Россияға қосылуына ат
салысқан өз заманының озық ойшылы,
көрнекті қоғам қайраткері болған.
« Қ а з а қ С С Р тарихының» I томында
Орта жүз руларының Россияға қосы-
луы бұдан көп кейін, 1738 жылы бастал-
ғаны, осы жылдың август айында Орын-
борда Әбілхайырдың, оның балалары
Нұрәлі мен Ералы сұлтандардың ант
бергені, ал ант беру қағазына 53 стар-
шинаның, оның ішінде кішіжүздік 25,
ортажүздік 27 старшинаның өздерінің
таңбаларын басқаны, бірақ бұл съезге
қоныстарының шалғайлығы н сылтау етіп
Абылай мен Әбілмәмбеттің келмей қал-
ғандығы, тек 1740 жылы ғана, орта жүз-
дің ру әкімдерінің көбі-ақ Россияның
қоластына қ а р а ғ а н кезде ғана Абылай
мен Әбілмәмбеттің Орынборға келіп,
Россияның қоластына қарайтындықта-
ры жөнінде ант бергені айтылады. Қазақ-
стан тарихында айтылмай келген көп
жайлардың ж а ң а басылымдарда айты-
латыны сияқты дәл осы кездегі Қазы-
бек бастаған би, старшындардың Абылай
мен Әбілмәмбетті икемге келтіру, сөйтіп
Орта жүздің Россияға қосылуын тезде-
тіп аяқтау жолындағы сан алуан, қиын
қызметі ж а н - ж а қ т ы көрсетіліп жоғар ы
әрі тиісті бағасын алар деп ойлауға қақы-
мыз бар. Өйткені іс жүзінде орта жүздің
Россияға қосылуын бастағанын да, оны
ресми түрде мойындап ант беруге хан-
дарды мәжбүр еткен де бірқатар ру басы-
лары, билер, соның ішінде Қазыбек бол-
ған.
Қ азыбе к Қ аза қ станны ң Россияғ а қо-
сылу фактісінің маңызын оқиғаның ба-
сында-ақ байқап, тарихи процестің бары-
сын, пайдасын өзінің рулас замандаста-
рына кезінде ұғындыра білген сияқты.
Д а н а би Қазыбек өз халқын тек орыс
жұртымен ғана емес, жапсарлас ж а т қ а н
қ алма қ , өзбек халықтарымен де тату, дос
көршілер болуға үндеді. Өз өмірін де сол
жолға арнады. Бұған бір ғана мысал
келтіре кетейік. Шоқан Уәлиханов шы-
ғармаларының орыс тілінде ж а р ы қ көр-
ген бес томдығының төртінші томында
«Шона батыр» дейтін мақала бар. Сонда
осы Қазыбек жайлы көңіл аударарлық
дерек келтірілген. Башқұрт халқының
1740 жылғы ұлт азаттық көтерілісінің
басшысы Қ а р а с а қ а л (шын аты Меңді-
құл Юлаев ) көтеріліс сәтсіздікке ұшы-
рағаннан кейін қашып келіп қ а з а қ дала-
сына паналайды. Ол өзін елге қ а л м а қ т а р
арасында беделді болған, ағасымен хан-
дыққа таласта өлтірілген, қ а л м а қ қоң-
тайшасы Қалдан Цереннің інісі Шона
батырмын деп таныстырады. Қ а л м а қ т а р
арасында Шона батыр орыс әскерін бас-
тан келіп Қалдан Церенді шабады-мыс
деген л а қ а п тарайды. Сөйтіп Қ а р а с а қ а л
орыс патшасына да, қалмақтың қоңтай-
шасына да қауіпті ортақ ж а у болып ала-
ды. Патша үкіметі мен қ а л м а қ қоңтайша-
сы бірігіп Қ а р а с а қ а л д ы қолға түсіруге
тырысып бағады, оны қалайда ұстап бе-
руді қ а з а қ т ы ң хандары мен сұлтандары-
на, батырлары мен билеріне тапсырады.
Бірақ Қ а р а с а қ а л оңайшылықпен қолға
түсе қоймайды және бауыр тұтып бас
сауғалап келген башқұрт халқының ба-
тыр ұлын қ а з а қ т а р да ұстап бергісі кел-
мейді.
Б а р а қ батыр Қалдан Цереннен ама-
натқа ұстап отырған баласы Шығайды
айырбасқа сұрағанда
Қ алда н Церен
Қ а р а с а қ а л д ы
ұстап берсең, балаңд ы
босатамын деген шарт қояды. Б а р а қ ба-
тыр келісім береді және Қ а р а с а қ а л д ы
ұстау үшін алдымен өзінің қ арындасы н
беріп қолға алдап түсірмек болады.
« Б а р а қ шынында да қарындасын Қа-
расақалға көндіреді, бірақ ол мұның
пиғылын біліп қалып оған бару «қауіп-
ті» болғандықтан Б а р а қ т а н шалғайда-
ғы далаға, дәлірек айтқанда Қазыбек
бидің қонысына көшіп кетеді. Бұл би
Қ абанбайме н бірлесіп оны Б а р а қ сұлтан-
ның шабуылынан қорғауға уәделеседі».
Сөйтіп Қазыбек би патша үкіметі мен
қ а л м а қ қ оңтайшасына н қ ашы п жүрген
башқұрт халқының ұлт азаттық күресі-
нің көсемін паналатып, қамқорлығына
алады және оны қ а з а қ хан-сұлтандары-
ның қастандығынан да қорғап қалады.
Көнекөз
қ а р и я л а р д ы ң ,
Қ азыбекті ң
кенже ұлы Сырымбеттің ұрпақтарының
айтуы бойынша Қазыбек қартайған ша-
ғында өз ауылын қаракесектерді бастап
Семізбұғыға келіп қоныстаныпты. Сол
келген жылы Семізбұғы тауында Теректі
дейтін бұлақтың бойында қысқы соғым
кезінде 97 жасында қайтыс болыпты.
Баласы Бекболат әкесіне арнап киіз үй
тіктіріп, оның ішіне төрт таған тас орна-
тып, сөре жасатыпты. Сөйтіп сыртынан
былғары тұлып тіктіріп, Қазыбектің дене-
сін төрт ай сөреде сақтап, жер босасымен
табытқа салып көктем шыға Түркстан-
дағы Хожа Ахмет Яссауидің бейітіне апа-
рып қойыпты. Бұл деректі облыста, оның
ішінде Егіндібұлақ ауданында тұратын
Қазыбекпен рулас, шежіреші
қ артта р
да, ел аузындағы әңгімелер де растайды.
Қазыбектің ж а с кезінде қ аракесе к ру-
лары Сырдария бойында көшіп жүрген.
Оған жоғарыда аталған жоқтаудағы:
«Сырдың бойын жаратпай,
Мал өсірер орын деп,
Қазақтың ұлын өрдіріп,
Қ о н ы с ә п е р д і ң А р қ а д а н » —
дейтін М а ң қ а н қызының сөздері айғақ.
Бірақ жоқтауда айтқанындай Қазыбек
қ аракесе к руын бастап С а р ы а р қ а ғ а көш-
кенде «Сырдың бойын жаратпай» көшкен
жоқ, Ж о ң ғ а р қалмақтарының тыным-
сыз шапқыншылығынан жылжып, Сыр-
дария мен Түркстан өңірін тастап, құс
қанатын талдырға н кеңістікке, көл-көсір
байлық өлкесіне — сайын Сарыарқа-
ның жуан ортасына қарай көшкен.
Сонымен Қ а з дауысты Қазыбек би
Сыр бойында туып-өскен: өзінің қараке-
сек руларымен бірге С а р ы а р қ а жеріне
1740 жылдары келіп, Қ а р қ а р а л ы өңірінде
қоныстаған. Қазіргі Семізбұғы өндірісі-
нің маңында 99 жасында (кей деректер
бойынша ж ү з жасында) 1764 жылдың
декабрь айы шамасында, демек, бұдан
226 жыл шамасы бұрын дүние салған.
Денесі Түркстандағы Хожа Ахмет Яс-
сауидің сағанасына қойылған. Мұнда
Әбілхайыр хан мен Абылай хан сияқты
Қ азыбе к биге де арналып орнатылға н
құлпытас бар.
Сайып келгенде үш ғасырдан астам
уақыт бойына ел аузынан бір түспей,
қ ашанд а қадір-құрметпен аталып келе
жатқан, сол халықпен бірге ж а с а й бере-
тін, сонау бір
қыл үстіндегі
қиын
кезеңдерде қ а з а қ елінің іргесін бекітіп,
мемлекет болып қалыптасуына, соған
орай өзіндік тіл, әдебиеті, заңды нұсқа-
ларының жасалуына, даму мен өсіп-өр-
кендеудің өмірлік дұрыс бағыттарын
анықтап алуға баға жетпес үлес қосқан
кемеңгер адам Келдібекұлы Қазыбек би
ел құрметіне, б о л а ш а қ ұрпақтардың қа-
дірлеп, ардақтауына лайық тарихи тұл-
ға.
Қ АЗЫБЕКТІ Ң «ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ »
Ел аузындағы «Жеті ж а р -
ғы» жөнінде толық мағлұ-
матты, оның толық та анық
түпнұсқасын табу әзірге мүм-
кін емес. Оның өзіндік себеп-
тері де ж о қ емес. Ең алды-
мен, ғалымдар қауымы кезін-
де бұл іске мүдделі болған
жоқ. Шын мәнісінде сонау бір
ерте заманда қ а з а қ т ы ң сайын
даласын мекендеген халықта
«әдет-ғұрып праволарының
жинағы» болғандығын дә-
лелдеудің өзі ешкімге де тиім-
ді емес еді. Оның үстіне көш-
пелі халықтың-өзіндік ерек-
шеліктеріне орай «Жеті ж а р -
ғының» тасқа басылған, кі-
тапқа түскен, әуелде қай тұр-
ғыда болса да, қ а ғ а з бетіне
түсіріліп, белгілі орындар
мен тиісті адамдар қабылдап
алған, соған орай қатталып,
к у ә л а н д ы р ы л ғ а н н ұ с қ а с ы
болмағанға ұқсайды. «Жеті
жарғы» да б а я ғ ы сол халық-
тың ауыз әдебиетіне тән тәр-
тіп-үлгімен бір жерде екше-
ліп, бір ізге салынып, дүниеге
келген соң сол тұстағы
ел-елдің бетке
ұ ста р игі
ж а қ с ы л а р ы н ы ң , сол ел-
д е р д і а у з ы н а
қ а р а т ы п ,
«айдап өргізіп, үйіріп ж а т қ ы -
зып» жүрген хан-билерінің
дуалы ауыздары арқылы ке-
ңінен тарап, бірден бірге
таратылуы арқылы ел ау-
зында жатталып қалғанды-
ғын байқауға болады. Со-
ған орай «Жеті жарғының»
әр кездегі белгілі адамдар-
дың өзінше өңдегі,
қ а ғ а з
бетіне түсірген нұсқалары
көрініп қалып, табылып та
жатады. Осындай нұсқалары
патша өкіметі чиновникте-
рінін қолына да түсіп, әр
тұста жарияланғандығын бі-
луге болады. «Жеті жарғы-
ның» осы тәрізді нұсқалары-
ның
қ аза қ зиялыларыны ң
ж а з б а л а р ы н д а с а қ т а л ы п
бізге жеткенін де, сондай
бір нұсқасының Қожа Ах-
мет мавзолейінен табылға-
нын да кейінгі кезде оқып,
білгеніміз бар. Қалай болған
күнде де соңғы кездерде
ғана белгілі болып отырған
мәліметтер мен құжаттар не-
гізінде, соларға сүйене оты-
рып, ел аузында жүрген
«Жеті жарғы» жөнінде аз-кем
әңгімелеп беруге болатын
сияқты. Әзірге ол жайындағы
толыққанды деп айтуға бола
қоймайтын сол әңгімемізді
« Қ а р қ а р а л ы » журналы оқу-
шыларының назарына ұсы-
нып, ой-пікір
қ о з ғ а ғ а н д ы
жөн көрдік. Көне тарихы-
мызды қозғайтын, сонысына
қ арамай , тың әңгіме сияқты
болып көрінетін бұл әңгіме-
мізді оқырмандарымыз одан
әрі жалғастырып кетер деп
ойлаймыз.
* * *
Қай т а қ ы р ы п т а ғ ы әңгі -
мелерімізде де әзірге бірден-
бір әмбебап басылым болып
отырған (солай болуға тиіс-
ті!) « Қ а з а к совет энцикло-
педиясына» жүгінетініміз бар
ғой. «Жеті жарғы» жайлы сөз
қ озғард а да сол басылым-
ды ашып көрдік...
Достарыңызбен бөлісу: |