«Он жетінші ғасырдың аяқ
шені мен он сегізінші ғасыр-
дын басында Тәуке хан тұ-
сында жасалған байырғы
әдет правосынын жинағы»
деп қысқаша ғана тұжырым-
мен баға берген «Жеті жар-
ғыны» әмбебап энциклопе-
диямызда: «Мазмұны жағы-
нан алғанда «Жеті жарғы» —
п а т р и а р х а л д ы - ф е о д а л д ы қ
қатынастар мен үстем тап
өкілдерінің мүдделерін қор-
ғап, бұқараны бағынышты
етіп
ұстауға бейімделген
әдет правосы нормаларының
жинағы», — деп сипаттаған.
«Жеті ж а р ғ ы жайлы беріл-
ген көлемі шағын м а қ а л а д а
(энциклопедияда одан көлем-
ді мақала беру мүмкін емес,
әрине) бұдан артық, одан
көлемді әрі жоғары баға, си-
паттама берудің мүмкін емес
екендігін ескерсек те, «Жеті
жарғыға» солай болуға тиіс-
ті болған «патриархалды-
феодалдық қатынастар мен
үстем тап өкілдерінің мүд-
делерін қорғап, бұқараны ба-
ғынышты етіп ұстауға бейім-
делген әдет правосы норма-
ларының жинағы» болғанын
міні, кемшілігі сияқты етіп
астар беру артық-ақ сияқ-
ты, әрине. Сонда б а с қ а ш а
болуы, Қазыбектердің «Жеті
жарғыда» коммунизм құры-
лысшысының моральдық ко-
дексінің талаптарын немесе
советтік мемлекеттік право
нормаларының жинағын жа-
зуы керек пе еді?! Оларды
қалай жазсын , Қ азыбе к ком-
мунист емес қой, Қазыбек-
тер советтік з а ң мектепте-
рінде оқып, советтік заң орын-
дарында қызмет істеген жоқ
қой?! Мұның есесіне «Жеті
жарғының» далалық фило-
софияларға толы, ғасырлар
бойына жинақталған, еленіп-
екшелеген ереже-қағидалар-
дан, халықтық тәртіп-дәс-
түрлерден тұратын, солар-
дан
қ ұ ралға н
Қазыбектер
заманының далалық консти-
туциясы екендігін мезгеген
тұспал жоқ. Байыбына ба-
рып, байқап көргенде «мен
мұндалап» тұрған негізгі ар-
тықшылығы, негізгі сипаты
мен сипаттамасы осы болса
керек қой «Жеті жарғының»...
Энциклопедиядағы м а қ а л а
авторы мұндай «тереңдікке»
бара алмаған. Өйткені сол
баяғы таптаурын, жаттанды
болып алған «өткен заман-
ның, хан мен билер зама-
нының» жақсылык, ізгілік
атаулымен шаруасы болуы
мүмкін емес... Билер ж а з ғ а н ,
хан заманына арнап, Тәуке
ханның тапсырмасымен жа-
зылған нұсқаларды советтік
з а м а н д а ғана ж а з ы л у ғ а
тиісті Конституцияға маңай-
ластыру мүмкін емес қой...
Сол ел аузында жүрген,
біздерге сол «Жеті жарғы-
ның» өзімен бірге келіп жет-
кен Қожаберген жыраудың
«Жеті жарғы» атты дастаны
бар. Бұл Тәуке ханға, оның
Қазыбек, Төле, Әйтеке биле-
ріне, солардың билік жүргіз-
ген заманына арналған осы
көлемді дастанда:
«Шығайда соң орнында
Тәуке қалды,
Кезінде Әз-Тәуке
деп атақ алды.
Қ азыбек , Төле, Әйтеке
ақылшы боп,
Дейтұғын «Жеті жарғы»
заң шығарды» —
деген жолдар бар.
Д е м е к , « Ж е т і Ж а р ғ ы »
аталған қ а з а қ т ы ң байырғы
әдет правосының жинағын
жазған, дүниеге әкелген ав-
торлар (бүгінгіше айтсақ)
қ аза қ ты ң өз кезіндегі үш да-
насы, кемеңгер көсемі, ел
қ орғаға н қ олбасшылар ы Қа-
зыбек, Төле мен Әйтеке бол-
ған. Демек, оларды бүгінгіше
айтсақ «Жеті Ж а р ғ ы н ы ң »
соавторлары, бірлескен ав-
торлары деуге болады. Демек,
бұрынғыша м а қ а м д а ғ а н д а ,
«Қазыбектің Жеті Жарғысы»,
«Төленің Жеті Жарғысы»,
«Әйтекенің Жеті Жарғысы»
деп атап, ғасырлар бойына
мұқият сақталып келген за-
манының
ұлы туындысын
данагөй кемеңгерлеріміздің
әрқайсысына жеке-жеке жік-
теп, меншіктеп атауымызға
әбден болады. Демек, әңгі-
меміздің т а қ ы р ы б ы н д а ғ ы
«Қазыбектің «Жеті Ж а р ғ ы -
сы» деген сөздерге таңырқай
қарап, күдік тудырудың ар-
тық екендігін айтқан ләзім...
* * *
Хандар мен билер дәуі-
рінде ешқандай да жақсылық
болған жок дегенге бойдың
әбден үйреніп алғаны сон-
шалық, сол үш бірдей дана
билеріміздің а т т а р ы н да
байқап-байқап атайтын бол-
дық емес пе?! Осыдан келіп,
Алматы мен Ш ы м к е н т т е
аспандатып, әспеттеп ж а т қ а н
Қазыбегімізді, сол Қазыбек-
тің тікелей ұрпақтары өмір
сүретін
Қ а р а ғ а н д ы а л қ а -
бында, тіпті; Қазыбектің кіші
отаны атап жүрген Егінді-
бұлақ ауданында данагөй ба-
бамыздың есімін марапаттап
тұрған бірде-бір орынның
болмауына «жетіп» отырмыз
ғой... Әруақ сыйлағанның,
ата-баба сыйлағанның бұдан
«озық» мысалын іздеп табу
қиын-ақ шығар...
Ал Қазыбектер заманында
сол дуалы ауыздар Әз-Тәуке
атандырған Тәуке жайлы
жылы сөз естіп көрдік пе?!
Әй, естіген жоқ шығармыз-
ау... Әйтеуір Тәуке деген бі-
реудің хандық құрғанын есті-
ген шығармыз. Ал, хан болған
соң одан нендей жақсылық
күтерсің? Солай емес пе?..
Ал шындығына а қ ы л м е н
ой жүгіртіп қарайтын бол-
сақ, таптаурын болған, жат-
танды ойлардың жетегіне
ермей, тарих таразысының
не айтарына ой-сана тереңі-
нен б а ж а й л а п б а ғ а л а р бол-
сақ, Тәуке қазақ халқының
тарихындағы ұлы тұлғалар-
дың бірі екенін дүние-әлемге
бар дауыспен паш етерлік
адам болғанын айтар едік
қой... Оның ұ лылығ ы сол бір
қиын кезеңдерде елдің елді-
гін, қазақ халқының халық-
тығын аман сақтап қалған-
дығында, сол бір аумалы-
төкпелі қысылтаяң-қиындығы
көп күндерде «Қасымның
қасқа жолы» мен «Есімнің
ескі жолын» нық ұстанып,
шариғат негіздерінің ізгілік-
ті қағидаларын берік наси-
хаттап, қазақ халқын осы
жолдарда алға бастыра, иық
тірестіріп, біріктіре білгенді-
гінде болса керек. Тегінде мә-
селе елдің елдігін сақтау жо-
лында дұрыс бағытты ұста-
нып, сол бағытта халқын ал-
ға бастырып, өрге өрлете білу-
дің қай кезде де алар орны
ерекше болған ғой.
Тәуке хан билік
құрған
он жетінші ғасырдың екінші
жартысы мен он сегізінші
ғасырдың басы жалпы қазақ
елі үшін аса қиын кезең бол-
ған еді. Ұлыс пен ұлыс, ж ү з
бен жүз, ру мен ру қырқы-
сып, жікке бөлініп, қыран-кес-
кі болып ж а у л а с ы п , елдіктен
кетісіп, халық т а ғ д ы р ы сау-
д а ғ а түсіп, қылкөпірдің үс-
тіне шығып қ а л ғ а н еді. Енді
болмаса Ж о н ғ а р қ а л м а қ т а -
рының үрдіс ш а б у ы л д а р ы н а
төтеп бере а л м а й , ж а п п а й
қ ы р ы л у д ы н , д ұ ш п а н д а р
боданына а й н а л у д ы ң а з - а қ
алдында тұрып
қалып еді.
Міне, осындай ш а қ т а тығы-
р ы қ қ а тірелген қазақ х а л қ ы н
қ иын- қ ыста у кезеңне н а м а н
алып ш ы қ қ а н осы Тәуке хан-
нын кемеңгерлігі, б о л а ш а қ т ы
б о л ж а й білген көрегендігі еді.
Ең а л д ы м е н о ң т ү с т і г і н -
дегі көршілерімен, батысын-
д а ғ ы еліне ерекше қауіп төн-
діріп отырған к ү ш - қ у а т ы мы-
ғым орыс п а т ш а л ы ғ ы м е н
қ а р ы м - қ а т ы н а с т ы т ү з е у г е ,
о л а р д а н төніп келе ж а т қ а н
қ ауіп- қ атерді ң алды н ал а
білген Тәуке хан маңызы бұ-
дан да зор екенін терең түсін-
гендіктен де қ а з а қ қоғамы-
ның ішкі ж а ғ д а й ы н , өз хан-
дығының
қ уаты н арттыру -
д ы ң қамына кіріскен болатын.
Тәуке хан ең алдымен ыды-
рап, берекесі кеткен қ а з а қ
х а л қ ы н ы н басын біріктіріп,
ішкі д а у - ж а н ж а л д ы , барым-
таны тежемей, ұсақ хандық-
тардың у а қ ы т ш а болса да
ө з а р а ынтымағына қол жет-
кізіп а л м а й тұрып, сыртқы
ж а у л а р м е н батылдықпен кү-
ресуге болмайтынын түсін-
ді. Осы мақсатпен Тәуке хан
сол т ұ с т а ғ ы қазақ қ о ғ а м ы н а
прогрестік б а ғ ы т т а ғ ы ірі-ірі
р е ф о р м а л а р д ы енгізді. Бұл
р е ф о р м а л а р д ы н қай-қайсысы
болса д а , ж а л п ы а л ғ а н д а
түпкі м а қ с а т - м а з м ұ н ы м е н
феодал т а п т а р ы н ы н үстем-
дігін нығайтуға а р н а л ғ а н ы -
мен, қ а з а қ қоғамының басын
біріктіріп, күшін ж и н а у д а ,
тарпа бас с а л у ғ а а н т а л а п
дайын т ұ р ғ а н сыртқы ж а у ғ а
мығым тойтарыс
ұ йымдас -
тыруда, ішкі т а л а с - т а р т ы с -
т а р д а н , өзара
қ ырғын- қ ы -
р ы л ы с т а р д а н күйзелген ха-
лық ш а р у а ш ы л ы ғ ы н ж ө н г е
келтіруде зор роль а т қ а р -
ғанын айта кеткен жөн. Он-
сыз болмайтыны — мейілінше
айқын ж а й ғой. Тәуке хан
өзінің көреген с а я с а т ы н фео-
д а л д ы қ - р у л ы қ билер мен
с т а р ш и н а л а р ғ а , б а т ы р л а р ғ а
нық сүйене отырып ж ү р г і з -
ген болатын.
Міне, осы дәуірдегі Тәуке
ханнын б а с т а у - б а с ш ы л ы ғ ы -
мен
қ а б ы л д а н ы п , ж ү з е г е
а с ы р ы л ғ а н , сол кезең үшін
мейлінше ірі р е ф о р м а л а р -
дың бірі — т а р и х т а «Жеті
Ж а р ғ ы » деген атпен мәлім
болып отырған, біздін бү-
гінгі ә н г і м е м і з д і ң негізгі
т а қ ы р ы б ы н а а л ы н ғ а н қ а з а қ
халқының әдет-ғұрып з а ң -
д а р ы н ы ң ( н о р м а л а р ы н ы ң )
ж и н а ғ ы . Бұл қ а з а қ елдері-
нің а р а с ы н д а «Әз Тәукенің
«Жеті Ж а р ғ ы с ы » , ал орыс
ж ұ р т ш ы л ы ғ ы , орыс патша-
лығына «Тәуке хан з а ң д а -
ры «Жеті Ж а р ғ ы » деген ат-
пен белгілі әдет-ғұрып нор-
маларының ж и н а ғ ы . Тегінде
қ ұ ж а т т а р д ы н осы ж и н а ғ ы
бір кездегі өзін ш ы ғ ы с т а ғ ы
Ж о н ғ а р б а с қ ы н ш ы л а р ы мен
солтүстіктегі
қ уатт ы отар -
шыл орыс п а т ш а л ы ғ ы н а ерік-
сізден-еріксіз мойындаттыра
білген қ а з а қ т ы ң « д а л а л ы қ
п а т ш а л ы ғ ы н ы ң » өзіндік кон-
ституциясы болған еді. Түрлі
зерттеушілер мен правовед
ғ а л ы м д а р қазірде осы тектес
пікір-ойларға б і р ж о л а мойын-
с ұ н ғ а н д а й сынай танытып
отыр.
Расында да әмбебап
қ ұ -
р а л — э н ц и к л о п е д и я л а р ғ а
жүгінетін болсақ та осындай
т ұ р ғ ы д а ғ ы
қ о р т ы н д ы н ы
б а ж а й л а й т ы н ы белгілі. Мәсе-
лен, В л а д и м и р Д а л ь д і ң 1881
ж ы л ы С а н к т - П е т е р б у р г т е ба-
сылып ш ы қ қ а н «Түсіндірме
сөздігінің» («Толковый сло-
варь») екінші томында «Кон-
ституция» деген ұғымға бы-
л а й деп а н ы қ т а м а берілген:
«Конституция — образованье,
устройство правленья, ос-
н о в а н і е г о с у д а р с т в е н о г о
управленья. Основные за-
коны, опредьляющие права
и обязанности избиратель-
ныхь собраній кь государю
и кь народу; законоправ-
ленье, ограниченное монар-
хическое правленье, гдь за-
конь выше п р а в и т е л я »
(с. 152). Б ұ ғ а н қ о с ы м ш а ре-
тінде 1976 ж ы л ы ж а р ы қ көр-
ген « Қ а з а қ Совет Энциклопе-
диясының» тоғызыншы то-
мында « П р а в о » деген үғымға
берілген түсінікті де келтіре
кеткен жөн болар. Онда бы-
л а й делінген: «Право — мем-
лекет шығарған немесе бе-
кіткен, орындалуы мемлекет-
тік аппараттын күшімен қам-
тамасыз етіліп отыратын ж а л -
пыға бірдей тәртіп ережелері-
нің (нормалардың) жиынты-
ғы. Право — әрқашанда тап-
тық құбылыс, қоғамның бір-
біріне қарама-қарсы қанау-
шы және қаналушы таптарға
бөлінуі нәтижесінде үстем
таптын мүддесін қорғау мақ-
сатында мемлекетпен бірге
пайда болады. Право — үс-
тем таптың заңға айналды-
рылған мүддесі... Правоның
алғашқы тарихи типі — көне
замандағы Египет, Үндістан,
Қытай, Персия, Греция, Рим
мемлекеттерінде болған құл
иеленушілер правосы» (329-
бет).
Осы екі үзіндіге сүйенер
болсақ, «Жеті ж а р ғ ы » қ а з а қ
мемлекетінің қ а л ы ң б ұ қ а р а -
сының п р а в о л а р ы мен мін-
деттерін а н ы қ т а й т ы н , мемле-
кет пен х а л ы қ т ы ң ара қа-
тынасын белгілейтін негізгі
з а ң д а р ы мен з а ң д ы қ норма-
л а р ы н ы ң ж и ы н т ы ғ ы д е п
бар дауыспен айта а л а м ы з .
Осы реттен а л ғ а н д а Әз Тәуке
билік құрған қ а з а қ қоғамын
мемлекет деп а т а у ғ а ау-
з ы м ы з д ы ң б а р а б е р м е у і ,
Қ а з а қ э н ц и к л о п е д и я с ы н д а
«правоның а л ғ а ш қ ы тарихи
типі ретінде Әз Тәукенің з а ң -
д а р ы « Ж е т і ж а р ғ ы н ы » ата-
май, «көне з а м а н д а ғ ы Еги-
пет, Үндістан, Қытай, Пер-
сия, Греция, Рим мемлекет-
терінде болған құл иеленуші-
лер п р а в о с ы н ы ң » а т а л у ы
да тағы сол б а я ғ ы таптау-
рынды болған іздердің, ж а т -
танды болған п ә л с а п а - қ а ғ и -
д а с ы м а қ т а р д ы ң с а л д а р ы бол-
са керек. «Өзінше» із с а л ы п ,
тың о й л а р айтуға именіп,
қ о р ғ а л а қ т а п қ а л ғ а н « Қ а з а қ
совет э н ц и к л о п е д и я с ы н ы ң »
а в т о р л а р ы т а п т а у р ы н із,
ж а т т а н д ы қ а ғ и д а н ы ң бірден-
бір көзі «Үлкен совет энцикло-
педиясынан» д а й ы н асты
шайнап, ( а у д а р ы п ) ж ұ т а
с а л ғ а н ғ а ұқсайды.
«Жеті ж а р ғ ы ғ а » б а й л а н ы с -
ты әңгімелерді, кейбір то-
л ы қ қ а н д ы жекелеген пікір-
лерді р е в о л ю ц и я ғ а дейін ж а -
рық көрген К. Шүкіралиев-
тің (1804), Я. Гавердовской-
дің (1806), А. Л е в ш и н н і ң
(1832), Н. И. Гродековтың
(1889) еңбектері мен
қол-
ж а з б а л а р ы н д а , сол с и я қ т ы
совет ғ а л ы м д а р ы С. В. Юш-
ковтың, С. Л. Фукстың, Т. М.
Культелеевтің,
қ а з а қ зерт -
т е у ш і - ғ а л ы м д а р ы С. З и м а -
нов, Н. Өсеров, С. Б а й ж а н о в -
тардың еңбектерінде ішінара
кездесіп отырады. Ал, «Жеті
ж а р ғ ы н ы » арнайы объекті ре-
тінде алып, ж а н - ж а қ т ы зерт-
теп, ой-пікір
қ о р ы т у ш ы л а р
жоқ б ұ л а р д ы ң а р а с ы н д а .
Осы ретте қазақ ж а з у ш ы с ы
С а п а р Б а й ж а н о в т ы ң Түркіс-
тан
қ а л а с ы н д а ғ ы б е л г і л і
Қ ож а Ахмет Яссауи музейі-
нің экспозицияларынан та-
былған «Жеті жарғының»
әзірге қолда бар толығырақ
нұсқасына сүйене отырып жа-
риялаған шағын мақаласы
көңілге көбірек қонатын сияқ-
ты. Ал одан басқа зерттеу-
шілер тек қана «Жеті жар-
ғының» б а с қ а л а р «солай
болу керек» деп айтып ж а з -
ған әңгімелеріне ғана сүйен-
ген. Соның нәтижесінде қай-
сы бір зерттеушілер исі Тәуке
ханның кезінде қолданылуы
мүмкін-ау деген әдет-ғұрып
ережелерінің ( н о р м а л а р ы -
ның) бәрін осы «Жеті жар-
ғыға» тели бергенге ұқсайды.
Осы жерде «Жеті жарғы»
деген аттың шығуына бай-
ланысты да әр зерттеуші-
нің өзінше жорамал ж а с а й
беретіндігін де еске сала кет-
кен жөн. Олардың көбісі
жинақты жасауға жеті би
қатысуы себепті ол «Жеті
ж а р ғ ы » а т а л ғ а н дегенге
саяды. Бұл, бір есептен негіз-
сіз, қисынсыз пікір сияқты.
Көне түрік тілінде «жарғы»
деген сөздің «йарлық» деген
тұлғада айтылып, қазақ ті-
ліндегі «әмір, билік, заң»
деген мағына беретінін, ал
бүгінде баршаға жақсы мә-
лім «Кодекс Куманикусте»
«жарғы» сөзі «дау, айтыс,
тартыс, әмір, әдет-ғұрып за-
ңы»
ұғымын білдіретінін,
оларға жер дауы, күн дауы,
жесір дауы, мал-мүлік дауы,
барымта, айып-жаза, алым-
салық және б а с қ а л а р енеті-
нін еске алып, б а ж а й л а р
болсақ, «Жеті жарғы» деген
сөздің жеті салада, жеті ба-
ғыт-бағдарда, жеті бап-пункт
бойынша сараланған жар-
лық-әмір, байлам-тоқтам де-
ген ұғым берсе керек. Оған
жоғарырақта айтылған Қ о ж а
Ахмет музейінде табылған
нұсқа дәлел, тірек болатын
сияқты.
Осы жайды ел аузында
жатталып, біздерге жеткен
мына бір ж о л д а р растай
түсетін сияқты. Оларда «Же-
ті жарғының» осы жеті сала-
бағытына сипаттама беріл-
ген:
« Ж е р дауы, б а я н д а й ы н ,
біріншісі,
Ру, қоныс пенен меншікті ісі.
Иеленген жеріне ж а н ж а л
болса,
Біреуге басымдық қып
озбыр кісі.
Үй іші мен баланы
тәрбиелеу —
Б о л ғ а н жосын з а ң ы н ы ң
екіншісі.
Ұрлық, қарлық, барымта —
үшінші заң.
Баян етер бәрін де білген
кісі.
Т ө р т і н ш і боп с а н а л ғ а н
мынау заңы,
Бір халық пен басқа ру
болса дауы.
Ұлтын жауда н қорғамақ —
бесінші бұл,
Алтыншы, жетінші —
күн дауы, жесір дауы...»
«Жеті жарғыда келтіріле-
тін әдет-ғұрып нормалары
жеті сала, тақырып төңірегін-
де топтастырылған деуге
болады. Олардың негізі етіп
күн, айып төлеу жайы, со-
лардың сипаты мен мөлшері
алынып отырған. «Жеті ж а р -
ғының» осындай бір үлкен
бөлігі ел қонысы, жер дауы-
на арналған. Онда қазақ
қоғамының, оның әрбір ру-
тайпасының көшіп-қонатын
қыстағы қыстауы мен ж а з -
дағы жайлауын анықтап,
белгілеп берудің қалыптас-
қан реттері мен жолдар ы
белгіленіп, айтылып беріл-
ген. Ал бұл жарғылардың,
нормалардың сол замандағы
жоңғар басқыншыларының
жаулап алуларынан кейін
барар жер, басар тау тарыл-
ған кездегі қоныс-жайлаулар-
ды қайта реттеп, қайта бел-
гілеулер кезінде үлкен кө-
мек болғаны даусыз. Тәуке
хан осы ж а р ғ ы л а р негізінде
қазақ елінің жер-суын, қо-
ныс-жайлауларын
қ айтада н
реттеп бөліп, таңба белгіле-
рін, де көрсетіп бергені - а қ и -
қат жай . Тәуке хан осы ар қ ы -
лы ел ішіндегі түрлі дау-жан-
жалдарды ретке келтіріп,
рулық қақтығыстарды бәсең-
дете алды, белгілі бір дә-
режеде ел арасындағы тату-
лық-ынтымақ дегендерді қа-
лыптастыра алды. Осыған
орай, «Жеті ж а р ғ ы н ы ң »
бұл бағыт-саладағы әдет-
ғұрып ережелерінде жер-
су, қоныс-жайлау, көшу-қону
кезінде ұстанатын жөн-жоба,
заңдар мен қағидалар бел-
гіленіп, реттеліп берілген.
Ендігі бір тақырып-сала
көшпенділік заңдарына, ерек-
шеліктеріне сәйкес, жаугер-
шілік, талас-тартыс зардап-
тарына орай құн төлеудің,
күн даулаудың ж а й - ж а п с а -
рын белгілеген жарғы-тоқ-
тамдар болған. «Қанға —
қан, ж а н ғ а — жан » деген
өзіндік заңға негізделген көне
заман әдет-ғұрпы халықты
небір ғаламат күйзелушілік-
терге
ұ шырат қ аны н тарих-
тан ж а қ с ы білеміз. Олай
болса, ел бірлігін, өзара
ынтымағын ойлаған Әз-Тәуке
мен оның кемеңгер билерінің
бұл жайды замана талабына
сай ретке келтіруге тыры-
суы — заңды жай. Бұл рет-
те адам құнын жынысына,
б а й - к е д е й л і г і н е , ш ы қ қ а н
тегіне қарай бағалауы сол
кездегі деңгеймен қарағанда
бәлендей ерсі де емес. Мысал
үшін ер адамның құны 1000
қой боп белгіленсе, әйел
адамның құны осының ж а р т ы
мөлшерінде болған. Халық-
тың ханы, сұлтаны, пірі, ха-
зыреті қастандықпен өлтіріл-
се, олардың әрқайсысы үшін
қ атардағ ы жеті адамны ң құ-
ны кесілген. Ал, төрелер мен
қ о ж а л а р д ы ң біреуі
қастық-
пен өлтірілген болса, олар
үшін қарапайым адамдардың
екеуінің құны төленетін бол-
ған. Бұл жайлардың бүгін-
гі біздер үшін аса ерсі болып
көрінуі заңды, әрине. Алайда,
сонау бір аумалы-төкпелі
заманда, бұқара халықтың
ел ішіндегі ақсүйектерге өш-
пенділігі ерекше өріс алып,
суық қару жұмсау, соның
нәтижесінде ел билеуші топ-
тарға деген қастандық кең
қанат жайғаны н ескерген
болсақ, сол билеуші топ
өкілдерінің қатаң ж а з а жай-
ын талап етуі, ал бұл талап-
ты соларға сүйеніп саясат
жүргізуші Тәуке ханның
орындауға міндетті болуы, со-
ған орай ж а з а л а у нормала-
рын белгілеуі заңды болса
керек. Өйткені, жоғарыда
да айттық, «право — үстем
таптың заңға айналдырыл-
ған мүддесі...» Бұл саладағы
«Жеті ж а р ғ ы д а ғ ы » әдет-
ғұрып нормаларында сол
сияқты адамның б а с қ а л а р
жасалған зардаптан кем-
дікке ұшыраған, майып бол-
ған әрбір мүшесі үшін төле-
нетін белгілі бір құн мөл-
шерлері белгіленіп берілген.
Енді бір сала жарғы адам-
ның қоғамға жат, теріс қы-
лықтары, шариғатқа ж а т
істері жайында, мұндай адам-
шылыққа жат істері үшін қол-
данылатын ж а з а түрлері
жайлы а й т ы л а д ы . Мәсе-
лен,
ұрлық жасап ,
қолға
түскен, қылмысы дәлелден-
ген ж а ғ д а й д а оның ретіне, би-
лердің
ұйғарымына
қ ара й
«үш тоғыз» айыптың бірін
төлеуі керек деп есептелген.
Онын үстіне ұрлаған түйе
үшін нар, ат үшін аруана,
тайлақ үшін атан түйе, тай
үшін ат, қой үшін тана, сиыр-
дың тайыншасын төлеу керек
болған. Ал мұндай үстеме
айыптар, сол сияқты кісі өлімі
үшін салынатын ауыр айып-
тар адамға қол жұмсауға,
кісі өлтіруге, ұрлық ж а с а у ғ а
баратын кісілерді орасан
ойландыратыны сөзсіз. Де-
мек, Әз-Тәукенің тұсында
ш а р и ғ а т қ а ,
қ оғамғ а ж а т
қ ылыктарды ң күрт азайған -
дығына себепші болғаны
даусыз.
Ж а р ғ ы н ы ң енді бір тарауы
ауыл арасындағы, адамдар
қ арым- қ атынасындағ ы әдет-
дәстүр жайы, оларды дұрыс
та қатаң сактаудың қанша-
лықты маңыз алатындығын,
бұл салттарды, әдет-дәс-
түрлерді с а қ т а у д ы ң мән-
маңызы, ал сақталмай, бұ-
зылған күнде олардың сал-
дар-нәтижелеріне орай ж а з а
қолданылатындығы бұл жа -
залардың түр-сипаты сара-
ланған. Мәселен, бүгінгі
заман адамдарына, әсіресе,
жастарға тым ерсілеу болып
көрінерлік мына бір жайды
алайық. Ж о л а у ш ы адамның
мініп келген атын байлаудың
реті де болады екен. Шынын-
да да ол кездегі негізгі қарым-
қатынас құралы ат мінудің
де, мініп келген атты байлау-
дың да сыры бар ғой. Авто-
бус, трамвайға мініп-түсудің
болмашы ережелерін сақта-
маған күнде мұның өзі сан
алуан ретсіздіктерге, тіпті
апатқа, кісі өліміне апарып
соғарлық әсері мол болмақ
қой. Демек , автобустың арт-
қы есігінен кіріп, алдыңғы есі-
гінен түсу керектігі сияқты,
атқа мініп-түсудің де, ат
байлаудың да дәстүрлі де
ыңғайлы тәсіл-әдістері бол-
мақ қой. Оларды білу, атқа
мінген екенсің, бүгінгі маши-
на жүргізушінің түрлі ере-
желерді ж а т қ а білетіні сияқ-
ты әлгі жол-тәсілдерін қатаң
сақтап отыру ләзім. Осыған
орай мынадай бапқа назар
аударалық: Сырттан келген
адам үйге кірерде мініп кел-
ген аты босағаға байланған-
дықтан біреуді теуіп өлтір-
се — бүтін құн, үйдің жап-
сарына байланған ат теуіп
өлтірсе — жарты құн, ал үй-
дің артына байланған ат
теуіп өлтірсе — небары ат-тон
айып қана төленеді. Байып-
тап, ой жүгіртіп қарар бол-
сақ осының өзінде-ақ көп
сыр, ж а н а м а тәрбие тәсілі
ж а т қ а н жоқ па...
Шариғат жолына, қ а з а қ ы
даналықтарға бүкіл қазақ
елі өміріндегідей, Әз-Тәуке-
нің заңдары — «Жеті жарғы-
да» да аса елеулі орын беріл-
ген. Ата-ананы
қ адірлеп ,
қастерлеу, үлкенді сыйлап-
құрметтеу — «Жеті ж а р ғ ы -
ның», демек
қ аза қ елінің
дана билері мен Әз-Тәукенің
қатты қ а д а ғ а л а ғ а н жайлары .
Мұның өзі, сайып келгенде,
отан амандығына, ел тиыш-
тығына бастар бірден-бір жол
емес пе... Соған орай «Жеті
жарғы» арқылы оны жасау-
шылар әлдебіреулерге аса
қатал болып көрінерліктей
тым
қатты ш а р а - ж а з а л а р
қ олдануғ а дейін б а р а д ы .
Ал, мұндай істе соншалықты
қ аталды қ қ а барма й болмақ
емес қой. Сол себепті де бо-
лар, «Жеті Ж а р ғ ы д а » туған
баласы оларды ренжітіп, қар-
сы келсе, қол жұмсауға дейін
барса ата-анасы туған бала-
сын өлтірем десе де ерікті
делінген. Онда кәмелетке
жеткен баласы туған ата-ана-
сына қол жұмсамай, тіл тигіз-
гендей жағдайда ата-анасы-
ның оларға дүреден бастап,
өлтіргеннен басқа
қ анда й
ж а з а қолданамын десе де
ерікті екендігі а й т ы л ғ а н .
Ал, сол бір кездерде осын-
дай ж а з а л а р ғ а дейін барудың
нәтижесінде дәл
қазіргідей
өріс ала бастаған ата-аналар
мен б а л а л а р а р а с ы н д а ғ ы
қ ы р ғ и қ а б а қ т ы қ пен дау -
ж а н ж а л ғ а өріс берілген жоқ.
Мұның өзі белгілі бір дәре-
жеде б а л а л а р алдында дәр-
менсіз болып келетін ата-ана-
ларды қорғайтын өте қажетті,
аса маңызды шара болатын.
Қ аза қ хал қ ын а ежелден тән
болып келетін ата-аналарды,
үлкендерді тыңдау, сыйлап-
құрметтеу дәстүрі осы Тәуке
заманында заңдастырылып,
бір ретке келтірілгенге ұқ-
сайды. Ал, бұл , қағида-заң-
ның әр кезде де қажет екенді-
гі бүгінгі таңда ерекше сезіліп
о т ы р ғ а н д ы ғ ы ә р к і м г е - а қ
жақсы мәлім. Тегінде батыс
пен шығыстағы ежелгі көр-
шілерімізден «үйренген» ең
бір сұрқия-жексұрын салт —
осы үлкендерді, ата-ананы
сыйлап, құрметтемеу шығар,
көп қылмыс, сұрқиялықтар
соның с а л д а р ы н а н туып-
туындап жатқан болар деген
ой-пікірге мойынсұну теріс
бола қоймас.
Ш ы н ы н д а д а б а л а н ы ң
ата-ана алдында «қияс өт-
пеуі», оған әсте қарсы кел-
меуі, ата-ана ұйғарым-үкімі
бала үшін қашан да, тіпті,
кәмелетке жетіп, есейген
шағында да З а ң дейтін жо-
ралғы-дәстүр өте-мөте рулық-
патриархалдық қоғамнын тұ-
ғырын нығайтатын, содан
келіп елдің, халықтың елдігін,
бірлігін, сыртқы ж а у атаулы-
ға қарсы тұрарлық қауқа-
рын арттыратын т ұ т қ а л ы
талаптың бірі екені даусыз.
Ал мемлекет жоқ жерде,
қауым ішінде тәртіп орната-
тын басқалай нұсқа жоқ
жерде бұл жарғының, қан-
шалықты қатігез көрінгені-
мен, мәні мен ролін кемсіту
мүмкін емес.
Бұл салада сонымен бір-
г е
қ ұ д а л а р а р а с ы н д а ғ ы
жесір дауы мен қалыңмал
дауларын шешуге жоралғы-
л а р беріледі. Мәселен, құда
түсіп, құйрык-бауыр жескен
ақ баталы жесір кетсе, оған
төленген қалыңмал түгелдей
жесір иесіне
қайтарылып,
оның үстіне қалыңсыз қыз
яғни бір қыздың қалыңма-
лын төлеуге тиісті деп бел-
гіленген. Ал, о с ы л а р д ы ң
қай-қайсысы да сол кездегі
ел өміріндегі
қ ажеттілік -
терден туған, мейлінше өзек-
ті де түйінді қағида-нұсқалар
екендігі а қ и қ а т ж а й л а р .
Қ аза қ жұрты мен қ аза қ
топырағында туған, осы за-
манға ғылымға жақсы мәлім
болып отырған ең алғашқы
әдепкі право
қ ұ ж а т ы н ы ң
сыр-сипатын қысқаша шол-
ғанда осы тәрізді болып ке-
леді. Әуел бастан-ақ аңғарт-
қанымыздай, Әз-Тәукенің, өз
заманының үш данагөй ке-
меңгерінің, оның ішінде өзі-
міздің Арқа бойының Қазы-
бегінің «Жеті Жарғысы» маз-
мұны жағынан үш құрамға:
ең алдымен, шариғат заң-
дарына, сонымен бірге, «Қа-
сым ханның қасқа жолы» мен
«Есім ханның ескі жолына»
негізделген. Тегінде бір кез-
дегідей бұл үш құрамға өгей-
си қараудың, оларды ж а т са-
нап, «аза бойы қаза бола»
жатырқаудың негізсіз екеніне
саналы оймен түйсіне қарау-
ымыз қажет. «Қасқа жол»
мен «ескі жол» өзіміз өткен,
халқымыз өткен өз жолымыз
екенін, демек, олардан қалай
және қандай болған күнде де
жеруіміздің ж ө н - ж о с ы қ с ы з
жай болатындығын білуіміз
керек. Сол сияқты Ш а р и -
ғаттың а р а б сөзінен ш ы ғ а -
тын, мән-мағынасы «заң, ко-
декс» екендігін, мұсылман
қ а у ы м н ы н қ ұ р а н ғ а негіздел -
ген ежелгі з а ң ы екендігін,
оның өз ішіне діни, семья ж ә -
не неке, а з а м а т т ы қ қылмыс-
тық право з а ң д а р ы н алатын-
дығын ж ә н е ш а р и ғ а т з а ң д а -
рынын
қ айна р к ө з і — « қ ұ -
дай сөзі»,
Қ ұ р а н , Сүнне ,
Қ ия с ж ә н е И д ж м а екендігін
есте ұстауымыз ләзім.
Қ а л а й дегенмен де, біз
сөз етіп отырған «Жеті Ж а р -
ғы» баспа жүзін көрмеген,
ел ішінде күнделікті тұрмыс-
та берік сүйенген праволық
ереженің
қ аза қ жеріндегі
ең а л ғ а ш қ ы
қ а р л ы ғ а ш ы
сынды, негізінен а л ғ а н д а
ауызекі т а р а ғ а н үлгісі, ж а -
қында ған а « Қ а з а қ әдебие -
ті» газеті өте әділ атап өтке-
ніндей, « қ а з а қ халқы үшін
тарихи м а ң ы з ы ө л ш е у с і з
конституциялық е с к е р т к і ш
болып т а б ы л а д ы » . Сол себеп-
ті де т а р и х и - п р а в о л ы қ қ ұ ж а т -
т а р ж и н а ғ ы «Жеті Ж а р ғ ы ғ а »
өзіндік ж о ғ а р ы б а ғ а с ы н
беріп, праволық ғылым тұр-
ғысынан әділ де дұрыс орнын
алуына жетісуіміз
қ а ж е т .
Ал, біздер, А р қ а өңірінің
елі, «Жеті Ж а р ғ ы н ы » ж а с а у -
ш ы л а р д ы ң бірі, демек, қ а з а қ
д а л а с ы н ы ң ,
қ а з а қ е л і н і ң
тұңғыш конституциялық құ-
ж а т т а р ы н ы ң а в т о р л а р ы н ы ң
бірі А р қ а а р д а қ т ы с ы , б а р ш а -
мыздың сиынар б а б а м ы з ,
« Қ а з дауысты» а т а н ғ а н Қ а -
зыбек Келдібекұлы болға-
нын м а қ т а н тұтуымыз ш а р т ,
ұлы а д а м ғ а сол ерен еңбегіне
орай құрмет көрсетіп, абы-
р о й - д а ң қ қ а бөлеуіміз ұ р п а қ -
т а р мерейі болса керек.
Қ АЗЫБЕ К ЕЛ АУЗЫНД А
Қ А З Ы Б Е К ПЕН БҰХАР
Б ұ х а р ж ы р а у д ы ң өте
қ а р т а й ғ а н кезінде
көңілін с ұ р а м а қ болып Қ а з д а у ы с т ы Қазы-
бек би келеді.
Төсекте ж а т қ а н Б ұ х а р ж ы р а у :
— Бірден онға дейін санның мағынасын ма-
ған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен
айтып берші, — деген екен. Сонда Қ а з ы б е к т і ң
берген ж а у а б ы :
— Бір дегеніңіз — бірлігі кеткен ел ж а м а н .
Екі дегеніңіз — егесіп өткен ер ж а м а н . Үш де-
геніңіз — үш б ұ т а қ т ы шідерден ш о ш ы ғ а н
ат ж а м а н . Төрт дегеніңіз — төскейге шыға
а л м а ғ а н кәрілік ж а м а н . Бес дегеніңіз — білік-
ті а д а м н а н белгілі б а л а т у м а ғ а н ж а м а н . Ал-
ты дегеніңіз — аймағын билей а л м а ғ а н а д а м
ж а м а н . Ж е т і дегеніңіз — жетем деген мақса-
тына жете а л м а ғ а н ж а м а н . Сегіз дегеніңіз —
серкесіз б а с т а ғ а н қой ж а м а н . Тоғыз дегені-
ңіз — толғанғаныңыз. Он дегеніңіз — өткені-
ңіз, о дүниеге жеткеніңіз, — б о л ғ а н екен.
Қ а р т ж ы р а у ж а с бидің ж а у а б ы н а риза бо-
лып қалыпты.
Қ А З Ы Б Е К Б И Д І Ң ЖАУАБ Ы
Қ а з д а у ы с т ы
Қ азыбекті ң т а п қ ы р л ы ғ ы мен
шешендігін өз қ ұ л а ғ ы м е н естіп, көз жеткізгісі
келген біл білгір адам оған:
— Кім ж а қ ы н ? Не қ ы м б а т ? Не қиын? — де-
ген үш с ұ р а қ т ы қ а т а р ы н а н қойса керек. Сон-
да Қ а з ы б е к би оған былай деп ж а у а п қайыр-
ған екен деседі:
Тату болса, ағайын ж а қ ы н ,
А қ ы л ш ы болса, а п а й ы ң ж а қ ы н .
Б а у ы р м а л болса, інің ж а қ ы н ,
И н а б а т т ы болса, келінің ж а қ ы н .
Алдыңа т а р т қ а н а д а л асын,
Қ има с ж а қ ы н — қ а р ы н д а с ы ң .
С ы б а й л а с болса, н а ғ а ш ы ң ж а қ ы н ,
Адал болса, досың ж а қ ы н .
Еркелейтін немерең ж а қ ы н ,
Өз ұ р п а ғ ы ң — шөберең ж а қ ы н .
Ж а н серігің ж а с кезіңнен,
Бәрінен де әйелің ж а қ ы н . . .
Алтың ұ я ң — отаның кымбат,
Қ ұ т б е р е к е ң — а т а ң қ ымбат ,
Мейірімді а н а ң қымбат,
А с қ а р т а у ы ң — әкең қымбат,
Туып-өскен елің қ ы м б а т ,
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пенен ар қ ы м б а т ,
Өзің сүйген ж а р қымбат...
А р а д а н ш ы қ қ а н ж а у қиын,
Таусылмайтын д а у қиын,
Ш а н ы ш қ ы л а ғ а н сөз қиын,
Д ә л осындай ж а ғ д а й д а
П а н а болмас өз үйің.
Ж а з ы л м а с а дерт қиын,
Іске а с п а ғ а н серт қиын,
А қ ы л ы ң н а н адасып,
Өзің түскен өр қиын,
Тентек болса ер қиын,
Не істеріңді біле а л м а й ,
Ашиды сонда бос миың.
Қ А З Ы П АЙТ Қ А Н Қ А З Ы Б Е К
Ж а с у а к ы т ы н д а Төле би мен Әйтеке би
екеуі Қ а з д а у ы с т ы Қазыбекті с ы н а м а қ бо-
лып, бір ерге өтірік таласып, оның алдына
жүгініпті. Ер иесі Әйтеке, д а у л а у ш ы Төле би
болыпты. « Қ а п т а л ы ң қайың, қ а с ы ң тал. Қа-
зыбек қ о с қ а н ермісің?» — деп Әйтеке би іліп
әкетіп, өз уәжін айтады. Төле би ердің өзінікі
екенін дәлелдеп, ерден айрылмайтынын,
керек болса ж а н беруге б а р а т ы н д ы ғ ы н ай-
тып қ а с а р ы с ы п б а ғ а д ы .
Сонда Қ а з ы б е к Төле биге қ а р а п :
— Сен — қ а р а н ы ң
ұлы Төлесің , а д а м
болайын деп ж ү р г е н немесің, қу а ғ а ш үшін
ж а н берме, ж а н берсең күніңнен бұрын өле-
сің. Сен екі шіркін қ а р т а й ғ а н д а мені сынамай-
ақ қ о й с а ң д а р қайтеді? Орта ж ү з д е бір кісі-
нің ж а у ы р ы н ы ж е р г е тимей-ақ қойса қайте-
ді? — депті.
* * *
Ертеде Қ а р а к е с е к пен Қыпшақ р у л а р ы н ы ң
а р а с ы н д а бір д а у болады. Д а у ғ а Қ а з д а у ы с -
ты Қ а з ы б е к келеді. А м а н д а с ы п болған соң
Қ ы п ш а қ биі:
— Арғынның а р ы қ биі, сөйле! — депті.
Сонда Қ а з ы б е к :
- А р ы қ емес, қатумын,
Қ а р а жерде н татумын .
Көшершілік кезде түйе азады,
Достарыңызбен бөлісу: |