Жауапкердің қарсылығы.
Сот отырысында жауапкердің өкілі адвокат Исмуханов А.А. талап қоюды танудан бас тартты, талапкер С.Т. Ахметованың талабын қанағаттандырмауды өтінді, себебі талапкермен мәлімделген мән- жайлар шындыққа сай келмейді және негізсіз деп атап көрсетті.
Сотта берген жауапкердің түсінігі бойынша, талапкер оның қызымен қарым-қатынас жасауына кедергі келтірген. Баланы әкесіне қарсы қояды, баланың көзінше әкесін қорлайды және абыройын түсіреді.
Баласына бірнеше рет телефон шалуға тырысып баққанымен, оған телефонды бермеді.
Ата-аналық құқықтан айыру туралы іс бойынша дәлелдеу пәні балаға қатысты ата-ананың (немесе біреуінің) кінәлі әрекетінен кәмілетке толмаған баланың құқықтары мен заңдық мүдделерінің бұзылуы болып табылады.
10. Бірінші сатыдағы соттың актілері
10.1 Сот актілерінің ұғымы және түрлері. Сот шешімнің мәнісі және мағынасы. Шешімнің мазмұны
10.2 Сот шешімінің заңды күшіне енуі
10.3 Шешімді дереу орындау
10.4 Сот ұйғарымы. Хаттамалар
10.1 Сот актілерінің ұғымы және түрлері. Сот шешімнің мәнісі және мағынасы. Шешімнің мазмұны
ҚР АПК 21 бабына сәйкес бірінші сатыдағы сот азаматтық істер бойынша сот актілерін сот бұйрықтары, шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары нысанында қабылдайды.
Апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар сот актілерін ұйғарымдар мен қаулылар нысанында қабылдайды [1].
Заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ сот төрелігін жүргізу кезінде соттар мен судьялардың өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары, сұрау салулары және басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық емес деп таныған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге негізделген сот актілері орындалуға жатпайды.
Сот актілерін орындамау, сол сияқты сотты құрметтемеудің өзге де көрінісі заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Сот актісінің міндеттілігі іске қатыспаған мүдделі адамдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну мүмкіндігінен айырмайды.
Бірінші сатыдағы сот актілері. Сот шешімі. Сот ұйғарымы. Хаттамалар. Азаматтық істерді қарау және шешу барысында судьямен шығарылған сот билігінің актілері қаулы болып табылады. Бірінші инстанциядағы сот қаулылырының 2 түрі шығарылады.
1. шешім;
2. ұйғарым.
Істің мәні бойынша шешетін бірінші инстанциядағы сот қаулысы шешім нысанында шығарылады. Істің мәні бойынша шешпейтін біріші инстанциядағы сот қаулысы ұйғарым нысанында шығарылады. Ұйғарым мен сотта іс қарау барысында туындайтын сұрақтар шешіледі.
Сот шешімі деп - сот талқысына анықталған фактілер мен құқықтық қатынаста қолданылатын құқықтық нормаларға қатысты мемлекеттік билік және нақтылы сипаттағы шығарылған заңды күші бар процессуалды актіні айтамыз.
Сот шешімі:
1. заңды болу керек;
2. негізді;
3. толық;
4. нақты;
5. жағдайсыз;
6. белгілі нысанда.
Заңды болуы деп оның тек қана заңға сәйкес шығуын айтамыз.
Негізді болуы деп – істің шешімімен қатыстылығы бар сот отырысының жан-жақты және толық түрде анықталған және істің анықталған жағдайының қорытындысына дәлелдемелр келтірілген тараптардың құқығы мен міндеттері көрсетілген шешімді айтамыз.
Негізділігінің түсінігіне мыналар міндетті түрде кіреді:
1. жағдайлар;
2. дәлелдемелер;
3. қорытынды.
Шешім мына жағдайларда жойылуға жатады:
1. мәнді жағдайлар заңдылық жағынан дұрыс көрсетілмесе;
2. сот анықтады деген жағдай дәлелденбесе;
3. шешімде көрсетілген соттың қорытындысы істің жағдайына сәйкес болмаса.
Шешімнің толық болуы шешімге қойылған барлық талаптарға жауап болуы керек.
Шешімнің нақтылығы сот шешімінде талаптардың қанағаттандырылғандығы немесе қанағаттандырылмағандығы нақты көрсетілуі керек. Егер талап арыз қанағаттандырылған болса талапкерге не берілді, қандай құқық берілді, жауапкерге не міндеттелгені нақты көрсетіліуі керек.
Жағдайсыз шешімнің орындалуы белгілі бір жағдайда туындау немесе туындамауға байланысты болмау керек.
Белгілі нысанда шешімнің реквизвиттері және құрамды бөліктері заңға сәйкес жазылып және судьяның қолы қойылуға тиіс болады.
ҚР АПК 235 бабына сәйкес шешiмдегi қате жазулар мен анық арифметикалық қателердi түзету деп анықталған.
Iс бойынша шешiм жарияланғаннан кейiн шешiм шығарған сот өзі оның күшін жоюға немесе өзгертуге құқылы емес.
Сот шешiмде жiберiлген қате жазуларды немесе анық арифметикалық қателердi өз бастамасы бойынша немесе iске қатысатын тұлғалардың арызы бойынша түзете алады.
Сот қате жазулар мен анық арифметикалық қателерді түзету туралы арызды сотқа арыз келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде сот отырысында қарайды. Iске қатысатын адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуi түзетулер енгiзу туралы мәселенi қарау үшін кедергi болмайды.
Түзетулер енгізу туралы мәселе бойынша соттың ұйғарымына шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
ҚР АПК 236 бабында қосымша шешiм қарастырылған. Iс бойынша шешiм шығарған сот iске қатысатын адамдардың арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша мынадай жағдайларда:
1) егер iске қатысатын адамдар дәлелдемелер ұсынған және түсiнiктемелер берген қандай да бiр талап бойынша шешiм шығарылмаса;
2) егер сот құқық туралы мәселенi шешіп, алып берiлген соманың, берiлуге тиiстi мүлiктiң мөлшерін немесе жауапкер жасауға міндетті әрекеттердi көрсетпесе;
3) егер сот шығыстары туралы мәселенi сот шешпесе;
4) егер сот шешiмінiң орындалуын бұрып жіберу туралы мәселенi сот шешпесе, қосымша шешiм шығара алады.
Қосымша шешім шығару туралы мәселе шешімді орындау мерзімдері шегінде қойылуы мүмкін.
Сот қосымша шешім шығару туралы мәселені арыз сотқа келіп түскен күннен бастап не осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.
Талаптарды қанағаттандыру туралы қосымша шешімді бірінші сатыдағы сот мәселені сот отырысында қарағаннан кейін шығарады. Іске қатысатын адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуі арызды қарауға кедергі болмайды.
Қосымша шешімге апелляциялық шағым берілуі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілуі мүмкін.
Қосымша шешім шығарудан бас тарту туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.
ҚР АПК 237 бабына сәйкес шешiм түсiнiксiз болған жағдайда істi қараған сот iске қатысатын тұлғалардың арызы бойынша, сондай-ақ сот орындаушысының өтінішхаты бойынша шешiмнің мазмұнын өзгертпей, оны түсiндiруге құқылы. Егер шешім әлi орындалмаса және оның мәжбүрлi түрде орындалуы мүмкiн мерзiмі өтпесе, шешiмді түсіндіруге жол беріледі.
Сот шешiмдi түсiндiру туралы арызды, өтінішхатты олар сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.
Сот шешімді түсіндіру туралы мәселені сот отырысында шешеді. Іске қатысатын адамдар, сондай-ақ сот орындаушысы, қарау және шешу нысанасы оның түсіндіру туралы өтінішхаты болған жағдайда, сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуі шешімді түсіндіру туралы мәселені қарау үшін кедергі болмайды.
Шешiмді түсiндiру туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.
ҚР АПК 226 бабында шешiмнiң мазмұны қарастырылған.
Шешiм Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.
Шешiм кiрiспе, сипаттау, уәждеу және қарар бөлiктерiнен тұрады.
Шешiмнiң кiрiспе бөлiгiнде шешiмнiң шығарылған күнi мен орны; шешiм шығарған соттың атауы; соттың құрамы; сот отырысының хатшысы; тараптар; iске қатысатын басқа тұлғалар мен өкiлдер; даудың нысанасы немесе мәлiмделген талап көрсетiледi.
Шешiмнiң сипаттау бөлiгiнде талап қоюшының талаптарының, жауапкердің түсініктемелерінің және iске қатысатын үшінші тұлғалардың түсініктемелерінің қысқаша мазмұны, олар дәлелдерін негіздеген дәлелдемелер көрсетіле отырып, баяндалуға тиіс.
Шешiмнiң уәждеу бөлiгiнде iстiң сот анықтаған мән-жайлары; соттың құқықтар мен міндеттер туралы түйіндері негізделген дәлелдемелер; соттың ол немесе өзге дәлелдемелерді қабылдамау дәлелдері және сот басшылыққа алған заңдар қысқаша көрсетіледі. Жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда уәждеу бөлігінде талап қоюдың мойындалғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі мүмкін.
Шешiмнiң қарар бөлiгiнде соттың талап қоюды қанағаттандыру туралы немесе талап қоюдан толық немесе бір бөлігінде бас тарту туралы түйіні, сот шығыстарын бөлуді, шешімге шағым беру мерзімін көрсету және оның тәртібі, сондай-ақ өзге де түйіндер қамтылуға тиіс.
Сот шешімді орындаудың белгілі бір тәртібі мен мерзімін белгілеген немесе шешімді дереу орындауға жіберген немесе оның орындалуын қамтамасыз етуге шаралар қолданған жағдайда, бұл туралы шешімде көрсетіледі.
Судья шешімді жазбаша түрде шығарады және оған қол қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |