Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ



бет46/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63
Атқару құжатында:

  • шешім шығарған соттың атауы;

  • iстiң нөмiрi және шешiм шығарылған күн;

  • шешімнің қарар бөлігі (сөзбе-сөз);

  • шешiмнiң заңды күшiне енген күні;

  • атқару құжаты берiлген күн;

  • өндiрiп алушының тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күнi, оның тұрғылықты немесе орналасқан жері, оның тұрғылықты жері бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер және жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе егер өндiрiп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, іс жүзінде орналасқан жерi, банктік деректемелері мен бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

  • борышкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (eгep ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетiлсе), туған күнi, оның тұрғылықты немесе орналасқан жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, оның жұмыс орны және борышкер жұмыс істейтін заңды тұлғаның банктік деректемелері туралы мәлiметтер (eгep iстiң материалдарында бар болса), банктік деректемелер мен жеке сәйкестендiру нөмiрi (eгep iстiң материалдарында бар болса) немесе егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, іс жүзінде орналасқан жерi, банктік деректемелері мен бизнес-сәйкестендiру нөмiрi көрсетiлуге тиiс.

Атқару құжатының нысанын атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi әділет органы бекiтедi.
Соттың әрбiр шешiмi бойынша бiр атқару құжаты берiледi. Атқару құжаты өндіріп алушыға беріледі не оның арызы бойынша сот аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушысына орындау үшін жібереді.
Өндіріп алушының өтініші бойынша ортақ жауапкерлерден ақшалай сомаларды өндіріп алу туралы соттың шешімі немесе үкімі негізінде ортақ жауапкерлердің санына сәйкес келетін бірнеше атқару парағы берілуге тиіс. Әрбір атқару парағында өндіріп алынатын жалпы сома, барлық жауапкерлер және олардың ортақ жауаптылығы көрсетілуге тиіс.
Егер сот талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдаса, талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қолданған шаралар және талап қоюды қамтамасыз ету үшiн тыйым салынған мүліктің тұрған жерi және оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәлiметтердi қамтитын құжаттардың көшiрмелерi атқару құжатына қоса беріледі. Атқару құжаты электрондық атқару құжаты нысанында жазып берілген жағдайда, талап қоюды қамтамасыз ету туралы құжаттар судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында қоса беріледі.
Егер атқару әртүрлi орындарда жүргiзiлуге тиіс болса не егер шешiм бiрнеше талап қоюшының пайдасына немесе бiрнеше жауапкерге қарсы шығарылса, сот өндiрiп алушылардың өтiнiшi бойынша атқару орнын не осы атқару құжаты бойынша орындалуға тиiс шешiмнiң сол бөлiгiн дәл көрсете отырып, бiрнеше атқару құжатын жазып береді.
Сот атқару құжатына сот актiсiнiң көшiрмесiн не соттың мөрiмен куәландырылған оның үзiндi көшірмесін қоса береді. Атқару құжаты электрондық атқару құжаты нысанында жазып берілген жағдайда, сот актісінің көшірмесі не оның үзiндi көшірмесі судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында қоса беріледі.
Сот процестік құқық мирасқорлығы туралы ұйғарым шығарған жағдайда сот шешімі шығарылғаннан және ол орындауға жіберілгеннен кейін жаңа борышкер көрсетіле отырып, атқару құжаты жазып беріледі.
Сот орындаушысы атқару құжаты орындалған жағдайда шешiм шығарған сотты бұл туралы он жұмыс күнi iшiнде хабардар етуге не "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген орындау мерзімі өткен соң орындалмау себептерi туралы ақпарат беруге міндетті. Мәжбүрлеп орындатуға атқару құжаты ұсынылғанға дейін сот шешімін орындаған борышкер шешім шығарған сотты бұл туралы үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге тиіс.
Сот атқарушылық құжатты аумағы бойынша тиісті әділет органына жіберген немесе егер атқарушылық құжат өндіріп алушыға сот шешімінің орындалуы туралы хабарланғанға дейін берілген жағдайда, борышкер өндіріп алушыны хабардар етеді.
Соттың заңды күшіне енген шешімін орындамау заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
ҚР АПК 243 бабында дереу орындалуға жататын шешiмдер қарастырылған. Олар мынадай:
1) алименттер алып беру туралы;
2) қызметкерге жалақыны, бiрақ үш айдан аспайтын жалақыны алып беру туралы;
3) жұмысқа қайта орналастыру туралы;
4) денсаулыққа зақым келуден, сондай-ақ асыраушысынан айрылуынан келтірілген зиянды, бiрақ үш айдан аспайтын зиянды өтеу туралы;
5) ереуiлдi заңсыз деп тану туралы;
6) қаржы ұйымдарын және банк конгломератына бас ұйым ретінде кiретiн және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы;
7) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремистік немесе террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы, оның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы;
8) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы;
9) астық қабылдау кәсіпорнын немесе мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу, ұзарту және мерзімінен бұрын аяқтау туралы;
10) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы;
11) борышкерді банкрот деп тану туралы шешiмдер дереу орындалуға тиiс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет