Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ


Сырттай іс жүргізудің ұғымы



бет51/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63
Байланысты:
680916393060 Дәрістер АІЖҚ 2020-2021

11.4 Сырттай іс жүргізудің ұғымы

Азаматтық істерді қарау сот отырысына, әдетте, жарыспалылық пен тең құқықтылық негізінде іс бойынша өз ұстанымдарын қорғаудың заңмен берілген тәсілдері мен құралдарын толық көлемде пайдалануға мүмкіндігі бар талапкер мен жауапкер қатысуға тиіс деп болжайды. Сонымен қатар, тараптар сот отырысына әрдайым қатыспайды. «Сырттай іс жүргізу» термині тек бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуге, атап айтқанда оның бір бөлігіне – сот талқылауына қатысты. Істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау азаматтық процестің келесі сатыларына қатысты емес [2]. «Сырттай» термині «әрекетке қатысы бар адам болмаған кезде болып жатқан» дегенді білдіреді.


Істі қарау және шешу кезінде сот отырысы залында Тараптың іс жүзінде болмауы заң әдебиетінде келмеу деп танылады. Тараптардың сот отырысына үнсіз қатысуы келмеу деп есептелмейді, дәлелдемелерді ұсынуға және зерттеуге қатысудан жалтару ретінде бағаланады [3].
Сырттай iс жүргiзу және сырттай шешiм шығару ҚР АПК 21 тарауында қарастырылған. ҚР АПК 256 бабында сырттай іс жүргізудің негіздері белгіленген. Отырыстың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзінің қатысуынсыз қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер талап қоюшы бұған қарсы болмаса, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.
Іске бірнеше жауапкер қатысқан кезде, сот отырысына барлық жауапкерлер бір мезгілде келмей қалған жағдайда, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін (Кесте 33).
Егер сот отырысына келген талап қоюшы жауапкер жоқта істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, сот істі талқылауды кейінге қалдырады және жауапкерге жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Тиісті түрде хабарландырылған жауапкер тағы да келмей қалған жағдайда, сот талап қоюшының пікіріне қарамастан, істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарайды.
Егер сот отырысына келмеген жауапкерден істі оның қатысуынсыз қарау туралы арыз келіп түссе, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен емес, жалпы тәртіппен қаралуға жатады.
Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады, ол істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қараудың негіздері көрсетіле отырып, сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
Талап қоюшы талап қоюдың нысанасын немесе негіздерін өзгерткен, талап қою талаптарын Ұлғайтқан кезде сот істі осы сот отырысында сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы емес. Істі қарау талап қою арызын талап қоюдың өзгертілген нысанасымен немесе негізімен, талап қою тараптарының ұлғайтылған мөлшерімен бірге жауапкерге табыс ету үшін кейінге қалдырылады.
Жаңа сот отырысында іс осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген негіздер болған кезде сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.

Әдебиет:
1 ҚР Азаматтық Процестік Кодексі 2015 жылы 31 қазанда қабылданған (21 қаңтар 2019 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) // http://online.zakon.kz


2 Баймолдина З.Х. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы. - 2 том. «Құқықтану» мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. – ҚазГЗА. - Алматы, 2001 ж.
3 Шакарян М.С. Ресей Федерациясының Азаматтық іс жүргізу кодексіне түсініктеме (2 басылым, қайта өңделген және толықтырылған). – 2010 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет