Қ азақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет30/108
Дата28.11.2023
өлшемі9,92 Mb.
#130902
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   108
Байланысты:
Мұнайды өндірудің техникасы мен технологиясы оқу құралы (1)

9.3 Бужылулық әсер

Мұнай қабатына бу-жылылық әсер етудің қолданылатын дәстүрлі тәсілі айдау ұңғымалары арқылы жылу тасымалдағыштың есептік көлемін айдау, жылу жұрынын қалыптастыру және оны кейіннен қабат бойынша айдалатын қыздырмаған сумен өндіру ұңғымаларға қарай жылжыту болып табылады.


Жылу тасымалдағышты айдау кезінде өнімді қабаттан мұнай алудың ұлғаюы, температураның жоғарылауы нәтижесінде қабаттағы мұнай мен су қасиеттерінің өзгеруі есебінен болады. Температураның ұлғаюымен мұнайдың тұтқырлығы, оның тығыздығы мен фазааралық қатынасы төмендейді, ал будың серпінділігі жоғарылайды, бұл мұнай өндіруге оң әсер етеді. Жұмыс агенті ретінде жоғары меншікті жылу сыйымдылығы мен жақсы мұнай ығыстырғыш қабілеттері бар су буы қолданылады.
Бу айдау барысында мұнай қабаты бірінші кезекте бу түзудің жасырын жылуын пайдалану есебінен қыздырылады. Бұл ретте кеуектік кеңістікке түскен бу конденсацияланады. Қабаттың қызуы кейіннен ыстық конденсаттың жылуын пайдалану есебінен жүзеге асырылады, соның салдарынан ол қабаттың бастапқы температурасына дейін салқындатылады. Мұнайды бумен ығыстыру кезінде көмірсутектердің булануы олардың парциалды қысымын төмендету есебінен жақсарады.
Парциалды қысымның төмендеуі булану аймағында су буының болуына байланысты. Қалдық мұнайдан жеңіл компоненттер буланады және бу аймағының алдыңғы шекарасына ауыстырылады, мұнай қайтадан конденсацияланады және мұнай білігінде ерітіледі, ол мұнай кенін қосымша ұлғайтуды қамтамасыз етеді. 3750С температурада және атмосфералық қысымда тығыздығы 934 кг/м3 мұнайдың 10% дейін дистилляциялануы (айдалуы) мүмкін.
Бужылулық әсерде қабатта үш аймақ пайда болады (сурет.43):
- мұнайды бумен ығыстыру аймағы;
- ыстық конденсат аймағы, мұнай термиялық емес жағдайларда мұнайды сумен ығыстыру механизмі іске асырылады;
- жылу әсерімен қамтылмаған аймақ мұнай қабаттық температурадағы сумен ығыстырылады.



43-сурет Мұнайды су буымен бір рет ығыстыру кезінде бу- (в), суға қанығу (а) және температура (б) профильдері


Барлық осы аймақтар өзара әсер етеді. Буды айдау кезінде өнімді қабаттан мұнай өндіруді арттыруға мұнайдың тұтқырлығын төмендету есебінен қол жеткізіледі, соның нәтижесінде қабаттың әсермен қамтылуы жақсарады; мұнайдың кеңеюі, оны бумен айдау және еріткішпен экстрагирлеу есебінен, бұл ығыстыру коэффициентін арттырады. Мұнай тұтқырлығының төмендеуінің салыстырмалы жоғары жылдамдығы температураның бастапқы ұлғаюында байқалады (қабаттан жоғары). Температураның жоғарылауымен мұнайдың тұтқырлығы судың тұтқырлығына қарағанда қарқынды азаяды, бұл да мұнай өндірудің жоғарылауына оң әсер етеді. Оның қызуы кезінде мұнай тұтқырлығының төмендеуі мұнайдың қозғалыс коэффициентінің артуына алып келеді, бұл қабаттың қалыңдығы бойынша да, ауданы бойынша да ығыстырушы агенттің қабаттың қамту коэффициентіне елеулі әсер етеді.


Нәтижесінде, ыстық бумен әсер ету кезінде мұнай өндіруді арттыру бірнеше факторларға ықпал етеді. Мұнайды бумен ығыстырған кезде жекелеген факторлардың мұнай өндіруге әсері келесідей деп саналады:
- мұнайдың тұтқырлығын төмендету есебінен;
- термиялық кеңейту әсері есебінен;
- дистилляция әсері есебінен;
* газ-арынды режим есебінен;
* мұнай қозғалысын арттыру есебінен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет