Байланысты: Мұнайды өндірудің техникасы мен технологиясы оқу құралы (1)
Құм тығындармен күрес Көтерілетін ағынның аз жылдамдығы кезінде, әсіресе забой мен СКҚ табандығының арасындағы аралықта және тұрақсыз құмды коллекторларды пайдалану кезінде ұңғыма түбіне құм жиналады-ағуды төмендететін немесе жалпы фонтандауды тоқтататын құм тығыны пайда болады. Бұл құбылыспен күрес СКҚ табандығын төменгі перфорациялық саңылауларға дейін түсіру немесе құмды тығынды шайып, жуып-шаю сұйықтығының ағынымен жер бетіне шығаратын ұңғыманы мерзімді шаю арқылы жүргізіледі. Жуу сорғы агрегатымен жүзеге асырылады. Өндіру ұңғымаларының тереңдігін арттыра отырып, құм пайда болған терең және тығыз коллекторларды ашу өте сирек құбылыс болып табылады, алайда кейбір оңтүстік аудандарда (Краснодар, Баку, Түркмения) олар ұңғымаларды пайдалану кезінде әлі де қиындықтар туғызады.
Құм тығындарымен күресу әдістерін төрт топқа бөлуге болады:
Бірінші топқа түрлі конструкциялы (қуыстық, тесіктік, сымдық және тағы басқа) түптік фильтрлерді (хвостовиктер) қолдану, гравийлі сүзгілерді қолдану, сұйық алуды шектеу, әртүрлі цементтейтін заттармен түп маңы аймағындағы ірі түйірлі құмды және тағы басқа заттарды айдау жатады.
Екінші топтың әдістерін қолдану кезінде үлкен қарқындылықпен сұйықты алу, құбырлардың сәйкес диаметрлерін таңдау, сорапты пайдалану кезінде құбырлық штангілерді қолдану шаралары жатады.
Әдістердің үшінші тобына мұнайды штангілі сорапты өндіру кезінде әртүрлі қорғаныш жабдықтарын қолдану жатады (сүзгілер, газ құмды якорьлер, және тағы басқа).
Әдістердің төртінші тобына түзілген құм тығындарын ұңғыдан жоюдың әртүрлі тәсілдері жатады, оларды гидробур мен су, мұнай және басқа сұйықтармен шаю.
Алғашқы үш топтың әдістері тығын пайда болуын алдын алуға және басқа қиындықтарды болдырмауға және ұңғының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Бірақ, бірқатар жағдайларда (көлемі жеткіліксіз және қолданылатын шаралардың тиімділігі және т.б) көрсетілген әдістер өз мақсаттарына жете бермейді және ұңғыларда жиі құм тығындарын пайда болдырып, олардың пайдалануын тоқтатады. Бұл жағдайларда пайдаланудың қалпына келтіру үшін әдістердің төртінші тобына келеміз – құм тығынын жою. Құм тығындарымен күресудің тиімді тәсілдерінің бірі өнімді ұңғымалар аралығын ұсақ тасты сүзгімен жабдықтау.