. Қазіргі заманғы білім беру парадигмалары Жоспары: «Парадигма»



бет2/2
Дата06.09.2023
өлшемі22,67 Kb.
#106349
1   2
Байланысты:
3-дәріс

Ғылыми парадигма – барлық ғылыми қауымдастықтар мойындаған, жаңа ғылыми зерттеулер үшін негіз бола алатын ғылыми жетістіктер жиынтығы. Ғалымдардың берген анықтамасы бойынша, ғылыми парадигма бұл тек қана теория емес, ғылымдағы іс-әрекеттер тәсілі, зерттеу міндеттерін шешудің үлгісі. Парадигма ғылымда екі жақты рөл атқарады; бір жағынан ғылыми мәселелерді шешуді жеңілдетеді,ал екінші жағынан, жаңа идеяларды қабылдауға тосқауыл болады, себебі белгісіз, дәстүрлі емес бағыттағы ғылыми ізденіске шектеу жасалынады, яғни жаңаның өмірге келуіне кедергі жасайды.
Ғылымтанушылардың пікірінше, ғылыми парадигма бұл тек қана парадигма емес, сонымен қатар ғылымдағы тәсіл, модель, зерттеу міндеттерін шешу үлгісі. Басқаша айтқанда, парадигма – бұл ғылыми мәселелер мен оларды шешу әдістеріне жататын ақиқаттың тиісті аспектісін ғылыми айналымда көрінуінің белгілі бір айқындалған тәсілі.
Қазіргі кезде «парадигма» термині мәдениет тарихының ірі ілгерілеуінің, әртүрлі ғылым мен ғылыми мектептер негізі болып табылатын өмірлік түсініктер кешенінің мағынасы ретінде қолданылады.
Білімдік парадигма – педагогикалық қауымдастықтың қабылдаған теориялық, дүниетанымдық алғышарттарының жиынтығы. Парадигма ғасырлар бойы мәдени-тарихи жағдайларға сай білімнің әлеуметтік феномен ретіндегі негізгі параметрлерінің басым болуымен қалыптасады. Белгілі парадигмалар ішінен білімге тұрақты қызмет атқарған екі парадигманы ашып айтуға болады, олар: ізгілік және классикалық парадигмалар.
Классикалық парадигманың өмірге келуі Я.А. Коменскийдің XVI ғасырдағы «Ұлы дидактика» еңбегінен, К.Д. Ушинскийдің XIX ғасырдағы «Человек как предмет воспитания» трактаттарынан бастау алады. Классикалық парадигма білім берудің нормасына, идеалына уақыттың талабына сай толықтырулар мен өзгерістер енгізілгенімен, оның іргелі мақсаты, құрылымы мен мазмұны сақталып отырылады.
Ізгілік парадигмасы «барлығы адам үшін», «адам байлығы үшін» ұстанымдарына негізделген. Ізгілік парадигмасы өзінің негізгі құндылықтары ретінде адамды таниды, оның қабілеті, қызығушылығы, өзін-өзі жүзеге асырудағы ынтасы қалыптасқан тұлға деп қарастырады. Кеңестік білім беру парадигмасы тұлғаны жоспар мен бағдарламаны іске асырушы ретінде қарастырып келді де, оның субъектілік қасиеттері, тұлғалық құндылықтары ескерусіз қалдырылып отырылды. Кеңестік білім беру парадигмасында негізгі басымдылық тәртіп үлгілерін жүзеге асыру болып келді. Ш.А. Амонашвили білім берудің ізгілікті парадигмасын ұсынады. Ал ғалым Е.А. Ямбург парадигманы когнитивтік және тұлғалық парадигмалары ретінде ажыратады. Бұл екі парадигма да тұлғаның жеке басының ерекшеліктерін тануға бағытталады, педагогикалық феноменді тарихи кезең және мәдениетпен бірлікте қарастыра алады. Жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағдымен шектелетін білім беру жүйесін тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру әлеуетімен қамтамасыз ету маққсатындағы құзырлылық тұғырына ауыстыруды болжайды. Мұндай тұжырым кешегіге қарап жалтақтамайтын, болашаққа бет бұрған адамның күрделі жүйеге, білімге қатынасымен негізделеді.
Жаңа білім парадигмасы жағдайында білім алушы педагогикалық әсер объектісі емес, танымдық қызмет субъектісі болып табылмақ. Демек, педагогикалық білім беру жеке тұлғалық парадигманы өзектендіруде. Жеке тұлғалық парадигма – бұл бір-бірімен тығыз байланысқан идеялар, түсініктер және әрекет тәсілдері арқылы тұлға мен қоғамдық қатынас арасындағы әлеуметтендіру үрдісін қамтамасыз ететін педагогикалық қызметтің жалпы ғылыми бағыты. Жеке тұлғалық парадигманың мәні оның баланың қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыруды, оның өзіне ғана тән тұлғалық сапалары арқылы өзіндік даму траекториясын анықтауы, педагог пен білім алушы арасындағы субъектілік қарым-қатынасты орнатуға бағытталуы арқылы ашылады.
Ғылымда парадигмаларды жіктеу белгілері:

  • Жаңа ғылыми бағыттарды көрсететін парадигмалар;

  • Педагогика ғылымы мен практикасындағы жаңа ғылыми бағыттарды қолданушы парадигмалар;

  • Педагогика ғылымы мен практикасында зерттеушілердің зерттеу логикасын құрудың негізі болып табылатын парадигмалар;

  • Пәндік салалар парадигмалары (педагогика, педагогикалық антропология, социология, физика, химия және т.б.).

Парадигма бастапқыдан теориялық қайта құрудың нысанасы болғанымен, нақты да тұрақты анықталған шекарасы жоқ. Парадигма ‒ ғылыми жетістік, ол белгілі бір уақыт ішінде ғылыми- педагогикалық мәселелерді алға қоюдың моделінің, оларды шешу үлгісінің негізі болып табылады.
Демек, парадигма ғылымға танымдық және қайта құру қызметінің негізгі қағидаларын және осы қағидаларды іске асырудың үлгілерін ұсынады. Парадигма педагогикалық теория ретінде басқа зерттеушілер үшін белгілі бір ғылыми-педагогикалық мектеп шеңберінде орындалатын зерттеулердің әдіснамасы қызметін атқарады. Мұндай теория ғылыми-педагогикалық мектеп өкілдерінің ғылыми зерттеулерінің бағыттары мен тәсілдерін анықтайды. Адамзаттың жаңа постиндустриалды дәуірге өтуі білімдегі үш жүз жылдан астам уақыт қызмет көрсетіп келген оқытудың түбегейлі жаңаша құрылуын талап етті.
Қоғамның индустриалды қоғамнан екінші – постиндустриалды қоғамға өтуі білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістермен қатар жүрді. Постиндустриалды мәдениетке көшу барысындағы еңбекке деген көзқарас өзгеше – жұмысшы өз еңбегінің нәтижесі мен табысына қанағаттанады. Ол материалдық және рухани да болады. Еңбекке деген қарым-қатынас жаңа типтегі жұмысшының еңбек арқылы өзінің еңбегінің құнын танытуы ретінде болады. Осылайша адам еңбек үдерісінде басты өмірлік қажеттілігінен қанағат тауып ‒ өмірдің мәнін түсінеді. Өмір мен еңбек ұласады. Постиндустриалдық қоғамдағы оқу әрекетін ұйымдастыру методологиясы тұрғысынан педагогика және педагогикалық психология жаңаша қарауды талап етеді.
Әдебиеттер:
1.Беркімбаева Ш.К., Құсайынов А.Қ және т.б. Жоғары мектеп педагогикасы.Алматы. 2010.
2. Кенесарина З.У. Педагогика высшей школы. Учебно-методическое пособие.Алматы,Триумф «Т», 2007.200с.
3. Шалғынбаева Қ.Қ., Албытова Н.П., Сламбекова Т.С. Жоғары мектеп педагогикасы. Алматы: «Эверо», 2014, -272 бет.
4. Ахметова Г.К., Исаева З.А. Педагогика: Учебник для магистратуры университетов. – Алматы: Қазақ университеті, 2006, -328 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет