Байланысты: 1. Бас ару психологиясы п ніні ма саты мен міндеттерін ж не ыл
1. Басқару психологиясы пәнінің мақсаты мен міндеттерін және ғылымдағы орнын сипаттап беріңіз. Басқару психологиясының пәні: менджер іс-әрекетінің психологиялық негіздері, яғни: еңбек іс-әрекетінің психофизиологиялық ерекшеліктері, ақпаратты өңдеудің психологиялық ерекшеліктері, адамның адамды қабылдау механизмдері және адамның бір-біріне ықпал ету механизмдері, еңбек ұжымын және ондағы тұлғааралық қатынастарды қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері және тұтастай басқару іс-әрекетінің психологиялық факторлар. Психологиялық менеджмент ғылым әрі тәжірибе ретінде басшылардың психологиялық басқару мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға, басқаруда жұмысшы тұлғасының ерекшеліктері, еңбек ұжымының қызмет ету қатынастары мен заңдылықтары жайлы білімді теориялық тұрғыда түсініп, тәжірибеде қолданудың қажет негіздерін жасауға бағытталған. Басшы басқару процесінің табиғатын, басқарудың тиімділігін арттырудың тәсілдерін, қызметкерлерді басқаруға қажет қатынасудың ақпараттық технологиялары мен құралдарын білуі тиіс. Ол үшін басшы еңбек ұжымының қызмет етуінің психологиялық ерекшеліктерін, адамдармен жұмысжасаудың әртүрлі жағдайларында басқарушы шешімдерді қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін де білуі тиіс. Басқару психологиясының ғылым ретіндегі негізгі міндеті- психологиялық құбылыстарды анықтап, оларды жүйеге келтіру, заңдылықтарын ашып,олардың арасындағы байланыс себептерін тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстарды жасауды анықтау. Сонымен қатар, психология ғылым ретінде, басқару жүйесінің жұмыс сапасын тиімді етіп көтеру мақсатында басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық шарттарын талдайды. Басқару процесі мынадай жетекшілік іс-әрекеттің н
2. Г.Кунц пен С.О.Доннелдің басқаруға берген тұжырымдамасын сипаттап беріңіз. Г. Кунц және С. О. Доннел сияқты зерттеушілердің пікірінше, басқару бұл ең алдымен өнер болып табылады. Олардың тұжырымдарына сәйкес: «барлық шынайы ситуацияда бұл ғылымды қолдану мәні болатын, басқару процесі өнер болып табылады». Дегенмен, бұл өнер мынадай ғылымға сүйенеді, яғни: «Басқару бойынша іс-әрекет өнер болғанымен де, оларды иегертін адамдар, бұл өнер ғылымының негізінде жатқандарды түсініп және қолданса ғана, жақсы нәтижеге жетеді». Егер барлық қоғамдағы топтық серіктестік тиімді әрі маңызды нәтижені көрсетсе, онда басқару- барлық өнерден де маңызды екендігін батыл айтуға болады.
3. Басқару психологиясына байланысты Т.У.Тейлор мен А.Файольдың еңбектерін айты беріңіз. Менеджменттің негізін салушы еңбектерінің бірі ретінде француз инженері, оқымыстысы, кәсіпкері, әкімшілік басқару мектебінің негізін қалаушы Анри Файольдың (1841-1925) еңбектері саналады. Ол 20 жыл көлемінде тау – кен және металлургиялық компаниясының директоры болды. Ол «General and Industrial Administrating» (« Жалпы және өндірістік әкімшілік») және «The Basic of Management» (« Менеджмент негізі») жұмыстары арқасында еуропадағы ғылыми менеджмент бағытындағы белгілі тұлға болды. Файол бірінші және толық менеджмент теориясының авторы.
Файол басқаруды жоспарлау, ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау сияқты бірнеше байланысқан функциялардан тұрады деп есептеген. Ол компанияның құрылуына себепші жоспары болуы керек деп есептеген:
Техникалық, қаржылық, коммерциялық және басқа шарттарға тәуелді болашақ беталысы.
Басқарушы әрекеттегі ұйым қарастырылады жорамалдайды:
Жоспардың тыңғылықты өңделуі және орындалуын қатаң қадағалау;
Өндірістің кадрлық және материалдық құрамдас бөлігі фирма мақсаттарына, қорлары мен қажеттіліктеріне сәйкестігін бақылау.
Файоль басшының жұмыс бастылығы негізінде бір бастықтың бақылауындағы қызметкерлер санымен көрсетілетін тиімді «бақылау диапазоны » сияқты белгіні ұсынды. Ол бірінші болып өндірістегі менеджмент психолгияға негізделгенін, өндірісте жұмысшы мен басшы арасында психологиялық қатынас барын анықтап, басшы өкілеттілігіне «бұйрық беру және қоластындағылардың бағыныштылығы» мен менеджердің тікелей кіретінін қарастырды. Ол Тейлорға қарағанда шешім қабылдау басшылықтың артықшылығы ретінде санамады. Оның бұл көзқарасы «өкілеттілікті табыстау» принципінің таралуына себеп болды. Ол оқу орындарында менеджментті үйретуге, оны зерттеуге ұсынды. Ол бірінші болып ұйымның сәтті жұмыс істеуіне менеджерлердің жеке – психологиялық ерекшелігі көп әсер ететініне көңіл аударды.
Файоль басқарудың 14 ұстанымын құрастырды,олар әлі күнге дейін мамандармен қолданылып келеді:
Тәртіп, яғни фирма мен оның арасындағы келісімге бағыну мен құрметтеу. Тәртіп сонымен қатар әділ қолданылған санкцияларды шамалайды.
Қызметкерді марапаттау, соның ішінде лайықты еңбекақымен.
Әділдік: қайырымдылық пен төреліктің қосылысы.
Бірлесу рухы, яғни қызметкерлердің ұйымдасуы мен бірігуі.
Жеке қызығушылықтарын ортақ қызығушылықтарға бағындыру. Жеке қызметкердің немесе топтың қызығушылығы компания қызығушылығынан аспауы қажет.
Еңбектің бөлінуі, яғни мамандану. Оның мақсаты көлемі және сапасы бойынша жұмысты сол жағдайларда да жақсы атқару.
Өкілеттілік және жауаптылық. Өкілеттілік бұйрық беруші құқығына ие жақ, ал жауаптылық оған қарама – қарсы құрамдас бөлігі.
Біржақтылық. Жұмысшы бір бастықтан ғана бұйрық алуы тиіс.
Орталықтандыру. Бұл жерде орталықтандыру мен орталықтың күшін жоюдың тең мөлшерін анықтау басты міндет. Жұмыстың соңында жақсы нәтижеге ие болу үшін оған жетудің өлшемін анықтау.
Скалярлы тізбек. Бұл ең жоғарғы басшыдан ең қарапайым қызметкерге дейінгі аралық.
Реттілік. Орын барлығына, бәрі өз орнында.
Қызметкер орынының тұрақтылығы. Жұмысшылардың тұрақсыздығы жұмыстың пайдасын төмендетеді.
Ынта. Жоспарды дайындап оны жүзеге асыру. Бұл ұйымға күш пен энергия береді.
Файолдың жасаған 14 ұстанымы Америкада адам ресурстарын басқаруда әлі қолданылып келеді.