Қ. Болеев болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық дайындау жүйесін бір-бірімен байланысқан келесі компоненттер арқылы іске асыруды ұсынады


Даярлықтың бұл құраушысының мазмұндық компоненттері төмендегілер болады



бет5/7
Дата16.05.2022
өлшемі26,02 Kb.
#34580
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1. 13.05.2022 ж. Этнопедагогика - дәріс

Даярлықтың бұл құраушысының мазмұндық компоненттері төмендегілер болады:

  • тəрбие процесінде оқушылардың жас жəне дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, қолданбалы өнерді пайдалануға əсер ететін психологиялық-педагогикалық шеберлік;

  • білімдік кеңістікте қолданбалы өнердің тəрбиелік мүмкіндіктерін барынша тиімді түрде əдіснамалық тұрғыдан іске асыруға мүмкіндік беретін кəсіби-əдістемелік құзыреттілік;

  • тəрбие процесін басқаруға мүмкіндік жасайтын құралдар мен əдістердің сенімділігін, мақсаттың дəлдігін, мөлшерін ұсынатын технологиялылығы; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін белсендіретін, тəрбие процесіне өмірлік-кəсіби жағдайларда бірлесе өмір сүрудің импровизацияланған сипатын беретін шығармашылық;

  • тұлғалық сананы қалыптастыратын, тəрбиеленушілердің үздіксіз өзін-өзі дамытуының ішкі жəне сыртқы механизмдердің іске қосылуына ықпал ететін даралық жəне ұжымды тəрбиенің бірлігі.

Мұғалімнің кəсіби даярлығы басқа даярлықтардың бəрін анықтаушы болып саналса да, өздігінен педагогтың жетекші қасиеті бола алмайды. Мұғалімнің білімі оның беделін, педагогикалық шеберлігін, білім беру процесін қажетті бағытта басқару стратегиясының жетістігі мен нақтылығын анықтайды. Дегенмен, кəсіби даярлықты тек кəсіби білімдер, іскерліктер жəне дағдыларды алуға əкеп тіреуге болмайды. Арнайы даярлық күрделі проблемаларды жеткілікті терең көруге жəне бағалауға, оны шешудің əр түрлі нұсқаларының нəтижелерін алдын ала көруге əрдайым мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан болашақ мұғалімдердің арнайы кəсіби даярлығын жалпы білімнің жеткілікті деңгейімен, өзіндік дамудың жоғары əлеуетімен жəне мəдениетімен үйлестіру қажет. Тек осы үйлесімділік қана маманның білім беру саласындағы нақты жетістігін анықтай алады. Маман осыған ұмтылуы тиіс.

Сөйтіп, жоғарыда келтірілген кəсіби-педагогикалық білім беру болашақ мұғалімнің бүтіндей дамуын, оның зияткерлік əлеуетін байығандығының, шығармашылық күші мен қабілетінің ұдайы өсуінің мақсатты бағдары болып табылатын білім берушілік іс-əрекетінің формасы ретінде болады. Болашақ мұғалімнің кəсіби даярлығын қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын ескере отырып жетілдіруді іске асыру идеясы инновациялық білім беру негізіне көшудің арқасында мүмкін болды. Педагогтардың кəсіби дамуы белгілі, сандық жағынан өсуші білімдер, іскерліктер, дағдылар жиынтығын дискреттік меңгеру жолымен емес, аймақтық-географиялық ерекшеліктермен, мəдени-тарихи дəстүрлермен сəйкес тұлғаның кəсіби мəдениет байлығын тұтас меңгеруімен жүзеге асырылады.

Мұғалімді даярлау процесі білім алушы өзіне тəн əдіспен арнайы жəне психологиялық- педагогикалық білімдер саласында адамдармен жиналған байлықты меңгертетін жүйелік-іс-əрекеттік жəне тұлғалық тұрғы принциптеріне сүйенеді. Бұл принциптер белсенді оқыту əдістерін, əрбір оқушының оқыту барысында тұлғалық ерекшелігін есепке алу қажеттігін талап етеді.

Ұсынылып отырған болашақ мұғалімдерді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға даярлау моделі бойынша барлық педагогтарға қажетті білімдермен қатар мұғалімдер қолданбалы өнерді оқыту процесінде қолданудың этнопедагогикалық мақсатын, тəрбиелік мəні, заңдылықтары, принциптері туралы білімдерді, оларды тəрбие процесінде қолдану іскерліктерін меңгеруі тиіс. Іскерліктер, солардың негізінде қалыптасқан дағдылар қолданбалы өнердің этнопедагогикалық маңызын талдау, қолданбалы өнер арқылы оқушылардың тəрбиелеу формаларын, əдістерін таңдай алуды да қамтуы керек.

Болашақ мұғалімдерді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға даярлығының екінші құрамдас бөлігі педагогтың кəсіби маман ретіндегі тұлғалық қасиеттермен байланысты. Ол үшін студенттерде кəсіби ізгілік бағыттылық, жоғары деңгейдегі рухани жəне этнопедагогикалық мəдениет, қолданбалы өнердің халықтың өміріндегі ролі туралы түсінікті қалыптастыру қажет.

Болашақ мұғалімдерді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға даярлығы құңдылық-мотивациялық жəне эмоционалдық-жігерлік компоненттері сияқты педагогтың тұлғалық қасиеттерінен, мазмұндық жəне операционалдық компоненттерден құралады. Болашақ мұғалімдерді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға даярлығының аталған компоненттері теориялық модельді іске асыру барысында белгілі бір міндеттерді шешу арқылы қалыптастырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет