Сонымен, педагогикалық іс-əрекеттің əр түрлі аспектілеріне даярлығымен əр уақытта əр түрлі ғалымдар айналысқан. «Даярлық» категориясы:
қажетті қабілеттер кешенінің болуы (В.Г.Ананьев, С.А.Рубинштейн);
кəсіби жағдайлар мен міндеттерге бағытталған ұстаным (В.А.Петровский, К.К.Платонов, Н.Д.Узнадзе жəне басқалар);
тұлға сапасы, қасиеті (К.К.Платонов, М.И.Дьяченко);
тұлғаның белгілі бір функционалдық жағдайы (Н.Д.Левитов);
белгілі бір іс-əрекетке даярлау нəтижесі (М.И.Дьяченко).
Ғалым-педагогтар Ю.П.Азаров, С.Г.Вершловский, В.А.Кан-Калик, Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, Л.Ф.Спирин, А.И.Щербаков жəне басқалардың еңбектерінде «даярлық» іс-əрекеттің құрылымдық бірліктерін, оның қызмет ету ерекшеліктерін, мұғалімнің психологиялық мінездемесін, мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды зерттеу контексінде қарастырылған.
Сонымен, «кəсіби құзыреттілікті» іс-əрекет субъектісінің жеке кіріктірілген сапалық сипаттамасы деп айтуға болады жəне ол педагогикада жоғары оқу орнының оқыту процесінде «даярлық» (А.И.Мищенко, В.А.Сластенин), ал жоғары оқу орнынан кейінгі кезеңде «кəсібилік», немесе «шеберлік» (И.Д.Багаева, С.Б.Елканов, Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин), ретінде қарасты- рылады.
Осындай көзқарасты М.Г.Харитонов та ұстанады. Р.В.Комраков бұл пікірді қолдай отырып, даярлау — процесс, ал даярлық оның нəтижесі дейді. Осыған сүйене отырып, ол бастауыш сынып мұғалімінің этнопедагогикалық даярлығы оның этнопедагогикалық құзыреттілігімен сипатталатынын жəне олардың мазмұны бір-бірімен байланысқан жəне белгілі бір тұтастықты құрайтынын айтады. Оның жұмысында бұл екі ұғым шартты түрде ғана бөлінеді. Бұл екеуі де, автордың пікірінше, этнопедагогикалық міндеттерді нəтижелі шешуге бағытталған [5].
Болашақ мұғалімді даярлаудың нəтижелілігінің деңгейі мен сапасы педагогикалық проблема ретінде бірқатар зерттеушілер жұмысында қарастырылады жəне өзекті мəселе ретінде көрсетіледі.
Философиялық-əдіснамалық тұғыр тұрғысынан Б.С.Гершунскийдің адамның барынша жоғары мəдени-білімдік құндылықтарды даралық-тұлғалық меңгеру схемасын көрсетеді. Ол тұлғаны мақсатты дамыту процесі туралы ең кең қорытылған түрдегі философиялық-білімдік көрініс береді жəне осындай дамуды білімдік қолдаудың тұтас процесін жасауға мүмкіндік туғызады [6].
Педагогтарды педагогикалық оқу орнында жəне университетте даярлау мысалында мамандарды ақпараттық технологияларды өз кəсіби іс-əрекетінде қолдануға даярлығын қалыптастырудың теориялық негізін жасауда Г.А.Кручинина кəсіби іс-əрекетке даярлықты даярлау процесінің мақсаты, яғни, мотивациялық, танымдық жəне эмоциялық-еріктілік компоненттерімен көрсетілетін нəтижелілігінің қажетті деңгейі деп анықтайды.
Даярлауға құрылымдық-функционалдық талдауын жасай отырып, М.А.Викулин даярлық жоо даярлығы процесінің жəне кəсіби іс-əркетттің арасындағы байланыстырушы бөлік бола отырып, кəсіби даярлық нəтижелерінің бір критерийі ретінде болады деген қорытындыға келеді. Сонымен бірге ол компоненттердің инвариантты құрамын анықтайды:
мотивациялық əрекеттің субъективті доминант жиынтығы ретінде: қажеттіліктер, мотивтер, қызығушылықтар, ұстанымдар, құндылық бағдарлар, тұлғаның бағыттылығы, оның идеалы, сонымен бірге іс-əрекетті мотивтендіруші факторлар — түрткі түбін талдау, белсенділік бағытын таңдау себебін, сол процестің механизмін анықтау;
ақпараттық білімнің барлық формалары мен түрлерін қамтиды: түйсіктерден, қабылдаулардан, көріністерден түсініктерге, оқуларға жəне теорияларға дейін, сонымен қатар білімдер блогын: іргелі, технологиялық;
операциялық — іс-əрекеттің əдісі ретінде сипатталатын жəне нақты ситуациялар жағдайымен анықталатын операциялар.
Кəсіби даярлықтың қорытынды көрсеткіші оқу-танымдық процесті ұйымдастыру жүйесіне тəуелді жəне əр түрлі нəтижелелік деңгейлерге жетуі мүмкін.
Маманның бəсекеге қабілеттілігі проблемасын қарастыра отырып, Ф.С.Исмагилова оның шартты дайындығын (білімдер, іскерліктер, дағдылардан тұратын біліктілік) емес, өзінің кəсіби функцияларын іске асыру процесінде оны өзектендіре алатын нақты қабілетін анықтайтын ұғымды енгізу қажеттігін айтады. Оның артында өз ісін, орындайтын жұмысының мəнін, қойылған мақсаттарға жету құралдары мен əдістерін түбегейлі білуі керек. «Құзыреттілік» түсінігі арқылы автор практикалық іс-əрекетте жұмыскердің кəсіби біліктілігі мен тəжірибесін тиімді іске асыру қабілетіне кіріктірілген, өзі əрекет ететін белгілі бір кəсіби іс-əрекетке жəне кəсіби алаңға қатысты білімдарлығының саласын, тереңдігі мен сипатын анықтайды.
Жоғарыда айтылғандар негізінде біз болашақ мұғалімнің қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдану даярлығын кəсіби іскерлікті тəрбие жұмысында қолдана білу қабілеті, оқу процесіне қолданбалы өнер туралы материалды енгізу іскерлігі жəне өнер туралы кəсіби теориялық білімді тұтас меңгеру жағдайы ретінде қарастырдық.
Осы үш маңызды құраушылар маманның кəсіби даярлығының ерекше қасиеті — қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын мектептің тəрбие процесінде қолдануға даярлығының сапасын сипаттайды.
Жоғарыда айтылғандардан кəсіби даярлықты қалыптастыруды мамандардың кəсіби-теориялық білімдерді жəне қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын меңгеруі ретінде ғана сипаттауға болмайтынын ескеру қажет. Педагогикалық процесті жоспарлауда оны мамандарды даярлау мақсатымен анықталатын күрделі жəне көпжоспарлы құбылыс ретінде қарастырған дұрыс. Оған білім алушының өзін жəне мамандығын түсінуімен, болашақ кəсіби қарым-қатынас стилімен, білім алушының жалпы мəдениетімен жəне өз шығармашылық потенциалын дамытуға деген қабілетімен шартталған құндылық бағдарларының қалыптасуы жатады. Жалпыадамзаттық құндылықтарға, адамға, табиғатқа ізгілікті тұрғыдан қарау, оның экожүйесіне құнды жалпылықтармен байытылған, оқыту ортасы ретінде жағымды эмоциялық сезімді дамытатын жəне ынталандыратын өзіндік құндылық деп бағдарлау қажет.
Қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтары туралы білімдері танымдық, практикалық, эстетикалық, этикалық, экономикалық, материалдық, энергетикалық компоненттерінің əмбебаптық мəнімен анықталады. Олардың негізінде қолданбалы өнер объектілерінде əр түрлі қарым-қатынастар дамиды, өнерге деген тұтынушылық көзқарасты жеңеді, табиғи сəйкестік, ойлау, іс-əрекет жəне мінез-құлық қалыптасады.
Қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтары туралы білімдер жиынтығын меңгеру, сонымен бірге кез келген объектіні көп мөлшерлі, көп қызметті жүйе ретінде, оның жұмыс істеуіне əсер ететін адамды қоршаған ортаның əр түрлі жүйесіндегі белсенді элемент ретінде қарастырады. Мұнда əрбір студенттің өзіндік дамуы қарқынына сəйкес өзін-өзі анықтау, өзін-өзі белсендіру жəне өзін-өзі жүзеге асыруға қажетті жағдайлар педагогикалық маңызды болады. Сонымен, мұгалімді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын есепке ала отырып, педагогикалық іс- əрекетке дайындаудың бірінші құраушылары мазмұнына танымдық, құндылықты-ізгілікті, нормативтік, жүйелілік, персонофикациялық аспектілер енгізілуі тиіс.
Нақты адамның кəсібилігінің түптамырын зерттей отыра, А.К.Маркова кəсібилік тек жоғары кəсіби нəтижеге жету ғана емес, ол адамның қандай құндылық бағдарды ұстанғанының, не үшін осы кəсіппен шұғылданғанының, қандай ішкі ресурстарын өз еңбегіне ерікті түрде жұмсағынының үлкен мəні бар деп есептейді.
Іс-əрекетті бағалау əрі кəсіби даярлаудың мақсатын анықтауда ғалым кəсіби іс-əрекеттің мотивациялық сферасының күйін (адамды қандай мотивтер оятады, кəсіби іс-əрекеттер оның өмірінде қандай орын алады жəне т.б.) ғана емес, сонымен қатар кəсіби іс-əрекеттің операциялық сферасы күйін (қойылған мақсатқа ол қалай, қандай əдістерді қолдану арқылы жетеді, қандай технологияны қолданады, қандай құралдарды — білім, ойлау операцияларын, əдістерін қолданады) де саралау қажет деп санайды.
Маман кəсіби құзыретті болып шығуы үшін теориялық білімдер мен практикалық іскерліктер, əрине, жеткіліксіз. Болашақ мұғалімдер қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтары туралы білімдерді тиімді игеруге бағытталған танымдық, эстетикалық, құндылық-бағдарлық, түрлендірушілік, коммуникативтілік сияқты іс-əрекеттің əр түрлері арқылы тəрбие процесіне қолданбалы өнер материалдарын енгізе білуі тиіс. Сондықтан мұғалімді мектептің қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбиеде қолдануға даярлауға əзірлеудің үшінші құраушысы тəрбие процесінде қолданбалы өнер туралы материалды педагогтың қолдана білуі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |