Болашақ ұрпақтың рухани дамуын жаңа заман талабына сай жүргізу ісінде қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған халық мұраларының озық үлгілерінің маңызы зор, олар жеке тұлғаның жан-жақты дамуына өз əсерін тигізеді. Сол себепті қазіргі таңда жас ұрпақты халықтың қолданбалы өнер түрлерін жинақтап, зерделеуге қатысты тəлім-тəрбиесі мен мол тəжірибесі негізінде тəрбиелеудің қажеттігі өсе түсуде.
Жас ұрпаққа ұлттық тəрбие беру — халықтың бүкіл тарихи өміріндегі өзекті болатын мəселе.
Себебі тəрбиенің ұлттық сипаты жоғалса, халықтың болашағы бұлыңғыр болатыны сөзсіз.
Ұлттық мəселелерді талқылай отырып, зерттеуде көптеген этнограф, тарихшылар, фольклорист, этнопсихолог, этнофилософ-ғалымдарымыз еңбек сіңіруде, соның ішінде ұлттық дəстүр мен этностық педагогика жан-жақты зерттелуде.
|