Ал болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығы критерийлері ретінде оқушыларға ұлттық тəрбие беру бойынша мынадай іс-əрекеттерін алған:
пəн сабақтарында оқушыларға ұлттық тəрбие беру;
мектептен жəне сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға ұлттық тəрбие беру;
сынып жетекшілік жұмыста оқушыларға ұлттық тəрбие беру;
ата-аналар арасында ұлттық тəрбиені насихаттауы .
Қазақстан Республикасындағы этникалық-мəдени білім тұжырымдамасына сəйкес жан-жақты мəдениетті тұлға барынша айқын көркемдік-эстетикалық сананың, ұшқыр қиял мен нəзік сезімнің, əсемдікке құштарлық пен əдемілікті бағалай білетін қасиеттің, театр, кино, теледидар, əдебиет, музыка, кескіндеме сабақтары дарытатын көркем талғамның өнер туындыларын түсіне алатын қабілеттің иесі болуға тиіс. Көркемдік-эстетикалық сананың ерекшелігі оның өз болмысының əдетте көркемдік шығармашылық дағдыда: саз аспаптарында ойнағанда, əн салғанда, сурет салғанда, т.б. сəттерде айқын көрсетілуінде. Сондықтан ол этномəдени білім мақсаттарына сай келеді. Оның қалыптасуы тұлғаға өз халқының мəдениетіне тікелей қатыстылығын сезінуге мүмкіндік береді, ұлттық сəйкестікке ерекше ден қояды. Тарихты зерттеуде мəдениет тарихы айрықша орын алуға тиіс. Бұл пəн жан-жақты мəдениетті тұлғаны қалыптастыру міндеттеріне өте-мөте жоғары дəрежеде сай келеді. Егер ол өнер тарихы ретінде, дүниежүзілік жəне ұлттық философия тарихы, дəстүрлер мен ғұрыптар тарихы, ұлттық киім мен сəн-салтанат, т.б. тарихы ретінде оқытылса, онда, ұлттық жəне дүниежүзілік мəдениетті қастерлейтін жəне білетін сан-қырлы рухани жетілген тұлғаны тəрбиелеуге өріс ашады.
Қазіргі заманғы мұғалімнің кəсіби даярлығын қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбиеде қолдануға даярлау проблемасы контексінде шешу оқытудың процестік жəне мазмұндық аспектілерін сапалы жаңартуды талап етеді. Білім берудің жаңа парадигмаларына сəйкес келетін кəсіби даярлықтың қоғам талаптарынан туған мақсаты тұлғалық, теориялық жəне практикалық аспектілерді біріктіретін «кəсіби даму» ұғымымен нақтыланады. Аталған аспектілердің ішінде ең мəндісі əрі маңыздысы тұлғалық аспект болып табылады. Болашақ мұғалімнің кəсіби- педагогикалық іс-əрекетке тұлғалық-кəсіби даярлығы оның тұжырымдамалық жəне іс-əрекеттік жағынан көрінетін мүмкіндіктеріне сүйене отырып, инновациялық процесті ұйымдастыруға бағыттайды.
Болашақ мұғалімдерді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие ісінде қолдануға даярлау мақсатымен біз мұғалімдерді даялаудың теориялық моделін жасадық. Бұл модельдің құрылымының негізінде қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға бағытталған мұғалімнің кəсіби іс-əрекеті жатыр.
Болашақ мұғалімдерді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға даярлау моделін құруда біз Л.де Калувэ, Э.Маркс, М.Петри ұсынған білім беру моделінің компоненттерін негізге алдық:
негізгі құрылымы;
оқыту мазмұны;
оқыту процесін ұйымдастыру;
оқушыларды басқару;
оқу нəтижелерін бақылау;
оқыту процесін бағалау.
Модель болашақ мұғалімнің тұлғалық жəне кəсіби сипаттамаларының үйлесімділігін қарастырады. Болашақ мұғалімнің тұлғалық сипаттамалары төмендегі екі параметрлердің қалыптасуымен тығыз байланысты:
білімдер, іскерліктер жəне дағдылар жүйесі;
тұлға қасиеттері.
Бұл параметрлер жалпы кəсіби даярлаудан бөлек қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға қажетті арнайы даярлықты қажет етеді.
Болашақ мұғалімдерді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға даярлау моделінің мақсаты — болашақ педагогтардың аталған іс-əрекетке даярлығын қалыптастыру.
Болашақ мұғалімдерді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға даярлау процесінің нəтижесі оның аталған іс-əрекетке даярлығы болып табылады.
«Даярлық» категориясы психологиялық-педагогикалық əдебиеттер жеткілікті деңгейде қарастырылған. Сондықтан біз зерттеліп отырған құбылысымызға тəн маңызды жақтарына қысқаша ғана теориялық талдау жасаймыз.
Психологтардың пікірінше, «даярлық» белгілі бір кезеңдегі психологиялық іс-əрекеттің тұтастай сипаттамасын білдіретін адамның психологиялық жағдайы.
В.А.Сластенин педагогикалық іс-əрекетке даярлық деп ерекше психологиялық жағдайды, субъектіде белгілі бір іс-əрекеттің бейнесінің жəне сананың тұрақты түрде оны орындауға бағытталуын айтады. «Мұғалімнің кəсіби құзыреттілігі» ұғымын кəсіби іс-əрекетті іске асыруға теориялық жəне практикалық даярлығының бірлігі дей келе, оны кəсібилікпен сипаттайды [3].
Мұғалімнің кəсіби құзыреттілігінің құрылымы, В.А.Сластенин бойынша, педагогикалық іс- əрекетке даярлық құрылымы сияқты педагогикалық іскерліктер арқылы ашылуы мүмкін. Педагогикалық іскерліктерді ол төрт топқа біріктерді:
тəрбие процесінің мазмұнын педагогикалық міндеттерге «көшіру» іскерлігі;
логикалық аяқталған педагогикалық жүйені құру жəне іске қосу іскерлігі;
тəрбиенің компоненттері мен факторлары арасындағы байланыстарды анықтау, оларды қозғалысқа келтіру іскерлігі;
педагогикалық іс-əрекет нəтижелерін есепке алу жəне бағалау іскерлігі [3].
В.А.Сластенин теориялық даярлықтың жəне құзыреттілікті мұғалімнің аналитикалық, проективтік жəне рефлексивтік іскерліктерінің жиынтығы ретіндегі педагогикалық ойлау іскерлігімен байланыстырады. Мұғалімнің практикалық даярлығы мен құзыреттілігін ұйымдастырушылық (мобилизациялық, ақпараттық, дамытушылық, бағыттаушылық іскерліктер) жəне коммуникативтік (перцептивтік, педагогикалық қарым-қатынас, педагогикалық техника іскерліктері) іскерліктер арқылы ашады.
К.М.Дурай-Новакова педагогикалық іс-əрекетке даярлық күрделі құрылым екендігін айтады. Ол болашақ мамандыққа деген оң қатынастан, педагогикалық іс-əректеттің тұрақты мотивтері, кəсіби- педагогикалық білімдер, іскерліктер, дағдылар қалыптасады дейді [4].
Сонымен, даярлық мəселесі педагогикалық жəне психологиялық зерттеулерде қарастырылған. Педагогтардың зерттеу жұмыстарында белгілі бір қасиеттің қалыптасуын мақсатты түрде басқаруға мүмкіндік беретін дидактикалық жəне тəрбиелік факторлар мен шарттарды анықтауға арналған
Психологтардың жұмыстарында негізгі көңіл даярлық жағдайы мен тұлғаның іс-əрекетінің тиімділігі, құзыреттілік пен оның кəсіби іс-əрекетте көрінуі араларындағы тəуелділіктер мен байланыстардың сипатын анықтауға бөлінеді.
Көптеген ғалымдардың студенттердің болашақ педагогикалық іс-əрекетке даярлығының мазмұндық құрылымына деген көзқарастары сəйкес келетіні туралы атап өту керек. Олар төмендегідей компоненттерді көрсетеді: мотивтік-құндылық (тұлғалық) жəне орындаушылық (процессуалдық) (В.А.Сластенин); танымдық, мотивтік, жігерлі жəне эмоционалдық (А.И.Мищенко); мотивтік-құндылық, мазмұндық, операционалдық (С.Л.Рубинштейн).
Аталған мəселеге арналған еңбектерді талдау барысында көптеген авторлар «даярлық»,
«даярлау» ұғымдарын ажырата келе даярлауды процесс, ал даярлықты осы процестің нəтижесі деп анықтайды. Бұл жағдайда олардың құрылымдағы ортақ компоненттерді бөліп көрсетуге болады: психологиялық компонент (сенімдер, көзқарастар, мотивтер, белгілі бір əрекетке деген ұстанымдар); теориялық компонент (білімдер); операциялық компонент (іскерліктер, дағдылар, қабілеттер).
Достарыңызбен бөлісу: |