Мемлекеттік Рәміздер туралы бейнебаян
Ән: «Қазақстаным» орындайтын Ақылбек Ержігіт
1-жүргізуші Абылай: Біздің елімізде Мемлекеттік Әнұран ретінде «Менің Қазақстаным» әні қабылданған. Бұл әнді ақын Жұмекен Нәжімеденов пен сазгер Шәмші Қалдаяқов 1959 жылы жазған. Ол кезде олар консерваторияның студенттері болатын.Әнді алғаш орындаған – Жамал Омарова. Әнде халықтың патриоттық сезімі берілген. Бұл ән әр үйде, әрбір мекемеде шырқалатын. 1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандықты аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
2-жүргізуші Нұрдәулет: «Әнге ресми мәртебе беретін уақыт жетті!» - деді 2006 жылы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президенттің қатысуымен жазылған Гимнның жаңа мәтіні қазақ халқының асқақ рухын, асыл мұраттарға деген құлшынысын, қазақ жерінің молшылығы мен байлығының артатынын көрсетеді.Әнұранның сөзін жазған – Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.Әнін жазған – Шәмші Қалдаяқов.
Ержігіт:
Әнұраным – жайлаулы ел әлемі,
Кең даламның симфониялы сәлемі
Тұлпар мінген қазақтың ұл-қыздары
Тәңір таудай тұлғалы да әдемі
Абылай:
Шарықтасын мәңгіліктің әуені
Қазақиям асқан бағым мәуелі
Әнұраным, тілі шыққан сәбилер
Ыңылдап-ақ сені шырқар әуелі.
Нұрдәулет:
Әнұраным, Астанамның аспаны,
Қарияма құрметіммен жас қамы.
Әнұранмен таныттым да өзімді,
Әнұранмен таныдым мен басқаны
Нұрасыл: Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
1-жүргізуші Абылай:
Еркін бейбіт елде қандай бар арман!
Нуым дағы, туым дағы жаңарған.
Менің туым алтын шапақ Күні бар,
Көк Ананың жатырынан жаралған.
Көк түс қандай адал және сенімді!
«Көк» сөзінде көп мән тұрар ең ізгі.
Жердің Шарын ұстап тұрса Су Ана,
Біздің ту да елестетер теңізді.
Өлең тұнған өр қазақтың тұрағы
Шапағаттан, махаббаттан тұрады.
Айбынымды айқындап тұр тудағы
Ер елімнің еркін ұшқан қыраны.
2-жүргізуші Нұрдәулет:
Күндер, міне, күлімдейді ең нұрлы
Қазағымды бүкіл әлем – жер білді.
Ортасында шаңырағым киелі
Мақтан етемелтаңбамды – гербімді!
Елтаңбада көп мағына бар терең
Маңдайдағы жұлдыз, неткен көркем ең!
Осы жұлдыз – Отанымның бақыты,
Осы жұлдыз – менің биік мәртебем!
Бізді осылай асқақ етіп жаратты
Кім айырған жылқы менен қазақты.
Ерен елдің елтаңбасын көркейтіп,
Екі тұлпар арқырап тұр қанатты.
Алты алашқа арнап, атап сый нұрын,
Төгіледі әсем ән мен күй бүгін.
Әні, сөзі бір-бірімен қауышқан
Қандай ғажап әнұраным – гимнім!
1-жүргізуші Абылай:
Рәміздерге мақтанышпен қараймын,
Үш рәмізді бақытыма балаймын.
Ту, Әнұран, Елтаңбасы бар елді –
Әлемдегі бақытты ел деп санаймын.
2-жүргізуші Нұрдәулет:
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, құрметтеу – бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |