Құрметті қазақстандықтар!



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата03.03.2017
өлшемі11,84 Mb.
#7543
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Құрметті қазақстандықтар!

Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап от-

ырмын.

Еліміз  өзінің  25  жылдық  даму  кезеңінен  абыроймен  өтті.  Біз 



елімізді  мақтан  тұтамыз.  Табыстарымыз  бен  жетістіктеріміз  тура-

лы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды 

бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды.

2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы 

Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды.

Биыл  Астанада  «ЭКСПО-2017»  халықаралық  көрмесі  өтеді. 

Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және 

Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз.

Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп жатыр.  Оған 

57 мемлекеттен 2 мыңнан астам  спортшы мен делегация мүшелері 

қатысуда.

Осының барлығы Қазақстанның халықаралық аренада жоғары 

беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді.

Қазақстан  2050  жылға  қарай  әлемдегі  ең  алдыңғы  қатарлы 

30  мемлекеттің  қатарына  қосылуға  тиіс.  Біз  осы  мақсатқа  қарай 

табандылықпен ілгерілей береміз.

Жаһандық  бәсекелестіктің  өсуі  және  әлемдегі  тұрақсыздық 

жағдайында,  2012  жылы  халқыма  ұсынған  «Қазақстан-2050» 

стратегиясының өзектілігі арта түседі. Біз қиындықтарды уақтылы 

болжай алдық.

«Нұрлы  жол»  экономикалық  саясатының  және  «100  нақты 

қадам»  Ұлт  жоспарының  нәтижесінде  осынау  қиын,  жаһандық 

трансформацияның алғашқы кезеңінен лайықты өтіп келеміз. Тек 

2014-2016 жылдар аралығында біз экономиканы қолдауға қосымша 

1,7 триллион теңге жұмсадық. Мұның барлығы экономикалық өсімді 

және бизнесті қолдауға, 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын 

ашуға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде,  2016  жылы  біз  ішкі  жалпы  өнімнің  1%  өсімін 

қамтамасыз  еттік.  Бұл  қазіргі  күрделі  жағдайда  айтарлықтай 

маңызды.


Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.

Бұл – жаңа жаһандық болмыс, оны біз қабылдауға тиіспіз.

 

Қымбатты отандастар!

Болашағын  айқындап,  сын-қатерлерді  күтіп  отырмастан,  оған 

табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді.

Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды.

Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына 

және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз 

алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, 

әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік.

Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып 

отырмын.  Елдің  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз 

ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет.

Қазіргі  кезде  көптеген  елдер  осындай  міндетті  орындауға 

ұмтылуда.  Өсімнің  жаңа  моделіне  көшу  тәсілі  әр  жерде  әр  түрлі 

екеніне сенімдімін. Біз өзіміздің мықты тұстарымызды пайдаланып, 

Тәуелсіздігіміздің  25  жылында  бірге  қалыптастырған  әлеуетімізді 

жоғалтып алмауымыз керек қой.

Қазақстанның  Бірінші  жаңғыруы  бәріміздің  есімізде.  25  жыл 

бұрын  КСРО-ның  қирандысынан  шығып,  өз  жолымызды  қалай 

бастағанымыз жадымызда тұр. Сол кезде біздің буын іргетасынан 

бастап  қолға  алып,  әлем  картасында  болмаған  жаңа  мемлекет 

құрды.

Жоспарлы  экономикадан  нарықтық  экономикаға  көшу  жүзеге 



асырылды. Біздің бәріміз бірлесіп, сол кезде елімізді күйреуге, аза-

мат  соғысына,  экономикалық  күйзеліске  ұшыратпағанымыз  мен 

үшін өте маңызды. Қазақстан бұл кезеңде аз шығын шығарып, зор 

жетістіктерге қол жеткізді.

Екінші 

жаңғыру 


«Қазақстан-2030» 

стратегиясының 

қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынумен бастал-

ды. Оның нәтижелі болғаны дау тудырмайды. Еліміз экономикалық 

тұрғыдан  артта  қалған  аймақтан  шығып,  әлемдегі  экономикасы 

бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.

Табысты  өткен  екі  жаңғыру  арқылы  баға  жетпес  тәжірибе 

жинақтадық. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды 

бастауға тиіспіз. 

Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспа-

ры емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына 

бастайтын  сенімді  көпір  болмақ.  Ол  Ұлт  жоспары  –  «100  нақты 

қадам» базасында өткізіледі.

Мен  оның  бес  негізгі  басымдығын  көріп  отырмын.  Олар 

экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын 

қамтамасыз  етуге  және  30  озық  елдің  қатарына  қарай  тұрақты 

түрде ілгерілеуге лайықталған. 

Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық 

жаңғыртылуы.

Біз  цифрлық  технологияны  қолдану  арқылы  құрылатын  жаңа 

индустрияларды  өркендетуге  тиіспіз.  Бұл  –  маңызды  кешенді 

міндет.


(Жалғасы 2-3-бетте)

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ



31 ҚАҢТАР

 СЕЙСЕНБІ 

2017 ЖЫЛ 

№8 (8030)

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.

Нақты 


айтқанда, 

Мемле-


кет  басшысының  Үндеуін  түсіндіру 

мақсатында  өткен  жиында  ұстаздар  мен 

студенттер  қатысып,  өз  ойларын  ортағы 

салды. 


«Нұр Отан» партиясы аудандық фили-

алы төрағасының кеңесшісі Нариман Жа-

худаев:  –  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаев  Президент,  Үкімет 

және  Парламент  арасында  өкілеттіктерді 

қайта  бөлу  мақсатында  Конституцияға 

өзгерістер  енгізу  мәселелері  бойын-

ша  Қазақстан  азаматтарына  үндеуін  жа-

риялады.  Президент  өзінің  бірқатар 

өкілеттіктерін биліктің атқарушы және заң 

шығарушы  тармақтарына  беру  бастама-

сын көтерді. Қызмет атқарып жүрген Ел-

басы құзыретін биліктің тармақтарына өз 

еркімен беруі дүниежүзіндегі саяси өмірде 

өте сирек кездесетін құбылыс, – деді.  

Колледж 


директорының 

орынба-


сары  Бақытжан  Сарсенов  пен  Тасби-

ке  Тұрымбаева  Елбасы  Үндеуі  елді 

жаңғыртауға 

бағытталған 

маңызды 

қадам  болып  саналатынын  жеткізді. 

Себебі,  халықтан  қолдау  тапқан  Үндеу 

негізінде  Конституцияға  және  көптеген 

заңдарға  өзгерістер  енгізіледі.  Үкіметтің 

өкілеттілігі  кеңейіп,  Парламенттің  рөлі 

күшейеді.  Конституциялық  Кеңестің,  сот 

жүйесінің  және  прокуратураның  қызметі 

жетілдірілетін болады. 

Білім 


ордасының 

кітапханашысы 

Ұлбазар Балтахожаева: 

–  Тұңғыш  Президент  Үндеуінде: 

«Конституцияға 

және 


көптеген 

заңдарға  өзгерістер  енгізіледі.  Үкіметтің 

өкілеттілігі  кеңейіп,  Парламенттің  рөлі 

күшейеді.  Конституциялық  Кеңестің,  сот 

жүйесінің  және  прокуратураның  қызметі 

жетілдірілетін болады», делінді. 

Үндеуден ұққанымыз Қазақстанның са-

яси жүйесі мықты Президент, беделді Пар-

ламент,  есепті  Үкімет  тұжырымдамасына 

негізделетін болады. 

Демек, 

Елбасының 



мақсат-

мұраттарын,  қазақстандықтардың  арма-

нын  тұғырға  қондыруда  жасалған  құтты 

қадам деуге болады, – деді баяндамасын-

да.  

Маңызды  шарада  төбе  көрсеткен 



жастар  Конституцияға,  соған  орай  ел 

заңнамаларына өзгерістер енгізетін уақыт 

пісіп  жеткенін  жеткізді.  Негізінен,  билік 

тармақтарына 

берілетін 

өкілеттіктер 

әлеуметтік-экономикалық  сипатта.  Олар 

Үкіметке,  биліктің  жергілікті  атқару  ор-

гандарына  беріледі.  Бұл  өкілеттіктер 

тек  қолға  билік  ұстату  емес,  ең  алды-

мен  жауапкершілік  деген  сөз.  Ал,  сая-

си  сипаттағы  өкілеттіктер  Парламент-

ке  беріледі.  Бұл  –  азаматтық  қоғамды 

жетілдіріп,  демократияның  ашықтығын, 

жариялығын  арттыра  түсетіні  хақ.  Яғни, 

уақыт  талап  етіп  отырған  міндеттерді, 

халықшыл  талаптарды    Президент 

Үндеуінен  көруге  болады.  Мұны  біз 

қолдаймыз, десті жастар жағы.

ТҮЙІН.  Бес  институттық  реформа-

ны  жүзеге  асыру  бойынша  «100  нақты 

қадам»  Ұлт  Жоспарын  іске  асыру  және 

«Қазақстан-2050» 

Стратегиясының 

мақсаттарына  қол  жеткізіп,  бәсекеге 

қабілетті  30  мемлекеттің  қатарына 

қосылуды 

жеделдететін 

Үндеуді 


жаңақорғандықтар 

қолдайтынын 

білдірді.  Яғни,  Қазақстан  Президенті  са-

яси  жүйені  одан  әрі  демократияландыру 

үшін  мемлекеттік  билік  тараптары  ара-

сында өкілеттіктерді қайта бөлуді ұсынуы 

уақыт  күттірмейтін  міндет  екені  айқын. 

Ендеше,  уақытпен  үндескен  Үндеу  жаңа 

бетбұрыстарға бастайтын жол болмақ. 

УАҚЫТПЕН ҮНДЕСКЕН ҮНДЕУ

«МӘҢГІЛІК ЕЛДІ» БАҒЫТҚА 

АЛҒАН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ 

ТАҒЫ БІР ТАРИХИ ОҚИҒАНЫҢ 

КУӘСІ БОЛДЫ. ОЛ – ЕЛБАСЫ 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ 

БИЛІК ТАРМАҚТАРЫНЫҢ 

ӨКІЛЕТТІКТЕРІН ҚАЙТА 

БӨЛУ ТУРАЛЫ ҮНДЕУІ. БҰЛ 

– ТІКЕЛЕЙ МЕМЛЕКЕТТІҢ 

ЖӘНЕ ҰРПАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫН 

ОЙЛАҒАННАН ЖАСАЛҒАН 

ҚАДАМ. МҰНДАЙ ПАЙЫМ-

ПІКІРЛЕРДІ ЖАҢАҚОРҒАН 

АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ 

КОЛЛЕДЖІНДЕ ӨТКЕН КЕЛЕЛІ 

КЕЗДЕСУДЕ ЕСТІДІК. 

Әбісамат ӘБДІШ.

Құрметті қазақстандықтар!

Қасиетті  Отанымыз  Тәуелсіздіктің  үшінші 

мүшеліне аяқ басты.

Қазақстан қысқа мерзім ішінде кемелденіп, 

қуаты толысқан сақа мемлекетке айналды.

Ширек  ғасырда  біз  елімізді  түбегейлі 

өзгерткен екі жаңғыруды іске асырдық.

Алдымен, 

нарықтық 

экономика 

қағидаларына негізделген мүлдем жаңа сипат-

ты мемлекет құрдық.

Екіншіден,  «Қазақстан-2030»  стратегиясын 

жүзеге асырып, асқақ Астанамызды салдық.

Ал, қазір кезекті маңызды белестің алдын-

да тұрмыз.

Бүгін  менің  халыққа  Жолдауым  бұқаралық 

ақпарат құралдарында жарияланды.

Мен  биылғы  Жолдауымда  ел  дамуына  тың 

қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынбақпын.

Бас  тақырып  –  Қазақстанның  Үшінші 

жаңғыруы.

Ол  еліміздің  экономикалық  дамуының 

инновациялық  өзегіне  айналып,  бәсекелік 

қабілетін арттыра түсуі тиіс.

Біз  цифрлық  технологияларға  негізделген 

болашағы зор бағыттарға айрықша мән беретін 

боламыз.


Ал, білім беру, денсаулық сақтау, халықты 

әлеуметтік қорғау және баспанамен қамтамасыз 

ету  сияқты  маңызды  салалар  қашанда  басты 

назарда қала бермек.

 

Құрметті қазақстандықтар!

Қолданыстағы 

заңнамаға 

сәйкес, 


Президенттің  Жолдауды  ауызша  немесе  жаз-

баша  түрде  мазмұндап  беруге  құқы  бар.  Осы 

жылы мен екінші тәсілді таңдадым.

Осы  стратегиялық  құжатта  елдің  жаңа 

кезеңдегі  әрі  қарайғы  дамуына  көзқарас 

мазмұндалатын болады.

Ширек  ғасырда  біз  екі  жаңғыруды  жүзеге 

асырдық.


Бірінші  –  бұл  нарықтық  экономика 

қағидаттары  бойынша  мүлдем  жаңа  мемлекет 

құру.

Екінші  –  2030  стратегиясын  жүзеге  асыру 



және біздің Отанымыздың елордасы – Астана-

ны қалыптастыру.

Қазақстан жедел қарқынмен дамыды және 

аса табысты 50 елдің қатарына қосылды.

Қазіргі  әлемдегі  технологиялық  дәстүрді 

түбегейлі  өзгерту  экономикалық  өсімнің  жаңа 

моделіне өтуді талап етеді.

Сондықтан  менің  халыққа  Жолдауым 

Қазақстанның  Үшінші  жаңғыруына  арналатын 

болады.


Біздің міндетіміз – елдің жаңа өмір шындығы 

жағдайларындағы жаһандық бәсекеге қабілет-

тілігі.

Біздің  іс-қимылымыздың  негізі  –  Бес 



институционалдық  реформаны  жүзеге  асыру 

жөніндегі Ұлт жоспары.

Үшінші  жаңғырудың  шешуші  басым-

дықтарының 

бірі 

экономиканы 



жедел 

технологиялық жаңарту болады.

Бұл  цифрлық  технологиялар  базасын-

да  жаңа  перспективалы  салалар  құру  дегенді 

білдіреді.

Бизнес  –  ортаны  кеңейту  мен  жаппай 

кәсіпкерлік  үшін  жағдайларды  жақсартудың 

қағидатты маңызы бар.

Бұл үшін мемлекеттің экономикаға қатысуын 

азайту қажет.

Бизнес үшін барлық ықтимал шығындарды 

төмендетіп, мемлекет-жекеменшік серіктестігін 

дамытқан жөн.

Өсімнің  болашақ  моделінің  буындары 

қатарында    агроөнеркәсіп  кешені,  көлік  және 

логистика бар.

Тұрғын  үй  нарығын  дамыту  мен  оны 

мемлекеттік қолдау шаралары туралы жеке ай-

тылатын болады.

Білім  беру,  денсаулық  сақтау,  халықты 

әлеуметтік қорғау біздің басымдықтарымыз бо-

лып қалады.

Макроэкономикалық  саясат  та  жаңғыртуға 

мұқтаж.


Үкіметке  қазіргі  заманғы  сын-қатерлерге 

жауап  ретінде  «Қазақстанның  ұлттық  техно-

логиялық бастамасы» деген атпен елді Үшінші 

жаңғыру бойынша Дамудың 2025 жылға дейінгі 

стратегиялық  жоспарын  жасау  тапсырылады. 

Үкіметтің  алдына  шешу  үшін  барлық  қажетті 

ресурстар  мен  мүмкіндіктер  бар  салмақты 

мақсаттар мен міндеттер қойылып отыр.

Осының  барлығы  ұзақ  мерзімді  перспек-

тивада  экономикалық  өсімнің  орнықтылығын 

қамтамасыз етеді.

Жақында  мемлекетті  саяси  жаңғыртудың 

жобасы жария етілді.

Осы  екі  бастама  да  бірін  бірі  толықтырып, 

ел  дамуының  ұзақ  мерзімді  мақсаттарына 

қызмет етеді.

Біз    2050  Стратегиясының  негізгі  мақсаты 

– Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 30 елдің 

қатарына  енуіне  тек  осылай  ғана  қол  жеткізе 

аламыз.


Қазақстанның технологиялық жаңғыруының 

шешуші  бағыттары,  қысқаша  айтқанда,  осын-

дай.

Қазақстан  халқы  елді  болашақ  дамыту 



мен  өсіп-өркендетуге  бағытталған  ұсынылып 

отырған шараларды қолдайтынына сенімдімін.

Баршаға  алдағы  үлкен  жұмыста  табыстар 

тілеймін.



МЕМЛЕКЕТ 

БАСШЫСЫНЫҢ 

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА

ЖЫЛ САЙЫНҒЫ 

Ж ОЛДАУЫ БОЙЫНША



МӘЛІМДЕМЕСІ

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы:

ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан Халқына Жолдауы

ҰСАҚ 

шаруашылықтың



ісі өнбейді

(Жалғасы 3-бетте)

САЛЫҚҚА 

салғырттық

жат

(Жалғасы 3-бетте)

ЖАУАПКЕРШІЛІК

 

ЖҮГІ АРТАДЫ



–  Ендігі  кезекте  елдегі  саяси  реформаға 

сәйкес,  Президенттің  әлеуметтік-экономикалық 

процестерді  реттеудегі  біршама  өкілеттіктері 

Үкіметке  және  Парламентке  берілмек.  Яғни, 

алдағы уақытты бұл салаға Үкімет, министрліктер 

және  әкімдіктер  толықтай  жауап  беретін  бола-

ды.  Елбасы  Үндеуінде:  «Осы  реформаның  ая-

сында Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлін 

күшейтеміз. Парламент сайлауында жеңген пар-

тия  Үкімет  құрамын  анықтауға  түбегейлі  ықпал 

ететін  болады»  делінген.  Бұл  өз  кезегінде  ми-

нистрлер  кабинетінің  өкілетті  билік  алдындағы 

жауапкершілігін  арттырмақ.  Тиісінше,  биліктің 

заң  шығарушы  тармағының  атқарушы  билікке 

бақылауын күшейтеді. Ендігі кезекте осындай жа-

уапты сәтте қоғам болып бірігу – елдікке бастай-

ды. Оған қоса, Мемлекет басшысы ұсынған «100 

нақты  қадам»  Ұлт  Жоспары  құнды  құжатын  ба-

сты  бағдарға  алып,  қарымды  қадам  жасау  –  за-

ман талабы.



Мәжит БАЛҚОЖАЕВ, 

«Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық 

филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

ПАЙЫМ МЕН ПІКІР

– Бүгінде қай сала болмасын бағындырған бе-

лес  көп.  Қоғамның  тұтастығы  қай  кезде  де  ішкі 

татулық пен берекеден бастау алған. Ынтымағы 

жарасып,  түрлі  ұлыстың  басын  қосқан  қастерлі 

қазақ топырағы бейбітшіліктің қара шаңырағына 

айналды.  Ендігі  кезекте  әлемдік  дағдарыс 

дамыған  жетекші  елдердің  өзіне  теріс  ықпалын 

тигізуде.  Осындай  сын  сағатында  жұдырықтай 

жұмылып,  ауызбіршілік  таныту  баршаға  міндет. 

Яғни,  жарқын  болашақ  үшін  Елбасы  Үндеуінде 

айтылған 

биліктегі 

өкілеттіліктерді 

қайта 

бөлу  мәселесі  құптарлық  іс.  Өйткені,  жаңа 



демократиялық қоғам құруда мұның маңызы зор. 

Екіншіден, бұл реформалар баянды болашақ үшін 

халықтың конституциялық құқықтарын кеңейтуге 

бағытталған деп білемін. 

БАЯНДЫ

 

БОЛАШАҚ ҮШІН



Азия ҚЫСТАУБАЕВА, 

аудандық мәслихаттың депутаты:



2

31 қаңтар, 2017 жыл

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы:

Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық 

қызмет  көрсету  секілді  денсаулық  сақтау,  білім  беру  ісінде 

қолданылатын  және  басқа  да  перспективалы  салаларды  дамы-

ту  керек.  Бұл  индустриялар  қазірдің  өзінде  дамыған  елдердің 

экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа 

сапа дарытты.

Осыған  орай,  Үкіметке  «Цифрлық  Қазақстан»  жеке 

бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын.

Біздің заңнамамызды жаңа жағдайға бейімдеу керек.

Коммуникацияның 

дамуы 


мен 

оптикалық-талшықты 

инфрақұрылымға  жаппай  қолжетімділікті  де  қамтамасыз  ету  ке-

рек.  Цифрлық  индустрияны  дамыту  басқа  барлық  салаларға 

серпін  береді.  Сондықтан  Үкімет  ІТ  саласын  дамыту  мәселесін 

ерекше бақылауда ұстауға тиіс.

Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инно-

вацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып са-

налады.

Үкіметке «ЭКСПО-2017» нысандарының бірінің базасында IT-



стартаптар  халықаралық  технопаркін  құруды  тапсырамын.  Ол 

әлемнің  барлық  елінен  кәсіпкерлер  мен  инвесторлар  тартудың 

платформасы  болуға  тиіс.  Бұл  үшін  тиісті  инфрақұрылым  және 

салық жеңілдіктерін, оңайлатылған виза мен еңбек режімін қоса 

алғанда, қолайлы жағдай керек.

Біз жоғары оқу орындары, Назарбаев Университеті және «Ала-

тау»  иннновациялық  технологиялар  паркі  базасында  өзіміздің 

ғылыми және инновациялық әлеуетімізді дамытуымыз керек.

Екінші  кешенді  міндет.  Жаңа  индустриялар  құрумен  қатар 

дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруіміз керек.

Бұл – өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, 

құрылыс секторы және басқа салалар.

Бірінші. Еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру керек.

Бұл  жердегі  негізгі  фактор  Төртінші  өнеркәсіптік  революция 

элементтерін жаппай енгізу болуға тиіс.

Бұл  –  автоматтандыру,  роботтандыру,  жасанды  интеллект, 

«ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа міндеттер.

Үкіметке бизнес өкілдерімен бірге 2025 жылға дейін базалық 

салаларды  технологиялық  тұрғыдан  қайта  жарақтандырудың 

кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын.

Екінші.  Басымдығы  бар  салалардағы  бәсекеге  қабілетті 

экспорттық  өндірісті  дамытуды  көздейтін  индустрияландыруды 

жалғастыру керек.

Үкімет алдында қазірдің өзінде 2025 жылға қарай шикізаттық 

емес экспортты 2 есе ұлғайту міндеті тұр.

Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін экспортты дамыту 

мен ілгерілету тетіктерін бір ведомстоваға шоғырландыру қажет. 

Экспорттаушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша өңірлерде де 

қолдау көрсету керек.

Үкімет жанынан Экспорт саясаты жөніндегі кеңес құруды тап-

сырамын. Оған бизнес қоғамдастығының өкілдері кіруге тиіс.

Биылғы  1  қыркүйекке  дейін  Үкімет  әкімдермен  және  бизнес 

өкілдерімен бірлесіп, Бірыңғай экспорт стретегиясын әзірлеуі ке-

рек.


Қазақстан 

шетел 


инвестицияларын 

тарту 


ісіндегі 

көшбасшылығын  сақтап  қалуы  қажет.«Астана»  халықаралық 

қаржы орталығы ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуда 

маңызды рөл атқаруға тиіс.

Біз  тауар  өндіру  мен  өткізу,  қызмет  көрсету  ісін  жаһандық 

желіге бейімдеуіміз керек. Мұны, ең алдымен, трансұлттық компа-

нияларды тарту арқылы жасаған жөн.

Қазақстанда  өндірістер  ашу  жөніндегі  Қытаймен  бірлескен 

инвестициялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру керек. Қытай 

тарапымен  уағдаластыққа  қол  жеткізілді.  Нысандар  белгіленді. 

Нақты жұмыс істеу қажет.

Бұл қазақстандықтар үшін 20 мың жаңа жұмыс орнын ашатын 

заманауи өндіріс болмақ. Қазір 6 жоба жүзеге асырыла бастады, 

ал  2  жоба  іске  қосылды.  Соның  бірі  –  гибридтік  және  толықтай 

электрлі  JAC  автомобильдерін  ірі  құрылғылардан  құрастыратын 

зауыт.


Қажетті  инфрақұрылым  қалыптастыру  жайын  ескеріп, 

экспортқа бағдарланған электромобиль өндірісін одан әрі дамы-

ту мәселесін пысықтауды тапсырамын.

Тұтастай алғанда, Қазақстанның өз Инвестициялық стратеги-

ясы болуға тиіс. Үкімет оны биылғы 1 қыркүйекке дейін әзірлеуі 

керек.


Халықаралық  ынтымақтастық  аясында  ұлттық  экономикалық 

мүдделерді  қорғап,  ілгерілету  қажет.  Бұл,  ең  алдымен,    ЕАЭО, 

ШЫҰ  ішінде  Жібек  жолы  Экономикалық  белдеуімен  ұштасатын 

жұмыстарға қатысты. Ол үшін экономикалық дипломатия жұмысын 

қайта құрып, жандандыра түсу қажет.

Үшінші.  Экономикалық  өсімнің  тұрақтылығы  үшін  елдің  тау-

кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері өзінің стратегиялық 

маңызын сақтауға тиіс.

Әлемдік  сұраныс  бәсеңдеп  кеткен  кезде  жаңа  нарықтарға 

шығып,  өнім  жеткізу  аумағын  кеңейту  керек.  Минералдық-

шикізаттық  базаны  кеңейтуге  баса  назар  аударылуға  тиіс. 

Геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізу керек.

Бұл  салаларды  одан  әрі  дамыту  ісі  шикізатты  кешенді  түрде 

қайта өңдеуді тереңдете түсумен берік ұштастырылуы тиіс.

Жыл  соңына  дейін  Жер  қойнауы  туралы  жаңа  кодексті 

қабылдап, салық заңнамаларына қажетті өзгерістер енгізуді тап-

сырамын.

 

***

 

Төртінші. Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне ай-



налуы керек.

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор.

Көптеген  позициялар  бойынша  біз  әлемде  ірі  аграрлық 

экспорттық  өнім  өндірушілердің  бірі  бола  аламыз.  Бұл,  әсіресе, 

экологиялық  таза  тағамдарға  қатысты.  «Made  in  Kazakhstan» 

бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс.

Сонымен қатар, астық өнімдері бойынша біз Еуразияда «нан 

кәрзеңкесі» болуымыз керек. Шикізат өндірісінен сапалы өңделген 

өнім  шығаруға  көшу  қажет.  Тек  сонда  ғана  біз  халықаралық 

нарықтарда бәсекеге қабілетті бола аламыз.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін  Үкімет пен әкімдерге мына-

дай тапсырмалар беремін:

біріншіден,  субсидияларды  бөлу  қағидаларын  қайта 

қарастырып, біртіндеп өнімді сақтандыруға көшу қажет;

екіншіден,  бес  жыл  ішінде  500  мыңнан  астам  жеке  үй 

шаруашылықтары  мен  шағын  фермерлерді  кооперативтерге 

тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау керек;

үшіншіден,  өнімнің  өңдеу  сапасын  жақсартып,  тауарларды 

сақтаудың,  тасымалдаудың  және  өткізудің  тиімді  жүйесін  құру 

қажет;


төртіншіден,  еңбек  өнімділігін  белсенді  түрде  арттырып, 

өндіріс шығындарын төмендету керек;

бесіншіден, жерді пайдалану тиімділігін арттыруға тиіспіз. Су-

армалы  егіс  алаңын  5  жыл  ішінде  40%-ға  кеңейтіп,  2  миллион 

гектарға жеткізу қажет;

алтыншыдан, өндірісте сұранысқа ие аграрлық ғылыми зерт-

теулерге салынатын инвестиция көлемін арттыру керек.

Ауыл  шаруашылығын  әртараптандырып,  2021  жылға  қарай 

азық-түлік тауары экспортын 40%-ға көбейтуді тапсырамын.

Бұл  міндеттер  агроөнеркәсіп  кешенін  дамытудың  жаңа 

мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуы қажет.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет