«Анама сый» атты мектеп оқушылары арасында өткізілетін мектепшілік сайыстың
ЕРЕЖЕСІ
Ұйымдастырушы
Мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Меруерт Еркігқызы
Сайыстың мақсаты
Балалар бойындағы шығармашылығын шыңдауға үлес қосу.
Халықаралық әйелдер күніне байланысты мерекені атап өту және қоғамымыздағы аналардың мәртебесін арттыру.
Оқушылар бойындағы шығармашылық қабілетін арттыру және оларға қолдау білдіру.
ӨТЕТІН УАҚЫТЫ
Жұмыстарды қабылдау: 07 .03.2023 дейін жүргізіледі.
Қорытындысы: Жұмыстарыңыз қабылданғаннан соң 7 тәулік ішінде алатын боласыздар.
Сайысқа қатысушылар
Сурет салуға икемі бар, шығармашылық қабілеті жоғары деңгейдегі бастауыш 1-4 сынып оқушылары. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай төрт топқа (4 топқа) бөлінеді.
I. 1 сынып
II. 2 сынып
III. 3 сынып
IV. 4 сынып
Сайыстың ережесі
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
Сурет, қолөнер, ән орындау, мәнерлеп оқу.
Қатысушы төменде көрсетілген талаптарға сай «Анама сый» тақырыбында орындаған жұмыстарын және өзі жайлы толық ақпаратты meru25032000@gmail.com электрондық мекен-жайға немесе WhatsApp номеріне +7 778 613 33 24 жолдауы тиіс.
Қатысушыға қойылатын талаптар:
Оқушылардың өз туындысына аты-жөні ,сыныбы жазылып сканерден өткізілген нұсқасын, сондай ақ видеоролигін жоғарыда көрсетілген электронды мекен-жайға немесе WhatsApp номеріне жіберуі керек;
Салынған сурет немесе қолөнер тақырыпқа сәйкес сапалы әрі көркем болуы шарт;
Бояулардың немесе түрлі түсті бояу материалдарының анық көрінуі;
Марапаттау кезеңі
Шығармашылық жұмыстар байқау өлшемдеріне сәйкес 10 балдық жүйемен кәсіби әділ-қазылар бағалайды.Әділ-қазылардың шешімдері бойынша үздік жұмыстар I II және III дәрежелі дипломмен және қатысушылар, сондай ақ жетекшілері алғыс хатпен марапатталады.
Барлық жұмыстар мектептің ............. инстаграмм парақшасында жарияланатын болады. Like-time арқылы ең көп лүпіл мен пікір жинаған 3 қатысушы ынталандыру сыйлықтарына ие болады.
САЙЫСҚА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
Қатысушыларды іріктеу 2023 жылдың 07 наурызына дейін жүргізіледі. Сайыс қорытындысы жұмыстарыңыз қабылданғаннан соң 7 тәулік ішінде электронды адреске жіберіледі;
Басқа да сұрақтар мен толық ақпаратты алу үшін:
8 (778) 613 33 24 Меруерт Еркінқызы
Өтініш беру үлгісі
Қатысушының аты-жөні
|
|
Cыныбы
|
|
Жетекшісінің аты-жөні
|
|
Электронды мекен-жайы
|
|
Байланыс номері
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |