● Физика–математика єылымдары ЌазЎту хабаршысы №6 2014 331 жок 37. 016: 002(072) М. Е. Есқалиев, М. Атагельдиева



Pdf көрінісі
Дата31.03.2017
өлшемі340,55 Kb.
#10905

 Физика–математика єылымдары 

 

ЌазЎТУ хабаршысы №6 2014  



 

331


ЖОК 37.016:002(072) 

 

М.Е. Есқалиев, М. Атагельдиева 

(Қазмемқызпу, Алматы, Қазақстан Республикасы) 

 

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ  



ПАЙДАЛАНУ 

 

Андатпа.  Информатиканы  оқытуда  интерактивті  технологияны  пайдалану.  Берілген  мақалада 

информатиканы оқытуда интерактивті технологияны пайдалану ерекшеліктері қарастырылған. 

Түйін сөздер: Интерактив, технология, ACTIVote, ACTIVboard, ақпарат. 

 

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дəуірі, технологиялық мəдениет дəуірі, айналадағы дүниеге, 

адамның  денсаулығына,  кəсіби  мəдениеттілігіне  мұқият  қарайтын  дəуір.  Бүгінгі  білім  мазмұны 

мұғалім  мен  оқушының  арасындағы  негізгі  бастамалардың  барлығы  мұғалім  арқылы  жүзеге 

асырылады[1]. 

Мұғалімнің  басты  мақсаты – қоғамның  сұранысына  лайықты  ізгілік  қасиеттерді  бойына 

сіңірген  тұлғаны  тəрбиелеу  болып  табылады.  Ізгіліктің  нұрына  бөленген  ұлы  Əл-Фарабидің 

«Тəрбиеден  ажыраған  білім  адамзатқа  қасірет  əкеледі»  деп  сонау  бірнеше  мыңжылдықта  айтқан 

ұлағатты сөзінің мəні де осында жатыр.  

Бүгінгі  таңдағы  Қазақстанның  білім  кеңістігіне  енуге  деген  мүдделілігі  осы  салада 

халықаралық  əлеуметтік  жəне  экономикалық  тұрғыдан  озық  деп  танылған  оқыту  моделдерін  өз 

мүмкіндігіне сай үлестіре қолдану үшін заман талабына лайық отандық білім беру стратегиясы мен 

тактикасын  жаңалаудың қажеттілігін арттырып отыр. Өйткені  ұлттық  бəсекелестік  қабілеті,  бірінші 

кезекте,  оның  білімділік  деңгейімен  айқындалады.  Əлемдік  білім  кеңістігіне  толығымен  кіріп  білім 

беру жүйесін халықаралық деңгейде көтеруді талап ететіні сөзсіз[2] . 

Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм 

қабылдауға  тартудың  маңызы  арта  түстi.  Осы  бағытта  оқушылардың  белсендiлiгiн  арттыруға 

мүмкiндiк  беретiн  əдiстемелiк  тəсiлдер   интер - активтi  деп  аталып  жүр.  Бұл  əдiстердi  қолдану 

сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар. 

Интерактив – ағылшынның  "өзара  əрекет”  деген  сөзі.  Демек,  интерактивті  оқыту  əдістері 

тұлғааралық  қарым-қатынасқа  негізделе  отырып, "жеке  тұдлғаны  дамытуға  бағытталатын”  қазіргі 

білім  беру  парадигмасын  қанағаттандырады.  Сонымен  бірге,  сапалы  білім  алудың  алғышарттары 

болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай 

дамытады. 

Интерактивті  оқыту  əдістері  дəстүрлі  оқыту  əдістерінен  оқу  үрдісінде  оқушылардың  өзінің 

өмірлік  тəжірибелерін  пайдалану  арқылы  есте  берік  сақтауымен,  мəліметтерді  талдап,  жинақтау 

арқылы  жеке  жəне  кəсіптік  қабілеттерін  аша  алуымен  ерекшеленеді.  Дегенмен,  интерактивті  оқыту 

қажетті ақпаратты  игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды 

қажет етеді. 

 Кез  келген  технология  білім  берудің  мақсатынан  бастап  оның  түпкі  нəтижесіне  дейінгі 

аралықтағы  оқытудың  əдістемелік  жүйесі  енетін  барлық  барлық  компоненттің  біртұтас  ортада 

мүддеге бірлесе қызмет етуінің тиянақталған жолы болып саналады. 

Технология – грек тілінен аударғанда  шеберлік  деген ұғымды  білдіреді.  Бұл  сөздің  мағынасы 

педагогика  саласында  қолданған  шеберлікпен  өнім  алу,  нақты  нəтижеге  жеке  белгілі  бір  жүйемен 

оқыту  деген  ұғымдарға  пара-пар.  Педагогикада  оқыту  технологиясы  мен  білім  сапасы  бір-бірінен 

ажыратуға  болмайтын,  өзара  тəуелді,  өзара  сабақтас  егіз  ұғымға  айналды.  Себебі  оқыту 

технологиясының  тиімділігі  сапалы  нəтижелерге  əкелетін  факторларды  үйлесімділікпен  басқаруға 

тікелей  байланысты  болса,  ал  үйлесімді  басқару  жүйелілік  арқылы  сапаға  қол  жеткізудің  басты 

шарты болып саналады. Сондықтан отандық та, əлемдік те ғылымда педагогикалық технологияларға 

арналған  зерттеулер  аясы  кеңейе  түсуде.  Компьютердік  оқыту  технологиясына  қатысты  ғылыми 

ізденістер  уақыт  өткен  сайын  жаңарып,  жаңғырып,  толығып,  дамып  келеді.  Зерттелген  сайын  оның 

жаңа өрістерінің де кеңейе түсуі бұл мəселенің өміршеңдігін танытады[4] . 

Дамыған елдердегі білім беру жүйесіндегі ерекше маңызды болып табылатын мəселелердің бірі 

–  оқытуды  ақпараттандыру,  яғни  оқу  үрдісінде  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  болып 

табылады.  Қазіргі  таңда  да  елімізде  білім  беру  жүйесінде  жаңашылдық  қатарына  ақпараттық 


 Физико–математические науки

  

 

№6 2014 Вестник КазНТУ  



          

332


кеңістікті  құру  тəртібінен  түспей  отырғандығы  мəлім.  Қай  заманда  да  өркениеттің  дамуы 

интеллектуалдық  шығармашылық  қабілеттіліктің  негізінде  жасаған,  əлі  де  солай  болып  келеді. 

Шығармашылық адам санасынының жасампаздығын жəне іс-əрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. 

Адам  қабілетінің  дəрежесі,  оның  кəсіби  іскерлік  шеберлігі,  бизнес  пен  кəсіпкерліктің  нəтижелілігі, 

жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады. 

Қазіргі таңда дəстүрлі оқыту əдістемесінің заман талабына  сай толық білім беруге, меңгеруге 

кепілдік  бермейтіндігін  мектеп  тəжірибесі  көрсетіп  отыр.  Сондықтан  жаңартылған  əдістемелік 

жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады [3]. 

Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру – жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  арқылы 

дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тəрбие үрдісінің 

барлық деңгейлерінің тиімділігін жоғарлатуды көздейді. 

Оқу процесінде компьютерлік технологияны қолдану ойды кеңейтуді іске асырып жаңа əдістің 

пайда  болуына,  оның  ұйымдастыру  түріне  əкеледі.  Білім  беруді  ақпараттандыру  барысында 

дидактикалық  жəне  оқыту  құралы  болып  табылатын  компьютер.  Бүгінгі  мектепке  келіп  жатқан 

техникалық  жаңалықтардың  ішіндегі  айрықша  орын  алатыны – интерактивті  тақталар – 

педагогтардың  оқыту  үрдісін  көрнекі,  анық  етеді,  сондай-ақ,  кері  байланысты  сапалы  жүзеге 

асырады. 

Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің мұғалім үшін артықшылығы: 

1. Мұғалімге жаңа материалды сынып ортасында тұрып түсіндіруге мүмкіндік береді; 

2. Кез-келген қосымшалардың үстіне сурет салуға жəне жазба жазуға мүмкіндік береді; 

3.  Артық  уақыт,  күш-жігер  жұмсамай  тақтадағы  кескінді,  сабақ  уақытында  жасалған 

жазбаларды  сақтауға  жəне  баспаға  беруге,  жəне  материалды  қабылдау  деңгейін  тексеруді 

жеңілдетеді. 

4. Мұғалімдерді оқытудың жаңа түрлерін іздеуге, кəсіби шеберлікке ынталандырады 

5. Оқушылар үшін интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылығы: 

6. Сабақты қызықты етеді жəне оқушы мотивациясын дамытады; 

7.  Ұжымдық  жұмысқа  қатысуға,  жеке  жəне  əлеуметтік  дағдыларын  дамытуға  көп  мүмкіндік 

береді. 

8. Оқыту материалының түсінікті, тиімді жəне өзгермелі берілуінің арқасында оқушылар қиын 

сұрақтарды жеңіл жəне тез қабылдайды. 

9. Оқушылар шығармашылық жұмыс істей бастайды жəне өздеріне деген сенімі арта түседі. 

Бірақта  тақта — тек  қана  құрал,  ал  оқыту  үрдісінің  тиімділігі  көбінесе  мұғалімнің  шеберлігі 

мен арнаулы программалық қамсыздандырудың сапасына байланысты екенін естен шығармағанымыз 

жөн.  Осылайша,  интерактивті  тақтаны  қолдану  оқу  үрдісін  кемелдендіруге  жаңа  мүмкіндік  береді, 

оқушы мен мұғалімнің өз бетінше атқаратын жəне бірлескен жұмыстарын шығармашыл етеді[5,6]. 

Бағдарламалық – ақпараттық  жиынтық  «Интерактивтік  тақта»  дегеніміз  бұл  дəстүрлі  мектеп 

тақтасының барлық сапасына ие жəне мынадай кең мүмкіндіктері бар тақта: 

−   экрандық кесікіндердің графикалық түсініктемелерін беру; 

−   бір мезгілде сыныптың барлық оқушыларының істеген жұмысына сараптама жүргізуге жəне 

тексеруге мүмкіндік туғызады; 

−   табиғи  амалмен  (ұсынылатын  ақпарат  ағынын  арттыру  есебінен)  сыныпта  оқушылардың 

оқу жүктемесін арттырады; 

−   оқытуға жаңа құлшыныстың алғы шарттарын дайындайды; 

−   сұқбатқа құрылған оқытуды жүргізеді; 

−   кей əдістерді пайдаланып, қарқынды əдістеме бойынша оқытады. 

  Интерктивті тақтамен жұмыс жасау тəжірибесі стереометрия сабақтарында, функциялар мен 

олардың  графиктеріне  арналған  алгебралық  сабақтарында,  мектеп  оқулығынан  тыс  сабақтарда 

қолдануда көрініп отыр[7,8]. 

Интерактивті тақтаны оқу үрдісінде пайдалану нəтижесі. 

− Оқушыларға  тақырып  шеңберінде  немесе  белгілі  бір  уақыт  аралығында  айтылуға  тиіс 

мəліметтер көлемі ұлғайды. 

− Оқушының пəнге деген қызығушылығы артады, дағды, зейін т.б. дамиды. 

− Тақырыптан  қалып  кеткен  немесе  дұрыс  түсінбеген  оқушыларға  тақырыпты  қосымша 

қайталауға мүмкіндік беріледі. 

− Сурет, сызбалар, дыбыстық əсерлер, қимыл анимациялары іске асырылады. 


 Физика–математика єылымдары 

 

ЌазЎТУ хабаршысы №6 2014  



 

333


− Дидактикалық  материал  қоры  ұлғайды.  Жасалған  файлдар  белгілі  бір  форматпен  сақталып 

оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. 

− Электрондық оқулықты, интернет желісін сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда, сонымен қатар 

олимпиадаға оқушылар дайындағанда қолданылады . 

Сонымен  интерактивті  оқыту  технологиясының  басты  ерекшелігі  оқушы  оқыту  үрдісінің 

пассивті  тыңдаушысы  емес,  белсенді  қатысушысы,  керек  қажетті  материалмен  тікелей  жұмыс 

істеуші.  Бұған  қазіргі  оқытудың  жаңа  технологиясы  мүмкіндік  беріп  отыр.  Ал  басты  мақсаты 

оқушының  ойлау,  табу,  шешу  қабілеттерін  дамыту  болып  табылатын  математика  пəні  үшін  озық 

технологияның  орны  ерекше.  Сондықтан  да  орта  мектептегі  математиканы  оқыту  əдістемесі  жаңа 

əдіс, амалдармен толығуда. Бұл əдістерді қайталау, бекіту, жаңа тақырыпты түсіндіру сабақтарында 

еркін пайдалануға болады[9]. 

Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады: 

1.  Бормен  тақтаға  жазылған  кескінді  интерактивті  тақтадағы  түрлі – түсті  айқын,  ұқыпты 

кескінмен салыстыруға болмайды. 

2. Тақта мен бордың көмегімен əр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын əрі мүмкін 

емес. 

3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады. 



4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады. 

5. ACTIVwand указкасының  көмегімен  тақтаның  жоғарғы  бөлігіне  кішкентайларға  да  қол 

жеткізуге мүмкіндік береді. 

6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады. 

7. Сабақтың өнімділігі артады. 

8. Оқушылардың білім деңгейіне оң əсер етеді 

 Біз  бейбіт  елде,  мемлекеттік  білімді  жетілдіруге  аса  мəн  берген  елде  тұрамыз.  Жалпы  білім 

берудің  мақсаты – терең  білімнің,  кəсіби  дағдылардың  негізінде  еркін  бағдарлай  білуге,  өзін – өзі 

дамытуға  адамгершілік  тұрғысынан  жауапты  шешімдерді  қабылдауға  қабілетті  жеке  тұлғаны 

қалыптастыру,  яғни  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  негізделген,  ақпаратты  технологияны  терең 

меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. 

Сонымен  ғылым  мен  техниканың  даму  ғасырында  мұғалім  инновациялық  əдіс-тəсілдерді 

қолдануда сабақты дайын  күйінде  бағалайды, оқушының өзі  ізденіп,  ғылыми  зерттеуді  көздейді,  ал 

мғалімнің міндетіне оқушының іс-əректіне бақылау ғана жатады. 

Оқу-тəрбие  үрдісінде  оқытудың  инновациялық  əдіс-тəсілдерін  қолданып,  оқушының  жеке 

тұлға  тұрғысынан  қарастыратын  болса,  оқытудың  сапалы  болатындығын  жəне  ең  негізгісі 

оқушылардың  пəнге  деген  қызығуы  мен  жауапкершілігі,  өз  бетімен  жұмыс  істеу  ынтасы, 

ізденушілік–  шығармашылық,  зерттеушіліу  қабілеттері  артады.  Ендеше  əрбір  жаңашыл  педагог  оқу 

үрдісінде  түрлі  инновациялық  жəне  интерактивтік  əдістемелерді  пайдалан  білсе,  сабақ  сапасының 

жақсара түсетіні сөзсіз. 

 

ƏДЕБИЕТТЕР 



1.  Журнал «Информатика и образование»,  № 7 -2006ж.  (41-45 б) 

2.  Журнал «Информатика и образование»,  № 2 -2006ж. (49-57 б) 

3.  Журнал «Информатика негіздері»  № 1 – 2005 ж  (11-14 б) 

4.  Журнал «Мектеп» № 11  (6 бет) 

5.  Сайт: 

www.edu.gov.kz

 

6.  В.Г.Выгузов.  Дистанционное  образование:  состояние  и  проблемы. //Жаһандану  жағдайларындағы 



дистанциялық бiлiм берудiң жай күйi мен даму стратегиясы. Халықар. ғылыми – практикалық конф. материал. 

Қарағанды қаласы: ҚРУ баспасы, 2003 ж. 146 бет. 

7.  А.А.Бименова.  Дистанционное  образование  в  условиях  глобализации:  преимущества  и  трудности 

внедрения. //Жаһандану  жағдайларындағы  дистанциялық  бiлiм  берудiң  жай  күйi  мен  даму  стратегиясы. 

Халықар. ғылыми – практикалық конф. материал. Қарағанды қаласы: ҚРУ баспасы, 2003 ж. 28 бет. 

8.  Г.А. Сапрыкина Электронный учебник - современное средство обучения  

9.  Е.Ы.Бидайбеков.  С.  Григорьев.  В.В.Гриншкун.  Информационное  интегрирование  и  анализ 

образовательной области в разроботке электронных средств обучения. – Алматы, 2002 – 100стр.  

 

 

 

 


 Физико–математические науки

  

 

№6 2014 Вестник КазНТУ  



          

334


Есқалиев М.Е., Атагельдиева М. 

Информатиканы оқытуда интерактивті технологияны пайдалану 

Түйіндеме.  Информатиканы  оқытуда  интерактивті  технологияны  пайдалану.  Берілген  мақалада 

информатиканы оқытуда интерактивті технологияны пайдалану ерекшеліктері қарастырылған. 



Түйін сөздер: Интерактив, технология, ACTIVote, ACTIVboard, ақпарат . 

 

Ескалиев М.Е., Атагельдиева М.Б. 



Использование интерактивных технологии при изучении информатики 

Резюме.  Использование  интерактивных    технологии  при  изучении  информатики.  В  данной  статье 

рассмотрены особенности использование интерактивных технологии при изучении информатики. 



Ключевые слова:  Интерактивная технология, ACTIVote, ACTIVboard, информация. 

 

Yeskaliyev M.Y., Atageldiyeva M.B. 



Usage of interactive technlogies in study of informatics  

Summary. The use of interactive technology in learning informatics. This article examines the use of interactive 

technology in the study of computer science. 



Key words: Interactive technology, ACTIVote, ACTIVboard, information



 



 

 

УДК 681.5:66.012 



Е.В. Блинаева 

(ВКГТУ им.Д.Серикбаева, г.Усть-Каменогорск,  

Республика Казахстан, blinaeva-helen@mail.ru) 

 

МОДЕЛИРОВАНИЕ ПЕРЕНОСА ЗАГРЯЗНЯЮЩИХ ВЕЩЕСТВ ОБЪЕКТОВ 

ТЕПЛОЭНЕРГЕТИКИ ПРИ ВОЗДЕЙСТВИИ ИНФРАЗВУКОМ НА ПЫЛЕГАЗОВЫЙ ПОТОК 

 

Аннотация.  Приведены  результаты  математического  моделирования  переноса  и  химических 

трансформаций загрязненных веществ при очистке газов инфразвуковым методом.   

Для  уменьшения  вредного  воздействия  на  окружающую  среду  необходимо  разрабатывать  более 

эффективные  технологии  сжигания  органического  топлива  и  организовать  систему  экологического 

мониторинга на тепловых станциях. 

В  настоящее  время  имеются  четыре  направления  борьбы  с  загрязнителями  приземной  атмосферы: 

оптимизация  процесса  сжигания  топлива;  очистка  топлива  от  элементов,  образующихся  при  сжигании 

загрязняющих  веществ;  очистка  дымовых  газов  от  загрязняющих  веществ;  рассеивание  загрязнителей  в 

атмосферном воздухе.  Поскольку  запасы углей  среди  всех  топлив максимальны  и  будущая  энергетика  может 

быть обеспечена ими минимум на 500 лет, развитие угольной «экологически чистой» теплоэнергетики является 

одной из наиболее актуальных проблем. 

Токсичность продуктов сгорания угля в 10-50 раз выше, чем природного газа. При увеличении доли угля 

в энергетическом балансе последует рост выбросов загрязняющих веществ в атмосферу. Всё это подтверждает 

необходимость  в  организации  эффективной  системы  экологического  мониторинга.  Для  организации 

экологического  мониторинга  необходимо  контролировать  содержание  газовых  и  твёрдых  выбросов 

топливосжигающих предприятий.  



Ключевые слова: очистка дымовых газов, моделирование массопереноса. 

 

Введение 

Проблемы  экологии  и  природопользования  занимают  важное  место  в  социально-

экономических  программах  развития  Республики  Казахстан.  К  долгосрочным  государственным 

приоритетам  в  «Стратегии–2050»  отнесены:  экологическая  безопасность,  рациональное 

использование  природных  ресурсов,  экологическое  благополучие  граждан,  проблемы  социальной 

жизни. 

Усиление  технического  воздействия  на  природную  среду  породило  ряд  связанных  с  этим 



проблем,  наиболее  острая  из  которых – состояние  атмосферного  воздуха.  Благодаря  возросшим 

возможностям компьютерной техники, в настоящее время есть несколько методов моделирования

В  проблеме  определения  концентрации  атмосферных  примесей  большое  значение  имеют 

знание  скоростей  продуктов  фотохимических  реакций  и  их  зависимостей  от  температуры  воздуха, 



спектральной интенсивности солнечного излучения и других факторов. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет