Interactive Image Technologies (Канада) фирмасының Electronics Workbench (ewb) бағдарламасы



бет1/6
Дата13.06.2023
өлшемі367,05 Kb.
#101056
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6

2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Микропроцессорлық техника курсын оқу барысында жүйетехникалық модельдеудің Electronics Workbench бағдарламалық жүйесін қолдану




Жұмыстың мақсаты: Бағдарлама ортасымен танысу. Электрлік сұлба моделін құру принціптерін оқып үйрену.


1 Бағдарламаның қызметі

Interactive Image Technologies (Канада) фирмасының Electronics Workbench (EWB) бағдарламасы радиоэлектрониканың аналогтық және сандық құрылғыларын жүйетехникалық модельдеу үшін қолданылады. Сұлбаны жинаудың қарапайымдылығы және өлшеуді жүргізу сұлбалардың эксперименттік оптимизациясын жүргізу мүмкіндігін, сонымен қатар сұлба есептеулерін тексеру үшін аспап көрсеткіштерін қолдану мүмкіндігін береді.


Басқа да электрондық сұлбаларды талдайтын әйгілі бағдарламалармен салыстырып қарағанда, EWB бағдарламасының ерекшелігі – бақылаушы-өлшеуші аспаптың бар болуы, сыртқы түрі және сипаттамасы бойынша өнеркәсіптік аналогтардың аса жақын болуы. Оның көмегімен әр түрлі функциялық қызмет атқаратын радиоэлектрондық құрылғыларды “тәжірибелік” тұрғыдан зерттеуге және аса қарапайым тәсілмен жинауға болады. Сұлбаның практикалық элементін дұрыс модельдеу үшін оның параметрлерін бағдарламаның сұхбаттық терезесінде беру керек. Бұл EWB пакетінде жүзеге асырылатын элементті алмастыру сұлбасын білуді талап етеді.



  1. Терезе құрылысы және мәзір жүйесі

EWB бағдарламасының терезесі мәзір жолынан, бақылаушы-өлшеуіш Аспаплар сызғышынан, компоненттер библиотекасынан тұрады. Бағдарламаның жұмыс өрісінде модельденетін сұлба, оған қосылған бақылаушы-өлшеуші Аспаплар иконкалары және сұлбаның қысқаша сипаттамасы (description) келтіріледі (тек қана ағылшын тілінде). Қажет болған жағдайда Аспаплардың әрқайсысын жұмыс тәртібін тағайындау үшін және нәтижелерді бақылау үшін жинап қоюға болады.


EWB бағдарламасының мәзір жолдарын қарастырайық.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет