№ хаттама 2017 жыл



бет15/76
Дата03.10.2024
өлшемі0,68 Mb.
#146680
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76
Байланысты:
Макроэкономика-emirsaba.org

2.4 Тұрақтандыру саясаты
Кез келген мемлекет үкіметі өз алдына қоятын маңызды мақсаттардың бірі – бұл тұрақтандыру саясаты және осы мәселе төңірегінде туындайтын сұрақтар шешімі әртүрлі ғалымдармен әртүрлі сипатталады. Экономистердің бір бөлігі тұрақсыздықты экономиканың «имманентті» қасиеті деп санайды. Олар экономика жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс жағынан үнемі сілкіністер болып тұрады деп тұжырымдайды.
Экономиканы тұрақтандыруға бағыттылған ақша және бюджет-салық саясатын жүргізбеген жағдайда, жоғарыда аталған, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс сілкіністері өндіріс көлемдерінің тиімсіз және қажет емес ығысуына алып келеді. Жалпы, макроэкономикалық саясат «желге қарсы жүруі» тиіс, яғни экономиканы депрессия жағдайында ынталандыру, ал «қызып кеткен жағдайда» керісінше оның өсуін кідірту керек.
Экономистердің басқа бөлігінің ойынша, мысалы Милтон Фридманның айтуынша, экономика ішкі тұрғыда тұрақты болып келеді. Экономистердің бұл тобы экономикада болып тұратын күшті және қауіпті ауытқулар үшін дұрыс емес экономикалық саясат жауапты деп санайды және экономиканың түзетілуін мақсатты шаралар арқылы қамтамасыз ету керек емес дейді. Керісінше, экономикалық саясатты құру барысында экономиканың мүмкіндіктерінің шектеулі екендігіне есеп беру қажет.
Тұрақтандыру саясаты - кез келген мемлекет үкіметі өз алдына қоятын маңызды бірінші ретті мақсаттардың бірі. Осы мәселені шешу жолында, үкіметтің негізгі инструменттері – ақша-несие саясаты мен бюджет салық саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру болып табылады. Осыдан экономиканы реттеуде экономика­лық саясаттың қандай, яғни белсенді немесе баяу болуы қажет деген сауалы туындайды.
Ұлы депрессия кезіндегі және одан шығу жылдарындағы жағдай экономикалық саясатқа мемлекеттің араласуы белсенді болуы қажет екендігін көрсетті. Белсенді экономикалық саясатты жақтаушылар ақша-несие және бюджет-салық саясаттарының шара­ларының жоқтығы экономиканы «шоктік» сілкіністерге алып келеді деп санайды.
Белсенді экономикалық саясаттың қарсылыстары, яғни пассивті экономикалық саясатты жақтаушылар ақша-несие және бюджет-салық саясаты ұзақ мерзімді, оның үстіне бірегей уақыт лагымен емес әсер ететіндіктен, экономиканы тұрақтандыру шаралары оны керісінше одан арғы тұрақсыздануына алып келеді деп ұйғарады. Оның үстіне, олардың ойынша тиімді тұрақтандыру саясатын құру үшін қазіргі кездегі экономика жайлы білім деңгейі жеткіліксіз, ал дұрыс емес тұрақтандыру саясаты көп жағдайларда экономикалық кері сілкіністер себепшісі болады.
Жалпы, экономикадағы тербелістер жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныстың өзгеруінен басталады. Экономистер сыртқы әсерлердің нәтижесінде болған сәйкес қисықтардың қозғалыстарын экономикалық сілкіністер немесе шоктар деп атайды. Экономикаға шоктардың әсері өндіріс пен жұмысбастылық көлемдерінің табиғи деңгейден ауытқуынан көрінеді.

Тұрақтандыру саясаты – бұл өндіріс пен жұмысбастылық көлемдерін табиғи деңгейде сақтап қалу бойынша мемлекеттік сая­саты. Ақша ұсынысы жиынтық сұранысқа қатты әсерін тигізетін­діктен, ақша саясаты тұрақтандыру саясатының маңызды компоненті болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет