№ хаттама 2017 жыл


Жиынтық ұсыныстағы күрт өзгерістер



бет17/76
Дата03.10.2024
өлшемі0,68 Mb.
#146680
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76
Байланысты:
Макроэкономика-emirsaba.org

2.4.2 Жиынтық ұсыныстағы күрт өзгерістер
Жиынтық ұсыныс жағынан болатын сілкініс – бұл фирманың қалыптастыратын бағалары мен тауарлар өндірісінің шығындарын қозғайтын экономикалық жағдайдың күрт өзгеруі. Ұсыныс жағынан болатын шоктар бағалар деңгейіне тікелей әсер ететіндіктен, кейде оларды баға шоктары деп те атайды. Баға шоктарына мынандай мысалдар келтіруге болады: астықты құртатын шөл, кәсіподақтық күрестің белсенділігі, халықаралық мұнай картелінің ұйымы, т.б. Осы мысалдар ұсыныстың жағымсыз шоктарына жатады, олар өндіріс шығындары мен бағалардың күрт өсуіне алып келеді. Ұсыныс жағынан болатын жағымды сілкіністер өндіріс шығындары мен бағалардың төмендеуіне алып келеді.
2.19-суретте ұсыныстың жағымсыз өзгерістерінің салдары бейнеленген. Қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы жоғары қарай жылжиды (ұсыныс жағынан туындайтын шоктар өндірістің табиғи деңгейінің төмендеуін де туғызуы мүмкін, оның нәтиже­сінде жиынтық ұсыныс қисығы солға қарай жылжиды, бірақ біз одан бас тартамыз). Егер жиынтық сұраныс тұрақты болып қалса, А нүктесінен В нүктесіне ауысу орын алады: бағалар деңгейі өседі, ал өнім шығару табиғи деңгейінен төмендейді. Мұндай жағдай құлдыраушылық (стагфляция) деп аталады.

Жиынтық сұранысты реттей алатын мемлекеттік инсти­туттар ұсыныс жағынан туындайтын жағымсыз сілкіністермен байланысты мәселелерді шешу кезінде экономикалық саясаттың екі нұсқасының бірін таңдауы керек. Бірінші нұсқа 2.19-суретте көрсетілгендей, тұрақты жиынтық сұранысты ұстап тұрумен байланысты. Бұл кезде өнім шығару және жұмысбастылық деңгейлері табиғи деңгейлерінен төмен болады. Бірақ біраз уақыттан кейін баға өзінің бұрынғы деңгейіне түседі және толық жұмысбастылық қалпына келеді (А нүктесі). Алайда бұл кезде өндірістің қысқару үрдісіне жол беріледі.

2.19-сурет. Ұсыныс жағынан болатын жағымсыз шоктар
Екінші нұсқа бойынша 2.20-суретте көрсетілгендей, өнім шығарудың табиғи деңгейін жылдам қалпына келтіру үшін жиынтық сұранысты жоғарылату керек. Егер жиынтық сұраныстың өсуі жиынтық ұсыныстың шоктарының өлшемімен сәйкес келсе, онда А нүктесінен С нүктесіне ауысу орын алады. Мұндай жадайда Ұлттық банкке ұсыныс жағынан туындаған шоктардың салдарын жеңілдетудің мүмкіндігі туды деуге болады. Бірақ мұндай шешімнің кемшілігі – болашақта бағалардың біршама жоғары деңгейінің сақталатындығы. Бір уақытта бағалардың тұрақтылығын да, толық жұмысбастылықты да қамтамасыз ететіндей деңгейде жиынтық сұранысты қалыптастырудың әдісі әлі жоқ.

2.20-сурет. Ұсыныс жағынан туындайтын жағымсыз шоктарды жою




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет