ІІ Келесі пікірлер дұрыс па?
Әр түрлі елде өндірілген тауарлар мен қызметтердің бағасын салыстыру үшін, оларды бір валютаға айналдыру қажет.
Номиналды айырбас бағамының жоғарлауы ұлттық валютаның құнсыздануын білдіреді.
Номиналды айырбас бағамының төмендеуі ұлттық валютаның қымбаттауын білдіреді.
Тұрақты айырбас бағамы жағдайында Орталық банк айырбас бағамының қалыптасу процесіне араласпайды.
Құбылмалы айырбас бағамы жағдайында Орталық банк шетел валютаны тұрақты ара қатынаста сатуға немесе сатып алуға міндеттеме алады.
Бірыңғай баға заңы – сатып алу қабілетінің тепе-теңдігінің негізі.
Нақты айырбас бағамы – бұл екі елде өндірілген тауардың салыстырмалы бағасы.
Атаулы айырбас бағамы – бұл екі елдің валюталарының салыстырмалы бағасы.
Айырбас бағамы жоғарылағанда ұлттық валюта құнсызданады.
Айырбас бағамы төмендегенде ұлттық валюта қымбаттайды.
Тұрақты айырбас бағамы жағдайында ақша-несие саясаты экономикада шығарылым деңгейін өзгертпейді.
Құбылмалы айырбас бағамы жағдайында экспансиялық фискалды саясат ел ішіне капиталды тартады.
Егер ұлттық валюта құнсызданса, онда нақты айырбас бағамы өседі.
Құбылмалы айырбас бағамы жағдайында Орталық банк валюталық нарықтағы процестерге араласады.
Құбылмалы айырбас бағамы жағдайында шетел валютаның артық көлемі ұлттық валютаны қымбаттатады.
Құбылмалы айырбас бағамы жағдайында таза экспорттың азаюы фискалды саясатты ығыстырып жібереді.
ІІІ Тест сұрақтары
1. Атаулы айырбас бағамы дегеніміз – ол:
А) Валютаның нақты бағасы;
В) Тауарлар мен қызметтердің нақты бағасы;
С) Шетел тауарлары мен қызметтерінің атаулы бағасы;
D) Екі елдің валюталарының салыстырмалы бағасы;
Е) Сыртқы қарыздардың салыстырмалы бағасы.
2. Нақты айырбас бағамын (АБ) есептеу формуласы:
A) ;
B) ;
C) ;
D) ;
E) .
3. Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі дегеніміз:
А) Әр түрлі бағалар заңы;
В) Бірыңғай бағалар заңы;
С) Құн заңы;
D) Оукен заңы;
Е) Қосылған құн заңы.
4. Тұрақты айырбас бағамы жағдайында табыс деңгейіне:
А) Монетарлық саясат қана әсер етеді;
В) Фискалдық саясат қана әсер етеді;
С) Монетарлық саясаты да, фискалдық саясаты да әсер етеді;
D) Монетарлық саясаты да, фискалдық саясаты да әсер етпейді;
Е) Пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне тәуелді, кейде монетарлық, кейде фискалдық саясат әсер етеді.
5. Құбылмалы айырбас бағамы жағдайында:
А) Монетарлық саясат қана әсер етеді;
В) Фискалдық саясат қана әсер етеді;
С) Монетарлық саясаты да, фискалдық саясаты да әсер етеді;
D) Монетарлық саясат пен фискалдық саясат әсер етпейді;
Е) Пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне тәуелді, кейде монетарлық, кейде фискалдық саясат әсер етеді.
6. Девальвация дегеніміз:
А) Тұрақты айырбас бағамын жоғарлату;
В) Тұрақты айырбас бағамын төмендету;
С) Таза экспорттың азаюы;
D) Жиынтық табыстың азаюы;
Е) Таза экспорт пен жиынтық табыстың азаюы.
7. Ревальвация дегеніміз:
А) Тұрақты айырбас бағамын жоғарлату;
В) Тұрақты айырбас бағамын төмендету;
С) LM қисығының оңға жылжуы;
D) Таза экспорттың көбеюі;
Е) Жиынтық табыстың көбеюі.
8. Тіркелген АБ жағдайында шағын ашық экономикада тепе-теңдік:
LM және IS қисықтарының қиылысуымен анықталады;
IS және NX қисықтарының қиылысуымен анықталады;
LM және NX қисықтарының қиылысуымен анықталады;
орталық банкпен қадағаланады;
экономикадағы ақша ұсынысына тәуелді.
9. Тіркелген АБ жағдайында шағын ашық экономикада капиталдың мінсіз мобилділігі кезінде мемлекеттік шығыстар өссе:
пайыз мөлшерлемесі өседі;
капитал сыртқа қарай ағады;
орталық банк шетел валютасын сатып алады;
орталық банк міндетті резервтер нормасын өсіреді;
шығарылым азаяды.
10. Тіркелген АБ жағдайында шағын ашық экономикада капиталдың мінсіз мобилділігі кезінде ақша ұсынысының артуы:
шығарылымды өсіреді;
жиынтық сұраныс қисығын оңға жылжытады;
Орталық банктің халықаралық резервтерін азайтады;
үй шаруашылықтарының шетелдік активтерін азайтады;
LM қисығы оңға жылжиды.
11. Тіркелген АБ жағдайында шағын ашық экономикада капиталдың мінсіз мобилділігі кезінде валютаның девальвациясы:
сауда балансын бұзады;
Орталық банктің халықаралық резервтері мен ақша жиынын өсіреді;
IS қисығы солға жылжытады;
LM қисығы солға жылжытады;
жиынтық сұранысты өзгертпейді.
12. Тіркелген АБ жағдайында шағын ашық экономикада капитал қозғалысын реттегенде мемлекеттік шығыстардың өсуі:
инвестициялар мен жеке тұтынуды азайтады;
шығарылым мен пайыз мөлшерлемесін өсіреді;
тұрақты пайыз мөлшерлемесі шартында шығарылымды өсіреді;
шығарылымды азайтады;
IS және LM қисықтарын оңға жылжытады.
13. Құбылмалы АБ жағдайында шағын ашық экономикада тепе-теңдік:
LM және IS қисықтарының қиылысуымен анықталады;
IS және NX қисықтарының қиылысуымен анықталады;
LM және NX қисықтарының қиылысуымен анықталады;
үкіметтің бюджет-салық саясатына тәуелді;
экономикадағы ақша ұсынысына тәуелсіз.
14. Құбылмалы АБ жағдайында шағын ашық экономикада салықтардың азаюы:
жиынтық сұранысты өсіреді;
таза экспортты қысқартады;
пайыз мөлшерлемесін өсіреді;
шығарылымды өсіреді;
шығарылымды азайтады.
15. Құбылмалы АБ жағдайында шағын ашық экономикада ақша ұсынысы артса:
шығарылымды өсіреді;
жиынтық сұранысты азайтады;
пайыз мөлшерлемесін төмендетеді;
пайыз мөлшерлемесін өсіреді;
шығарылымды азайтады.
16. Құбылмалы АБ жағдайында үлкен ашық экономикада фискалдық экспансия:
пайыз мөлшерлемесін өсіреді;
шығарылымды өсіреді;
шығарылымды азайтып, пайыз мөлшерлемесін өсіреді;
шығарылымды өсіріп, пайыз мөлшерлемесін азайтады;
пайыз мөлшерлемесі мен шығарылымды өсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |