№ хаттама 2017 жыл



бет70/76
Дата03.10.2024
өлшемі0,68 Mb.
#146680
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76
Байланысты:
Макроэкономика-emirsaba.org

Сұраныс инфляциясы – жиынтық сұраныстың жиынтық ұсыныстан артық болатындағы инфляция.
Шығындар инфляциясы – өнім бірлігіне кететін орташа шығындардың артуынан пайда болатын инфляция. Бұл кезде ұсыныс көлемі сұраныстан қалып отырады.

Сұраныс инфляциясы тұрақты ұзақ баға деңгейі өсуі сұраныс жиынтығының жоғарылауынан туындайды. Ол қаржы ұсынысына қатысты факторлармен байланысты. Моне­таристер ол ақша массасы өсуімен байланысты екеніні атап көрсетеді. Өз кезегінде жиынтық сұраныстың өсуі әртүрлі себептерге негіздел­ген, бірақ көбінесе арзан ақша саясатымен байланысты ол негізінен үкімет арқылы жүзеге асады. Сұраныс инфляциясы көбінесе макроэкономикалық саясаттың нәтижесі болып табылады. Ол мемлекеттік бюджет кірістеріне шығын жоғарылауымен байла­нысты. Мемлекеттік бюджет жетіспеу себептері мысалы үкіметтік популистік саясатынан болуы мүмкін, ол еңбек ақы мен зейнетақының жоғары мөлшерін белгілейді, басқаша айтқанда бюджеттік тапшылық және қаржыландырудың осы тәсілі, яғни ақшаны басып шығару сияқты инфляциялық импульсі бар. Әрине, еш мемлекет баға өсуін қаламайды. Сұраныс инфляциясы осындай саясаттың қосымша нәтижесі болады.
Сұраныс инфляциясы графикалық түрде оң жақтағы қисықтар араласуымен суреттеледі AD (сурет. 10.1а): AD қисығы қозғалуы мына жағдайда AD' баға деңгейін мына деңгейге жоғарылатудан туындайды P1. Бұл қисық ЖІӨ көлемі потенциалды деңгейден шығуымен бірге жүреді немесе толық жұмыспен қамтылу деңгейімен. Ол мына символмен белгіленген Y*. Мына нүктеде Y' қамтылу деңгейі өзінің табиғи деңгейінен жоғары болады, бірақ оған төлем инфляциямен жүзеге асады.

10.1-сурет. Сұраныс және шығындар инфляциясы:


а) сұраныс инфляциясы; ә) шығындар инфляциясы

Шығындар инфляциясы жиынтық ұсынысты қысқарту­мен туындаған баға деңгейінің ұзақ, тұрақты өсуі. Оның себептері өндіріс шығындарын жоғарылатушы факторлар. Мысалы, еңбек ақыны көтеру, жалданған жұмысшы көлемімен тұрақты күресіп, электрэнергиясы компанияларының қызметтері мен тауарлары, мұнай бағасы ол шет елден келеді т.б. Барлық осы себептер өндіріс ұстанымдары жоғарылауына әкеледі. Ол графикті сол жақтағы сызық қисығымен көрінеді АS. AS қисық қозғалысы мына жағдайда АS' Р0 нүктесінің P2 нүктесіне ордината осінде жоғарылаумен бірге жүреді (сурет. 10.1ә). Өндіріс ұстанымдары жоғарылауы жеке қожалықтардың өз өніміне бағасын көтеруге әкеледі сол арқылы бизнесінің түсімін жоғалтпау керек. 10.1а суреттегі АS қисығының 9.1.ә суреттегі ұқсастығы бойынша толық қамтылу деңгейіне қатысты солға қарай сырғиды, немесе нақты ЖІӨ-ге қарай (Y*): өнім шығарылуы Y" деңгейге дейін қысқарады және нақты жұмыс­сыздық баға көтерілуімен байланысты бір мезгілде жоғарылайды.


Үрдіс ретінде қарастырылатын инфляциядан инфляциялық шокты айыра білу қажет. Инфляциялық шок – гиперинфляция пайда болуының себебіне айнала алатын бағалардың бір сәттік жоғарлауы.


Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық әсері қандай? Солардың маңыздыларын көрсетейік.
1. Инфляция нарықтық механизмді бұзады, бағалар нарық субьектісінің нағыз қажеттігін және оның динамикасын көрсете алмайды.
2. Инфляция экономикада тиімділіктердің қайта бөлінуіне әкеледі: кей топтар одан көп кейбірі біраз аз азап шегеді. Қайта бөлінетін тиімділіктер күтпеген инфляция жағдайында күштірек болады. Осы кезде қарыз берушілер ұтады да кредиторлар ұтылады. Осылайша, күтілетін инфляция жағдайында пайыздық ұстаным­дарға біз белгілі формуланы қолданамыз ол Фишер тиімділігін суреттейді.
3. Инфляция жағдайында шынайы кірістер мен тұрғындар жағдайы төмендейді. Номиналды кірістер өскенімен ол баға өсуі темпінен қалады. Инфляцияға қарсы кіріс компенсациясы ешқашан жүз пайызды болмайды, әсіресе галопирлі инфляция мезгілінде.
4. Инфляция инвестициялық шешім қабылдағанда белгі­сіздікті күшейтеді. Экономиканың нақты секторына ақша салу рационалды емес болып табылады. Алып сатумен айналысу тиімді болады. Осылайша инфляция шынайы ЖІӨ қысқаруына әкеледі, ал біршама ұзақ мерзімде елдің ұлттық байлығы ыдырауына әкеледі.
Инфляциялық үрдістерді өзгертуде нарық субьектілерінің күтулері маңызды рол атқарады. Экономикада немесе адам әрекетінің басқа саласында ма тәуелсіз күту деген – бұл адамдардың болашақ туралы көзқарасы мен немесе белгісіз айны­ма­лылардың салыстырмалы көзқарастары. Олар өткен шақ сонымен бірге болашақ тенденцияларына негізделген, сонымен бірге басқа субьектілердің жоспарлары.


Инфляциялық күту – инфляцияның болашақ қарқыны немесе болашақ деңгейі туралы нарық субьектілерінің көзқарастары. Олар адаптивті және рационалды деп бөлінеді.

Адаптивті инфляциялық күтулер мына формуламен анықталады:
(10.7)

мұндағы,


πеt – осы мерзімдегі күтілетін инфляция қарқыны (мысалы, 2017 жылдағы);
πt – нақты құрылған инфляция қарқыны( 2017 ж);
πеt+1 – болашақта күтілген инфляция қарқыны (мысалы, 2018 ж);
μ – адаптация коэффициенті (бірқатар басылымдарда ол жобалау қателік шамасы үлесіндегі баға күтудің түзету дәрежесі деп аталады. Бұл коэфициент шамасы мына шекте болады 0 < μ < 1).
(9.5) формуласындағы мәндер – бұл жобалау қателігі, яғни осы мерзімдегі инфляцияның күтілетін және нақты құрылымы арасындағы айырма. Экономикалық агенттің адаптивті күту моделінде өзінің жобалау қатесін ескереді және өзінің инфляциялық күтуін тұрақты қарсатырады (жаңа баға деңгейіне бейімделеді). Егер нақты құрылған инфляция қарқыны осы мерзімде күтілетін деңгейден жоғары болса, онда бұл жобалау қателігі ескеріледі, келесі мерзімде нарық ойыншылары өзінің инфляциялық күтулерін реттейді.
Адаптивті инфляциялық күту кейде өткен шаққа тырысқан күту деп те аталады. Адамдар өткен инфляция қарқынына бағдарланады да экономикалық коньюнктура қысымымен біртіндеп өз күтулерін өзгертеді.

Рационалды инфляциялық күту мына фомуламен анықталады:
(10.8)
Бұл деген индивидтер сол сәттегі бағаның ақпаратын қолданады деген сөз. Олар тек инфляцияның өткен қарқыны туралы ақпаратты ескеріп қана қоймай болашақтағы инфляция қарқынына әсер етуші мүмкін болатын барлық факторларды жобалайды. Мына формуладағы күтілетін инфляция қарқыны оған келесідей мысалдарды келтіруге болады: қаржы эмиссияның масштабы, айырбас бағамы, пайыздық өтем, ел басшысының қандай да бір регионда соғыс бастау ойы, энергия тасушылардың құны, Салық кодексіне өзгерту енгізу, оның саясатына қатысты Орталық Банктің жоспарлары сияқты барлық факторлар функциясы ретінде қатысады.
Сондықтан рационалды күту болашаққа ұмтылушы күтулер деп аталады. Жобалау қателігі рационалды күту моде­лінде нолге тең және инфляцияның нақты қарқыны оның күтілетін деңгейіне тең:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет