№ хаттама 2017 жыл



бет19/76
Дата03.10.2024
өлшемі0,68 Mb.
#146680
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76
Байланысты:
Макроэкономика-emirsaba.org

III Тест сұрақтары
1. Стационарлық жиынтық сұраныс қисығы бойымен жылжығанда тұрақты боп қалатын фактор – ол:
  1. нақты табыс;


  2. бағалар деңгейі;


  3. ақша ұсынысы;


  4. нақты ақша қалдықтары;


  5. пайыз мөлшерлемесі.


2. Еңбек ұсынысы қисығы солға жылжығанда еңбек нарығында орын алады:


  1. еңбек ұсынысының артуы;


  2. еңбекке сұраныстың артуы;


  3. нақты жалақының төмендеуі;


  4. нақты жалақының өсуі;


  5. еңбек ресурстарының артықшылығы.



3. Белгілі өндіріс факторының ұсыныс қисығы оңға жылжығанда ресурстар нарығында:

  1. еңбекке сұраныс азаяды;


  2. өндіріс факторының тепе-теңдік бағасы өседі;


  3. түпкілікті тауарлар мен қызметтерге бағалар түседі;


  4. негізгі өндіріс факторларының тапшылығы туады;


  5. өндіріс факторының тепе-теңдік бағасы түседі.



4. Өндіріс факторының бағасы өскенде:

  1. ресурстардың артықшылығы орын алады;


  2. ресурстардың тапшылығы туады;


  3. тауарларға сұраныс өседі;


  4. негізгі ресурстарға сұраныс артады;


  5. нарықтық пайыз мөлшерлемесі тепе-теңдіктен төмен түседі.



5. Экономистердің ойынша әдетте:

  1. ұзақ мерзімді кезеңде бағалар икемді;


  2. қысқа мерзімді кезеңде жалақы мен бағалар қатаң;


  3. ұзақ мерзімді кезеңде өнім өндірісі толық жұмысбастылық деңгейіне қарай жылжиды;


  4. ұзақ мерзімді кезеңде жалақы икемді;


  5. барлық жауаптар дұрыс.



6. Жиынтық сұраныс дегеніміз:

  1. бағалар деңгейіне тәуелді тауарлар мен қызметтерге тұтынушылық сұраныс;


  2. сатуға арнап өндірілген тауарлар мен қызметтер көлемі;


  3. базалық жылдың бағаларында сатып алынған тауарлар мен қызметтер көлемі;


  4. бағалар деңгейі мен резиденттер сатып алуға жоспарлайтын тауарлар мен қызметтердің жиынтық көлемі;


  5. өндірушілер сатқысы келетін тауарлар мен қызметтер көлемі.


7. Егер бағалар мен жалақы қысқа мерзімді кезеңде тіркелген болып, ал ұзақ мерзімді кезеңде икемді болса, онда:


  1. ұзақ мерзімді кезеңде жиынтық сұраныс қисығы тік сызық болады;


  2. қысқа мерзімді кезеңде жиынтық сұраныс қисығы көлдеңен сызық болады;


  3. ақша ұсынысының өзгерісі тек қана қысқа мерзімді кезеңдегі шығарылымға әсер етеді;


  4. ақша ұсынысының өзгерісі тек қана ұзақ мерзімді кезеңдегі шығарылымға әсер етеді;


  5. ұзақ мерзімді кезеңде жиынтық ұсыныс қисығы көлдеңен сызық болады.



8. Егер нақты ЖҰӨ тепе-теңдік деңгейінен аз болса, онда өндірушілер:

  1. өндірістік қорларды азайтып, өндірісті кеңейтеді;


  2. өндірістік қорларды көбейтіп, өндірісті кеңейтеді;


  3. өндірістік қорлар мен өндірісті азайтады;


  4. өндірістік қорларды көбейтіп, өндірісті қысқартады;


  5. өндірістік қорлар мен өндірісті өзгертпейді.



9. Жиынтық ұсыныс қисығы келесілердің арасындағы қатынасты білдіреді:

  1. бағалар деңгейі мен тұтынылатын нақты ЖҰӨ;


  2. бағалар деңгейі мен өндірілетін нақты ЖҰӨ;


  3. өндірушілер сатқысы келетін бағалар деңгейі мен сатып алушылар сатып алғысы келетін бағалар деңгейі;


  4. тұтынылатын және өндірілетін нақты ЖҰӨ көлемдері;


  5. жиынтық сұраныс пен нақты ЖҰӨ.



10. Егер мемлекет қоршаған ортаны сақтау талаптарын қатайтса, нәтижеде мынау орын алады:

  1. өнімнің өзіндік құны өседі, ал жиынтық ұсыныс қисығы оңға жылжиды;


  2. өнімнің өзіндік құны өседі, ал жиынтық ұсыныс қисығы солға жылжиды;


  3. өнімнің өзіндік құны өседі, ал жиынтық сұраныс қисығы солға жылжиды;


  4. өнімнің өзіндік құны азаяды, ал жиынтық сұраныс қисығы солға жылжиды;


  5. өнімнің өзіндік құны азаяды, ал жиынтық сұраныс қисығы оңға жылжиды.



11. Жиынтық ұсыныс қисығын еңбек нарығы арқылы шығару үшін келесі қисықтар қолданылады:

  1. өндірістік функция қисығы;


  2. жиынтық сұраныс қисығы;


  3. еңбек сұранысының қисығы;


  4. инвестицияға сұраныс функциясы;


  5. тұтыну функциясының қисығы.



12. Жиынтық ұсыныстың классикалық тәсілдемесіне сәйкес:

  1. еңбек нарығында тепе-теңдік бұзылуы мүмкін;


  2. жалақының өсуі байқалмайды;


  3. шығарылым ешбір жағдайда өзгермейді;


  4. жалақы салыстырмалы қатаң;


  5. еңбек нарығында сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдікте сақтау үшін жалақы сәйкес өзгереді.



13. Жиынтық ұсыныстың кейнстік тәсілдемесіне сәйкес:

  1. еңбек нарығында тепе-теңдікті сақтау үшін жалақы лезде өзгермейді;


  2. жалақы қатаң тіркелген;


  3. жалақы икемді;


  4. еңбек нарығында тепе-теңдікті сақталады;


  5. шығарылым бағалар деңгейіне тәуелді емес.



14. Кейнстің шектік жағдайында:

  1. экономикада бағалар кешігіп өзгереді;


  2. жиынтық ұсыныс қисығы оң көлбеулі;


  3. жиынтық ұсыныс қисығы – тік сызық;


  4. жиынтық ұсыныс қисығы – көлдеңен сызық;


  5. экономикада бағалар икемді және игіліктер нарығында тепе-теңдікті сақтау үшін лезде өзгереді.



15. AD-AS моделінде классикалық жағдайда жиынтық сұраныс өскенде, тепе-теңдік ненің арқасында қалыптасады:

  1. фирмалардың өнім шығаруды ұлғайту;


  2. нақты жалақының өсуі;


  3. жиынтық ұсыныстың артуы;


  4. жиынтық ұсыныстың азаюы;


  5. бағалар деңгейі өсуіне пропорционалды жалақының өсуі.



16. AD-AS моделінде кейнстің жағдайында жиынтық сұраныс өскенде, тепе-теңдік ненің арқасында қалыптасады:

  1. бағалар деңгейі өсуіне пропорционалды жалақының өсуі;


  2. нақты жалақы мен шығарылымның өсуі;


  3. нақты жалақы мен шығарылымның азаюы;


  4. нақты жалақының азаюы мен еңбекті жалдаудың өсуі;


  5. нақты жалақы мен еңбекті жалдаудың азаюы.



17. Ұсыныстың жағымды шогы орын алса:

  1. бағалар деңгейі өседі;


  2. кейнстің жағдайында жиынтық ұсыныс қисығы солға-жоғары жылжиды;


  3. кейнстің шектік жағдайында жиынтық ұсыныс қисығы төмен жылжиды;


  4. классикалық жағдайда шығарылым мен бағалар деңгейі өседі;


  5. жиынтық сұраныс қисығы жоғары жылжиды.



18. Жиынтық сұраныстың азаюы:

  1. қысқа мерзімді кезеңде шығарылымға әсер етпейді;


  2. қысқа мерзімді кезеңде шығарылымды азайтып, атаулы жалақыны төмендетеді;


  3. бағалар деңгейін өсіріп, атаулы жалақыны төмендетеді;


  4. ұзақ мерзімді кезеңде шығарылымды азайтады;


  5. ұзақ мерзімді кезеңде бағалар деңгейіне әсер етпейді.



19. Егер кәсіпкерлікке салық өссе, онда:

  1. жиынтық сұраныс қысқарады, ал жиыетық ұсыныстың көлемі өзгеріссіз қалады


  2. жиынтық ұсыныс қысқарады , жиынтық сұраныстың көлемі өзгеріссіз қалады


  3. жиынтық сұраныс та, жиынтық ұсыныс та қысқарады


  4. жиынтық сұраныс та, жиынтық ұсыныс та өседі


  5. жауаптардың ешқайсысы дұрыс емес



20. Қысқа мерзімді кезеңде жиынтық сұраныстың өсуі тудырады:

  1. өндіріс көлемінің өсуін, яғни экономикалық өсуді;


  2. жиынтық ұсыныстың өсуін;


  3. өндірістік факторларының өсуін;


  4. өндіріс көлемінің төмендеуін;


  5. жауаптардың ешқайсысы дұрыс емес.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет